Библиографическое описание:

Жомарткызы М. Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мағынасы // Молодой ученый. — 2015. — №6.2. — С. 18-20.

Жер қолданушылардың мемлекеттік тіркеу құқықтық мінездемесін баспаларда, жер құқығы бойынша оқулықтарда мойындалды, т.с.с. монографиялық әдебиетте Г.А.Аксененок жер қолданушыларды тіркеуге алу заң актісі екені, ол жер қолданушылардың құқықтырымен көзқарастарын қорғап, күшейтетінін көрсетеді.

Жер қолданушылардың мемлекеттік тіркеуге алынуы құқықты мағынасы нормативті актілерде де бекітілді, онда жер қолданушылықтың мемлекеттік тіркеуге алынуы заңды акт екені жазылған, жер қолданушылыққа жер учаскелерін қолдануға құқығын хаттайды. Тек мемлекеттік тіркеуге алудан кейін ғана жер қолданушыға жер учаскесін қолдануға құқығы бар екенін күәләндыратын құжат беріледі.

Жер қолданушылықтың мемлекеттік тіркеуіне қарағанда мемлекеттік есептің құқықтық мінездемесін ұзақ уақыт мойындалмады. Өйткені есеп жүргізу нәтижесінде құқық міндеттерді орнату жүргізілмейді, сондықтан мемлекеттік ортақ теория және құқықтың, ғылымның уәкілдері есептің құқықтық мағынасын, теріс мойындады, оны статистика-экономикалық мағынасы бар көптеген жұмыстардың бірі деп саналды.

Мемлекеттік жер есебінің құқықтық мағынасын мойындау және оның мәліметтері толық дәлелді және мемлекеттік жер кадастрының жүйесінде жерлерді бағалау кең таралуы тиіс. Жерлердің кадастрлық бағасының заңды мағынасы туралы сұрақ заң әдебиеттерінің жер кадастрының елде заңды жүргізумен қатар назарды өзіне аудартты.

И.Н.Ведениннің ойынша жер кадастрының құқықтық мағынасы-ол жер қолданушылардың құқықтарымен міндеттерінің көлемі және мінездемелеріне белсенді әсер етеді, оны жер сапасын жақсартуға, жер құнарлығын көтеруге қажетті шаралар қолдануға итермелейді.

Жер қолданушылардың тіркеуге алынуы, мемлекеттік жерге меншіктік туралы принциптерді сақтау, бірлескен мемлекеттік жер қорын тәуелсіздігі және орнатылған тәртіппен берілген жерлерге жер қолданушылардың құқықтық қорғау қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Жерлерді тіркеуге алуды жер қолданушылықтың мемлекеттік жазулары ретінде қарастыру керек, оның көмегімен жер қолданушылардың нақты жер участігіне құқығын заңды түрде көрсетеді.Жер қолданушылықтың тіркеуге алынды, жер қолданушылардың  әр түрлі бұзушылықтардан құқықтарын қорғау туралы болып табылады.Олар жер қолданушылық және жерлердің дұрыс қолдануын, оның мақсатымен мағынасына қарай тұрақтылылығын қамтамасыз етеді.

Тіркеуге алу негізі болып жер қолданушыларға қайта өңделу ретінде, қатысты мемлекеттік органдардың заңдарымен қаралған қажетті құжаттардың негізінде жер учаскелерін жеке немесе заңды тұлғаға белгілі мақсат үшін беру шешімі болып табылады, т.с.с. тұрғылықты жердің шекараларын бекіту және қоныстандыру жобасын іске асыруға қажетті құжаттарды ұсыну. Мемлекеттік тіркеуді хаттаудан кейін жер қолданушыға немесе жер иелеріне құжат беріледі (бекітілген формасы бар мемлекеттік акт) қолдануға құқық және жер учаскесіне, оның учаск жоспарымен қоса жеке меншіктік құқығы бар құжат.

Жер учаскелерін беру туралы шешімдерде, олар қандай мақсатта беріледі және жерлерді қолданудың негізгі шарттары көрсетіледі. Жерлерді беру, қолдану приоритеттерінде ауыл шаруашылық жер қолданушыларына беріледі. Құжатта учаскенің қолдануға және жеке меншікке берілу құқықтары, сол сияқты мақсатты бағытталуы, бөлінушілігі немесе бөлінбеушілігі, сервитуттары және басқа шектеулері көрсетіледі.

Алынған мәліметтер негізінде  жерлердің ресми тұрақталуы жер қолданушылардың арнаый шешімдердің мемлекеттік органдардың мақсаттары және белгілеулері жүргізіледі, оларға жер берілгені үшін, жер қолданушылардың жерді қолдану құқығы бар құжаттарды толтыру және беру болып табылады.

Жер қолданушылардың мемлекеттік тіркеуі, жер кадастрының негізгі құрама бөлігі сияқты жерлерді құқықтық қатынастарда зерттеп, олардың жағдайларын анықтайды. Бірақта мемлекет жердің иесі ретінде тіркеумен қатар нақты жер қолданушылардың дұрыс қолдануын бүкіл қоғам қызығушылығына бақылау жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарда жер ресурстарының құқықтық ғана емес, экономикалық және табиғи жағдайларында санау қажет.Ал бұл біздің елімізде жерді қолдану құқығы, оның шаруашылық мақсатта қолданумен бөлінбестей байланысты жер қорының бөліктерінің бағытталуына қатысты.Сондықтан жер қолданушылығы және мемлекеттік жер есебінің тіркеулері бірлескен түрде жүзеге асырылады. Бұл тіркеу және есеп құжаттауының бірлігімен қамтамасыз етіледі. Әр район (қала) бойынша мемлекеттік жер кадастырының кітабында барлық жер қолданушылықтың әр жер қолданушыларын және жер-су құрылымы және сапалы жағдайлары бойынша жерлердің  мемлекеттік қорларын тіркеу жүргізіледі.Жер кадастрлық кітабында кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жер-су және сапалы жағдайлары бойынша, жеке тұлғалардың усадьба учаскелерін санап тіркейді.

Жер есебі, жер қолданушылығының тіркеуінен өзгешелік елдің жер қорын қамтиды.Сондықтан жер есебі өзі жинақтауы, жүйелеуі және сапа жағынан жан-жақты талдауы, жер ресурстарын шаруашылық қолдануын және орналастыруына мемлекеттік шаралар жүргізді. Мемлекет талаптарды, мазмұндарды және оны жүргізу тәртіптерін анықтайды.Ол орнатады: жер есебінің мазмұны туралы ақпараттар және оларды алу әдістері, есеп және есеп беру мазмұндарының формаларын құжаттау, есеп берудің мерзімдерін көрсету: жер есебін жүргізуін бақылау тәртібі, есепті жүзеге асыратын тұлғалармен органдар.Есептің орнатылған тәртібі бүкіл республика территориясында міндетті болып табылады. Мемелекеттік жер кадастрының негізгі бөлігі болып табылатын, есеп жердің шаруашылық жағдайларын зерттеу және табиғи қатынастарын зерттеуді бастады.

Жер есебінің негізгі бөлігі жер инвентаризациясы болып табылады, ол есептік бір уақытта шараларды көрсетеді. Оны мәліметтерін қатысты анықтау мақсатында, кадастрлық құжаттауда, тұрғылықты жерлерде бар қажетті шаралары бойынша жүргізіледі. Алынған кадастрлық мәліметтерге және бірінші кезегіне есептік анықтамалар енгізеді. Инвентаризацияны жүргізу кезінде жоспарлы-картографиялық және басқа материалдардың өндірісінде қолданады. Мәліметтер натурасының көрсетілуіне қатысты жерді зерттеу кезінде жүргізіледі. Тұрғылықты жерлерге арнайы суреттер жүргізілмейді.

Мемлекеттердің, қоғамдардың ғылыми –орнатылған жобалауды, программалауды, жоспарларды жүргізу үшін мемлекеттің материалды мүмкіншілігін білу қажетті. Адамдық, материалдық және табиғи ресурстардың есебі, соның ішінде маңызды рөлді жер алады, қажеттілігін шарттайды.

Ұйымдық-шаруашылық қызметтерін орындай отырып, мемлекет территориалдық жоғары басқарушылықтың құқығын тасушы және бірлескен мемлекеттік қорлардың жер меншіктілігін басқаруды жүзеге асырады, ол жер кадастрыне маңызды мемлекеттік маңыздылық береді. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерін орнатуда кадастрлық мәліметтері үлкен мәнге ие болады.

Сонымен, халық шаруашылығының салалар арасындағы жерлерді бөлу және қайта бөлу, т.с.с бөлек жер қолданушылардың салалар арасындағы ішінде, білім алу және жерлерді қолданушылар өзгерістері  жер құрылымдық органдардың мемлекетте жер кадастрының материалдарын қолданумен іске асады.

Жер басқа мүлік қатынастарының объектілерімен өзгешелігі, ол табиғаттын экологиялық қызметтерін орындайтын бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде жерлердің көп бөлігі сутексізденген, аса үлкен жер аудандары айналыстан шыққан, яғни ауыл шаруашылығында қолдану жарамсыздығына келтірілген. Жер асты салалардың қалдығынан , өндірістердің, т.с.с химиялық  қалдықтардан  ластанады. Бұл сұрақтардың шешімін қабылдауда елдің жер ресурстарының сапалы жағдайлары туралы  нақты және толық ақпараттармен қамтамасыздану керек.

Жер кадастрының  мәліметтері арендалық төлемдерге жер салығын санау үшін, алым алыну кезіндегі қатерді толтыру сомаларын анықтауда ү.лкен мәнге ие болады.Салық салудың дифференциясы сол сияқты жер сапаны есептеу қажеттілігін және оларды бөлек табиғи-экономикалық зоналар бойынша объективті шарттайды.

 

Әдебиет:

1.    Қазақстан Республикасының Кониститутциясы  30 тамыздағы 1995 жылы.

2.    Ерофеев Б.В. Жер құқығы. – М., 1998.

3.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастырын жүргізу туралы тәртібі. – 2003.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle