Дарынды балалармен жұмыс жасаудың басты бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың басты бағыттары / А. П. Тапаева, А. Б. Бейсбаева, Н. Е. Рамазанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 49-51. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14119/ (дата обращения: 20.04.2024).

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті – баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның қабілетін түрлі әрекетке көсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік  өмірдің  барлық саласында түбірлі өзгерістердің  болуына байланысты білім жүйесінде де,  ойын мазмұны мен  оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық үрдістер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алып келеді. Бірақ, мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің  дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың  бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы  мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиеленуіне, өзін-өзі  дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Еліміз өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлыттық жүйесін өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат-ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеуіміз керек. 

Қазіргі таңда мектеп қабырғасында алған білімді тіршілік көзіне айналдыра алу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрену-бүгінгі күннің қажеттілігіне айналып отыр. Заман ағымы осыны талап етуде, осыған байланысты еліміздің әрбір азаматының химиялық білімі қоғам талабына сай болуы қажет. Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасының  басты мақсаты- оқушылардың талдау, синтездеу әрі логикалық ойлау қабілетін дамыту. Бұл қиын күрделі міндетті жүзеге асырудың бірден-бір формасы-сабақ. Сондықтан да, сабақ өткізудің тиімді жоспары мен әдістерін қарастыру мұғалім талабы. Ал, бұл міндеттердің орындалуы оқу процесіне педагогикалық талдау жасауды, білім беруді дербестендіру жағына бұруды талап етеді [1].

Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынып дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл- тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеі.  

Білім беру жүйесінің даму деңгейі мен сапасы елдегі педагогика ғылымының жетістігімен байланысты. Бұл өз кезегінде экономикалық және ғылыми –техникалық дамудың, яғни мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі болып табылады.

Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Бала мен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға  - ұстаз.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол- өз жұмыс орныңда және бүкі технологияның  үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының  тұлғасын қалыптастыру [2].

Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев «2030 жылға қарай  Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болды» деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын  болашақ жастардың білімділігімен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға  барлық күш – жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Талап таудай, қабілет қарқыны мол  ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.  Дарынды балаларды оқыту және дамыту қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. «Қазақстан -2030» жолдауында  да, «Білім туралы» Заңда, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына да дарынды балаларға шығармашылық пен қалыптасқан  және тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттігі айтылған [3]. Осы мақсат міндеттерді жүзеге асыруда, оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу, енбек және қоғамдық іс -әрекеттерге белсене араластыру, дарынды оқушыларды іріктіру, олар мен ғылыми шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істейтін мұғалімдердің жетекшілігімен дарынды оқушылар  қоғамын құру. Оқушы ғылыми жұмыс пен айналысу үшін ғылымға, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруда мектептерде жүйелі жұмыстар жүргізу. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардын қабілеттерін дамытуға қолайлы  жағдай туғызу әр ұстаздың міндеті. Бұл дегеніңіз қажетті ақпаратты тауып, талдап, оны ұтымды пайдаланудың игіліктері шәкірт санасына  орнықты ой қалыптастырады. Сондықтан ақпараттық негіздерді дәл және дәйекті түрде пайдаланудың  жемісі көп  [4].

Қазақстан [5]  республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында «Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттілігін ашуға бағытталған» делінген.

Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық.

Қазақстандағы талантты жастарды қолдау мақсатында Мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 жылдың 24 наурызында жаңа ұйым – республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ашылды.

Қазақ халқында «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оған елімізді қуанышқа бөлеп жүрген көптеген дүниежүзілік олимпиадалар жеіңмпаздарын мақтанышпен айтуға болады. Мысалы, Сингапур, Қытай, Малайзия, т.б. елдер өз жастарын АҚШ пен Ұлыбританияның ең озық университеттерінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерін аса жоғары қарқынмен дамытуға қол жеткізеді. Міне, осы елдер тәжірибесінен үйреніп, Қазақстан жастарынан осы заманғы білімді меңгерген білікті мамандар даярлау – Елбасы Жолдауындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастрадың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтерінің еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көптеп кездеседі.

Дарындылық теориясының негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерніде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам қабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді.         

Сонымен бұл модель дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе.

Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді.

1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.

2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.

3. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зертеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.

4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.

5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.

Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мұғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты – баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығрамашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу [6].

Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушының жеке бас дамуын зертеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі.

1. Оқушымен кезеңдік жұмыс мұғалімдер, сынып жетекшісінің қатысуымен, мектеп психологінің көмегімен кем дегенде 1-2 рет өткізіледі.

2. Оқушының іс-әркетін, мінез-құлқын барлық мұғалімдер және оқушының өзі белгілі бір мақсатқа үнемі бағыттап бақылап отыруы керек.

 

Әдебиет:

 

1.      Сәдуақасқызы К. Дарынды балалармен жұмыстың басты бағыты – ғылыми-зерттеу жұмыстары» // Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы. - 2011. -  №2. - 312 б.

2.      Тапаева А.П. Дарынды шәкірттер – ұлт мерейі // Сыр мектебі. - 2014. - №17

3.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1998. - 96 б.

4.      Мектеп директорының орынбасары. – 2010. -  №4.

5.      ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

6.      12 жылдық білім журналы. - 2006. - №5-9.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос