Библиографическое описание:

Медетбаев Т. С. Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 134-138.

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болған философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктердің негізін қалаушы.Бұл мектеп ашылғанда жу – «ғалым – интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алтын өнерді – салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жазу және санай білу істерін меңгерген. Өзінің қоғамдағы ролін Конфуций өте қарапайым бағалап,өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген.

«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданды. Оның негізі мазмұны – мемлекет пен жеке адамды жан – жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да жеке адамның міндеті – мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету.

Адамды сүю (жизнь) – Конфуций философиясының маңызды категориясы.Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адамдардың, аға – інінің арасындағы қарым – қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы інінің арасындағы сүіспеншілікті білдіреді.

Алтын орта (чужн юн) – Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі.Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді.Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді.Оның жоғарғы  жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес.Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу.Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.

Асыл адам, бекзат адам (цзюнь – цзы) – адамгершілігі жоғары, жан – жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуцийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. .«Асыл адамдардың» үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес, өз басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым – «төмен адам» ұғымы.

Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао заңдарына бағынады, өмірлік мақсат – міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.

Ди – ағаны сыйлау.

Инь және Ян – этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады.Олар бір – біріне қарама – қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь – дүниенің рационалдық, «әйелдік» бастауы, Ян – бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

Ли – ритуал, салт, этикет.

Сяо – ата – ананы құрметтеу.

Тянься – (орысша « Поднебесня », « Көкасты », Қытай елінің, мемлекетінің синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш.Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті.

Ци – этимологиялық мағынасы «пісіп жатқан күріштің бауы» дегенді білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден жоғары космостық субстанциядан ұшып шығып жатқан нәрсе; алғашқы материалдық элементтер – денелер, атомдар және т.б. Ци алғашында тұтасып кеткен субстанциялардан тұрады, кейінірек таза мен бұлдырға – Инь мен Янға бөлінді деген түсінік қалыптасқан.

Жалпы алғанда, Қытай философиясының негізі философиялық категориялары тарихи даму барысында көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жалпы Қытай қоғамы мен Қытай философиясы секілді салыстырмалы түрде тұрақты, консервативті болды.

Әл – Фарабиде өзінің «Ізгі қаланың тұрғындары» деген еңбегінде мемлекет пен жеке адамды жан - жақты жетілдіру жолы ретінде ол «кемел адам» немесе «камали – нисан» идеясын ұсынады. Онда «адамзат қоғамы » әл – Фарабидің ілімі бойынша, адам жаратылысында  қоғамдық топтардың бірі ретінде өмір сүреді.Өйткені,өзінің қажеттерін қанағаттандыру үшін басқалардың көмегіне сүйенуге тура келеді. Сонымен адамның өмір сүру жөнініндегі қажетсінулері ұжымдық және басқа адамдармен қарым – қатынас жасау арқылы қоғамдық қатынасқа түседі. Осылайша өркениеттік даму үлгісінде қоғамның  жан -жақты дамуы үшін әл – Фараби ізгі қала үлгісін ұсынды.Оның пікірінше, ел басқаратын адамды ең үлкен бағытқа жеткізетін үлгі  - ол адамның теориялық,интеллектуалдық  және этикалық ізгіліктер арқылы ғана жететін мүмкіндіктері.

Әл – Фарабидің пікірінше, мемлекет басшысында, туа біткен қасиет  (би – л – фитра) және жүре келе даритын (би – л – ирада) және өзінің мінез – құлық қасиеттері жағынан қала бірлестігін басқа мүшелерінен өзгеше адам болуға тиіс. Ізгі қаланың басшысында туа біткен алты немесе одан да көп  қасиетті бойына жинақтаған кемел адам болуы  керек. Оның кейбір қасиеттерін атап өтсек: тапқырлық, зеректік, шындықты сүю және бойға жүре келе дарыған қасиетке ие болу, оған қоса ойлану арқылы не талаптану арқылы жеткен интелектік күшіне ие болуы керек. Нақ сонда ғана нағыз басшы бола алады.Өйткені әділетті заңдар, игілікті істер және басшылық ой пікірлері оның өзінен тумайды. Ол оның әрекетшіл интеллектінің ықпалы арқасында іске асыра алады.

Әл – Фараби бойға жүре келе дарыған қасиеттер туралы айтқанда, ол дүнияуи өкімет билігін иманның билігімен біріктіре қарауды ұсынады. Ал Конфуций ол – аспан заңдылығына арқа сүйесе, әл – Фараби Иллаһи ілімді негізге алып, кемелдік жолы ретінде имани жолды ұсынады. Әл – Фарабидің ізгі қала жөніндегі идеяларын кейіннен ибн Синаның, ибн Халдунның және ибн Роштың еңбектерінде дамытылды. Әл – Фараби ізгі қаладағы әр түрлі топтарға талдау жасай келіп, оларды сан – алуан топтарға бөліп қарайды. Оларды атап айтсақ:әл-Фарабидің осы еңбегінде логика екі айқын түрге айырылады: оның бірі мантики каллами –яғни схолостика, екіншісі мантики масбути дәл өлшенген, тексерілген ғылыми қияс – математикалық логика.

Оның біріншісі – көрінгенннің қолына түсе беретін жеңіл түрі. Екіншісі көп еңбекпен, тәжірибемен, өлшеумен, бақылаумен, есептеумен келетін қиын түрі. Бұл кейінгісі әркімнің қолынан келе бермейді.

Адам баласын Тәңірім ақылды етіп, жан иесі етіп жаратты. Бес ашық сезім берді: көру, есту, иіскеу, сипау, тату. Осылардың арқасында сен Алланың жаратқан дүниесін біле аласың, білуге міндеттісің. Ол арқылы сол дүниенің жаратушы иесін де танитын боласың. Екінші жағынан Тәңірінің жаратқан ғаламын тегіс қамтуға сенің ашық сезімдерің жеткілікті емес. Оның ар жағында өте терең, өте нәзік жасырын тұрған жабық – жұмбақ дүние тағы бар. Оны сен ақылың арқылы топшылайсың, рухың арқылы сезесің, сенімің  арқылы одан тірек, хабар аласың. Ол хабар жай адамдарға табиғи сезім арқылы, түс арқылы ишарат етіледі.

Әлем құрылысын тану үшін, оны іздеп табу үшін саналы зат, ғақли парасат керек. Әрбір затқа есім беріп, есебін айыру керек: ол - ғақли  парасат, сонда ғана сенің атың адамдық есімге сай.

Әбу - Насыр әл-Фараби ислам дінін ілім, ғылым ретінде зерттеп, ғылыми тұрғыдан түсіндіре білген.

Ислам діні барлық діндердің таза асылдарын тегіс ішіне алған қорытынды, жиынтық – жамиғи дін, заманның ақырғы дәуірінің діні.

Бүкіл дін - ғылым болып, оның ішінде адамзат та сатылап өркендеуде, дамуда, кемелденумен келеді. Соның соңғы шыңында ислам діні дүниеге келді. Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында «Құран-Кәрімде» бар, оларды алдын ала ескерткен. Демек, ислам ілімінде дүниеде бұрын болғандар да, келешек болатындар да тегіс айқын көрсетілген. Басқаша айтқанда, ислам әрі дін, әрі ғылым. Екеуін бір-бірінен ажыратып, аластатуға болмайды. Мұхаммед ақырғы заман пайғамбары. Одан кейін пайғамбар дүниеге келген емес, келмейді де.

Мұхаммед Алланың елшсі. «Хақ дінді барлық діннен жоғары ету үшін сендерге Алла Пайғамбарын тура жол – ахиқи дінмен жіберді» деген. Құранда Тәңірдің тоқсан тоғыз түрлі көркем есімдері бар.Солардың ішінен екеуін еске алайық.Оның бірі «Заһру» (ашық мағлұм), екіншісі Батну (жабық мағлұм). Исламның негізгі жолы ретінде осы екеуін ұстауда, бірі арқылы бірін табуда. Әл-Фарабидің айтқан  ислами ілім жолы деген осы.

Осы айтылғандармен байланысты ғаламды  құраушы заттарды бірнеше топтарға бөлу әдісі ертеден бар нәрсе. Оны топтастыруда алдымен негізге алынған нәрсе, әр заттың бейнесі-геометриялық формасы  болатынын әл-Фараби бабамыз айтқан.

Философия әл-Фарабидің көрсетуі бойынша, бүкіл ғылым мен өнердің атасы. Олай болса, әдебиеттануда философиялық дәрежеге көтерілген ғылымның бір саласы.Философиялық әдебиет,дүниежүзіне танылатын рухани мұра. Демек, әл-Фарабидің ойынша, өнер екі түрге бөлінеді« біреуінің мақсаты – тамаша көркемдікке ие болу, екіншісінің мақсаты пайдаға ие болу» [ 1, 35] халық пайдаланылатын өнерге қол жеткізу.

 «Тек тамаша көркемдікке жетуді мақсат ететін өнер философия деп немесе абсолюттік мағынада айтылғанда даналық» деп аталады. [ 2, 35 ]. Көркемдіктің екі түрі болатындықтан, атап айтқанда, тек білім және біліммен әрекет болғандықтан, философия өнері де екі түрге бөлінеді: оның бір түрі арқылы ол дүниеде бар заттарды адам әрекеті дарымайтын заттарды танып, сол арқылы білім алады.Бұл теориялық философия  немесе (эстетика) деп аталады. Екінші түрі арқылы адам әрекеті даритын заттарды, сондай қасиеті бар заттарды танып, сол туралы білім алады. Тамаша көркемдікті жасау қабілеті, атап айтқанда, дәл осы екіншісінде болады. Бұл өзі практикалық және азаматтық философия деп аталады [ 3,35 ].Екінші сөзбен айтқанда,әл-Фарабидің, азаматтық философиясы яғни ол - әдебиеттану, оның зерттейтін объектісі –  адам тану. Екеуінің де зерттеу объектісі бір деп қарауға болады. Әдебиеттануда Жаратушыны,табиғатты, қоғамды, экологияны да адамдардың қарым - қатынасы арқылы бейнелейді.

Сонымен үздіксіз білім беру де жаңа ақпараттық материалдарды жаңартып, қолдану арқылы оны ғылымның жоғары даму дәрежесіне көтеріп, философиялық даму дәрежесіне жеткізу керек. Біздің еліміздің алдында тұрған негізгі мақсат білікті маман даярлау қажет болса, ол азаматтық қоғамымыздың – иманды азаматы болмақ.Оның өзі екі мағынада қолданылады. Оның бірі – материалдық иглікпен бірге рухани игілікті қатар жасаушы қоғамымыздың иманды азаматы.

Бүкіл азаматтық әлемді үйлесімді даму үшін әлемнің Екінші ұстазы атанған әл-Фараби ұлы данышпанның айтқанындай: «Кемел адамды»- қалыптастыруымыз керек.Кемел адам Алланың ғылымын меңгерген адам. Әл-Фараби мен Абай даналарымыз айтқан: «Ғылым дегеніміз Алланың бір сипаты ғана, яғни қасиетті Құрандағы Алланың тоқсан тоғыз сипатының бірі ғана ғылым екен.

Мұхаммед пайғамбарымыз өзінің хадисінде айтқан: «Ғылым дамығанда,исламда дамиды»деген әулиелік сөзі,бұл күнде бүгінгі өміріміздің ақиқатына айналуда.Абай: «Өмір адамға жетіліп, даму үшін беріледі» - дейді. Оның айтуынша, біз дүниеге уақытша келген тән емес,мәңгілік жанбыз. Жанның түпкі негізі рух болғандықтан, оның мекенінде рухани әлем. Жан сол өзінің рухани әлеміне қайтуы керек. Ол тек әбден тазарғанда ғана мүмкін болатын құбылыс. Адам тазарса ғана жетіле бастайды. Абайдың 34, 38 қара сөздерімен «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деген өлеңінен оның жауабын табамыз.

Адам баласы дене мұқтажын ғана қанағаттандырып, оны материалдық жағынан байытады да өзінің рухани жан екенін ұмытып кетеді. Ал, жанға керегі басқа, оған материалдық қана емес рухани азық керек. Сондықтан жан қанағат  ала алмайды. Тек дене болмысын жетілдіргенмен адамға жан тыныштығы келмейді.

Әл-Фараби мен Абай айтқандай, адам әуелі қанағат сезімін тәрбиелеу керек. Оны профессор Т. Кәкішұлының өз сөзімен айтсақ: «Жалпы, бізге не жетпейді? Білім жетпейді. Оның ішінде діни білім жетпейді. Осы жағын нығайтуымыз керек» - дейді. Діни білім, бұл имандылықтың алғашқы сатысы ғана. Жетілудің алғашқы деңгейі. Әл-Фараби де Абай да адамды осы деңгейге көтерудің жолын көрсеткен.

Көңіл тойымсыз.Сондықтан имандылық болмаса,тек материалдық байлыққа ұмтылу уақытша болғандықтан оның өмірлік мақсаты да мәнсіз. Сөйтіп, адам жанталасып,фәни өмірінің қиындығын жеңе білсе де, бұл жеңістері тек тән үшін еді. Жан тазармайды. Шын ләззат - жан қасиеті. Сондықтан ол нағыз бақыт сезімін ешқашан да біле алмайды. Дүниеден өтерде бар жиған байлығын өзімен бірге алып кете алама? Жоқ, әрине. Енді жаңағы адам белгілі бір себептермен материалдық жетілудің алғашқы  сатысына ілікті делік. Оған адам баласының төрт түрлісі ұмытылмақ,өмір тәлкегіне түскендер,байлық іздегендер, шындық іздегендер және білім іздегендер. Олар кездейсоқ рухани (діни) кітаптың немесе белгілі бір адамдардың әсерінен ойға беріледі, яғни өздері іздеп табады.

Әл-Фараби бабамыз былай дейді: «Бақыт әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады». Оның ойынша, бақыт категориясы адамның жан-жақты дамуы. Ал оған жеке тұлға ретінде имандылық пен адамзаттың даналығын жете меңгергенде ғана жете алады. Бүкіл адамзаттың дана жолына дара жол салған, ұлы бабаларымыз бізге тек тарихи тұлға қалыптастыруымызға әрқашанда үлгі болмақ. Олар: Қорқыт ата, әл-Фараби, Ахмет Яссауи,Абай сияқты даналарымыз өткен ғасырларымызды Шығыспен байланыстырса,біз, ұлт жанды студент ізденушілерімізді олардың әдеби мұраларымен жете таныстыруымыз қажет.

Сондықтан әл-Фараби өнер мен ғылымды логика арқылы бүкіл адамзаттың философиясымен байланыстырған. Ол ғылымдарды бес салаға бөледі: тіл ғылымы,логика,математикалық ғылымдар,физика(дін). Тіл ғылымының да логикалық грамматика мен ортақ жайлары бар: грамматика сөздер үшін заңдар жасап береді,оның логикадан айырмашылығы бар, өйткені грамматика бұл заңдарды тек белгілі бір халықтың сөздеріне лайықтап жасайды,ал логика барлық халықтардың сөзіне жарайтын жалпы қағидалар жасайды. Осылайша, ұлы ойшыл тіл ғылымы мен логика  арасындағы табиғи заңдылықты ашты.

Қандай да ғылым болса да оның теориясын жетік білу үшін үш түрлі шарт керек:

1.Ғылымның барлық түпкі негіздерін –принциптерін білу:

2.Сол негіздерден,принциптерден осы ғылымға қатысты бар қажетті қорытындыларды, салдарларды  шығара білу;

3. Теорияға еніп кеткен қателіктер мен жаңсақ пікірлерді тауып,басқа авторлардың пікірлеріне талдау жасай білу керек,сол арқылы жалғаннан айырып, қатені түзете білу қажет.

«Ғылымдар жүйесінде» әл-Фараби әдебиет теориясының үлкен бір тармағы поэтика, риторика мәселелеріне тоқталған. Өлең сөзінің қасиеті ұйқас,ырғақ өлшемдерін тіл мен математика заңдарымен ұштастыра қараған. Сенім кілті сәйкестікте, сәйкестік жоқ жерде сұлулық аз. Сұлулық сүйіндірсе, ұсқынсыздық жирендіреді. Геометрилық денелердің ішкі сәйкестігін,  гармониялық үйлесімін әл-Фараби әрі қонымды, әрі нанымды дәлелдейді.

                        Үйренем десең ғылымды,

                        Мандисат болсын ұғымды, -

деген екі жол ұстаздың ұраны іспетті. Сәйкестік - өлшемдестік, симметрия бір -біріне жалғас,түйіндес нәрселер. Сондықтан да әл-Фараби өз ілімінде өнер мен ғылымды тоғыстыра білген. Мәселен, позия мен геометрия бір-біріне еш қатысы жоқ оқшау тұрған дүниелер тәрізді. Алайда. өлеңде әр жол, әр шумақ сияқты, геометриядағы әр сызық, әр бұрыш, әр үшкір өзара жымдасқан сәйкестік жасайды екен. Адамның бес сезімінің өзара байланысы келіп қабылдау әрекетінің күшейте түсетініне ғалым ерекше көңіл бөлген. Олар адамның ой-қиялын қозғайды, алға жетелейді, елітеді, ерітеді. Егер суретші бояуы, сәулет өнері әсемдік көріп, әсемдік сезімді оятса, нәзік үні,сыңғыр әуен тағы да сол жүректің әсемдік пен әдемілікке талпынған пернесін тербетеді. Соған қарағанда өлең–жырдың өлшем ұйқасы; ән әуенінің толқын, ырғақ өлшемдес болуы керек деген өнер туралы қорытынды жасайды. Әсемділікке деген әл-Фарабидің көзқарасы оның«Позия өнердің қағидасы» туралы деген трактатынан айқын көрінеді. Поэтикалық творчествоға ғылымның дәйекті ойлау қабілеті мен пара-пар деген тұжырымға сүйенген ол, поэтиканы логиканың құрамына енгізді. Сонымен бірге ол адам әрекетіне әсер етуге көркем шығарманың теориялық білімнен әлде қайда қасиетті екенін айта кетеді. Араб поэзиясының ерекшеліктеріне талдау жасап, бәйіттердің түрі мен ұқсастық мөлшеріне, дауысты, дауыссыз дыбыстардың аралық келуіне тоқталып,терең де тиянақты қорытындылар жасайды. Тағы да бір ерекшелігі ол мазмұнды негізге алады да, түрлі қосымша рольде ұстайды. Әл-Фараби музыканы поэзиямен туыстас деп қарайды. Музыка адам дауысына еліктеуден шыққан. Музыка өнері әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегінде жан-жақты толық зерттелінген. Мұндай үлкен де құнды еңбекпен қатар тұрарлық дүние ХХ ғасырға дейін туа қойған жоқ. Қандай ірі ойшыл немесе суреткер болмасын олардың бүкіл товорчестволық өмірінінің символындай болып есептелінетін белгілі туындысы болмақ. Ол-«Музыканың ұлы кітабы».

Ал Конфуций ол – аспан заңдылығына арқа сүйесе, әл – Фараби Иллаһи ілімді негізге алып, кемелдік жолы ретінде имани жолды ұсынады. Әл – Фарабидің ізгі қала жөніндегі идеяларын кейіннен ибн Синаның, ибн Халдунның және ибн Роштың еңбектерінде дамытылды.

 

Әдебиет:

 

1.      Аристотель. Сочинения в четырех томах. Том 4. - Москва 1983. – Поэтика. - С. 645.

2.      Әл-Фараби.Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - А., 1975. – 357 б.

3.      Әл-Фараби.Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - А.,1975. 3 б. 

4.      Лаэртский Д.О жизни учениях и изречениях знаменитых философов. - М.,1979. - С. 63.

5.      Есенов Ш. Қазақстан ғылымы және ғылымдары. – А, 1969.

6.      Переломов Л.С.. Кун Фу-цзы. Лунь Юй. - М., 1998. - С. 140-174.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle