Зат алмасу жасушалық үдерісіндегі органикалық заттар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Утесинов, Ж. У. Зат алмасу жасушалық үдерісіндегі органикалық заттар / Ж. У. Утесинов, Г. К. Оспанова, А. И. Примбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 3-4. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14188/ (дата обращения: 19.04.2024).

Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге, бөлінуге, т.б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. Жасушаларда үздіксіз жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық ( СО2және Н2О) ыдырайды. Көмірсулардың 1 грамм молекуласы ыдырағанда 17,6 кДж энергия босап шығады [1].

Жасуша құрамында зат алмасу үдерісінен биохимиялық реакциялар үздіксіз жүруінен тіршілігі өзіне тән жалғасады. Көбею процесі биологиялық заңдылықтарға сүйеніп жүреді. Оған барлық жасуша құрылымдары белсене қатысады. Тіршіліктің біртұтас жүруі жасушада жүретінін дәлелдеудің қажеті шамалы. 80-нен астам химиялық элементтер жасушадағы зат алмасу үдерістеріне қатысады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар, майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары, су және минералды тұздар. Белгілі заңдылықпен жасушада реттеліп, ұлпаға, ағзаға тіршілік 45-80 0С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады. Бағытын үздіксіз жүруіне және оның тек сол түріне байланысты құралуына тиянақтайды. Нәруыздар, майлар және көмірсулар-жасуша цитоплазмасының, ядросының биосинтезі және органеллаларының негізгі құрылыс материалдары. Олардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды айқындап тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар энергия алмасуын реттеліп жүруін ферменттер қатысуымен қадағаланады. Ең басты бөлігі молекулалық тұрғыдан анықталған. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында диффузия құбылысына сәйкес РН тепе-теңдікті сақтайды. Майлар алмасуы табиғи сипатта өз белсенділігін жануар майларының құрамында байқатады. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5-10% -ті шамасында болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады. Липидтерге сонымен қатар май тәрізді өте белсенді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін А, Д, Е, С дәрументтері, тіпті кейбір гормондар синтезіне қатысады[2].

Белоктар — көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар — биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текіті болып саналады, белоксыз тіршілік тоқтайды. Белок организм үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Әр белоктың өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың, түрлік әрекеттесуінің материалдық негізін құрайды.

Белок молекуласының пішіні атомдар тобының өздеріне тән катализдеу белсенділігін, гормондық қызметін т.б. атқара алатындай етіп орнығуына мүмкіндік береді. Сондықтан глобулалардың тұрақтылығы кездейсоқ нәрсе емес, ол организмді тұрақтандырудың маңызды құралы. Биологиялық белсенділікті белоктың үшінші деңгейлі құрылымы ғана байқатады, сондықтан полипептидтік тізбекте тек бір амин қышқылының алмасуының өзі белоктың пішінін (конфигурация) өзгертіп, оның биологиялық белсенділігін төмендетуге немесе жоюға соқтырады.

Кейбір жағдайда екі, үш, төрт, тіпті одан да көп үшінші деңгейлі құрылымды белок молекулалары бір кешенге бірлесіп, белоктың төртінші деңгейлі құрылымы пайда болады. Мысал ретінде төрт суббөлік пен гем атты белоксыз бөліктен құралған күрделі гемоглобин белогын айтуға болады. Тек осындай түрде ғана ол өз қызметін атқара алады. Төртінші деңгейлік құрылымда белок суббөліктері бір-бірімен химиялық жолмен байланыспайды, бірақ құрылымның беріктігі әлсіз молекула аралық күштің әсерімен сақталады.

Белоктардың құрылымы күрделі, құрамы әртекті болып келеді. Осымен байланысты олардың организмде атқаратын қызметі маңызды әрі көп қырлы болады. Белок молекулаларының маңызды қызметінің бірі — олардың құрылымдық материал рөлін атқаруында. Белоктар жасуша мембраналары мен органеллаларының құрамына енеді. Тіпті жоғары сатыда дамыған жануарлар организміңдегі шеміршектер мен сіңірлердің өзі белоктардан құралады. Белоктар құнды қоректік материал және қуат көзі болып табылады. Олар организмде аралық зат алмасу процесінің барысында көмірсулар мен майларға айналады.

Көмірсулар бұлшық еттердегі биохимиялық процестер мен энергия алмасуында маңызды қызмет атқарады. Сол себепті қан құрамында глюкоза мөлшері азайса (гипогликемия) дене температурасы төмендеп, организм әлсірейді, орталық нерв жүйесі мен бұлшық ет қызметі бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды, дене дірілдеп, тер бөлінеді. Қандағы қант мөлшері күрт төмендесе, глипогликемиялык талықсу (шок) туындалып, тіршілік тоқтапта қалады.

Құрылымдық. Белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.

Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатта болады.

Қорғаныштық. Жылуды сақтайды. Ішкі мүшелерді қорғайды. Тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

Жануарлар организмі үшін су көзі. Энергияны депонирлеу. 1 гр май ыдырауының нәтижесінде 39кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді. Липидтердің құрылысының әр түрлі болуы биосинтез процесіне тікелей тәуелді болады.Олардың биологиялық ролі тіршілік үшін өте құндылығы дәлелденген. Сонымен жасушадағы тіршілік біртұтастығы ондағы зат алмасу үдерісіне тәуелді. Соған сәйкес тіршілік үздіксіз жүруі тек жасушада барлық үдерістермен анықталып түсіндіріледі. Бұл жасушадағы тіршіліктің жүруінің біртұтастық негізі.

 

Әдебиет:

 

1.      Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология. – Алматы, 2005. - 308 б.

2.      Өтесінов Ж.Ө., Садуақасов М. Цитология және эмбриология микроағзалар. –Қызылорда, 2002. - 309 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, белок, май.


Похожие статьи

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

...медицины: материалы II Междунар. науч. конф. (г. Санкт-Петербург, май 2013 г.). — СПб.

Истоки заблуждения — в избранном Одо из Мена псевдониме Мацер Флоридус (Macer Floridus)...

Научный журнал «Молодой ученый» №20 (154) май 2017 г.

«Молодой учёный» №20 (154), май 2017. Кто изображен на обложке?

Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының мәні мен мазмұны.

Тканевой препарат «Бурсанатал». Его влияние на резистентность...

«Бурсанатал» идентифицируется содержанием комплекса белков с молекулярной массой от

хозяйстве: материалы III Междунар. науч. конф. (г. Казань, май 2017 г.). — Казань: Бук, 2017.

Похожие статьи

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

...медицины: материалы II Междунар. науч. конф. (г. Санкт-Петербург, май 2013 г.). — СПб.

Истоки заблуждения — в избранном Одо из Мена псевдониме Мацер Флоридус (Macer Floridus)...

Научный журнал «Молодой ученый» №20 (154) май 2017 г.

«Молодой учёный» №20 (154), май 2017. Кто изображен на обложке?

Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының мәні мен мазмұны.

Тканевой препарат «Бурсанатал». Его влияние на резистентность...

«Бурсанатал» идентифицируется содержанием комплекса белков с молекулярной массой от

хозяйстве: материалы III Междунар. науч. конф. (г. Казань, май 2017 г.). — Казань: Бук, 2017.

Задать вопрос