Библиографическое описание:

Турлыбекова М. Ж. Географиялық ойындарды сабақта ұйымдастыру // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 68-70.

Оныншы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, бұл сыныптарда пайдаланылатын географиялық ойын түрлерін жарыс ойындары және рольдік ойындар деп екіге бөліп қараймыз.

Географиялық жарыс ойындар — бұл оқушылардың білімдерді, дағдыларды және іскерліктерді меңгеруі мен демонстрациялаудағы белсенділіктерін арттыруға негізделген географиялық ойынның түрі. Жарыс ойындардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: аукцион — конкурсы; жобалар конкурсы; сөзжұмбақтар конкурсы; марафон конкурсы; әртүрлі географиялық викториналар, зерделілер сайысы.

Жарыс ойындар оқушыларды жылдамдыққа, тез қозғалғыштыққа, батыл шешім қабылдауға үйретеді, ерікті түрде ұжымды ұйымдасуға дағдыландырады

Географиялық рөлдік ойындар дегеніміз әлеуметтік мазмұндағы ойындардың түрі.

Рөлдік ойындар оқытудың ең тиімді әдістерінің бірі. Рөлдік ойындарды ұйымдастырудың кезеңдерінің бірнеше түрін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, жүргізуші ойынның тақырыбымен мақсатын хабарлайды және ойынға қатысушыларды ойынның ережесімен таныстырады.

Деректер былай беріледі:

-        Жасырын жобасы: жүргізуші рөлге байланысты алдағы уақытта қандай жағдай болатындығымен таныстырады.

-        Ашық жобасы: ереженің қатаң сақталуына байланысты нақты тапсырмалар береді.

-        Үлгілеу жобасы: жобалардың бір-бірімен байланыстылық кешені.

Екіншіден, жүргізуші ойынға қатысушылардың ойын барысындағы өздерін қалай ұстау керек екендігімен таныстырады.

Үшіншіден: жүргізуші ойынды қорытындылайды.

Төртіншіден: жүргізуші топ ішіндегі тақырыптық талқылауды ұйымдастырады.

Мысалы, «Ауыл шаруашылық географиясы» тақырыптары бойынша материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындардың бір түрі «Білім биржасы».

Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар («5»-ке, «4»-ке, «3»-ке) бар. Әрбір оқушы конверттерден мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» — оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады: толық емес жауап — сары түсті «акция»; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап — қызыл түсті «акция»; дұрыс негізделген жауап — жасыл түсті «акция». Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Баллдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті «акция» болса, онда «түсімге» тек 2 балл қатысады, егер 4 түсті болса, онда жоғары балл — 4). Мұғалім — «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Егер сары «акциялар» көп болса, бұл «акциялардың» «құны» төмендейді, ал егер жасыл және көктер аз болса — онда олардың құны артады. Мысалы, егер көктер — 10, ал жасылдар — 5-еу болса, онда жасыл «акциялар» көктерден қымбат. Осы негізде мұғалім — «банкир» баға қояды.

«Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты» тақырыбы бойынша

«5»-ке сәйкес сұрақтар

№ 1. кестені толтыр

Экспорт товарлары

Басты экспортаушы елдер

Бидай

 

Күріш

 

Қант шикізаты

 

Шай

 

Кофе

 

 

№ 2 Мына карта схемада әріптермен көрсетілген елдердің қайсылары: 1) картоптың, 2) сояның, 3) күнбағыстың, 4) қант қызылшасының, 5) кант құрағының, 6) шайдың, 7) кофенің, 8) какаоның, 9) талшықты мақтаның дүние жүзіндегі аса ірі өндірушілері болып табылады?

 

«4»-ке сәйкес сұрақтар

Мына пайымдаулардың қаншалықты дұрыс екенін тексеру және қажет болса, дұрыс жауап беру.

№ 1.

-        Дүние жүзінде ет өндіруден бірінші орын АҚШ- қа тиеді.

-        Қой шаруашылығының дүние жүзіндегі аса ірі аймағы — Қазақсатнның дала және шөлейтті аудандары.

-        Балық аулау — адамзат баласының жаңа кәсіптерінің бірі.

-        Ауыл шаруашылық географиясы қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуына ғана тәуелді.

«3»-ке сәйкес сұрақтар

1.                  Оңтүстік-Шығыс Азия елдері нені өсіруге маманданған? (Күріш)

2.                  Африка елдері нені өсіруге маманданған? (кофе мен жержаңғақ)

3.                  Латын Америкасы елдері нені өсіруге маманданған? (қант құрағы мен какао)

Оныншы сыныпта балалардың өз бейімділіктерін анықтауға да жағдай жасау керек. Сонымен қатар, оныншы сыныпта оқытылатын экономикалық әлеуметтік география мазмұны да оқушылармен статистикалық мәліметтерді көп қамтығандықтан олармен «Кім статист бола алады?» ойынын ұйымдастыруға болады. Біз осы мақсатта «Сандарды жатқа айту» оқыта үйрету ойынын «Өсімдік және мал шаруашылығы географиясы» тақырыптары бойынша игерілген материалды қайталау кезінде қолдандық. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп өткенен кейін, ойын шартына сәйкес, оқушылардың екі командаға бөлінуін өтінеді.

­ Енді мынадай жарыс өткіземіз. Барлығыңыз оқу мәтінін мұқият қарап шығып, сосын ондағы сандық мәліметтерді есте жаңғыртып, жатқа айтасыздар. 1-ші сөзді барлығыңызда жаттап қалатын шығар деп ойлаймыз, ал әрі қарай — кімнің қаншаға шамасы жетеді. Мысалы, «... Соңғы жылдары 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өнірілетін мөлшері 2 млрд т– дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен көбеюге емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15–20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35–40 ц/га. Дүние жүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдеріне 1/4­і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1­ орынды соңғы кезде АҚШ­ты басып озған Қытай, 3­ орында ­ Үндістан, 4­ орында Ресей болса, 5­ орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл ­ бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32 %­ын бидай, 20 %­ын күріш, ал 18 %­ын жүгері егістігі алып жатыр».

Мәтінді оқып шығып, есте сақтап қалуға 1 минут қана беріледі.

Содан кейін жарысқа қатысқысы келгендер шығады. Алдымен команданың бірінші ойыншысы мәтінді жатқа айтады, ал басқалары ол тоқтап немесе дұрыс айтпай қалғанға дейін мәтін бойынша қадағалап отырады да, уақытын белгілейді. Одан кейін екінші команда ойнайды. Бұдан әрі ойын осы тәртіппен жүреді. Қателескен жағдайда «Тоқта!!!» бұйрығы беріледі.

— Міне, қызық! Кімнің есте сақтау қабілеті мықты екен?

Жүргізуші қорытынды жасайды. Неғұрлым көп сөз, әсіресе мерзімдерді жатқа айтқан оқушы жеңіске жетеді.

Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындардың бірі «Аукцион» оқыта үйрету ойыны.

Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет.

Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.

«Металлургия және машина жасау өнрекәсібі» жөніндегі жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушылардан қара, түсті металлургия және машиналардың маркалары мен оларды жасайтын елдер туралы сұралады.

 

Әдебиеттер:

 

1.      Филимонова Г. Роль дидактических игр в формировании познавательной деятельности учащихся. // Ізденіс, 2000, № 2,

2.      Сергеева М. Е. «Игровые технологии на уроках географии 5–9 классы» М.:-2007

3.      География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Бейсенова, К. Каймулдина, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 296 бет.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle