Шежірелі өлке тарихын танудың бастауы - мұрағат | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 395 раз

Библиографическое описание:

Еспенбетова, А. Т. Шежірелі өлке тарихын танудың бастауы - мұрағат / А. Т. Еспенбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 71-72. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14816/ (дата обращения: 25.04.2024).

Қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде. Осы орайда өлкемізге қатысты құнды құжаттарды сақтап отырған облыстық мемлекеттік мұрағаттың алатын орны ерекше. 

Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты тарихына тоқталар болсақ, 1929 жылы аймақтық мұрағат бюросы болып құрылады.1931 жылы Қызылордада аймақтық мұрағат  құжаттары Қазақ АКСР қазан революциясы орталық мұрағатының құрамына кіріп, қалалық мұрағат құрылады. Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1935 жылдың 9 наурыздағы қаулысына сәйкес Арал, Сырдария, Қармақшы, Тереңөзек аудан орталықтарында мұрағаттар ашылады.1938 жылы қалалық мұрағат базасы негізінде Қызылорда  облыстық мемлекеттік мұрағаты құрылып, облысқа тиесілі құжаттар Алматы, Ташкент, Орынбор қалаларынан әкелінеді. [1-74 б].Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты  1898 жылдан бүгінге дейінгі  облыс тарихына қатысты құжаттарды сақтап келеді. Атап айтсақ, 1898 жылғы шіркеу құжаты, 1918-1919 жылдардағы Ақмешіт-Перовск уезі атқару комитеттерінің хаттамалары, 1925-1929 жылдардағы Қызылоданың астана кезіндегі құжаттары, кеңес үкіметінің бесжылдықтары, сауатсыздықпен күрес, ауыл мектептерінің құрылуы, күштеп ұжымдастыру, алғашқы ұжымшар, кеңшарлардың құрылуы, күріш шаруашылығының дамуы, Ұлы Отан соғысындағы жерлестеріміздің  ерен ерліктері туралы баяндайтын құжаттар, соғыстан кейінгі жылдардағы халық, ауыл шаруашылығы, мәдени мекемелердің, денсаулық сақтау орындарының тарихынан  сыр шертетін құжаттар,  фото-фоно құжаттар мен жеке тектік қорлар.

Қазақстан тарихына қатысты тарихи құжаттардың  елеулі бөлігі шекаралас аймақтардағы мұрағаттарда қалып қойғандығы белгілі. Олардың басым көпшілігі Ресей мен Өзбекстан мұрағаттарында, ғылыми мекемелерінде қалып қойған.     Осыған сәйкес  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  атқарылатын  іс шаралардың ішінде маңыздысы- шет мемлекеттердің мұрағаттары мен кітапханаларынан, сондай-ақ ғылыми мекемелерінен  Қазақстан тарихына  қатысты тың құжаттар  мен деректер іздестіру болатын.  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Қызылорданың астана  кезіндегі қазақ зиялыларының қолжазба және хаттама мұралары» жинағын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы  мұрағаттарында сақталған құжаттармен толықтыру қолға алынды.

Облыстық мемлекеттік мұрағатта жинақталған жеке тектік қорлар тізбесі мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әртүрлі және көп салалы болып келеді.Онда ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, әдебиет пен өнертанушылар, театр және кино режиссерлары , суретшілер, ғалымдар, т.б. жеке қорлары сақталады.      Жеке  тектік қор құрамына қолжазбалар, хаттар, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, қор құрушының еңбектеріне қажетті жинақталған материалдар, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттары, жинаған коллекциялары, туыстарының және өзінің рәсім суреттері кіреді. Жеке тектік қор құрамына ол жөнінде көзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі жазылған естеліктер, мақалалар, өлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар, есте қалдыру жөніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихаттаған материалдар енгізіледі. [2-23 б] 1965 жылдан бастап облыстық мұрағат қорына сурет, таспа және азаматтардың іс-құжаттары, 1985 жылдан бастап ғылыми-техникалық құжаттар қабылданды. [3] Облыстың тарихына, мәдениетіне, экономикасына үлес қосып, өзіндік қолтаңбаларын қалдырған азаматтардың   өнегеге толы өмір жолдары насихаттауға тұрарлық. Жеке тектік қорлардағы құжаттар сол қор иелерінің ғана емес, сонымен бірге облысымыздың да өсіп-өркендеу жолын бейнелейді.

Жеке тектік қорларда «Перовск қаласындағы қазан революциясына қатысушылардың естеліктері», «Кеңес Одағының Батырлары-Қызылордалықтар», «Социалистік Еңбек Ерлері - Қызылордалықтар», «Ғ.Мұратбаев туралы», «Ауған соғысына қатысушы интернационалист- жауынгерлер»,  «жергілікті ақын- жазушылар»  құжаттар коллекциялары сақталған.   «Социалистік Еңбек Ерлері-Қызылордалықтар» құжаттары коллекциясы құрамында Социалистік Еңбек Ерлеріне тиісті құжаттар, өмірбаяны, жоғары наградаға ұсынылған іс-қағаздары, награда куәліктерінің көшірмелері, еңбек өнімділігіндегі көрсеткіштері және суреттері бар. Бұл қордағы құжаттар Социалистік Еңбек Ерлері Ы.Жақаев, И.Ақниязов, А.Меңлібаева, Пак- Чан –Ер, Пан-Мун-Гун  және тағы да басқа еңбек ерлерінің өмір жолын суреттейді.

«Жергілікті ақын- жазушылар»  құжаттар коллекцияларында  Сыр елінің мәдениеті мен өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі журналист Рысты Бақбергенованың,   ақын,  сазгер, ұстаз Ділдахан Торғаеваның , ақын, ұстаз Рахат Наурызбаеваның құжаттары сақталған. Сонымен бірге ақын, ұстаз Сәнімкүл Желдербаеваның  өмірбаяны, 14 өлең жыр жумақтары, оқырмандармен кездесу сәті, замандастарымен түскен суреттері сақталған. Жазушы, эколог, «Парасат» орденінің иегері, «Арал ауданының құрметті азаматы» Сайлаубай Жұбатыровтың қорында жеке өміріне, еңбек жолдарына қатысты құжаттар қамтылып, тізімдемеге өмірбаяны, қызметтік және мүшелік куәліктері, қор иесінің табиғат қорғау, Арал, экология тақырыптарына арнап жазған еңбектерінің тізімі т.б.құжаттар енгізілген. Осы қорда облысымызға белгілі басқа да жергілікті ақын-жазушылардың құжаттары сақталған.

Жеке тектік қорлар облысымыздың тарихында елеулі орны бар, өзіндік із қалдырған тұлғалар есебінен үнемі толықтырылып отырады. Соның жарқын көрінісі 2008 жылдың 21 қарашасында облыстық мемлекеттік мұрағат филиалында «Сыр елінің ғалымдары» коллекциясының ашылуы болды. Бұл облысымыздың ғалымдарына көрсетілген құрмет деп бағалауға болады. Аталған қорға бірінші болып Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кереев Мәди Құрманұлы, философия ғылымының кандидаты, профессор Мұстафа Матайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Айдосов Абылай Хангерейұлы, педагогика ғылымының докторы, профессор Асанов Жұматай Ілесбайұлының өмірлеріне қатысты құжаттар, өздері жазған кітаптары, суреттері қабылданды. [4-23б] Бұл қор иелерінің құжаттары, олардың еңбектері болашақ зерттеушілер үшін құнды қазына болып табылады. Қорыта айтқанда, облыстық мұрағат материалдарын игеру әлі де кезегін күтіп тұрған мәселелердің бірі. Өлке тарихын зерттеудің құндылығын айта отырып, мынадай ұсыныстар айтқымыз келеді:

Жергілікті мұрағат материалдарын  игеру үшін магистрант,  тарихшы студенттерге берілетін диссертация, диплом, курс жұмыстарының тақырыптары өлкетану бағытында берілуі керек. Сондай-ақ мектеп оқушылары арасында жүргізілетін «Дарын»  орталығының ғылыми жобалары да осы бағытта жұмыс істеуі керек. Облыс тарихын кезеңдерге бөліп, сол бойынша әлі де зерттеуді қажет ететін, толық игерілмеген не болмаса зерттелінбеген тақырыптарды анықтау қажет. Бұл орайда мұрағат қызметкерлері мен  университеттің тарихшы ғалымдары бірлесе отырып жұмыс жасауы  және оны үйлестіретін орталық болуы қажет. Мектеп оқушыларының, студенттердің мұрағатқа экскурсияларын ұйымдастырудың,  тарих сабақтарында сабақ мазмұнына сәйкес  мұрағат материалдарын пайдаланулың да білімдік-танымдық, дамытушылық  маңызы зор.   

Әдебиет:

1.      Дакенов М., Нурпеисова Б.И., Хасанаев М.Ж. Архивоведение. – М, 2003.

2.      Медеуов Т. Жеке қорлар // Қазақ тарихы. – 2002. - №2.

3.      Бөлегенова Б. Архив-өткеніміздің шежіресі, болашағымыздың болжамы // Ақмешіт апталығы. - 1998 ж 15 мамыр.

4.      Сәтбай Д. Мұрағат қорына қабылданды // Қазақ тарихы. – 2009. - №1.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос