Библиографическое описание:

Толегенова А. Б. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу // Молодой ученый. — 2015. — №7.2. — С. 64-65.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.

Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең ,жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек.

«Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді [1].

Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек.

 Ғалымның ісі – ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөзбен формулаға айналдыру. Әдіскердің міндеті – ғалымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралын табу.

Педагогтың міндеті - ғалым мен әдіскердің міндетін кең көлемде қоса отырып, оқушының тұтас ойлау қабілетін қалыптастыру [2].

Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет.

Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізгі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың назарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық мідеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз.

 Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар.Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар.Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.

 Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені.

Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.

 Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі - өзім, екіншісі – халқым»-дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?

Қазақ халқы баланыжамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратынқұлықты болуын,сұлу сөз сйқырлы ұн.әдемі өң мен түрлі ләззат ала білетін, һәм байсалды ,ойламдышымыр болып өсуінұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған.

Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:-Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде ,оларға жастайынанимандылық пен ұллттық қасиеттерді сіңіре білсек,сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз деген болатын-деген болатын. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор .

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

-        белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

-        индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

-        өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;

-        шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

-        оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;

-        жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

-        ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

-        жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.

 Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:

-        сыныптағы тәрбие сағаттары;

-        баспасөз және қабырға газеттері;

-        бұқаралық ақпарат құралдары;

-        тәрбие шаралары(пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)

-        кітап оқу;

-        мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;

-        шығармашылық жобалар қорғау;

-        қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;

-        саяхат жасау;

-        үйірмелерге қатысу.

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру.

Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарыд қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлттық ққндылық қазақ патриотизм ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші.

Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табылады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.

 

Әдебиет:

 

1.    Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.

2.    Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2007.

3.    Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №5, 2002.

4.    Сынып жетекшінің анықтамалығы/ №1(01) 2009.

5.    Әдеп жіне жантану/ хрестоматия/ Атамұра Алматы, 1996.

 

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle