Қоғалыкөл көлінің гидрофаунасының түрлік құрамы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 34 раза

Библиографическое описание:

Ерболатов, Н. Н. Қоғалыкөл көлінің гидрофаунасының түрлік құрамы / Н. Н. Ерболатов, А. Н. Нуртазаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 42-43. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16679/ (дата обращения: 25.04.2024).

2013–2014 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты «Қоғалыкөл» көлінде гидробиологиялық сынамаларды жинау су қоймасындағы тіршілік бейнесіне және нақты зерттеу мақсатына байланысты жүргізілді. Яғни гидроценозды бақылау вегетациялық мерзімге — ерте көктемнен күз аяғына дейін.

Жалпы Қоғалыкөл көлінде зоопланктондар негізінен қарапайымдылардан (Protozoa), коловраткалар (Rotatoria) және шаянтәрізділерден (Crustacea): ескекаяқтылар (Copepoda) мен бұтақмұрттылардан (Cladocera) құралады [1–4].

Зерттеу жұмыстары барысында Қоғалыкөлінің гидрофаунасы 4 типтен, 10 кластан, 16 отрядтан, 36 тұқымдас, 52 туыс, 62 түрден тұратыны анықталды.

Анықталған түрлерді отрядтарына қарай бөлетін болсақ Коловраткалар -Rotatorida отрядының 5 тұқымдасының 7 туысы, 7 түрі кездесті, ол өзен гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (11,3 %) құрайды. Келесі жиі кездесетін отрядтардың қатарына Қоңыздар — Coleoptera отрядының 3 тұқымдасының, 7 туысы, 11 түрі кездесті, ол өзен гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (17,7 %), сонымен қатар Тұқытәрізділер — Cypriniformes отрядының 1 тұқымдасының 2 туысының 3 түрі (4,83 %) кездеседі (сурет 1).

Су — тірі организмдер тіршілігіне қажетті негізгі экологиялық фактор және олардың тұрақты құрамы тірі организмдерде әртүрлі. Гидробионттардың тіршілік ортасы су, ал өмір сүру ортасы, оның өзі тұщы су немесе мұхит және теңіз суы, өзен, көл, тоған суы болуы мүмкін. Өзен, көл суын мынадай экологиялық зоналарға: жағалаулық (литораль), судың терең қабатын (толща воды), (пелагиаль), судың терең қабатын-табанын (профундаль) деп жіктелді [1–4].

Профундалиде жоғарғы өсімдіктер болмайды, жынысы лайлы көлдердің көпшілігінде пелофильдік биоценоз қалыптасады. Биоценоздың негізгі компоненттері олигохеттер жəне хирономидтердің дернəсілдері. Макрозообентосқа — нематодтар, ескекаяқтылардың кейбір түрлері жəне қабыршақты шаяндардың сирек кездесуі тəн.

Төменгі литоралиде пелопсаммофильдік жəне фитофильдік биоценоздар көбірек тəн.

Сурет 1. Қоғалыкөлінде кездесетін жануарлардың отрядтары

 

Біріншілері, хирономидтердің, алтыаяқтылардың личинкаларынан, əртүрлі моллюскалардан, құрттардан, су түбі маңында жасайтын шаяндардан (хирономидтер, ескекаяқтылар, қабыршақтылылар) құралады.

Көлдердің орталық жəне жағалау аудандарындағы су қабаты биоценоздары біршама алуантүрлілеу.

Продуценттер негізінен көк жасылдармен, сонымен бірге жасыл, диатомдық балдырлармен, ал консументтер инфузориялармен, коловратка-лармен, аша мұртты, ескекаяқты шаянтəрізділермен жəне балықтармен, микроконсументтер − бактериялар жəне саңырақұлақтардан тұрады. Жылы сулы көлдерде аша мұртты, ал суық сулыларда ескекаяқты жəне коловраткалар жақсы дамиды, олар терең сулы көлдерге де тəн.

Көлдердің орталық бөліктеріндегі планктондық қоғамдастықтар жағалаулықтарға қарағанда саны жағынан да, биомассасы жағынан да кедейлеу болады. Көлдердің ашық бөліктеріндегі барлық биоценоздарға деструкцияның өнімнен басым болуы тəн, бұл айналымға аллохтондық негіздегі органиканың қосымша келіп түсуінің нəтижесі. Көл қаншалықты кіші, ал оның таяз сулы жерінің ауданы үлкен болса, өнімі деструкциядан жоғары болатын литоралдық биоценоздардың рөлі соншалықты арта түседі жəне осыған сəйкес барлық су айдынының трофтылығы жоғарылайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.      Минсаринова Б. К. Жалпы гидробиология пәнінен лабораториялық жұмыстарды өткізу: әдістемелік оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.

2.      Сейтбаев Қ.Ж. Жалпы гидробиология:Оқу құралы.-Алматы: «Дәуір», 2012.

3.      Тапалов Ө.С. Арал өңірі омыртқалы жануарларының анықтауышы. (Қызылорда обылысы). -Қызылорда,2007.

4.      Тайбеков С. Омыртқасыз жануарлардан далалық– оқу практикасы.: Әдістемелік құрал. — Қызылорда, 1994.



Задать вопрос