Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 1262 раза

Библиографическое описание:

Байкенжеева, А. Т. Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы / А. Т. Байкенжеева, Г. К. Ильясова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16653/ (дата обращения: 19.04.2024).

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, әдебиеттерде «оқу-әдістемелік жинақ» [1] түсінігімен қатар «оқу-әдістемелік кешен» [2,3,4] түсінігінің қолданылатындығы айқындалды және де бұл терминдердің қолданылуы көбінесе әр автордың жеке көзқарастарына және зерттеу пәндеріне сәйкес жүреді. Осыған байланысты көрсетілген түсініктердің мәндері бірдей екендігіне көз жеткіздік.

«Оқу-әдістемелік кешен» түсінігіне өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Д. Д. Зуев анықтама берген. Оның пікірі бойынша, оқу кешені нақты бір пән бойынша оқытудың дидактикалық құралдар жүйесі болып табылады. Кешен осы пәннің бағдарламасы бойынша құрастырылған, тәрбиелік және білімдік тапсырмаларды толық көрсету мақсатында жасалады. Оқушының жан-жақты жеке дамуына әсер етеді.

Оқушылар үшін жасалған оқу кешені, пәннің мұғалімі үшін де жасалған оқу құралдар кешендерін қамтитын оқу-әдістемелік кешенге сәйкес келеді [3]. Ол білім мазмұны деңгейлеріне сәйкес дайындалуы керек (1-сурет).

Біздің ойымызша, оқу-әдістемелік кешен білімнің негізгі мазмұнын, оның таралуының құрылымын анықтайтын оқулық болып табылады. Ал оны толықтыратын басқа оқыту құралдары нақтылықты, жіктелуді және білім мазмұнының жекеленуі мен оларды меңгеру әдістерін қамтамасыз етеді [5].

Сонымен қатар жазу үлгілері, бақылау күнделіктері, астрономиялық күнтізбелер, сөздіктер, анықтауыштар, кестелер жинағы және т. с.с. Сөйтіп, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен бұл түсініктің нақты анықтамасын әр автор әртүрлі бергендігіне қарамастан, оқу-әдістемелік кешен оқу басылымдарының жинағы, яғни жабық жүйе ретінде қарастырылады.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

-                   білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;

-                   әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

-                   оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

-                   оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) — әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қамтамасыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:

-                   мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;

-                   нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;

-                   оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;

-                   оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айтсақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;

-                   өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу біліктерін дамыту.

Сурет 1. ОӘК-нің білім мазмұны деңгейлеріне сәйкес дайындалуы

 

Яғни оларды бірнеше блоктар бойынша жіктеуге болады:

-                   Нормативті блок: стандарттан көшірме; оқу бағдарламасы.

-                   Теоретиялық блок: оқулық; оқу құралы; хрестоматия; электронды оқу құралы.

-                   Практикалық блок: практикумдар; оқу анықтамалықтары; көрнекілікті-иллюстративті материалдар.

-                   Әдістемелік блок: мұғалімге арналаған әдістемелік нұсқаулық;

-                   Оқу материалын меңгерулерін бақылау блогы (өзін өзі бақылау): жұмыс дәптері, практикалық немесе зертханалық сабаққа әдістемелік әзірленімдер, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, диктанттар мен мазмұндамалар жинақтары, сөздіктер, дидактикалық материалдар, тест материалдары, аудиовизуалды және мультимедиалық құралдар, электронды оқулықтың беттері, интерактивті тақтаға арналған электронды құрал, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиеттер.

Сурет 2. ОӘК өзара байланысы

 

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің бірі — бағдарлама. Бағ-дарлама — ресми-құқықтық нормативтік құжат. Бағдарлама — оқытудың мақ-саты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе.

Білім мазмұнын оқытудағы нақты бір мақсатқа қол жеткізу де оқулықты жазудың практикалық іс әркеттерінің жүйелік талдауын қолданудың тиімділігі тәжірибеде дәлелденген.

Мұғалімге арналаған әдістемелік құрал. Мұғалімге арналаған әдістемелік көмекші құрал-әрбір сынып бойынша биологияны оқып үйренуге арналған оқу әдістеме кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол ОӘК құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналаған әдістемелікте сол сыныптағы биологиялық білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай ақ сабақ барысында сол ерешеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Олар:

-                   әр тарау бойынша оқу мазмұнының сипаттамасын;

-                   оқытылып үйретілуге тиіс биологиялық объектілерді шолуды және дайындықтан кейінгі қойылатын талаптар тізімін;

-                   биология сабақтарының басымырақ типінің мазмұны мен құрылымын;

-                   оқу материалының күнтізбелік-тақырыптық үлгі ретіндегі жобалануын;

-                   қорытынды нәтижеге және тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту технологиясының мәнді белгілері мен кемшіліктері жайындағы ақпаратты;

-                   диагностикалық құрал және оқыту, бақылау қызметтерін атқаратын тапсырмалар жүйесін қамтиды.

Баспа негіздегі «Биология дәптері» оқулықпен тығыз байланысты және онымен бірлікте болады, практикалық білік пен дағдыларды дамыту, білім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Оның міндеті — әр сабақта жүйелі түрде ұғымдарды қолдану арқылы мысалдардың, жаттығулардың, есептердің шешулерін жазуға үйрету және тексеру, сынақ жұмыстарды орындаудың рет тәртібін игеруді қамтамасыз ету.

Сараптама оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына сәйкестігіне, оқытудың тиісті деңгейінде толық көлемде пәнді оқыту сабақтастығының сақталуына (оқулықтың пәндік желісінің аяқталуы), оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал мазмұнының ғылыми негізділігін анықтауға, білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілген материалды мазмұндау әдістемесіне, оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал құрылымына және аппаратына қойылатын дидактикалық талаптарға сәйкестігіне жүргізіледі).

Білім берудің саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

Біздің ұйғаруымызша, оқыту әдістемелік құрылым компоненттері моделін пайдалануда көзделген нақты мақсатқа жету үшін мына тәсілдерді басшылыққа алу қажет:

-                   биологиялық және экологиялық білімдерді қалыптастыра білу қабілетін жетілдіру;

-                   қарым-қатынасты ұйымдастыру, ақпараттық, зияткерлік, жүзеге асыра білушілік, бағалай білу қасиеттерді дамыту;

-                   өздігінен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту;

Бұл көрсеткіштерге қоса оқушылар бойында құнды бағыттарды айқындай білу, шығармашылық талпыныс, т.б. бөлек зерттеуді қажет ететін сипаттарды аша білу керек.

Оқыту әдістемелік құрылым педагог-ғалымдардың ойы мен мақсатын өзара біріктірген еңбектерінің нәтижесі болу керек. Осындай мақсатта құрастырылған оқулықтар толық дидактикалық циклды қалыптастырып, әдетті, біліктілікті, білімді дамыту мақсатына қол жеткіздіре алады.

Жоғарыда қарастырлыған барлық пікірлер мен зерттеулерді қорынтындылай келе, Оқыту әдістемелік құрылым мұғалім мен оқушы әрекетін жаңаша ұйымдастыруға көмектеседі, олардың белсенділігін арттырады,өзіндік санасын қалыптастырады, нәтижесінде стандарт бойынша биологияны оқыту және оқу үдерісіне қойылған талап біліктілік, білімділік артады.

Бұл тұжырымдама Оқыту әдістемелік құрылымды құрастыру барысында жүргізілген тәжірибелік сабақтар мен педагогикалық сынақтарды ұйымдастыру нәтижесінде жасалды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      О преподавании биологии в 1998–1999 учебному году //Биология в школе. — 1998. № 4. –С.38–43

2.      Бабанский Ю. К. Дидактические проблемы совершенствования учебных комплексов// Проблемы школьного учебника.Вып.8. — М.: Просвещение, 1980. — С. 17–33

3.      Зуев Д. Д. Школьный учебник. — М.: Педагогика, 1983.-240 с.

