Библиографическое описание:

Тапаева А. П., Байкунирова А. С., Даулетова А. Т. Білім беру жүйесінің бір бөлігі–кәсіби біліктілік тұғыры // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 107-108.

Қазіргі жалпы білім беретін оқу орындарында ең маңызды мәселелердің бірі – оқу- тәрбие үрдісіне дұрыс бақылау жасау. Мұнда ұстаздардың кәсіптік деңгейі, олардың жан-жақтылығы, біліктілігі, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасай білуі, білім алушыларды қалай оқыту керектігі туралы мәселелерді оңтайлы шешу қажеттігі және тағы басқа мәселелер бар.

Адамға құрмет және сенім – бастысы ізгіліктің ең жоғары көрінісі. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн [1].

Ғалым және әдіскер-педагог Ф.Павлов «...даму үрдістерін оңтайлы басқару идеясы болашақта барлық салаларға тән болмақ, медицинада, биология мен экономика және педагогикада» деп дұрыс көрсеткен.

Мұғалімнің иннновациялық-дидактикалық іс-әрекеті жалпы әрекеттің реттілігімен, нақтылығымен сипатталады. Педагогтың инновациялық-дидактикалық іс-әрекетке қатысты жаңалыққа көзқарасы, педагогикалық біліктілік деңгейі, жеке педагогикалық іс-тәжірибесі, педагогикалық теориялық дайындық деңгейлерімен сипатталады.

Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, жаңа заман талаптарына сәйкес мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастырудың моделін жасауда, ең алдымен, ғылымның қазіргі кезеңдегі әдіснамасына, педагогиканың әдіснамасына, әдіснамалық негіздемесіне сүйену қажет.

Білім – адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе (күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынастарды тануда, т.б.). Адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қозғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы – тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, беріліп отыратындығында.

Сондықтан қазіргі кезде талаптың жоғары болуына байланысты әлемдік бәсекеге қабілетті болу күн тәртібіне қойылғанда ескі тәсілдерді ысырып, педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық деңгейін көтеру қажет. Осы орайда әдіснамалық проблемалардың педагогикадағы өзектілігі ғылымның жан жақты енуіне, көптеген ғалымдардың күшімен педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді кешенді зерттеудің дамуымен, ғылыми зерттеулерде математикалық талдаулар мен ақпараттық технологияны қолданумен тікелей байланысты.

Мұғалім кәсіби біліктілігін арттыруда әдіснамалық білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Білім жинау тек жас ұрпаққа тән нәрсе емес. Ересектерде қызмет барысында, тіршілікте үнемі ізденіс жағдайында болуы тиіс.

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, білім алушылардың білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады [2].

Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі оқу орындары мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет [3].

Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады.

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.

Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта [4] жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

 

Әдебиет:

                                                                                     

1.      // Қазақстан мектебі. – 2009. - №4.

2.      Лернер П.С. Инновационные образовательные технологии. – С. 155-168.

3.      Дамитов Б.К., Фредман Л.М. Физические задачи и методы их решения. –Алматы: Мектеп, 1987. – 160 б.

4.      Назарбев Н.Ә. «Қазақстан — 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. -Алматы: Білім, 1997. - 176 б.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle