Библиографическое описание:

Бегалиев К. Б., Байжанова Б. К., Ержанова Э. А., Тажекеева А., Назаров Е., Шыганбаева Л. М. Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 31-33.

Күздік бидай — маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан кем емес, тіпті кейбір дәрумендер (рибофлавин) мөлшері артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 12,8 % ақуыз, 80,9 % көмірсулар болса, қалған заттар мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. Күздік бидай дәнінің қоректік құндылығы мен химиялық құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның органикалық заттары жақсы қорытылады.

Күздік бидай сабаны малға қатты азық пен төсеніш, сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады.Күздік бидай көп түптенуі мен тез өсуінің арқасында арам шөптерді жақсы тұншықтырып басып тастайтындықтан, көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдардың бірі. Масақтануға дейін орылған қарабидай гектарына орташа 80–150 ц көк балауса өнімін береді. Дән өнімі — 18–20 ц.

Топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсартып, құнарлығын арттырып, қайта тұздануын азайту мақсатында Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының тұрақты учаскесінде әр түрлі күріш ауыспалы егісі зерттеліп, өндіріске енгізу ұсынылды. Онда күздік бидай екі танапта орналастырылудың тиімді екені анықталды.

Қызылорда облысы Орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсерін анықтау мақсатында күздік бидайдың аудандастырылған Алмалы,Наз,Қарлығаш сорттарының себу мерзімдері,себу тәсілі,себу мөлшерлері арқылы өнімділігінің жоғары сорты анықталды. Күздіктердің себу материалы, басқа дәнді дақылдардікіндей, мемлекеттік стандарттың бірінші класс талаптарына сай болуы керек.

Тұқымды себуге дайындауға — арам шөп дәндері мен түрлі қоспалардан тазарту мен ірі, біркелкі және залалданбағанын іріктейтін, сорттау жатады. Тұқымды себер алдында желдету мен күншуақта 3–5 күн, немесе 45–480С температурада 2–3 сағат қыздыру тиімді. Ауыспалы қор тұқымы жоқ болған жағдайда, жаңа орылған өнім тұқымын себералды қыздырып пайдаланады.

1-кесте

Күздік бидай сорттарының себу мерзімдерінің өнімділікке әсері

Қ/С

Сорттары

Себу мерзімдері

Өнімі ц/га

1

2

3

1

2

3

1

Алмалы

05.10

10.10

20.10

18.4

21.3

16.5

2

Наз

05.10

10.10

20.10

21.4

24.8

17.9

3

Қарлығаш

05.10

10.10

20.10

16.7

19.6

15.3

 

2-кесте

Күздік бидай сорттарының себу мөлшерлерінің өнімділікке әсері

Қ/С

Сорттары

Себу мөлшерлерінің өнгіш млн/дән,дана

Өнімі ц/га

1

2

3

1

2

3

1

Алмалы

3,5

4,0

4,5

19.5

22.2

17.3

2

Наз

3,5

4,0

4,5

22.3

25.9

18.7

3

Қарлығаш

3,5

4,0

4,5

17.6

20.5

16.2

 

3-кесте

Күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Қ/С

Сорттары

Себу тәсілдері

Өнімі ц/га

1

2

3

1

2

3

1

Алмалы

(ЖС)

(ТСТ)

(ЖЕ)

19.2

15.1

24.3

2

Наз

(ЖС)

(ТСТ)

(ЖЕ)

21.4

17.8

28.6

3

Қарлығаш

(ЖС)

(ТСТ)

(ЖЕ)

16.6

16.5

19.2

 

1.      Себу тәсілдері-1.Жаппай себу тәсілімен.1(ЖС)

2.      Себу тәсілдері-1.Тоғыспалы себу тәсілімен.2(ТСТ)

3.      Себу тәсілдері-1.Жалға егу тәсілімен.3(ЖЕ)

Өсімдіктің жатып қалуға, қыс жағдайы мен құрғақшылыққа төзімділігін көтеретін және өнім мөлшерін арттыратын ТУР, кампозан препараттарымен (6 л/т) өңдеу тиімді тәсіл. Өсімдіктердің ауруға шалдығуын болдырмау үшін бидай мен арпа тұқымын, бидай мен қарабидайды 80 %-ды ТМТД (1,5–2 кг/т), бидай мен арпаны — 70 %-ды витавакспен (2,5–3 кг/т) дәрілейді. Бидай, арпа және қарабидай тұқымын қаракүйе, тамыр шірігі және ақ зеңге қарсы 19,5 %-ды әмбебап байтанмен (2 кг/т) өңдейді. Фундазолды (50 %-ды) күздік қарабидай тұқымын ақ зеңге, бидай мен арпаны — қаракүйе, фузариоз шірігіне қарсы дәрілеуге (2–3 кг/т) пайдаланады.

Ауа райы жағдайына байланысты күздік астықтарды елімізде әр түрлі мерзімде себеді: Алматы облысында қыркүйектің екінші онкүндігінде, Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында қыркүйектің екінші-үшінші онкүндігі, ал Оңтүстік Қазақстан облысында қазан айының бірінші-екінші онкүндігінде.

Күздіктерді өте ерте себу қажет емес, себебі бұл жағдайда олар өсіп кетеді де зиянкестер және аурулардан көп зардап шегеді. Өте кеш мерзімде себілсе, олар аязға дейін толық түптеніп және жақсы жетілген тамыр жүйесін құрап үлгере алмай қалады. Екі жағдайда да күздіктер нашар қыстайды және үсікке ұрынады. Жақсы түптеу (3–4 сабақ) мен тамырлау үшін күздік астықтарға күзде 45–60 күн ауаның 50С-тан жоғары температурасы, немесе аязға дейінгі сөткенің 50С орташа температурасының жиынтығы 550–5800 құрау керек екені анықталған. Әдетте, күздік бидайды қарабидайдан ерте және өте қысқа мерзімде егеді, себебі қарабидай күзде өсуді жалғастыра береді, ал күздік бидайдың өсуі бұл уақытта тоқтап қалады. Жеңіл топырақты жерлер егісін ауырға қарағанда егуді өте ерте бастайды.

Күздік бидай үшін қатараралықтары 7,5 см болатын тар қатарлы егіс жақсы болғанымен, өндірісте көп таралған егу тәсілі — қатараралықтары 15 см кәдімгі қатарлы егіс.

Себу мөлшері ауа райы жағдайы, тұқым сапасы, сорт, топырақ қасиеті, себу мерзімі мен тәсілдеріне байланысты қойылады. Кеш және құрғақ топыраққа егуде тұқымның егістік өнгіштігі төмендейтін жағдайда, оның себу мөлшерін көбейтеді. Құнарлы ылғал жеткілікті топырақтар, жоғары агротехника, тар қатарлы егу тәсілі мен суармалы жерлерде де себу мөлшерін (10–12 %) көбейтеді. Құнары төмен топырақты жерлерде себу мөлшерін азайтады.

Топырақтың ылғалды қабатына бірдей тереңдікке енгізілген тұқым біркелкі және ерте көктейді. Қолайлы егу тереңдігі күздік бидай үшін — 5–6, ал арпаға 4–5 см. Күздік қарабидайдың түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасатындықтан, оны таязға — орташа 4–5 см тереңдікке себеді.

Жеңіл топырақтарда және құрғақшылық жағдайында тұқым сіңіру тереңдігін ұлғайтады, ал ылғалды жағдай мен ауыр топырақтарда керісінше — азайтады. Ұсақ дәндер ірі дәндерге қарағанда таязға егіледі.

Себуге әбден толысып піскен, ірілігі біркелкі, бірінші класты, стандартқа сәйкес тұқым пайдалынады. Аудандастырылған Қарлығаш, Алмалы, Наз сорттарының көптеген ауруларға төзімді екені белгілі. Әйтсе де, тұқымды міндетті түрде қаракүйе, ақ зең, індетті қастауыш- құрттар т. б. ауруларға қарсы химиялық өңдеулерден өткізу керек. 1 тонна тұқымға 2 кг 80 % ылғал ұнтақтар- ТМТД немесе гексатиуран қолданылады.

Күздік бидай тұқымын себудің қолайлы мерзімі — орташа тәуліктік температура 14–15°С, ал «себу көктеп-шығу» кезеңіндегі қолайлы температуралар қосындысы -120–140°С аралығы.

Күздік бидайдың көктеуі, түптену кезеңінде 3–4 жанама сабақ пайда болуы үшін, 50–60 күн керек.

Ғылыми мекемелердің зерттеу нәтижелері мен озық тәжірибе мәліметтеріне қарағанда аудандастырылған Қарлығаш сорты тұқымын себудің қолайлы мерзімі — қыркүйек айының бірінші және екінші онкүндігі, ал Алмалы сорты үшін -20–30 қыркүйек аралығы. Тұқым себу мөлшері — гектарына 4–4,5 млн шығымды дән. Аталған мерзімдерден кеш себілген жағдайда себу мөлшерін гектарына 5–5,5 млн. шығымды дән мөлшеріне дейін жеткізген жөн.

Күздік бидай тұқымын тар қатарлы және тоғыспалы тәсілмен сепкен тиімді. Оны бүркемелі дақыл ретінде пайдаланғанда, жай қатарлы әдіспен СЗ-3,6, СЗТ-3,6 сепкіштерімен себеді.

Жоғары өнімнің қалыптасуына, тұқымның өніп шығу мерзіміне, түптену буынының белгілі бір тереңдікте орналасуына бұқым себу тереңдігі әсер етеді. Тұқым терң себілсе, соғұрлым түптену буыны тереңдеу орналасып, дақылдың қысқы аяздан үсіп кету қаупі азаяды. Бірақ тұқымның өніп шығу мерзімі ұзарады, күздік бидай тұқымы қолайлы мерзімде 5–6 см тереңдікке сіңіріледі. Мұнан кейін топырақ беті тапталады. Бұл шара тұқымның тез өніп шығуына, күздік бидайдың жақсы қыстап шығуына жағдай жасайды.

Күздіктердің себу материалы, басқа дәнді дақылдардікіндей, мемлекеттік стандарттың бірінші класс талаптарына сай болуы керек.

Тұқымды себуге дайындауға — арам шөп дәндері мен түрлі қоспалардан тазарту мен ірі, біркелкі және залалданбағанын іріктейтін, сорттау жатады. Тұқымды себер алдында желдету мен күншуақта 3–5 күн, немесе 45–480С температурада 2–3 сағат қыздыру тиімді. Ауыспалы қор тұқымы жоқ болған жағдайда, жаңа орылған өнім тұқымын себералды қыздырып пайдаланады.

Ауа райы жағдайына байланысты күздік астықтарды елімізде әр түрлі мерзімде себеді: Алматы облысында қыркүйектің екінші онкүндігінде, Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында қыркүйектің екінші-үшінші онкүндігі, ал Оңтүстік Қазақстан облысында қазан айының бірінші-екінші онкүндігінде.

Күздіктерді өте ерте себу қажет емес, себебі бұл жағдайда олар өсіп кетеді де зиянкестер және аурулардан көп зардап шегеді. Өте кеш мерзімде себілсе, олар аязға дейін толық түптеніп және жақсы жетілген тамыр жүйесін құрап үлгере алмай қалады. Екі жағдайда да күздіктер нашар қыстайды және үсікке ұрынады. Жақсы түптеу (3–4 сабақ) мен тамырлау үшін күздік астықтарға күзде 45–60 күн ауаның 50С-тан жоғары температурасы, немесе аязға дейінгі сөткенің 50С орташа температурасының жиынтығы 550–5800 құрау керек екені анықталған. Әдетте, күздік бидайды қарабидайдан ерте және өте қысқа мерзімде егеді, себебі қарабидай күзде өсуді жалғастыра береді, ал күздік бидайдың өсуі бұл уақытта тоқтап қалады. Жеңіл топырақты жерлер егісін ауырға қарағанда егуді өте ерте бастайды.

Күздік бидай үшін қатараралықтары 7,5 см болатын тар қатарлы егіс жақсы болғанымен, өндірісте көп таралған егу тәсілі — қатараралықтары 15 см кәдімгі қатарлы егіс.

Себу мөлшері ауа райы жағдайы, тұқым сапасы, сорт, топырақ қасиеті, себу мерзімі мен тәсілдеріне байланысты қойылады. Кеш және құрғақ топыраққа егуде тұқымның егістік өнгіштігі төмендейтін жағдайда, оның себу мөлшерін көбейтеді. Құнарлы ылғал жеткілікті топырақтар, жоғары агротехника, тар қатарлы егу тәсілі мен суармалы жерлерде де себу мөлшерін (10–12 %) көбейтеді. Құнары төмен топырақты жерлерде себу мөлшерін азайтады.

Топырақтың ылғалды қабатына бірдей тереңдікке енгізілген тұқым біркелкі және ерте көктейді. Қолайлы егу тереңдігі күздік бидай үшін — 5–6, ал арпаға 4–5 см. Күздік қарабидайдың түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасатындықтан, оны таязға — орташа 4–5 см тереңдікке себеді.

Жеңіл топырақтарда және құрғақшылық жағдайында тұқым сіңіру тереңдігін ұлғайтады, ал ылғалды жағдай мен ауыр топырақтарда керісінше — азайтады. Ұсақ дәндер ірі дәндерге қарағанда таязға егіледі

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                  Системе сельскохозяйственного производства Кызылординской области. — Алматы, «Бастау» 2002 ж. 150–155.

2.                  Жайлыбай К. Н.,Ә.М.Тоқтамысов, Шермагамбетов К. Кенбаев Б., Сағындыкова А. С. Күріш ауыспалы егісінде дәнді дақылдарды өсіру технологиясы және агроэклогиялық негіздемесі. Алматы. 2003

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle