Библиографическое описание:

Оспанова Г. У. Эстетикалық тәрбие беру тарихы мен қазіргі жағдайы // Молодой ученый. — 2015. — №6.2. — С. 47-50.

Қазақстан Республикасьның «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген [1].

Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, М.Қашғари, Ж.Баласағұн [2, 192 б.], ұлы Абай [3, 152 б.] өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған. Көрнекті педагогтар Ж.Аймауытов [4,55 б.], Ш. Құдайбердіұлы [5,80 б.], А.Байтұрсынов [6,34 б.],

М.Жұмабаевтардың [7, 54 б.] және т.б. шығармаларында да адамның бойындағы қабілеттерді дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.

Эстетикалық тәрбиеге назар аударған ғалымдар эстетикалық тәрбие беру мәселелерін С.А.Ұзақбаева [8] өз еңбектерінде зерделеген және оқушылар мен студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып керсеткен.

Еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғызудың жолдарын С.А.Жолдасбекова, сабақ және сабақтан тыс жүмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге танымдық, қызығушылығын Б.Т.Әбиева, болашак бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану мәселесін Қ.Болатбаев, қазақ мектептерінде бастауыш сынып окушыларын сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу жолдары О.Сатқановтардың арнайы зерттеулеріне арқау болған.

Эстетикалық тәрбиелеу мәні, оның міндеттері мен мақсаттары туралы ұғымдар Платон мен Аристотельден бастап, бүгінгі күнге дейін өзгеріп кетті. Қоршаған дүниеге қарым-қатынас пен оны көркемдік қабылдауға деген саналы қатынас Ежелгі шығыс өркениетінде атап көрсетілген. Бірақ та халықтың діни және эстетикалық санасының бөлінбеуі өнерді тәрбие құралы ретінде анықтады.

Қытайда, б.з.бұрынғы 3-2 мыңжылдықты табиғатта, еңбекте қолөнерде, тілде және араласу ережелерінде эстетикалық бағдарларға оқыту дәстүрі болды. Оқытуда да, араласуда да ерекше назар жораларға, рәсімдерге, басқа да өнерлерге, табиғаттағы әртүрлілікті бақылауға аударылды. Қытайда бұл идеялар эстетикалық тәрбие негізінде әр ғасырда өз бейнесін иеленіп, көп дәуір бойы сақталды.

Ежелгі және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Индияның эстетикалық тәрбиесі дәстүрін бойына сіңдірген. Ежелгі индиялық ілімдерде (брахманизм және т.б.) адамның табиғат дүниесімен тығыз байланысын, оның көңіл-күйінің күш-қуатын, қабілеті мен сезінуін дамытудың ерекше маңызы болды.

Жапониядағы мәдениет пен білім синтоизммен - бастапқы діни жоралармен және елдің ұлттық ерекшеліктерімен байланысқан. 7 ғасырда буддалық діннің, мәдениеттің, сәулет өнерінің Қытайлық жазудың, әдебиеттің қалыптасу үрдісі жүрді, шеттен алынған емес, кескіндемеде, киім мен рәсімдерде қайталанбас көркемдік жүйені қалыптастыру жүрді.

Жапон оқушыларының эстетикалық санасына табиғат пен адам жаратылысына деген нәзік мәнер, әсерленіп қабылдау, шыдамдылық пен анықтылықты таңдау тән. Ислам дүинесінде әдетте өнерде діни тақырыптарды жаңғыртуға, сенімнен алыстатын шындықпен адамдарды бейнелеуге деген жағымсыз қатынас бар. Сонымен қатар, эстетикалық сезімдерге бай кітап миниатюрасы, сәулет өнері мен сәндік өнер ықпал етті. Осы көркемдік дәстүрлерді көрсету қазіргі кездегі мұсылман мектептерінде жалғасуда, онда сұлулық туралы ұғымдардың, мәнерлердің, бағалаудың, идеалдардың, эстетикалық сананың ерекшеліктері қалыптасқан; кейбір мектептерде көркемдік білімнің ұлттық үлгілерімен қатар батыс үлгілері қатар өмір сүреді. Европалық білім мен мәдениеттегі эстетикалық тәрбиелеудің теориясы мен практикасының негізгі мақсаттардың тамыры ежелгі дәуір кезеңінде жатыр. Одан үш бірлікті: шындықты, жақсылық пен әдемілікті сипаттайтын «каллокабатия» түсінігінде берілген мүлтіксіз адамды тәрбиелеу идеясы туындаған. Сонымен қатар ол, ғылымдардың бірдей пайда болғанын көрсетеді.

Орта ғасырдағы діни христиандық тәрбие аскетизм мен ғажайып рухани идеалдарға бағдар алған эстетикалық тәрбие сипатына өз таңбасын салды. Канондық діни өнердің әр түрі мен жанры (діни мүсін өнері, иконаларды бейнелеу, т.б.) көркемдік бейнеліліктің әсерленушілік ықпал етуін қолданды. Батыс еуропалық мектептерде, көркем қолөнерде, фольклорда, тағы да басқа халық өнері формаларында дәуірдің дүниені бейнелік – сезімдік көруі бейнеленді. Өнер аясы эстетикалық тәрбиенің іс жүзіндегі негізгі бастамасы болды.

Эстетикалық тәрбиелеу теориясы элементтері педагогикалық ұғымдарға әсер еткен өнер туындылары шығармаларында (Леонардо до Винчи, т.б.) дамыды. 1423 жылы Виторино да Фельтреде (Италияда) оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен оларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға бағдарланған поэзия, ежелгі тілдерді оқыту мектебі ашылды. Қайта өркендеу дәуіріндегі педагогика мен эстетикаға көркемдік шығармаларды және өнер туралы нақты ғылымды терең зерттеулер елеулі әсер етті.

Халықтық мектебіндегі туындыларындағы гуманистік білім мен тәрбие жүйесінің нақты көрінісі Я.А.Коменский еңбектерінде суреттелді. Оның негізінде: сезімдерді дамыту, дүние мен заттардың ерекшеліктері туралы білімдер, көзбен көріп шолуды қолдану, сенсорлық және эстетикалық қабылдауды дамытуға нұсқаулар бар.

И.Г.Песталоцци өзінің теориялық және әдістемелік еңбектерінде табиғат пен өнердің ықпал етуі, күйзелуі, қабылдау сезімдерінің мағынасын атап көрсетті. Песталоццидің пікірі бойынша, «табиғат өнері» мен «табиғатқа ұқсатуға тырысатын балалардың өнері», сурет салу мен ән салу, табиғатты бақылау әсемдік сезімін тудырып, оны қалыптастырады. Ф.Фребельдің балалардың дербес әрекеттеріндегі, табиғат әсерімен «әдемілік формасын» ойындық құрудағы олардың шығармашылығын дамытудың маңыздылығы туралы ұғымдары жемісті болады. Ф.Гербарт «индивидуалдық педагогика» дәстүрінде баланың ұғымдары мен сезімдерінің дамуын этикалық өзін-өзі бағалау және «тазалануға» (ежелгі катарсис сияқты) деген қабілеттілікті тәрбиелеу тәсілі ретінде қарастырды. 19 ғасырдың 2-жартысында А.Дистервергтің еңбектерінде бұқаралық мектептерге сай келетін, ұлттық мәдениетті меңгеру мәселелері, табиғат объектілері мен өнерді қабылдау үрдісінде адамгершілік, ақыл-ой мен эстетикалық тәрбиелеудің байланыстары жазылған.

30-50 жылдары ағылшын эстетигі Г.Рид үйлесімділік тәсілі ретінде баланы өнер мен ойынға спонтандық эстетикалық тәрбиелеуге басты рөлдерді беріп, сурет негізінде жеке адамның көркемдік типологиясын анықтау әдістемесін даярлады. Рид «өнермен тәрбиелеудің» кең қозғалысының негізін салушы, бұл бағытта белсенді ізденістерді К.Орф т.б. эстетикалық тәрбиенің теоретиктері мен практиктері жүргізді. Адамның жеке және әлеуметтік қасиеттерін есепке алатын, оның жалпы және эстетикалық дамуы ретінде мәдениет пен көркемдік білім алуды меңгеру М.Манромен негізделді. Германияда гуманистік, көркемдік педагогикамен бірге (Г.Кершенштейнер, Л.Вейсмантель, З.Штрангель) діни – адамгершілік білім ретіндегі эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы дамыды. Эстетикалық тәрбиелеу үрдісінде жеке адамның өзін-өзі жүзеге асыру теориясы (К.Ясперс) фашистік идеология мен жеке адамды тегістеуді жоюға әсер етті.

Британдық мектепте эстетикалық тәрбиелеудің негізгі тәсілі осы күнге дейін бейнелеу өнері болып отыр. Францияның бұқаралық мектептерінде балалардың мәдениетті оқуы мен шығармашылық әрекеттері үрдістеріндегі эстетикалық мәнерлері мен қажеттіліктерін дамытуға назар аударылып отыр. АҚШ-да эстетикалық тәрбиелеуге кең көзқарас дамуда. Білім беруде бірінші орынға өнер, оның теориясы мен тарихы ғана алынып отырған жоқ (А.Айшер, Г.Броуди), сонымен қатар балалардың эстетикалық тәжірибесін көзбен шолып, ойлауды байыту идеялары да алдыңғы орындарға қойылып отыр. Қазіргі Жапонияда басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, мәдени білім беру үрдісінде әдеттегі мүлтіксіз адам идеясын, эстетикалық тәрбиелеу идеясы, табиғаттың эстетикалық құндылықтарын түсіну мен субъективтік күйзелуді дамытудың қазіргі уақыттағы ұстанымдары сәйкес келіп отыр. Қазіргі жапон педагогтарының түсіндірулеріндегі (Т.Мотому, М.Цунзсабур) жүздеген түстер үйлесімділігін оқушылардың меңгеруі әдеміліктің көптүрлілігі мен жақсының, тиімдінің айқындығы туралы ұғымдармен біріктіріледі. Педагогикада эстетикалық тәрбиелеуге бұлай келу болашақта экологиялық үйлесімділікке көшуде дүниежүзі қоғамдастығының бағдарына байланысты маңызды. Қазіргі кездегі ғалымдар зерттеулерінде эстетикалық тәрбие жеке адамның даму үйлесімділігі шарты, оның дүниені сезінуі, эстетикалық санасы, шындықты эстетикалық меңгеруі мен араласуы және эстетикалық әрекетті меңгеру өнері ретіндегі шарт болып табылады.

Ресейде эстетикалық тәрбиелеу 17 ғасырда педагогикалық теорияда, негізінен риторика курстары мен тәрбиелеу практикасында көркем әдебиеттерді қолданумен меңгерілді. Француз (Дидро және т.б.) мен жемістің (Шеллинг, Гегель) өнер теориясын әсерін сезініп, орыс эстетикасы таза ақылға салу құрылысына тереңдеуден құтылып кете алды. Эстетикалық тәрбиелеу көп жылдар бойы қалыптасқан классикалық білім беру жүйесімен шектелген. Отандық педагогикада бастауыш және орта мектептерде барлық пәндер тәсілдерімен эстетикалық тәрбиелеудің қажеттілігі туралы біршама маңызды қағидалар мен ойларды К.Д.Ушинский айтқан болатын. Оқу үрдісіндегі өнер әдебиеті рөлі, сезімдерді, сөз сөйлеу мен ойлауды тәрбиелеу толығымен В.И.Водоводов, В.Д.Ситоюнин, В.П.Островский т.б. еңбектерінде түпкілікті қарастырылған.

20-шы жылдардың аяғында біртұтас еңбек мектептері шеңберінде бұқаралық көркемдік – эстетикалық білім беру мен тәрбиелеудің бағдарламасы жасалды. Онда өнер сабақтарына аптасына 21 сағат бөлінді (бейнелеу өнері, музыка, ритмика, көркем сөз, ойын, театр, импровизация, кино, фото түсіру). Жарқын күйзеліс бастамалары ретіндегі өнер туындылары, еңбекке деген қарым-қатынас, ұжымдық әрекеттер, мереке – мейрамдар бұқаралық эстетикалық тәрбиелеудің іс жүзіндегі тәсілдері болды, солардың арасында мектептің қоршаған дүниемен тікелей байланысы орнады.

Қазіргі кезде эстетикалық тәрбиелеу жеке тұлғаны дамыту, оның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері мектеп алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі. Аталмыш мәселе отандық және шетел педагогтары мен психологтары Н.И.Киященко [9, 65 б.], В.Н.Шацкая [10, 103 б.], Б.М.Неменский [11, 75 б.], В.С.Кукушин [12, 175 б.] және И.Б.Харламовтың [13, 64 б.] еңбектерінде толығымен зерттелген.

Қорыта айтқанда, шындық пен өнерге деген баланың эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудан басқа, эстетикалық тәрбиелеу, олардың жан-жақты дамуына да үлес қосады. Эстетикалық тәрбиелеу адамның адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Оның қоғам, табиғат, дүние туралы танымдарын кеңейтеді. Балалардың әр түрлі шығармашылық еңбектері олардың ойлауы мен елестетуін, еркі, табандылығы, ұйымдасқандығы мен тәртіптілігін дамытуға ықпал етеді.

 

Әдебиет:

1       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы, 2000.

2       Келімбетов Ы. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: Ана тілі - 1991. - 192 б.

3       Абай. Қара сөздер. – Алматы, 1993. - 152 б.

4       Аймауытов Ж. Бес томдық, шығармалар жинағы. - 4-том. - Алматы, 1998, 55 б.

5       Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. – Алматы: «Қазакстан» және «Ғалия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991. - 80 б.

6       Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, пуб. Мақалалар және әдеби зерттеулер (құр. Ғ.Нұрғалиев). - Алматы: Жалын, 1999. - 34 б.

7       Жұмабаев М. Шығармалар, өлеңдер, поэмалар, қара создер (құрастырған X. Абдуллин). - Алматы: Жазушы, 1989. - 54 б.

8       Ұзақбаева С. А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. –Алматы, 1993.

9       Киященко Н.И, Лейзеров Н.Л.Эстетикалық шығарма. – М.:Знание, 1984. - 65 б.

10   Шацкая В.Н. Мектепте эстетикалық тәрбиелеудің жалпы мәселелері. - М.: ПҒА РСФКР, 1995. - 103 б.

11   Неменский Б.М. Әдемілік даналығы. - М., 2004. 74 б.

12   Кукушин В.С. Эстетикалық сөздік. – М,. – Ростов на Дону, 2004. - 175 б.

13   Харламов И.Ф. Педагогика. - Минск, 2002. - 64 б.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle