Библиографическое описание:

Сулейменова З. К., Байменова Г. А. Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау // Молодой ученый. — 2015. — №6.2. — С. 13-15.

Қазақстан өзiнiң көлемiнiң кеңдiгiмен, табиғатымен байлығымен және тарихи мұрасымен, қызықты мәдениетiмен және де осы күнге дейiн сақталған салт-дәстүрiмен, өзiнiң үлкен туризмдiк потенциалымен мақтана алуына барлық негiз бар.

Бiздiң мемлекетiмiздiң туризмдiк жоспары қызықтырарлықтай. Сондықтан, өзiнiң “Қазақстан-2030” Ұлттық жоспарының басты бағытттарының бiрi туризмдi дамыту болып табылады, бұл ұлттық экономиканың маңызды секторы болуы керек, халыктың әлеуметкiк жағдайын жоғарылатуға себеп болатындай, жаңа жұмыс орындарын ашып және ауыл аймақ көтеретiн, мемлекеттер мен ұлттардың бiрлiгiн қолдайтын жоспар.

Егер де біз туризм арқылы елімізге кіріс кіргізгіміз келсе, ЖІӨ ге туризмнен түсетін пайданы арттырғымыз келсе, туризмді экономиканың бір саласы ретінде дамытқымыз келсе, мынадай ұсыныстар айтар едім:

Әлемдік стандартқа сай етіп дамытуымыз қажет. Туристік фирмалардың жұмысын жақсы жолға қойып, қаржыландыру мәселесін оңтайлы шешуіміз қажет. Сонда ғана мемлекеттің саяси саясаты, туризм дамуының жаңа стратегиясы еліміздің экономикалық өсуімен өркендеуінің кепілі болып табылатын еді. Сонымен қатар, туристік қызмет көрсету мәселесін жақсартар болсақ, (яғни қызметкерлер білімді, әлемдік стандартқа сай қызмет көрсетсе) шетелдік туристер ағылып келетін тағы бір мүмкіндік туатын еді.

Негізінен елімізде табиғаты тамаша, көрікті, өте сұлу жерлер көп. Ол жағынан біз кейбір елдерді шаң қаптырып кетуіміз ғажап емес. Сол сұлу жерлеріміздің көбісі игерілмеген, яғни көпшілік біле бермейтін жерлеріміз өте көп. Сол жерлерімізді игеріп, туристік қызмет көрсететін орындарды мейлінше көп етіп салып, (яғни табиғат аясына) ұсынатын болсақ туристерді қызықтыратын едік. Елімізде туризмге өз - өзінен ұсынылып тұрған аймақтарымыз жетерлік. Сол аймақтарымыз жайлы әлемдік деңгейде жарнама жасалса екен деймін. Яғни жақсы танытар болсақ, біздің елге туристер көптеп келетін еді.

Бұл ұсынысым елімізде туризмді тез қарқынмен дамыту жолы деп ойлаймын. Ол үшін елімізді 4 ірі аймаққа бөліп, яғни Орталық және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан деп бөліп алып, осы арқылы туристік кластерді құру керек.

Туризмдегi iскерлiктің маңызды мәселесi — ол туристiк фирманың шығынына, кiрiсiне, жалпы пайдасы мен табысының шегiне талдаулар жасау. Шығынның шегi мен табыстың шегiн бiлу фирманың туристiк нарықгағы тәртiбi мен орнын шешуге мүмкiндiк бередi.

Туризм экономикасының маңыздысы — табыс факторларына талдау жасау: жұмыс ақысы меп еңбектiң бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристiк рента (пайыз түрiнде түсетiн табыс). Туристiк рента мәселесi мен өнiмдер шегiне ерекше көңiл аудару керек. Бұл туризмді өзiндiк қаржылаудың iшкi көздерiн анықтауға мүмкiндiк бередi және туризм сферасындағы өндiру факторларының өнiмдiлiк шекарасын белгiлейдi.

Туризм экономикасы өзiне қаржы мәселесiн де енгiзедi: турфирмалардың өзiнің қаржы ресурстары, кредит алу мүмкiндiктерi, банкiмен және банк жүйелерiмен өзара қатынасы, барлық деңгейдегi бюджетпен қатынас және салық салу.

Туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер Президентіміздің дәстүрлі Жолдауына сәйкес - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ретінде қаралуы керек. Бұл корпорациялар алынған пайданы сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды. Олардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталады. Сөйтіп, корпорациялар ірі жұмыс берушілерге, әрі ел дамуының жол-басшысына айналады. Сонымен, осы қабылданған саясатқа жан-жақтағы кәсіпкерлер, ірі туристік фирмалар мен шетелдегі инвесторлар сенім білдіріп, осы құрылып жатқан ұйымға қосылатыны айқын.

Аймақтық туризм қалыптасу үрдісіндегі жас салалардың бірі болғанына қарамай жақын күндерде оның қарқынды дамуын күтуге болады. ДТҰ мамандарының бірауыздан берген бағасы бойынша туризм XXI ғасырдың басында Қазақстан аймақтық экономикасының басты саласына айналады, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысында және Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытуда негізгі факторлардың бірі болады.

Туристік қызметтердің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндірілетін туристік қызметтер индустриясында түтыну бастамасының болуы, сонымен қатар, табиғи, әлеуметтік-экономикалық, адам және ақпараттық ресурстарының шешуші орын ашуы, аталмыш ресурстардың туристік қызметте тікелей пайдалану мумкіндігі мен туристік саланы дамыту мақсатында трансформациялануы көрсетті.

Қызметтер аясы бейзатты игіліктер өндірісін аумақтық ұйымдастырудың маңызды факторы ретінде көрініп, өңірлі ішкі жүйенің функциялануының мәнді сипаттамаларын біріктіреді. Өңірлі туристік қызметтер нарығына жүргізілген талдау, диссертациялық зерттеуде көрсетілетін қызметтердің мезодеңгейін реформалау мазмұны мен негізгі үрдістері жайлы түжырымдама жасауға мүмкіндік берді, мүның өзі туристік қызметтер аясының қалыптасу процесін үлгілендіруде әдістемелік негіз құрды. Туристік қызметтер индустриясындагы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін құру үшін адекватты ақпараттық-аналитикалық базасы, қызмет ету секторының жағдайы мен даму үрдісіне өңірлі және мемлекеттік мониторинг жүйесі қажет. Әлеуметік ая жөнінде нақты және үнемі жаңартылып отыратын ақпараттың болмауы, ізденушінін ойынша, реформалау процесінің негізгі кателігі мен келеңсіз жағдайы болды.

Қаражаттық қолдауды негіздеу, салынған қаржының бағыты, қазақстандық қызметтер аясының, соның ішінде туристік қызметтер секторының, оның өңірлі ішкі жүйесінің ғылыми-аналитикалык бағалануы, әлеуметтік қоғамды калыптастыру контекстінде даму үрдісін болжамдау теория мен тәжірибесiнiң өзекті сұрақтары болып қалып отыр.

Қызметтер аясының қалыптасу процесін институтционалды реттеудің белсендетілуіне деген қажеттілік, туристік бизнесті мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясаттың көріністері мен бағыттарын түбегейлі өзгертеді. Қазақстанда туристік ызметті дамыту саясатына талдау жасай келе, мемлекет нормативті-құқықтық базаны, салық және қаражаттық реттеуді қамтамасыз етіп, өндіріс пен тұтынудың рационалды мотивациялық жүйесінің қалыптасуына септігін тігізуі қажет екендігіне көз жеткіземіз.

Туристік қызметтердің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу және Қазақстанда оны дамыту әлуетінің тәжірибелік нәтижелерін талдау негізінде кең және тар, атаулы мағынадағы «әлеуметтік бағдарланған» туристік бизнесті жүргізу үлгісі ұсынылды.

Өңірлік бағдарлама қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады.

Туристік индустрияда қауіпті төмендетудің қолайлы әдісі диверсификация болып табылады. Бұл инвестициялық салымдарды бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ обьектілерді салуды қарастырады. Диверсификация капитал салуда әртүрлі салымдарды қолданып бір уақытта банкрот болудан сақтайды. Туристік компаниялар географиялық шектерге байланысты, немесе қызмет көрсету спекторы бойынша қауіпті сақтандырады. Олар елдің сыртқы саудасына шығып, халықаралық жоғары деңгейдегі туристік компаиялардың арасында өздерінің филиалдарын ашып, ұлтаралық байланыс орнатады.

Осылайшы тәуекел менеджменті негізінде қауіпті төмендету үшін мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Пайда табу немесе оны көбейту өнері (ұтыс, пайда) шаруашылық қызметтің негізі болып табылады. Тәуекел менеджментінің соңғы міндеті қауіпті жағдайда көп пайда табуды көздейді.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың әсері өте жоғары. Кейбіріне тоқталып өтсек:мелекеттің әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі мен мәдениеттің жетілуі, өмір сүрудің төменгі көрсеткіші, халықтың табысы және туристік салаға деген халықтың көзқарасы.

 

Әдебиет:

1.    Квартальнов В.А. Теория и практика туризма: учебник. – М.: Финансы и статистика, 2003.

2.    Вавилова Е.В. Основые международного туризма: Учеб. пособия. – М.: Гардарики, 2005.

3.    Вукулов В.А. Халықаралық туризм тарихы мен теориясы. – Алматы, 2005.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle