Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі / Г. Б. Абдраманова, Э. У. Жусупова, Ж. А. Нахатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 30-31. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14065/ (дата обращения: 20.04.2024).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциалдық дамытуды талап етеді.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру  мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие    үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша  қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда [2].

ХХІ ғасыр табалдырығында  тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі  білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [3].

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

- практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;

- қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;

- еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;

- орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.

Қазіргі білім беру саласында проблема - әлеуметтік - педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану. Олай болса, оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында  компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электрондық оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді [4, 5]. Оқушыларды деңгейге  бөліп  оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай  және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқытудың кезінде  оқушылардың тәжірибелік-теориялық  дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік - психологиялық  танымал, сұранымын ескеру талап етеді. Сондықтан да  тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет. Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) – эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді  [4, 6].

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге  оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету [7, 8].

Деңгейлеп оқыту ерекшелігі, бірінші деңгейдегі тапсырмалар білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейде оқушыларға өте оңай сұрақтар беріледі. Яғни тақырыпқа немесе тапсырмаға сәйкес жалпы сұрақ, сипаттама түріндегі тапсырмалар беріледі. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел түрде орындай алады.

Екінші деңгей кезінде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар сол тапсырманы сипаттауға көшеді.

Үшінші деңгей оқушылардың тапсырмаға деген мотивтерінің айқын көрінуі мен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз  жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасау білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануы мен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. Эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегінсіз өз бетімен орындайды. Эвристикалық сатының ерекшелігі – оқушылар белгілі бір бейнеге ену арқылы сол тапсырмалардан кейбір мысалдар келтіліреді. Кейде оған күрделендіру енгізеді.

Төртінші деңгей – қабілітті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады. Кейде оқушылар бұл тапсырмаларға ғылыми жұмыстарда  жазуы мүмкін. Осы сияқты түрлі тапсырмалар беріп, әр оқушының деңгейін біліп алуға болады.

Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар  ауқымы өте кең. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. Оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.

Әдебиет:

1.             Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000.

2.             Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы // Қ.М., 2/6 шілде, 1999 ж.

3.             Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы// Қ.М., 28 қазан, 2000 ж.

4.             Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен // Қазақстан мектебі. № 12.  2004, 51-52 бет.

5.             Оқытудың жаңа технологиялары //Халық тәлімі арнайы басылым. -   №1. - 2002, 3-7 бет.

6.             Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Тараз: ТарМу, 2003.

7.             Жанпейисова М.М. Технология модульного обучения. – Актобе: РИПК:СО, 1999.

8.             Лысенко. С.Н. Методика дифференцированного обучения. - М, Просвещения,1988.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос