Библиографическое описание:

Муханова Ж. А., Дуйсенова А. А., Пирова Г. К. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 23-24.

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп, жоғарғы оқу орны, білім жетілдіру институты, мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады.

Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады [1].

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оқу орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің элементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас. Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оқу орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында АКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.

АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек:

·      әдістемелік жабдықтау жағына;

·      мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

·      қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшілік-шаруашылық кешенін басқаруға);

·      базалық программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі);

·      аппараттық кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу).

Мұндай процестің маңыздылығы экономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде карастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінің шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек.

Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған электрондық бизнес ұғымынан гөрі маңызды болып саналады.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқу материалын жеткізіп беру үшін, оны өз бетімен оқып білу үшін, оқыту үрдісі білім беру мекемелерінің нақты орналасуына тәуелді болмаған кезде оқытушы мен оқушы арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық қатынастық технологияларының кең спектрін пайдалануға негізделген оқытудың аралас формасы. Соңғы үш онжылдықта қашықтықтан оқыту көптеген елдердің білім беру жүйелеріне өзгерістер енгізе отырып, ақпараттық және білімдік мәдениеттің қалыптасуына игі әсерін тигізе бастады. Білім беру саласының даму индустриясы «Қашықтықбан білім беру» жалпы атауын енгізу арқылы жеделдетіп даму кезеңіне көшті. Ол арнаулы компьютер мен интернеттің пайда болуымен және ақпараттық құрылымдардың, инвестициялық және қаржылық айналымдардың байланысы арқылы дами бастады.

Қашықтықтан білім беру дегеніміз – белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік телекоммуникация және басқа да байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталығының қалың бұқараға көрсететін қызметінің жиыны деп айтуға болады.

Қашықтан оқыту технологиясы - оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады [2].

Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.

Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

 

Әдебиет:

 

1.    Уваров А.Ю. Организация и проведение учебных телекоммуникационных проектов. - Барнаул, 1996. - 95 с.

2.    Хохлов Н.Г., Бочков В.Е., Демин Ю.Н. «Дистанционное непрерывное профессиональное обучение в системе интегрированного образования» // Под общей редакцией академика Н.Г.Хохлова. - М.:МГИУ, 2002. - С. 6-11.

3.    Материалы отчета по результатам проведения эксперимента в области дистанционного образования в период с 1997 по 2002 г.г. / Под коллективной редакцией М.С.Антропова, В.Е.Бочкова, В.А.Леднева, О.М.Карпенко и др. - М.: Минобразования РФ, 2002.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle