Африкалық тары және құмай дақылдарын интенсивті технология жағдайында егу ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 196 раз

Библиографическое описание:

Нургалиев, Н. Ш. Африкалық тары және құмай дақылдарын интенсивті технология жағдайында егу ерекшеліктері / Н. Ш. Нургалиев, Ш. Ж. Нуржанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14840/ (дата обращения: 20.04.2024).

Бүгінгі күні алда тұрған басты міндеттердің бірі – әр аймақтың топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің интенсивті технологиясын енгізу арқылы егіннің шығымдылығын молайту және әр гектар жердің өнімділігін арттыру.

Еліміздің малазықтық қорын дамытуда агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік және мал шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін бірі толықтырып отырады.

Ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау, топырақ және климат жағдайларының әр түрлілігіне байланысты дақылдарды іріктеу, топыраққа әдістері мен тәсілдері белдемдік және нақты жағдайларға сәйкес жүргізіле бастады. Осыған байланысты әр белдем үшін егіншілік жүйесі белгіленген. Сонымен қатар егіншіліктің экстентивті және интенсивті түрлері бар. Экстентивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша күш көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы көбінесе топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты. Егіншіліктер экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты, яғни, егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру т.б) жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттыру шаралары іске қосылды. Қазақстанда егіншіліктің құрғау, суармалы тәлімі мен таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғау егіншілігі жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғаушылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғалды сақтандыру агротехникалық шаралар жүйесі қолданылады.

Қазіргі таңда елімізде топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру жөнінде көптеген шаралар жүргізілуде. Атап айтар болсақ минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемін еліміз бойынша тұтас алғанда 2011 жылы -380,1 мың тоннаға, 2012 жылы - 439,0 мың т-ға және 2013 жылы – 599,5 мың тоннаға жеткізу жоспарланып, осы мақсатқа жету жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар түрлерін қолданысқа енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы жұмыстардың бірқатарына мысал келтірер болсақ, Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштар сатып алуына субсидия беру; минералдық тыңайтқыштар енгізетін арнаулы техника өндірісін қалпына келтіру үшін қаржы лизинг тетігін қолдану арқылы жағдай жасау; мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жыл сайын 25-30 адам шамасында агрохимик және топырақтанушы мамандар даярлауды көздеу секілді маңызды іс-шаралар алға қойылып, өз кезегінде орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек. Осы уақытқа дейін өндірісте кең тараған технология белгілі бір ауыспалы егіс топырақты негізгі және егу алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал жинау, аурулармен, зиянкестермен күресу жүйесімен сипатталады. Топырақ құнарының арту жағдайы егін шаруашылығы өндірісінде жақсы агротехникалық ортада барынша жоғары өнім беретіндігімен ерекшеленетін сапалы жаңа сорттарды пайдалануды қажет етеді. Селекцияда мұндай сорттар интенсивті жеке типтегі сорттар болып табылады, ал бұл сорттарды өсіру технологиясы интенсивті технология деп аталады.

Бүгінгі күнгі егін шаруашылығы жағдайында африкалық тары мен құмайды интенсивті технология жағдайында өсірудің мәнісі:

1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша, ең алдымен таза қара парлар бойынша орналастыруда;

2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды өсіруде;

3) Өсімдіктерді минералдық қорек элементтерімен және олардың топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету, вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;

4) Өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін құруда;

5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық тәсілдердің уақытылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің жақсартуды қамтамасыз ету.

Африкалық тары мен құмай дақылдарын өсіруде интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде;

1) Күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі ұсыныстарды зерттеп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын қорыту керек;

2) Интенсивті технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.

3) Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі африкалық тары мен құмай дақылдары үшін негізге алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.

4) Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп мазмұндау керек.

Африкалық тары мен құмай дақылдарын интенсивті технология бойынша өндіруді ұйымдастыру мен оның тиімділігін талдай отырып, олардың дақылдарын себу мөлшерін анықтап алу қажет. Ол үшін интенсивті технология бойынша өсірілетін құмай мен африкалық тары дақылдарының барлық егіс көлеміне есептегенде егілетін мөлшерін есептеп шығару керек.

Кесте 1. Құмай тұқымдарының себу мөлшері

Себу мерзімі

Себу мөлшері

Жасыл азық өнімділігі, т/га

15 мамыр

2

19,6

4

25,3

6

33,1

8

36,4

10

32,1

12

30,2

30 мамыр

2

21,9

4

28,7

6

39,8

8

43,8

10

38,3

12

35,6

15 маусым

2

22,1

4

27,7

6

34,7

8

40,0

10

37,8

12

34,5

Кесте 2. Африкалық тары тұқымдарының себу мөлшері

Себу мерзімі

Себу мөлшері

Жасыл азық өнімділігі, т/га

15 мамыр

1,5

19,2

3,0

31,7

4,5

26,9

6,0

25,3

7,5

25,0

9,0

22,5

30 мамыр

1,5

28,7

3,0

46,4

4,5

39,9

6,0

38,3

7,5

35,2

9,0

31,7

15 маусым

1,5

25,3

3,0

41,0

4,5

37,6

6,0

35,8

7,5

35,0

9,0

33,7

Соңғы жылдарда себілетін тұқымның сапасы барған сайын нашарлай түсіп, тексерілмеген тұқым көлемі арта түседі. Осы жағдайды ескере отырып себілетін тұқымның мөлшерін анықтаумен қатар сапасына мән берген жөн.

Африкалық тары мен құмай дақылдарын интенсивті технология бойынша өндіруде жерді тиімді пайдалануды, мамандандыру аймақтары бойынша өндіріс пен еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен тұқымдарының жоғары өнімді түрлерін шығаруды, олардың гендік қорын сақтауды, ауыл шаруашылығы аймақтарының жағдайына бейімделген, өнім өндіруге жұмсалған шығынды азайту мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технологиялар мен механикаландыру құралдарын жасауды, ауыл шаруашылығы өнімін барынша ұқсататын жаңа технологиялар әзірлеуді ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етудің басым бағыттары деп белгілеу қажет.

Әдебиет:

1.    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері [Электрондық ресурс] – 2012-2013. – URL: http://www.minagri.gov.kz (мәлімет алу күні: 18.02.2014).

2.    Игловиков В.Г., Конюшков Н.С., Мовсисянц А.П. Справочник по кормопроизводству. - Москва: Колос, 1973. – С. 64-66.

3.    Toderich K., Zhapaev R., Tautenov I., Nurgaliуev N., Gupta Sh., Srinivasa R. Sorghum and Pearl Millet for Crop Diversification, Improved Crop-Livestock Productivity and Farmers Livelihood in Central Asia // PFU-CGIAR Office in Tashkent, 2013. – С. 1-4.

4.    Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. (с основами статистической обработки результатов исследования). - Москва: Агропромиздат, 1985. – С. 14-21.

Основные термины (генерируются автоматически): тара мен, мена, себу, PFU-CGIAR, URL, Москва.

Похожие статьи

Особенности работы с приемопередатчиком NRF24L01+

VII международная научная конференция «Технические науки в России и за рубежом» (Москва, ноябрь 2017).

Приемопередатчик имеет собственный аппаратно-реализованный протокол обмена Enhanced ShockBurst™, который гарантирует надежный обмен данными.

Жертвоприношение в первобытном обществе на примере...

На земле, где господствует обычай и отношения между людьми организуются по принципу реципрокного и репродуктивного обмена, основными

Описание способов жизнеобеспечения и политических институтов одного из нилотских народов. Москва, Наука, 1985.

Коралловые рифы и изменение климата на планете Земля

II международная научная конференция «Науки о Земле: вчера, сегодня, завтра» (Москва, июнь 2016). Дата публикации: 31.05.2016.

— Alliance of the CGIAR Centers, 2009.

Основные принципы правового регулирования принудительного...

По нашему мнению, их всего четыре. 1 Вопрос о выселении гражданина занимающего жильё по договору социального найма, в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены...

Проблемы и пути решения миграции рабочей силы в РФ и РС(Я)

3,5 миллиона человек находятся в РФ более трех месяцев и могут трудиться незаконно. В 2013 году квота на привлечение иностранной рабочей силы в Москве составляет 3,2 %, то есть 215 тыс. человек.

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

Құрылыс материалдар мен бұйымдар индустриясы қазіргі кезде құрылыстың қарқынды дамуына елеулі әсер етуде. Сондықтан құрылыс нарығына сапалы құрылыс материалдармен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

Аймақтың дамуына әсер ететін факторлар мен ерекшеліктер

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бәсекелі ел және бәсекелі өнімдерді қарастырайық, кейбіреулер елдің бәсекеге қабілеттілігін валюталық курс, пайыздық мөлшер және бюджеттің тапшылығы секілді факторлармен басқарылатын макроэкономиканың құбылысы ретінде...

Образовательный туризм: сущность, цели и основные сегменты...

- участие в семинарах, конференциях, съездах, конгрессах, творческих мастерских и мастер-классах, цель которых обмен опытом и получение новой

Практическое пособие для турфирм и их клиентов [Текст] / Ю. М. Чеботарь. — Москва: Мир деловой книги, 1997.

Задать вопрос