Библиографическое описание:

Байменова Г. А., Сулейменова З. К. Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 45-46.

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатының міндеті ғылыми іс-әрекеттің және жалпы экономиканың дамуы мен тиімділігін қамтамасыз ететін тұрақты және өздігінен дамитын механизмді құру болуға тиіс. Осыған сәйкес ҒТП-тің дамуы осы мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптері төмендегілерді қамтуға тиіс: ғылыми және ғылыми-техникалық шығармашылық еркіндігі, интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау; ғылыми, ғылыми-техникалық іс-әрекет пен білім берудің интеграциясы, ғылым мен техника салаларындағы бәсекені қолдау, ресурстарды ғылыми дамудың басты бағыттарына шоғырландыру; ғылыми, ғылыми– техникалық және инновациялық іс-әрекеттегі іскерлік белсенділікті ынталандыру, халықаралық қызметтесуді дамыту.

Инновациялық саясат - бұл инновациялық стратегияның мақсаты мен басты бағыттарын және оның мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуының механизмнін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың бір бөлігі. Өкіметтің инновациялық саясаты қоғамның дамуының оптималды жолдарын іздеуден, өндірістің перспективтиік салаларын айқындаудан, оларды қаржылық қолдаудан, инновациялық процесстерді экономикалық реттеуден, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріс пен қызмет көрсету саласында жылдам енгізуді инновациялық, құқықтық және басқа да қамтамасыз етуден тұрады [1, С. 12].

Инновациялық саясат техникалық және ғылыми саясатпен тығыз байланысты, ол қолданбалы білімдері арттыруға және ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдануға бағытталған ғылым мен ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік реттелуін қамтиды. Инновациялық саясатты инновацияларға деген сұраныстың маңызды факторларының бірі болып табылатын өнеркәсіптік саясаттан бөлек іске асыру мүмкін емес. Ол меншік құрылымына, кәсіпорындар көлемдеріне, өндірістік ресурстарды шоғырландыру мен бөлуге әсер ету арқылы орындалады. Инновациялық іс- әрекет инновацияларды, инвестициялар жаңалықтарды материаландыру үшін база болып табылатын салада ынталандыратын инвестициялық саясатпен де тығыз байланысты болады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономика инновациялық және құрылымдық саясаттың тәуелдігінің өсуімен сипатталады. ҚР өкіметі ғылыми сыйымды, импорттың орнын толтыратын өнім шығаруға, тиімсіз өндірістерді қысқартуға және жоғары беруге бейімделуі қажет. Жекешелендіру инновациялық процестерді ынталандыруға бейімделген құрылымдық саясаттың нәтижесінде мүмкін болады [2, С. 18.].

Инновациялық саясатты құру процесінде оның әлеуметтік саясатпен тығыз байланысын да ұмытпаған дұрыс. Дамыған елдерде, олардың дамуының практикасы көрсетіп отырғандай ғылыми техникалық жетістіктерді еңгізу материалдық және материалдық емес игіліктер жинағын әрдайым кеңейту арқылы әлеуметтік сенімділікті қамтамасыз ету мақсатымен халықтың негізгі көпшілігінің өмірлік деңгейін қолдауға бағытталған болатын. Инновациялық саясаттың елдің ұлттық қауіпсіздігінің саясатымен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Оны келесі үш бағытқа келтіруге болады: біріншіден, қазіргі жағдайда қорғану қабілетінің минималды қажетті деңгейін қолдап отыру әскерді қаруландыру саласындағы инновацияларсыз мүмкін емес. Екіншіден, макроэкономикалық тиімділіктің өсуінің маңызды құралы болып инновациялардың конверсиясы табылады, яғни қорғаныс саласында жасалған жаңалықтарды азаматтық секторда қолдану. Үшіншіден, инновациялық механизмдерді қорғаныс саласында пайдалану оның беделін, үнемділігін және әрекет ету қабілетін көтеруге мүмкіндік береді [3, С. 14.].

ҚР-ның ғылыми-техникалық саласын мемлекеттік басқару жүйесін зерттеу инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдаудың әрекеттегі жүйесі бюджеттік қаржыландырушы ғана шектелетінің көрсетеді, ал ол ғылыми-техникалық потенциал мен инновациялық іс-әрекеттің дамуы үшін жеткіліксіз екендігі анық.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат тек қана ғылыми-техникалық бағдарламарды қаржыландырушы және инновациялық іс-әрекеттің жеке шаруашылық субьектілеріне жеңілдік берумен шектелмеуі керек және шектеле алмайды. Мемлекет елдің дамыған елдеріндегі осындай іс-әрекетте кең тараған және тиімді қолданылып жатқан әдістерді пайдалана отырып, ғылыми-техникалық жаңалықтарды экономикалық іске асыру функцияларын орындауға міндетті.

Мемлекеттің бюджеттік саясаты базистік инновацияларды қолдауға бағытталуы қажет, бірінші кезекте экспортқа бейімделген, импорттын орның толтыратын өндеулерді, сонымен бірге экологиялық сақтаушы технологияларды қаржыландыру керек.

Экономикалық дағдарыспен қатар жүрген нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ҚР-ның мемлекеттік реттеу саясаты елдің ғылыми-техникалық потенциалын сақтауға және оны ҒЗТКЖ құрылымдық қайта құрылуы мен тиімділігін арттыру үшін жұмылдыруға бағытталуы қажет.

ҚР-дағы мемлекеттік инновациялық саясатының негізгі бағыттары ретінде төмендегілер болуға тиіс:

-       елдің ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасын өндеу;

-       инновацияларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;

-       инновациялық инфрақұрылымды құру, оның ішінде ғылыми қалаларды құрудың мемлекеттік ( республикалық, аймақтық ) бағдарламалары;

-       инновациялық циклдың әртүрлі кезеңдердегі кооперация мен интеграцияның өзара тиімді негізінде инновациялар координациялаудың бірыңғай ережелері менмеханизмдерін өңдеу және осы механизмнің әрекетін экономиканың басқа салаларына кеңейту интеллектуалдік меншікті қорғау;

-       ҚР аймақтарындағы инновациялық іс-әректтің дамуына, аймақ аралық инвестициялық қызметтесуге жәрдем беру, ғылым мен техника саласындағы ұлттық мүдделерді қорғау [4, С. 51.].

 

Әдебиет:

 

1.      Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004.

2. Кокурин Д.И. Инновационная деятельность. – М.: Экзамен, 2001.

3.      Исахметов Т. Механизмы совершенствования инновационной политики в современных условиях // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. – 2005. - №3.

4.      Кажмухаметова А. Состав и структура инновационных затрат // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. – 2004. - №4.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle