Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі / А. П. Тапаева, Б. Ж. Арзымбетова, Н. Н. Шаптай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 47-49. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14183/ (дата обращения: 25.04.2024).

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті [1].  

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың инновациялық технологиялары  қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді [2].

Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, В.Беспалько [3] өзінің «Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады.

Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар:

- дамыта отырып оқыту әдістемесі

- оза отырып оқыту

- тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

- деңгейлеп оқыту технологиясы

- тесттік жүйемен оқыту

- иммитациялық әдіс

- мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

- ойын технологияларын қолдану

- дискуссия сабақтары

- интеграциялық сабақ

- топпен жұмыс

- панорама сабағы

- проект әдісі (жоба)

- рольдік ойындар

- критикалық ойлау технологиясы

- «Шесть шляп» технологиясы

- Лекция – семинар сабақтары

- «Мозайка» сабақтары

- Проблемалық оқыту әдісі

- «Миға шабуыл» әдісі

- Эвристикалық әңгіме әдісі

- Бинарлы сабақ

- Экскурсия сабағы

- Қашықтықтан оқыту технологиясы

- Ынтымақтастық технологиясы

- Жеке адамға бағдарлы (Личностно-ориентированное обучение)

- Дөңгелек үстел

- Дебат сабақтары

- Саяхат сабақтары

- «Пила» әдісі (метод пилы)

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет [4,5].

 Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

- Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

- Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

- Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде орта оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатар технологиялар бар. Солардың бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (СТО). Бұл мәселені алғаш Қазақстанда Ж.Караев зерттеген екен.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар [6].

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.

Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Ойын технологиясы – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді,- деп қарастырады.

Ойын - халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Мысалы: қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады [7,8].

Кез-келген сабағың қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

 

Әдебиет:

 

1.      Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2010. + 30 қаңтар.

2.      Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2003. - №8. - 20 б.

3.      Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика. – 1989.

4.      Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. - М., Новая школа, 1996. - С. 320.

5.      Әмір Ш.. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары // Қазақстан мектебі. – 2000. - № 5. - 13 б.

6.      Камзина Б.М. Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шеберлігі // Бастауыш мектеп. – 2001. - №1-2.

7.      Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

8.      Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск. - 1999.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, педагогическая технология.


Похожие статьи

Модульное обучение как педагогическая технология

Модульное обучение — способ организации учебного процесса на основе блочно-модульной представления учебной информации. Модульное обучение как педагогическая технология...

Роль сетевых профессиональных педагогических сообществ...

Сетевые сообщества могут служить педагогической практике для воспитания следующих умений

А сегодня, когда технологии стремительно идут вперед, вести подобное общение...

Сетевое взаимодействие как одна из эффективных...

Ключевые слова: сетевое взаимодействие, инновационная педагогическая технология, педагогическое сообщество, уровень образования, качество.

Понятие «технология обучения» в современной педагогике

Наряду с понятием «технология обучения» также используются такие понятия, как «педагогическая технология» и «образовательная технология».

Эффективные формы методической работы с педагогами...

...материалов, новых форм и методов организации педагогического процесса.

Далее все участники технологии поочередно высказываются в соответствии с алгоритмом.

К вопросу о педагогических технологиях | Статья в журнале...

В статье представлен анализ некоторых научно-педагогических исследований понятия педагогическая технология. Ключевые слова: образовательные...

Модульность в образовании: методики, сущность, технологии

Конструкция модульного обучения опирается на основы теории педагогики и на деле применяется в педагогической практике.

Современные педагогические и инновационные технологии...

С приобретением независимости Узбекистан наряду со многими государствами добился огромных достижений в области производства, науки, техники, а также образования.

Применение образовательных технологий в учебном процессе

Дословно «технология» — наука о мастерстве. Существует широкий спектр образовательных педагогических технологий, которые применяются в учебном процессе.

Теория решения изобретательских задач (ТРИЗ) как...

ТРИЗ как педагогическая технология.

Цели ТРИЗ как педагогической технологии, совпадают с теми что предлагает педагогика направления этой области, это как уже говорилось

Похожие статьи

Модульное обучение как педагогическая технология

Модульное обучение — способ организации учебного процесса на основе блочно-модульной представления учебной информации. Модульное обучение как педагогическая технология...

Роль сетевых профессиональных педагогических сообществ...

Сетевые сообщества могут служить педагогической практике для воспитания следующих умений

А сегодня, когда технологии стремительно идут вперед, вести подобное общение...

Сетевое взаимодействие как одна из эффективных...

Ключевые слова: сетевое взаимодействие, инновационная педагогическая технология, педагогическое сообщество, уровень образования, качество.

Понятие «технология обучения» в современной педагогике

Наряду с понятием «технология обучения» также используются такие понятия, как «педагогическая технология» и «образовательная технология».

Эффективные формы методической работы с педагогами...

...материалов, новых форм и методов организации педагогического процесса.

Далее все участники технологии поочередно высказываются в соответствии с алгоритмом.

К вопросу о педагогических технологиях | Статья в журнале...

В статье представлен анализ некоторых научно-педагогических исследований понятия педагогическая технология. Ключевые слова: образовательные...

Модульность в образовании: методики, сущность, технологии

Конструкция модульного обучения опирается на основы теории педагогики и на деле применяется в педагогической практике.

Современные педагогические и инновационные технологии...

С приобретением независимости Узбекистан наряду со многими государствами добился огромных достижений в области производства, науки, техники, а также образования.

Применение образовательных технологий в учебном процессе

Дословно «технология» — наука о мастерстве. Существует широкий спектр образовательных педагогических технологий, которые применяются в учебном процессе.

Теория решения изобретательских задач (ТРИЗ) как...

ТРИЗ как педагогическая технология.

Цели ТРИЗ как педагогической технологии, совпадают с теми что предлагает педагогика направления этой области, это как уже говорилось

Задать вопрос