Қызылорда облысында румекс (rumex patientia l.) дақылын өсіру технологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бегалиев, К. Б. Қызылорда облысында румекс (rumex patientia l.) дақылын өсіру технологиясы / К. Б. Бегалиев, Б. К. Байжанова, Ж. О. Оспанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 35-37. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16666/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығының ірі де күрделі саласы. Оның бүгінгі күннің талаптарына сай дамуы және өркендеуі осы саладағы жинақталған ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге байланысты. Республикада егістікте мал азықтарын өсіру көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақта оның қазіргі жағдайы сын көтермейді. Мал азықтық дақылдар өсірілетін егістік жерлерден әр гектарынан алынатын азықтық өлшем, астық дақылы себілген егістіктен алынатын өнімнен төмен болып отыр. Оның басты себебі, мал азығы дақылдарының өсіру технологиясының сақталмауында және кейбір дақылдардың өсіру технологиясының әр аймаққа бейімделіп зерттелмеуінде. Өсу ортасының өсімдіктер өсуіне әсер етуімен бірге өсімдіктер де сыртқы ортаға айтарлықтай әсер ететіні анықталған. Сонымен қатар өсімдіктер желдің жылдамдығына, ауадағы көмірқышқыл газын азайтуға әсер етеді, жер бедеріне байланысты топырақ бетінде ылғалдыңбулануын, жарықтың түсуін реттейді. Өсімдіктер топырақтан қоректік заттарды пайдаланып оның құрамын өзгертеді, топырақты органикалық заттармен байытады. Өсімдік тамырлары топырақ қабаттарына жайылып оның құрылымын, су және ауа сіңімділігін жақсартады.

Астық тұқымдастарына жататын біржылдық азық-түліктік және малазықтық дақылдардың бір түрі –румекс(Rumex patientia L.). Оның ауыл шаруашылығы мен өндірістегі пайдасына келетін болсақ, бұл дақылдардың сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы артады. Сабанының сапасы қыс күнінің өзінде көктемдегі көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Румекс сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп жейді. Олардың дәнінен азықтық жарма және ұн өндіріледі, сабағынан қағаз шығарады, дән қалдықтары жем, жасыл массасы малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, румекс жеген тауықтар көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты болады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге береді. Олардың сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы азық болып табылады.

Румекс (Rumex patientia L.) дақылын Қазақстанның суармалы аймақтарында негізгі және бағалы мал азығындық дақыл болғанымен, оның пішен өнімі 20–50 ц/га шамасында ғана. Жаңа дақыл саналатын егістігі бұл өңірде әзірге кең таралған жоқ. Астық тұқымдас дақыл ретінде өсіру және пайдалану технологияларды зерттелгенде өсімдіктердің өндірістік әлеуеттілігін, биоморфологиялық ерекшеліктерін, өсіп дамуын және өнім құрауын арамшөптердің түрлері мен қалыңдығына, ауа-райымен топырақ жағдайлары ескерілмей жалаң саралауда жатқандығы айқын көрінеді. Аймақтың ауыр экологиясын жақсарту, сорланған топырағының құнарын арттыру және қоректігі мал азығын өндірі үшін көпжылдық шөп дақылдарын өсірудің агротехникалық тәсілдерін зерттеу бойынша тәжірибелерді осы өңірдің жағдайларына сәйкес жүргізіп, өндіріске кеңінен енгізу негізгі мәселелердің бірі.

Қызылорда облысының жерінің мелиоративтік жағдайының нашарлауы, жер асты суының деңгейінің өзгеруі, жер асты суының көп мөлшерде минерализацияланған (тұзданған) жердің көлемін артуына әкеліп соқтырды. Соңғы 15–20 жыл көлемінде екінші мәрте тұздану, батпақтану коллекторлы-дренаждық жүйенің қанағаттанғысыз жағдайынан 70 мың гектар күрделі тегістелінген инженерлі жүйеге келтірілген жер айналымнан шығып жарамсыз болып қалған. Оның басты себебі ыза судың көтеілуі және суландыру жүйесінің пайдалануы өте төмен, дариядан алынған судың аз пайызы ғана егісті суландыруға жетеді. Қалған бөлігі каналдар бойында шығын болады.

Қазіргі жоғары механикаландырылған және мамандандырылған ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында бидай түсімін арттыра берудің және мол өнім алудың негізгі факторы — мал азықтық дақылдар үшін ылғал және су, ауа режимінің ең қолайлы жағдайын жасаумен қатар, оның аса бағалы сорттарын өсіріп шығару болып табылады.

(Rumex Patientia L.)

 

Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігінде сортаңдау қара топырақтарында және қоңыр топырақты жерлерінде жерді сүріге жырту 22–30 см қабатында, құмды, құмдақ және басқа да қарашірік қабаты жұқа торырақтарда 15–20 см тереңдікте жүргізіледі, ал шөлейт және шөл аймақтарда жер жыртудың қолайлы тереңдігі 20–22 см, қара шірігі аз құмды және құмдақ топырақтарда жер жырту тереңдігі азаюы мүмкін.

Румекс дақылы жылу және жарықсүйгіштігімен, қуаңшылыққа және топырақ тұздылығына төзімділігімен ерекшеленеді, біздің аймақ жағдайында жаз бойы көк балаусаны 2–3 рет орып алуға болады.

1-кесте

Румекс дақылының сортүлгілерінің жасыл массасының өнімділігі

Сортүлгілер

Жасыл массасын жинау

Өсімдіктің орташа бойы, см

Жасыл масса өнімі

Құрғақ масса өнімі

50 % түйнек пайда болған күні

Жинауға дейінгі күндер

кг/м2

т/га

кг/м2

т/га

1

WRai POP

12.08

75

294,3

3,45

34,5

0,91

9,1

2

IP 13150

10.08

73

262,5

3,85

38,5

1,01

10,1

6

IP 19586

15.08

78

295,2

3,75

37,5

1,07

10,7

 

Егу жұмыстары жүргізілетін жердің жалпы ауданы шамамен 650м2 болған жағдайда, бір мөлдектің ауданын 12м2; ұзындығын — 5м.; енін — 2,5м. етіп бөлу ұсынылады. Румекс дақылының 100 кг дәнінде орта есеппен 107 а.ө. және 10 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде 48–55 а.ө. және 4,5–6,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг көк шөбінде 19–21 а.ө. және 2,0–2,1 кг қорытылатын протеин, 100 кг сүрлемінде осыған сәйкес 16–20 а.ө., және 1,6–2,0 кг протеин бар. Румекстің мал азықтық бағыттағы сорттарының тағамдық сорттарына қарағанда өнімі 1,5–2,0 есеге жуық жоғары болады. Румекс агротехникалық маңызы да жоғары. Оны көпжылдық шөптерге жамылғы ретінде себуге тиімді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында, үш аймақта румексті әртүрлі сортүлгілері агроэкологиялық сортсынаудан өткізілуде. Алматы облысында тау етегіндегі қызыл-қоңыр топырақта, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы суармалы егістің сұр топырақтарында және Қызылорда облысының күріш егісі жүйесінің тұзданған топырақтарында 2012 жылдан бастап жоғарыда айтылған зерттеулер және ерекшеленген сорттармен агротехникалық тәжірибелер жасалуда.

Румекс топырақ тұздылығына және қуаңшылыққа төзімді екені дәлелденді. Үздік сорттар екі орымда 42,4–50,5 т/га көк балауса өнім береді.

Румекс егуден бұрын зерттеу жүргізілетін жердің құнарлылығын анықтау мақсатында топырақ үлгісі алынды. Егу жұмысы 30-мамыр күні жүргізілді. Дақылдың жалпы вегетациясы барысында өсімдіктің өсуі мен дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізілді.

Өнімділікті анықтау үшін жасыл масса әр бір шаршы метрден қолмен жиналды. Әр қайталаудың өнімі бөлек есептелді (өлшенді).

Коллекциялық питомникте зерттелген румекс дақылының 3 сортүлгілерінен далалық өнгіштігі және өсімдіктің сақталуы бойынша HHVBC Tall, WRai POP, IP13150, IP19586 ерекшеленді. Зерттелген сортүлгілері бойынша көк балауса өнімі 12,0–48,0 т/га құрады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Нұрымов Д. Е. Оңтүстік Қазақстанда мал азығындық дақылдар өсіру. — Алматы: Қайнар, 1981.

2.      Нурымов Д. Жоңьшка, Қайнар, Алматы, 1976

3.      Жаңабаев Қ.Ш., Саудабаев Т., Сейітов И Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы, Қайнар, 1994

Основные термины (генерируются автоматически): POP, HHVBC.


Похожие статьи

Южнокорейская популярная музыка и её влияние в мире

Keywords:music, world, South Korea, K-pop. Изначально К-поп появившийся как музыкальный жанр, сейчас является масштабной музыкальной субкультурой с миллионами поклонников...

Африкалық тарыны мал азығы ретінде дайындауда жүргізілетін...

HHVBC Tall. 27. WRai POP.

WRai POP. Ұсынылап отырған нұсқа бойынша әр мөлдекті маркермен 8 бөлікке бөліп, оның әрқайсысына 1,8гр тұқымнан егіледі.

«Модные» слова в современном английском языке

cake pop – круглый десерт на палочке, похожий на леденец; chandelier earring – большие и сложные серьги из металла, бусин, кристаллов и драгоценных камней

Возможности социальных сетей при продвижении банковских...

...в задачи которой входит объединение в единое целое различных каналов — веб-сайтов, приложений, социальных сетей, электронных купонов, флеш-продаж, pop-up-магазинов...

Лингвостилистические особенности афроамериканского...

Behind the velvet rope, pop bottles, hella smoke. Hella — большое количество чего то. Слово пришло из диалекта северной Каролины, а точнее из города Сан Франциско.

Попов Денис Игоревич — Информация об авторе

VII международная научная конференция «Технические науки в России и за рубежом» (Москва, ноябрь 2017). Авторы: Попов Денис Игоревич, Родина Дарья Евгеньевна, Литвинов Артем...

Омниканальная стратегия: интеграция каналов продвижения...

...задачей которой является объединить различные каналы, такие как веб-сайты, приложения, социальные сети, электронные купоны, флеш-продажи, pop-up-магазины...

Похожие статьи

Южнокорейская популярная музыка и её влияние в мире

Keywords:music, world, South Korea, K-pop. Изначально К-поп появившийся как музыкальный жанр, сейчас является масштабной музыкальной субкультурой с миллионами поклонников...

Африкалық тарыны мал азығы ретінде дайындауда жүргізілетін...

HHVBC Tall. 27. WRai POP.

WRai POP. Ұсынылап отырған нұсқа бойынша әр мөлдекті маркермен 8 бөлікке бөліп, оның әрқайсысына 1,8гр тұқымнан егіледі.

«Модные» слова в современном английском языке

cake pop – круглый десерт на палочке, похожий на леденец; chandelier earring – большие и сложные серьги из металла, бусин, кристаллов и драгоценных камней

Возможности социальных сетей при продвижении банковских...

...в задачи которой входит объединение в единое целое различных каналов — веб-сайтов, приложений, социальных сетей, электронных купонов, флеш-продаж, pop-up-магазинов...

Лингвостилистические особенности афроамериканского...

Behind the velvet rope, pop bottles, hella smoke. Hella — большое количество чего то. Слово пришло из диалекта северной Каролины, а точнее из города Сан Франциско.

Попов Денис Игоревич — Информация об авторе

VII международная научная конференция «Технические науки в России и за рубежом» (Москва, ноябрь 2017). Авторы: Попов Денис Игоревич, Родина Дарья Евгеньевна, Литвинов Артем...

Омниканальная стратегия: интеграция каналов продвижения...

...задачей которой является объединить различные каналы, такие как веб-сайты, приложения, социальные сети, электронные купоны, флеш-продажи, pop-up-магазины...

Задать вопрос