Жаңару мен жаңғыру жолындағы Жолдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 116 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Жаңару мен жаңғыру жолындағы Жолдау / М. О. Насимов, Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 86-87. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14839/ (дата обращения: 19.04.2024).

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды тарихи оқиға болып табылады. Өйткені, Жолдау аясында көрсетілген мәселелер мемлекеттің бағытын айқындап, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайын сипаттайды. Елбасы Жолдауында аталатын әр сөздің мақсаты екі негізгі міндетті атқарады.

Біріншіден, Жолдау алдағы күндерге қойылған мемлекет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Елбасының Жолдауы мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланыс қызметінің келісілген демократиялық көзі болып саналады және ол – кері байланыстың негізгі көзі. Жолдаудың барлық мазмұны қоғам мүшелері үшін айдан анық, ашық. Барлық басым бағыттар, міндеттер мен мақсаттар мемлекеттік органдар, тұрғындар, сарапшылар мен ғалымдар үшін транспарентті құбылыс.

Екіншіден, Жолдау мемлекеттік орган қызметін қорытындылаудың құжаты секілді. Елбасы жыл сайын өз Жолдауын арнағанда болашаққа деген міндеттермен қатар, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын айшықтайды, жетістіктерді аша түсіп, мардымсыз жүріп жатқан мәселелерді шешу жайын түсіндіреді. Сондықтан қазақстандықтар қандай нәтижелерге жеткенімізді бағалап, прогрестің бар екенін анықтай түседі.

Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихында «Қазақстан-2030» Стратегиясының ел дамуындағы маңызы жоғары болды. Елбасы 1997 жылғы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат егемен елдің экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты мемлекетке айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырып, аталмыш басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады.

 «Қазақстан-2030» Стратегиясына негізгі қорытындылар жасалған  «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда негізгі міндеттердің орындалуы және қалғандарының орындалу үстінде екендігі тұжырымдалды. 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде  берекелі қоғам құру басты мақсатын орындаудағы жаңа саяси бағыттардың міндеттері айқындала түсті. Елбасы өз сөзінде: «1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды», деген болатын. Қалыптасқан Қазақстанның қуатты да табысты мемлекет құрудағы тарихи жолы, демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты үдерістері, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы,  ұлттық экономикадағы ерекшеліктер мен халықаралық еңбек бөлінісіндегі еліміздің рөлі, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат, әлемдік қоғамдастық таныған мемлекет және ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі еліміздің белсенді рөлі негізделді.

Бүгінгі әлем бүкіл Жер шарын қамтыған экономикалық, әлеу­меттік-саяси және мәдени өзге­рістер жағдайында өмір сүріп жатыр. Қазіргі қоғам дамуының жоғары деңгейіндегі динамизм ХХІ ғасырдың негізгі сипаттамалық белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы жаңғыртуға индустриялық өндірістің қарқынды дамуы, билік пен басқарудың даму эволюциясы, дамыған азаматтық қоғам, саяси және заңнамалық институттарды сынап және бақылай алатын бұқаралық ақпарат құралдары секілді мықты институттардың болуы тән.

Демократиялық құндылықтар мен саяси тұрақтылықтың қалыптасуы мен дамуы да қоғамның барлық салаларындағы жаңғыртуларға байланысты. Билік пен азаматтар арасындағы үнқатысу, ақпараттық технологияларға негізделген ақиқат көріністер – Қазақстандағы қазіргі демократияның негізгі белгісі. Еліміздегі жалпыадамзаттық құнды­лықтар бекіген демократиялық реформалар жүзеге асуының сапалық белгілері мен тиімділігі саяси инс­титуттар мен процедуралардың азаматтар бірлігімен өзара байланысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. На­зар­баев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын ерте жариялағаны белгілі. Оның себебін түсіндірген Елбасы, дүниежүзінде 2007 жылы басталған дағдарыстың аяқ­талмауын, Ресей мен Батыс арасындағы санкциялар, Таяу Шы­ғыс­та орын алып жатқан жағдайлармен байланыс­тырды.

Ауыртпалықтардан лайықты шығуды жоспарлаған Елбасы жаһан­дық сынақтардың күрделі болатын­дығын баяндады. Бұл сыннан өту үшін Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жол­дауы жарияланып, құрылымдық реформалар 2015 жылы жалғасатын болды. Аталған шаралар кешенін жүргізу үшін тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау мақсатында құрылған Ұлттық қор пайдаланылады. Осы қор қаражатынан жұмсалған 10 миллиард доллар 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан шығуға өз септігін тигізген еді. Сол кезеңдерде кейбір сарапшылар қор қаржысын жұмсау ерте екендігін айтып, ақталмайтындығын да жеткізді. Бұл жолы да әр теңге үшін сұрау қа­таң және жауапкершілік әкімдерге жүк­телді.

Ұлан-ғайыр аумақтағы ай­мақ­тардың өзара байланысын жақ­сарту мен арттыру мақсатында сау­да-саттық, экономикалық қаты­нас­тарды нығайтудың мынадай шара­лары жалғасын табатын болды: көліктік-логистикалық инфрақұры­лымдарды дамыту; индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту; энергетикалық инфра­құры­лымдарды дамыту; ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ­рылымдарын дамыту; тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту; әлеу­меттік инфрақұрылымдарды дамыту; шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау. Өңірлердің дамуындағы бұл жеті басымдық жаңа бағдарлама мақсат етіп қойған әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы ауқымды қадамдардың бастамасы деп ойлаймыз.

Алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында еліміздегі білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамы­туды қарастыратын бағдар­ла­малар­дың орындалуы талданатын болды. Бағдарламалардың алдағы уа­қыт­­та сәтті орындалуы Жаңа Эко­но­ми­калық Саясаттың негізі деп түсінеміз.

Елбасы өзінің Жолдауында бола­шағымыз – жастарға үлкен мән береді. Әлемді өз тұрақтылығы, келісімі және бейбітшілігімен там­сан­дырған еліміздің креативті жас­­тары алдағы уақытта «Нұрлы Жол» бастамаларындағы шаралар­ды барлық күш-жігерімен атқара­тындығына сенеді.

Еліміздің әлеуметтік-саяси өмі­рі мен жағдайы сипатталатын әр Жолдаудың өзіндік салмақты жүгі бар. Жаңа қазақстандық патриотизм идеясынан бастау алатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы нұрлы жолмен жалғаспақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекеленетін жылда Жолдау қағидалары сәтті жүзеге асатындығына сеніміміз мол.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, дама.

Похожие статьи

Социологические подходы к изучению гендерных отношений

Встатье рассматриваются основные теоретические подходы к изучению гендерных отношений в западной социологии, дается трактовка термина «гендерные отношения» с точки зрения...

Возникновение и становление гендерной лингвистики

Термин «гендер» и соответствующее понятие были введены в социальные науки в 70-х гг. XX века. Энн Оуклей для определения социальных...

Символическое значение нательного креста в православной...

От самого Крещения мы носим на груди крест. Кресты мы видим в руках священников, в росписях храмов и на куполах церквей, на могилах наших предков.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Өткенсіз болашақ жоқ. Бухгалтерлік есептің даму тарихын білетін адам, кеңінен ойлап, күнделікті жұмыста тиімді шешімдер тауып, ұйымның даму жолдарын анықтай алады.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

Обезжиривание поверхности оборудования пищевой...

Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы: мат. халықаралық ғылы-тәжірибелік конф., 31 мамыр 2013 ж. Семей: Шәкәрім атынд.

Актуальные значения слова «баба» для современных носителей...

В современном обществе растет интерес к слову «баба», что подтверждается как относительно высокой частотой его употребления в документах Национального корпуса русского языка за...

Формы приветствий и обращений этикета в узбекском и русском...

«В дурно воспитанном человеке смелость принимает вид грубости…, ученость становится в нем педантизмом, остроумие — шутовством, простота — неотесанностью...

Методы проведения антропометрических исследований с целью...

…Интерес к этой теме определяется пристальным вниманием к великой фундаментальной ценности своей жизни: к здоровью… Ю. Андреев.

Ценностные приоритеты и образ успешного человека в культуре...

В XXI веке понятие успеха настолько прочно вошло в лексику, что стало частью семантической картины мира современного человека.

Задать вопрос