4.      Зуев Д. Д. Школьный учебник как средство обучения//Вопросы школоведения.- М.: Просвещение, 1982.- С.170–183

5.      Есназарова У. Дидактические основы создания УМК.–алматы.: Кітап, 2004, — б 35

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Школьный учебник.


Похожие статьи

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Поэтому обучение школьников с самых первых уроков строится на диалоге культур.

И здесь неоценимую роль может сыграть так называемый школьный обмен.

Российские учебники по математике XVII–XIX веков

арифметик, учебная книга, Россия, учебник, книга, издание, математик, массовая школа, кубический корень...

Применение инновационных технологий обучения на уроках...

Обмен опытом, знакомство с периодикой, наработками других педагогов.

Практически на любом школьном предмете можно применить компьютерные технологии.

Как написать учебное пособие — Молодой ученый

Учебное пособие и учебник: различия и связи. Чем учебное пособие отличается от учебника? Учебник — это основная учебная книга по какой-либо дисциплине...

Особенности обучения англоязычному чтению учащихся основной...

5. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: Учебник / Гез Н. И., Ляховицкий М. В., Миролюбов А. А. и др.. — М.: Высш. школа, 1982.

Роль книги в жизни современного школьника | Статья в журнале...

И, пожалуй, школьный урок сегодня — это единственное место, где дети в коллективе сверстников (что очень важно!) размышляют о жизни и смерти, о добре и зле...

Современный учебник истории как средство организации...

Одним из основных условий организации эффективного учебного процесса в школе является решение проблемы повышения качества современных школьных учебников.

Образовательные комиксы как средство мотивации в обучении...

«Ура, есть!» или «А почему нет?» Чего же ждут школьники от учебного пособия.

Сухой, академичный школьный учебник с решением этой задачи не справляется.

Электронный учебник как средство обучения в высшем...

Библиографическое описание: Муродова Г. Б. Электронный учебник как средство обучения в высшем

программ, предназначенных для использования в школьном и вузовском обучении.

Формирование экономических представлений у младших...

Формирование экономических представлений нужно начинать с начальной школы.

Потенциальные возможности учащихся младшего школьного возраста позволяют...

Похожие статьи

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Поэтому обучение школьников с самых первых уроков строится на диалоге культур.

И здесь неоценимую роль может сыграть так называемый школьный обмен.

Российские учебники по математике XVII–XIX веков

арифметик, учебная книга, Россия, учебник, книга, издание, математик, массовая школа, кубический корень...

Применение инновационных технологий обучения на уроках...

Обмен опытом, знакомство с периодикой, наработками других педагогов.

Практически на любом школьном предмете можно применить компьютерные технологии.

Как написать учебное пособие — Молодой ученый

Учебное пособие и учебник: различия и связи. Чем учебное пособие отличается от учебника? Учебник — это основная учебная книга по какой-либо дисциплине...

Особенности обучения англоязычному чтению учащихся основной...

5. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: Учебник / Гез Н. И., Ляховицкий М. В., Миролюбов А. А. и др.. — М.: Высш. школа, 1982.

Роль книги в жизни современного школьника | Статья в журнале...

И, пожалуй, школьный урок сегодня — это единственное место, где дети в коллективе сверстников (что очень важно!) размышляют о жизни и смерти, о добре и зле...

Современный учебник истории как средство организации...

Одним из основных условий организации эффективного учебного процесса в школе является решение проблемы повышения качества современных школьных учебников.

Образовательные комиксы как средство мотивации в обучении...

«Ура, есть!» или «А почему нет?» Чего же ждут школьники от учебного пособия.

Сухой, академичный школьный учебник с решением этой задачи не справляется.

Электронный учебник как средство обучения в высшем...

Библиографическое описание: Муродова Г. Б. Электронный учебник как средство обучения в высшем

программ, предназначенных для использования в школьном и вузовском обучении.

Формирование экономических представлений у младших...

Формирование экономических представлений нужно начинать с начальной школы.

Потенциальные возможности учащихся младшего школьного возраста позволяют...

Задать вопрос