Дене тәрбиесі сабағында сөзді қолдану әдісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 1971 раз

Библиографическое описание:

Есиркепов, Ж. М. Дене тәрбиесі сабағында сөзді қолдану әдісі / Ж. М. Есиркепов, Х. Ш. Зулпыхаров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 66-68. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17219/ (дата обращения: 19.04.2024).

Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі сабағында сөз әдісін қолданбай сабақты жүргізуі мүмкін емес.

Оқу үдерісі сөзді қолданудан, оқушылар алдында міндеттер қоюдан басталады. Сөз арқылы мұғалім өз қызметі мен оқушылардың қызметін, сыныпқа жетекшілік етуді, білімді қалыптастырыды, оқушыларға оқу тапсырмасын берді,орлардың орындалуын бағалайды.

Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жұмысында сан алуан сөз тәсілдері мен түрлерін пайдаланады.

Дидактикалық әңгіме.Бастауыш сыныптарда балаларды қимыл-әрекеттердің жаңа түрлерімен жаңа ойындармен таныстыруда кеңінен қолданылады. Бастауыш сыныптарда сабақты дене жаттығуымен қимыл-қозғалыстармен дидактикалық әңгімелер түрінде жүргізген тиімді өтеді. Бұл әрекеттер сюжетті әңгімеге біріктіріліп, балалар оны қимыл әрекеттермен көрсетеді.

Мұндай дидактикалық әңгімелер-туристік жорықтарға, аймақ территориясына серуендегенде, экскурссияларда, тауға және өзен жағасына саяхатқа шыққанда жақсы нәтиже береді.

Бұл әңгімелер сан алуан жакттығуларды, мысалы: сапқа тұру жүру және жүгіру, таяз суды кешу, бөрененің үстімен жүру, бұлақтан өту тастан-тасқа секіру, таяқша, тас, бүрлер және доптарды нысанаға лақтыру, бөренеге өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға мініп, төмен түсу, бөрене, қбырғадан асып түсу және қыздырыну түріндегі жаттығулар кешенін реттілікпен орындауға негіз болады.

Осы жаттығулардың барлығын ойын және жарыс түрінде өткізеді.

Мұғалімнің сабақ барысында сөйлеу мәдениетінің маңызы зор. Сөздің эмоциялық сипатын өзгерте білу- қуанышты, екпінмен, толқып, құпия, дауысты күшейтіп және бәсеңдетіп бейнелік өрнектер орынды нақылдар қанатты сөздер және мақал-мәтелдермен сөзді түрлендіру оқушының сабаққа деген ынтасы мен ықыласын арттырады [1]. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалім ойын мазмұнын түсіндіруде сөз ырғағын жеделдетіп асығыстыққа көшпеуі тиіс, сөздің аяғы жұтылмауы керек дауысты жуаннан бәсеңдетуге ауыстыру қимыл мағынасына сай болуы керек. Мұндай бейнелі баяндау оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Әңгіме. Барлық сыныптарда қолданылады. Әңгіме кіріспе, негізгі жәнеқайталау немесе белімді бекіту кезіндегі болып бірнеше түрге бөлінеді.

Ұйымдастырушылық немесе кіріспе бөлімдегі әңгіме оқу жылы, оқу тоқсаны, сабақтың жаңа циклі алдында өткізіледі.Мұғалім оқушыларғасабақ өткізу тәртібі, мінез-құлық ерекшеліктері, спарт киімдері құрал-жабдықтары туралы ережелерді әңгімелейді.

4-сынып оқушыларына I тоқсанның бірінші сабағында өткізілетін кіріспе әңгімеге мысал келтірсек:

4-сыныпта жүгіру, секіру, лақтыру кедергілерден өтуді жалғастырамыз, жаңа қозғалыс ойындарды гимнастикалық жаттығуларды орындауды және арқанмен өрмелеуді үйренеміз.

Көп жаттығулар бізге таныс, бірақ 4-сыныпта жоғары секіруге, жылдам жүгіруге, допты алысқа лақтыруға дағдыны қалыптастырамыз. Ол үшін ептілік, күш, шыдамдылық, шапшаңдық дене қабілеттерін дамыту қажет. Сондықтан әрбір жаттығуды бірнеше рет қайталау керек.

Жақында бастауыш сыныптар арасында сыныпаралық жарыс өткізіледі, сол жарысқа дайындалуымыз керек. Сіздер сапта түзу жүріп, бұрылуларды дұрыс орындап, мәліметті қатесіз тапсырып, 1-3 сыныптарға үлгі болуларың керек. Бұл жаттығуларды сабақ барысында үйренеміз. Алғашқы оң сабақты спорт алаңында өткіземіз. Онда біз жүгіру, екпін алып ұзындыққа секіру және допты алысқа лақтыруды, үйде орындайтын теңертеңгілік гимнастика жаттығулар кешенің үйретуді жетілдіреміз. Осы жаттығуларды дұрыс орындаған оқушыларға баға қойылады.

Кіріспе бөлімде этика-эстетикалық бағыттағы тақырыптардың тәрбиелік маңызы зор. Әңгіме белгілі мақсатқа бағытталған, қысқа әрі нұсқа тақырыбы қызықты болуы тиіс. Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдай отырып, мәдениетті түрле қателіктерге дер кезінде түзетулер енгізіп, сабақты сенімді қорытындылауы керек.

Мұғалім топпен іскерлік қарым-қатынас орната алса, әңгіме өте табысты өтеді. Бұл жағдайда оқушылар, сұрақтарға ынтамен жауап береді. Атақты спортшылар өмірінен қызықты мысалдар, жарыстардағы эпизодтарды еске түсіріп, оқушылардың қызығушылығын тудыратын сөздер табу керек.

Негізгі бөлімде жаңа жаттығуларды таныстыру мақсатында әңгіме оқушының бұрын алған білімдері, тәжірибе негізінде жүргізіледі. Мұғалім өткен оқу материалдарымен жаңа сабақты байланыстырып, сұрақтарды ойластырады және оқушыларға алдағы міндетті сезінуге мүмкіндік береді.

Қайталау немесе білімді бекітуге арналған әңгіме жеке оқушы немесе бүкіл топтан жаппай сұрау түрінде жүргізіледі.

Нұсқау беру. Ұсынылатын жаттығу, тапсырма мәнін ойын ережелерін сөзбен түсіндіруде қолданылады. Мұғалім жаттығуды атайды, оның ерекшеліктерін ашады және оның орындау техникасын көрнекті түрде көрсетеді, мысалы, серпілу алдында аяқ жартылай бүгіледі, аяқты тез жазу қатты серпілуді қамтамасыз етеді т.б.

Түсіндіру реттілікпен болуы тиіс. Алдымен үйретілетін қимыл техникасының басты элементтеріне назар аударылады. Егер ол күрделі болса, оны бөліп көрсетіп түсіндірген жөн (бөлшектеп көрсету әдісі). Түсіндіру қысқа, дәл, барлық жастағы оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

Бастауыш сыныптарды түсіндіру бейнелі және нақтылықпен ерекшеленуі тиіс.

Түсіндіру барынша түсінікті және жеткілікті болу үшін көрнекілік құралдар мен практикалық көрсету мен толықтиыру ұсынылады.

Түсіндіруде осы бөлімге тән спорт атаулары кеңінен пайдаланылады (жеңіл атлетика,гимнастика, күрес т.б.). Спорттық атауларды қолданутүсіндіруді одан әрі қысқартады.

Түсініктемелер. Озат оқушы орындаған жаттығуларға қысқа түсініктемелер мен ескертулер жасау немесе қабылдауды тереңдету және бағыттау мақсатында көрнекі құралдарды көрсету.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда қысқа ескертулер (1-2 сөз түрінде) кеңінен қолданылады.

Ескерту барлық оқушыларға немесе бір оқушыға жасалуы мүмкін.

Нұсқаулар. Егер жаттығу орындау барысында оқушылар қателіктер жіберсе, мұғалім жаттығуды тоқтатып, тиісті түзетулер енгізіп, жаттығуды орындау техникасын қысқа және анық көрсету керек.

Нұсқаулар бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Ал, жоғары сыныптарда, жаттығу барысындағы қатенің себептерін анықтап, оқушыларға оны өз бетімен түзетуге дағдыландырған жөн.

Нұсқаулар алдын-ала нұсқау беру, міндеттер қою, тапсырманы нақтылау мақсатында пайдаланылады. Нұсқаулар түрі жағынан қысқа, дәл, түсінікті, сонымен бірге сенімділік тудыратындай болуы тиіс.

Бұйрық пен пәрмен беру ауызша ықпал етудің өзіндік түрі. Олар ерекше қысқа және өте түсінікті болуымен ерекшеленеді, оқущылар қызметін оперативті басқарудың негізгі құралы болып табылады.

Пәрмен беру дегеніміз – мұғалімнің сабақта сөзбен нұсқауы, оның белгілі түрі жоқ. Пәрмендер барлық сыныптарда негізінен бастауыш сыныпта көп қолданылады, ал бірінші сыныптың бірінші тоқсанында балаларды жаттығулар орындауға біртіндеп дайындаудың негізгі құралы болып табылады [2].

Пәрмен қандай болмасын қимыл-әрекет, жаттығулар орындауға («саптал», «оң-ға», «сол-ға», «ай-нал» т.б.) сабақ өткізетін орынға құрал-жабдықтарды дайындау, жинау т.с.с беріледі.

Тәжірибелі мұғалімдер пәрменді балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қысқа және анық береді. Мысалы: «кезекші доптарды тарат», «бірінші топ орында», «екінші топ оң-ға» т.б.

Бұйрық берудің белгілі нысаны, белгіленген тәртібі және нақты мазмұны бар. Бұйрық – оқушыларды қандай болмасын әрекетті тез, сөзсіз орындауға немесе тоқтатуға итермелеудің сөз әсерінің ерекше түрі.

Мұғалімнің нұсқауды, пәрменді қалай беретініне, санауды қалай жүргізетініне қарай, оның кәсіби дайындығына тұжырымды қатесіз жасауға болады.

«Алға адымда!», «Топ тік тұр!», «Тоқта!», «Жаттығуды баста!» т.с.с. бұйрықты жас мұғалім де бере алады. Мәселе, пәрменді (бұйрықты) айту мәнері, сендіру, талап ету, анықтық, өктемдік т.б.) қалай беруінде. Мұғалімнің бұйрық беру кезіндегі тұрысынын да маңызы зор.

Тәжірибелі мұғалім сапқа тұру талаптарын өте жақсы біледі. Оның бұйрықтары әрдайым аса дәлдікпен ерекшеленеді, ол ешқашан бұйрық беруде де, өзінің тұрысында да ол қылыққа жол бермейді. Егер топ шағын болып, сабақтар залда жүргізілсе, ол бұйрықты қатты дауыстап бермейді. Ол әрдайым алдын алу және орындай командалары арасында үзіліс жасайды және топтың дайындығы мен келесі қимылдардың күрделілігін есепке алып қатесіз үзіліс жасайды. Мұндай мұғалімнің бұйрығы, оқушылардың қимыл-әрекеттерді дұрыс орындауына әсер етеді. Мұндай бұйрық өктем беріледі.

Сөзбен бағалау. Қол жеткен жетістіктер дәрежесін ғана емес, тапсырма орындау барысында әрекеттерді бағалауға қолданытатын аса маңызды оқыту тәсілі. Сөзбен бағалау («жақсы», «нашар», «өте жақсы» т.б.) оқушы назарын тапсырманың сапалы орындалуына бағыттайды және қимыл-әрекет ағымындағы түзету құралы (әдісі) болып табылады.

Тапсырма орындағаннан кейін оқушы нұсқауды күтеді. Мұғалімнің шеберлігі – жаттығудың қалай істелгенін тез әрі дұрыс анықтау, қателерді табу және оларды түзету жолдарын көрсету болып табылады.  

Сөзбен есеп беру және өзара түсіндіру. Негізінен жоғары сыныптарда қолданылады. Оқушы мұғалімнің нұсқауымен немесе өз бастамасымен алынған тапсырма, орындалған жаттығуды өз түсінігімен дәлірек тұжырымдауға тырысады. Мұғалім ақпарат дәлдігі негізінде осы кезеңдегі өз әрекеттерінің тиімділігі жайлы айтуға қосымша мүмкіндік алады.

Оқушыларға құрбысының қателерін ескерту ғана емес, оған кеңестер беріп, түсіндіруге тапсырма беру де пайдалы. Бұл сөзсіз, білім, дағды және шеберліктің қалыптасу процесін тереңдетеді, оқушыларға дене жаттығуларымен белсенді шұғылдануға, өздігінше білімді тереңдетуге үйретудің қазіргі талаптарына жауап береді.

 

Әдебиет:

1.    Әбілдаев Х. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі // Оқу құралы. – Алматы, 2004. – 215 б.

2.    Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері // Оқу құралы. – Өскемен, 2001. - 66 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Задать вопрос