Библиографическое описание:

Аскарова Г. Ш., Бекенова У. С. Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 8-9.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың әсерінен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне т.б. байланысты. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі - ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады [1] .

Металдардың осы қасиеттеріне және қоршаған ортаның бақылаусыз ластануына байланысты, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан кейін тірі организмдер жаппай улануы байқала бастады [ 2].

Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жатады. Олар тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Бұл заттардың тірі организмдердегі концентрациясы қоршаған ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары [3] .

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қандағы қорғасынның қалыпты мөлшері 15-40 мкг/100 мл. АҚШ-да қала балаларының 5%-ке жуығының орталық жүйке жүйесінің қызметі қорғасын тұздарымен зақымданған, ал Шотландияда балалардың 17%-нің қанында 50-80 мкг/100 мл қорғасын кездеседі. Адам қанындағы қорғасынның мөлшері оның ауадағы мөлшерінің артуымен пропорциональды көтеріледі [4].

Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бірі – организмнің металдар аэрозолін сіңіру. Мысалы, қорғасын-мырыш өндірістерінен бөлінетін қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтері биосферада оңай жылжып, бүкіл тірі организмдерге жеңіл тасымалданады [5]. Қорғасын-мырыш комбинаттарынан қоршаған ортаға бір мезгілде заттардың газды шаң түріндегі комплексі бөлінеді, ол газды заттардың организмге бірлескен түрде әсер ететінін көрсетеді. Мұндай комплексті әсерді бағалауда ортаның климаттық ерекшеліктеріне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына көңіл бөлген жөн [6].             

Қазiргi кезде қалыптасып отырған күрделi экологиялық жағдай, әсiресе бiздiң мемлекетiмiзде табиғатты қорғауда декларациялы iс-шараларды емес, iс-жүзiндегi нақтылы iс- шараларды талап етедi. Көрсетiлiп жатқан iс- шараларға қарамай, елiмiздегi экологиялық жағдайды қалпына келтiру жұмыстары қанағаттанарлық емес. Тiптi қай жерлерде болмасын, кризистi жағдайлар қалыптасып алаңдаушылық туғызуда [7,8].

Зерттеу нысаны мен әдістері: зерттеу нысаны Қызылорда қаласы төңірегінен алынған топырақ үлгілері.

Топырақ үлгілеріндегі ауыр металдар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Физико-химиялық зерттеу әдістерінің» инженерлік профилдік зертханасында «Спектроскан Макс GE2» қондырғысында 2.1.7.020-94 Мем.СТ. бойынша анықталды.

Ауыр металдар – қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Бұл терминмен соңғы жылдары тек қана мынадай элементтер: қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, қалайы, кобальт, титан, мыс, ванадий аталады. Бұл элементтер қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Биологиялық тізбек: топырақ - өсімдік – адам, топырақ - өсімдік – адам, топырақ – су – адам және топырақ – атмосфералық ауа – адам арқылы адам организміне өтіп, олар әр түрлі ауруға шалдықтыратыны белгілі. Біз Қызылорда қаласы төңірегінен топырақтардан сынамалар алып, зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Топырақ үлгілеріндегі ауыр металдардың мөлшері 1-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1. Қызылорда қаласы төңірегінде ауыр металдардың таралуы

 

Үлгі алынған аймақ

Қорғасын мөлшері, мг/кг

Қорғасынның ШРК-сы

Мырыш мөлшері, мг/кг

Мырыштың ШРК-сы

1

Жибек жолы көшесі

57,19

130

69,46

220

2

Жылу электр станциясы

105,93

62,55

3

Самара-Ташкент трассасы

83,24

47,00

4

Темір Жол вокзалы

155,76

317,38

5

Жезқазған трассасы

80,57

68,38

6

КРМЗ

17,38

66,65

 

Зерттеу нәтижелерінен Темір Жол вокзалы аймағында қорғасын мен мырыштың мөлшері ШРК-дан асатыны анықталды. Қорғасын мөлшері 155,76мг/кг және мырыштың мөлшері 317,38мг/кг болды.

 

Әдебиет:

 

1.    Тулебаев Р.К. Хроническая свинцовая интоксикация. - Алматы: Ғылым, 1995. - С. 9-11.

2.    Захидов С.Т. Антропогенный мутагенез и современные экологические катастрофы. Опасности преувеличения // Вестник Московского университета. Серия 16 Биология. - 1997. - №2. - С. 11.

3.    Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. - Караганда, 1987.

4.    Рощина В.В. Загрязнение окружающей среды металлами // Сб. тр. Металлы, гигиенические аспекты оценки и оздоровления окружающей среды. - М., 1983. - С. 7-14.

5.    Ягминине И. Б., Климашауски В. П., Валушене В. Т. Накопление тяжелых металлов в экосистеме Северной части Курского залива // Сб.докладов. Клайпед. соверщ. -Вильнюс, 1998. - С. 37-41.

6.     Микшевич Н.В., Ковальчук Л.А. Тяжелые металлы в системе "почва-растения-животные "в зоне действия медеплавильного предприятия // Матер. 2-ой всесоюзной международной конференции по ТМ в окр. среде и охр. природы. - М., 1988. -С. 127-129.

7.    Рапопорт И.А. Открытие химического мутагенеза // Избранные труды. – М., Наука, 1993. – С. 304.

8.      Новиков Ю.В. Природа и человек. – М., 1991. – С. 14-30.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle