Cыни ойлауды дамытудың басты құралы – мұғалім бойындағы сенім мен еркіндік | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 432 раза

Библиографическое описание:

Марсали, Р. О. Cыни ойлауды дамытудың басты құралы – мұғалім бойындағы сенім мен еркіндік / Р. О. Марсали. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 101-103. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14833/ (дата обращения: 19.04.2024).

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі, ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес. Ол: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».

Осы мақсатта «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.

Кембридждің тәсілге негізделген біліктілік арттыру курсының сабақ жоспары мұғалімдерді даярлауда іске асырылатын бір жұмыс күніне арналған жұмыстарды қамтиды. Сабақ жоспары оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға  тиіс, ол мұғалімдер  өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі  келетін  әртүрлі  әдістер туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жоспарлау барысында мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы әдіс-тәсілдерді таңдадым деп ойлаймын [1].

Сабақты жоспарлау -  бұл ерекше дағды. Сабақ жоспарына қатысты «не туралы?» білімі сияқты, «қалай істеу керек?» білімі де маңызды, бұл кәсіби мұғалім мәртебесін арттыру жолындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Тренер ретінде, мен үшін сабағымның табысты өтуі өте маңызды. Ең жақсы оқу сабаққа кірмей басталатындықтан, сапалы сабақ тыңғылықты  дайындықты қажет етеді.

Сындарлы оқыту мен  оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың  алдында  мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар  қойып,  өзінің  үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек, сондықтан мен мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсетуге назар аударамын [2].

Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Кіреші» әдісі бойынша тыңдаушыларды 4-5 адамнан өз қалаулары бойынша топтарға бөлдім. Ұжым ақылдаса отырып, ортадан 1 немесе 2 кірешіні сайлады. Олардың міндеті – әріптестердің бір-біріне жазған хаттарын көп тостырмай, иелеріне тез жеткізу болды. Топ мүшелері алдарына берілген жапсырма қағаздарға өзіне ұнаған топ мүшелеріне жүрекжарды ақ тілектерін, сезімдерін қысқа құрастырылған 1-2 сөйлеммен жеткізді [3]. Ия, белгіленген уақыттан кейін жұмыс аяқталды, байқағаным мұғалімдер кешегі күнгі жұмыстардың нәтижесі болар, өздерін еркін ұстап, жағымды тілектер тілей білді әрі кейбіріне әріптесінен алған тілекке ырзашылығын білдіріп жатты.  Бұл тапсырмадан не алдыңыз? Өз тәжірибеңізде қалай қолданар едіңіз?-дегенде 4 мұғалім нақты жауап беріп, өздерінің дәстүрлі білім беру жүйесінде жаңалыққа, ізденіске құмар екендіктерін көрсетсе, өзім арнайы сұраған мұғалімдер тосырқап, өз ойларын айтуға жүрексінді. Міне, алдағы уақытта осы мұғалімдерді қадағалап, ойлау тілін дамытуда қосымша тапсырмалар, жүктемелер дайындауым керек деп шештім.

Сыни ойлауын қалыптастыру және бұрынғы білімдерін жаңғырта отырып, жаңаруға жетелеуде «Әдістің артықшылығы неде? Өз тәжірибеңізде қалай қолданар едіңіз?» деген сұрақтарын қойдым, бұл жолы топта жасының үлкендігінен болар тұйық отырған К. мен Р. сөзге қосылды. Р. әлеуеті, тәжірибесі мол екен, бірақ бір ой мазалап, тежейтін сияқты, психологиялық тұрғыдан қолдауды күтетіндей ме? Қандай мотиватор дайындасам екен?

Бастапқы 2 сабақтың түйінді идеясы – ақпарат жинау мен мектепте болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі – қадағалау деп белгіленген. Сондықтан  мұғалімдердің қадағалау үдерісінің «құрылымдалған» және «құрылымдалмаған» жоспарлау дағдыларын меңгеруі үшін 4 сатыдан тұратын «Іс-әрекет баспалдағы» стратегиясын қолдандым, ондағы мақсатым жеке, жұптық, топтық жұмыстар нәтижесінде мұғалімдердің бірлескен жұмыстармен қатар, рөлге ену арқылы алдағы жұмыстарға бойын үйрету, топтық жұмыста жеке пікірлердің негізінде топтық шешім шығару алгоритмі арқылы ұжымдық жұмыс құрылымын қалай құратынын байқай отырып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын шыңдауды көздедім. «Менің сабағым қаншалықты құрылымдалған» деген жеке жұмыста мұғалімдердің өз сабағының құрылымдалу дәрежесін өзіне саралату арқылы бағдарлама аясында одан не күтілетінін  түсіндіргім келді. Бұл екі әдісте де мұғалімдердің көпшілігі  бұйығылығын көрсетті. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар апта ішіндегі іс-әрекеттерде көрініс табуы тиіс деп шештім. Өйткені сыни ойлауды дамытудың басты құралы – мұғалімнің бойында сенім мен еркіндік болмай,  оқушының бойына сыни ойлауды меңгерту табысты болады деу қиын.

Сабақ мазмұнын ашумен қатар, алдағы жұмыстардағы өзін өзі реттеуге қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін «Мидың мүмкіндіктері» атты бейнемотиваторы қолданылды. Бұл тәсілдің артықшылығы - әр сабақтың соңында сабақ тақырыбына қатысты материалдарды «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» оқуды үйге тапсыратындықтан, оқудағы басты қиыншылық мәтінді жеңіл қабылдау жолы ретінде мұғалімдердің назары – көңілмен оқуға аударылды.

Өткен лекте күннің екінші жартысында «Мәдениет деген не?» деген тақырыпта жұмыс болса, бұл жолы мұғалімдерге ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы білімдерін меңгертуде ақпаратты басқару, креативтілікке баулуда «Мәдени белсенділік деген не?» тақырыбында тұжырымдамалық карта, «Ғаламдық мәдениет және Қазақстан» аттығаламдық мәдениеттіқазақстандық мәдениет мәнмәтіні жағдайына бейімдеуге бағытталған жұптық жұмыс, ««Мектептегі және сыныптағы атмосфера» тақырыбын талдауға арнап «Ішіне-сыртына» стратегиялары жүргізілді.

Бұл әрекеттерге ену үшін топтарда «Пікір-талас» ұйымдастырылып:

1.Мәдениеттер тұрақты болып табылады ма немесе уақыт өте келе өзгере ме? Қалай? Мысалдары бар ма?

2.Мәдениетте қандай мәдени айырмашылықтар бар (ауылдық, аудандықпен салыстырғанда қалалық; аға /кіші ұрпақ; этникалық айырмашылық және т.с.с.)?

3.Мәдениетті жинақтау үшін біз қандай дәрежеге дейін қадамдар жасаймыз?- деген сұрақтар ортаға тасталды. Бұл жұмыста «Прогресс» тобы алда болды. Менің мұғалімдерді топқа бөлуде арнайы ұқыпты болуым керектігін тағы байқадым.

 «Мәдени белсенділік деген не?» стратегиясында тұжырымдамалық карта түзуде мұғалімдердің ақпаратты басқару; өзін өзі басқару; ойлау; креативтілік дағдылары қадағаланды. «Прогресс», «Регресс», «Өркениет», «Мәдениет» топтары аталған идеяларды неге  олай  топтастырғанын қорғады.«Прогресс» тағы табысты жұмыс жасады, ол «Жұдырық-алақан» бағалау әдісінде дәлелденді.

Ары қарай «Білім беру порталындағы» ресурстан «Сынып мәдениеті туралы оқушының  берген бағалауы» атты сауалнама алынып, нәтижесі жұпта талқыланып, топта талданды. Соңынан «Сауалнама қандай ойға жетеледі?» деген тақырыпта ой атысы жасалды. Мұғалімдердің ұсынысы, тікелей оқушылардан алып, мониторинг жасап көрсек, нәтижесі шығады деген түйін жасалды. Сауалнамаларды жинап алып, нәтижесі «Табыс тақтасына» ілінетіндігі, бұл жұмысты ертең қорытатындығымызды хабарланғанда кей мұғалімдердің көзінде сұрақ тұрды, оның мәні өздерінің мұғалім ғана емес, оқушы ретінде үдеріске тартылатынына таңданған сияқты көрінді маған.

«Ғаламдық мәдениет және Қазақстан» тақырыбындағы жұптық жұмысқа интернеттен алған материалдың қазақша ұсынылды. Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірқатар «мәдениет» тұрғысынан қабылдау қажеттілігі және «мәдениет аралық» іс-қимылдың мәнін анықтау, дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру үшін жұмысқа ұсынылған «Hofstede, G., (1991).  Cultures and organisations: software of the mind. London: McGraw-Hill» ресурсына қосымша: http://journals.kantiana.ru/ upload /iblock сайтынан материалдар алу үшін сандық құзыреттілігі жоғары тыңдаушылар ұтқырлық танытты [4]. Маған мұғалімдерде байқалған жылдамдық, ұтқырлық оларға кеңейтілген, деңгейлік тапсырмалар ойластырып, пайдалануда ізденіп, жаңа тәсілдер ойластыруым керек деген тұжырымға жетеледі. Соның ішінде, жоспарлап отырған жаңа 43 стратегияның жобасын жасатып, «Идеялар аукционы» сияқты саралау арқылы, мектептегі тәжірибесінде қолдануға дайындауды қатар жүргізуім керек деп түйдім. 

Жұп болып жұмыс істеу кезеңінде зерттеулермен танысып және оны жүргізу қағидаттарын қазақстандық мәдениет мәнмәтіні жағдайына бейімдеу жұмыстарын «Ішіне-сыртына» стратегиясында жалғастырдық.Топ екіге бөлініп, жартысы ішкі шеңберге отырып, екінші бөлігі сыртына тұрды. «Мектептегі және сыныптағы атмосфера» тақырыбындағы ресурспен танысқаннан кейінгі жауап алу  барысында тыңдаушылар шешім қабылдауға  түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен  үдерістерге назар аудару үшін ұсынылған сұрақтармен жұмыс жасады. Ойын бәріне ұнағаны соншалық, сол жерде «мен былай қолданар едім...», «менің ..... тақырыбындағы сабағымда ............... қолдануға болады екен!» деп, дискуссия қызып кетті. Бұл мені тек қуантты.

Сабақтың соңында  кері байланыста - бір минуттық  эссе жоспарладым, бұл мұғалімдердің тәжірибесінде  қолданатын жаңа әдістердің бірі болады деп ойлаймын.

Драхмэнмен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады (QCA, 2001), - деген ой-тұжырымына келісе отырып,  сабақ соңында  ««Мен бүгін не алдым?» әдісі бойынша кері байланыс жүргіздім. Сабақ рефлексиясында мұғалімдер ұнаған, қиын болған тұстарын, ұсыныс-тілектерін білдірді.                             

Кері байланыс - біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Меніңше, сабақта күтілетін нәтижеге қол жеткізе алдым: мұғалімдер қадағалау үдерісінің «құрылымдалған» және «құрылымдалмаған» жоспарлау дағдыларын меңгерді, ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы білімдері кеңіп, оқыту үдерісін сезінді. Мұғалімдердің көңілінен шыққаны – сабақ бастан аяқ түсірілді, бейнежазбаны кез келген уақытта ашып, қайта көруге, талдауға мүмкіндік бар екендігі.

Сабақтың әлсіз тұстары бар, олар формативті бағалау кезінде  мұғалімдер өзге топтың жетістіктерін, өз ұсыныстарын нақты жеткізе алмады. Курс туралы мағлұматы аз мұғалімдер әлі де болса сабаққа ене алмай отыр.

Мен алдағы уақытта да топтық жұмыста топ мүшелерінің барлығының қатысуына, өз ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау саласында ізденісті үздіксіз жүргізе бермекпін. Мұғалім - фасилитатор, жүргізуші, консультант, тренер. Мұғалімдерге осы рөлдерге ене отырып, өткізген әр сабағын түрлендіре, жаңа тәсілдерді қолдана отырып, жұмыс жасау керектігіне барлық білімімді сала үйреткендеймін. Бірден жетістікке жету мүмкін емес. Жасалған жұмыстың жемісі мұғалімдерімнің ертең мектептегі еңбектерінен көрінетіндігіне сенімім мол.

Менің түйгенім, осы төрт сабақ барысында қолданылған стратегиялар мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң қалыптасуына ықпалы зор болмақ.

 

Әдебиет:

 

1.      Тренерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. - Астана, 2012.

2.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. - Астана, 2012.

3.      Марсали Р.Ө. Интерактивтi оқыту : сабақты жоспарлау және сыныпты басқару. Оқытудың  дағдыны  дамытуға  бағытталуы // Қызылорда, Хабаршы. – 2006. - №1. - 3-8 бб.

4.      Интернет-ресурс: Hofstede, G., (1991).  Cultures and organisations: software of the mind. London: McGraw-Hill» ресурсына қосымша: http://journals.kantiana.ru/upload /iblock

Основные термины (генерируются автоматически): мена, QCA, оса.


Похожие статьи

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

оса, мена.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Операционные системы смарт-телевизоров: возможности...

Технология интеграции интернета и цифровых интерактивных сервисов в современные телевизоры во многом зависит от возможностей и качества операционных систем...

Автоматизация удаленного управления объектами

Автоматическое управление широко применяется во многих технических и биотехнических системах для выполнения операций...

Изучение показателей состояния сонных артерий и скорости...

В группе больных с АГ с СД 2-го типа также отмечается достоверно значимые изменения ТИМ ОСА по сравнению с данными здоровых лиц (р<0,01).

Обзор существующих программных продуктов предпочтовой...

В статье проведен обзор существующих программных продуктов предпочтовой обработки партионной почты. Ключевые слова: партионная почта, предпочтовая подготовка.

Разработка мобильного приложения для таксатора

Эффективное ведение лесного хозяйства требует всестороннего учета состояния и характеристик отдельных деревьев и лесных насаждений...

Использование аминополикарбоноатов и аминополифосфонатов...

Кроме того, фигурирующие ОС-комплексоны обладают высокой кислотностью, в них стабилизирован явный анионный центр, что дает возможность предполагать...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Похожие статьи

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

оса, мена.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Операционные системы смарт-телевизоров: возможности...

Технология интеграции интернета и цифровых интерактивных сервисов в современные телевизоры во многом зависит от возможностей и качества операционных систем...

Автоматизация удаленного управления объектами

Автоматическое управление широко применяется во многих технических и биотехнических системах для выполнения операций...

Изучение показателей состояния сонных артерий и скорости...

В группе больных с АГ с СД 2-го типа также отмечается достоверно значимые изменения ТИМ ОСА по сравнению с данными здоровых лиц (р<0,01).

Обзор существующих программных продуктов предпочтовой...

В статье проведен обзор существующих программных продуктов предпочтовой обработки партионной почты. Ключевые слова: партионная почта, предпочтовая подготовка.

Разработка мобильного приложения для таксатора

Эффективное ведение лесного хозяйства требует всестороннего учета состояния и характеристик отдельных деревьев и лесных насаждений...

Использование аминополикарбоноатов и аминополифосфонатов...

Кроме того, фигурирующие ОС-комплексоны обладают высокой кислотностью, в них стабилизирован явный анионный центр, что дает возможность предполагать...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Задать вопрос