Библиографическое описание:

Айдаров О. Т., Ажмолдаева К. Б. Қамыстыбас көлінің туристік мүмкіндіктері // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 9-11.

Облысымыздың аумағында кездесетін рекреациялық аймаққа ұсынып отырған нысанның бірі Қамыстыбас көліне тоқталып өтейік.

Қамыстыбас көлінің туристік мүмкіндіктерін анықтау мақсатында біз алдымен сол көлдің су құрамындағы перманганат қышқылы мөлшері, гидрокарбонаттар мөлшері титриметрлік әдіс қолдану арқылы анықтадық [1].

Су құрамында рН шамасы электрометрлік әдіс пайдалану арқылы анықталды. Хлоридтер мөлшерін анықтау үшін, хлоридтердің салмақтық концентрациясын -аргентометриялық әдісті пайдалану қолданылды.

Сурет 1 — Қамыстыбас көлдер жүйесі

 

Су құрамындағы құрғақ заттардың мөлшерін және сульфаттардың мөлшерін гравиметрлік әдісті қолдану арқылы анықталды. Су талдауы Арал ауданының санитарлы-эпидемиологиялық және облыстық санитарлы-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаларында жүргізілді. Алынған су сынамаларының гидрохимиялық талдауларының 70-ке жуығы жүзеге асырылды. Алынған мәліметтер математикалық әдістерді пайдалану арқылы өңделді.

Жүргізілген зерттеулер су құрамының рН шамасының тәуелділігі Қамбаш көлінің қай аймағында орналасуына байланысты болатынын көрсетті.

Жылдың барлық маусымы бойынша жүргізілген зерттеулер Қамбаш көлінің осы аталған аймақтарында рН деңгейі батыс жағалауда ең жоғары шаманың тіркелгенін анықтады, бірақ белгіленген ПДК-дан (6,8–8,2) төмен болғанын көрсетті.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарында сонымен қатар, судың гидрохимиялық құрамындағы перманганат қышқылы мөлшерін анықтадық.

Алынған мәліметтер көрсеткендей, су құрамындағы перманганат қышқылы мөлшері жылдың мезгіліне белгілі байланыста болатыны анықталды (сурет 2).

 

Жүргізілген зерттеулер жылдың әртүрлі маусымы бойынша су құрамының тұтқырлық шамасы белгілі тәуелділіктің бар екенін дәлелдеді: барлық зерттелінген жерлердің бұл көрсеткіштерінің максималды шамасы көктем мезгілінде, ал минималды шамасы жаз мезгілінде тіркелді.

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Қамбаш көлінің су құрамындағы магний мөлшерінің тәуелділігі маусымға байланысты болатыны айқындалды: максималды көрсеткіш көктемде тіркелді, ал минималды — жаз айында тіркелгенін дәлелдейді.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қамбаш көлінің гидрохимиялық көрсеткіштері: рН, минералдығы (құрғақ қалдық), иондық құрамы (CO2, HCO3, Cl, SO4, Ca, Mg, Na, K, NO2, NO3), олардың маусымдық өзгеруі, судың адам денсаулығына (теріге) әсері туралы нақты екі жылдық мәліметтер алынды. Судың сапасын медициналық тұрғыдан сараптағанда, соңғы 1,5 жылда көл жағасындағы елді мекендердің тұрғындарынан бірде бір адам тері ауруымен емдеу мекемесінде тіркелмегені белгілі болды. Сонымен қатар, Қамбаш көлінің гидрохимиялық көрсеткіштерінің қазіргі кезеңдегі экологиялық жағдайы санитарлы-эпидемиологиялық талаптарға сай екені анықталды [2].

Қорыта айтқанда Қызылорда облысында туристік — экскурсиялық мақсатта пайдаланатын табиғи және әлеумметтік — экономикалық рекреациялық ресурстар көптеп саналады.

Мақсат, тек осы қолда бар материалдарды көрсете білу және ел арасына жариялай білу қажет. Бірақ, кейбір шешілмей отырған мәселелерге байланысты олардың кейбіреулері туристік бағыттарда қолданылмай келеді.

Сондықтан, республикамызда туризмді одан әрі тиімді дамытудың негізгі проблемасы әлеумметтік инфрақұлымды халықаралық деңгейдегі қызмет көрсету дәрежесіне жеткізу.

Басты мақсат — туристік индустрияның бәсекелестік қабілетін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және оны экономиканың жоғары табысты секторына айналдыру. Ең бастысы нақты бағдарлама жасау қажет. Ол Қазақстанның беделін тартымды туристік нысан ретінде қалыптастыруға, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, ұлттық тур өнімдерді қалыптастыруға және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиіс.

Туризмді дамытудың болжамды факторларының бірі туристер үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, турларды ұйымдастыру кезінде туроператорлар және турагенттер қабылдайтын шараларға тікелей қатысты. Террористік актілердің, індеттердің және техногендік сипаттағы салдардың өсу жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды. Олар:

-        туристік кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыру және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлардың және турагенттердің қызметіндегі техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелерді сақтауды бақылау:

-        туристік ортаны сақтау және қорғау:

-        туризмнің сақтандыру рыногын дамыту:

-        халық пен туристерді қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпараттандыруды қамтамасыз ету:

-        ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және адам саудасына, туризмдегі әйелдер мен балаларды еңбекке және сексуалдық пайдалануға қарсы күрес жүргізу;

Қамыстыбас көлінің аумағын туристік нысанға айналдыру үшін басты міндеттер мыналар:

1)      облыста Қазақстандық және шетелдік азаматтарға туристік қызмет көрсетуде халықтың қажеттілігін өтеуге кең мүмкіндіктер ашатын қазіргі заманғы туристік кешен құру;

2)      аймақ экономикасын дамытуға, оның ішінде бюджетке салық түсімдерінің, шетел валютасының келуінің есебінен үлес қосу;

3)      жұмыс орындарын сақтау және санын көбейту;

4)      облыстың табиғи — рекреациялық, мәдени-тарихи әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;

5)      туризмнің инфрақұрылымын дамыту: жолдарды, су жабдықтау және арна жургізу жүйесін жаңарту, көркейту және электр жарығымен жабдықтау;

6)      туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа объектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                  Г. Б. Тоқтағанова, А.Шырманбаева, О. Т. Айдаров — Қызылорда облысында туризмді дамыту мүмкіндіктері. «ГЕОГРАФИЯ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. 11–12 желтоқсан 2008 ж. Алматы. әль-Фараби ат. ҚазҰУ

2.                  Ажмолдаева К. Б. Ибадуллаева С. Ж., Берденкулова А. Ж., Абдраманова Г. Б. Мониторинг содержания химических элементов в водных источниках региона Приаралья. Мат.междунар.научно-практ.конф. Прага, Чехия, 2010. С. 35–38

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle