Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (67) июнь-1 2014 г.

Дата публикации: 10.06.2014

Статья просмотрена: 3754 раза

Библиографическое описание:

Тузелбаева, И. Н. Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары / И. Н. Тузелбаева, А. Н. Телегенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 8.1 (67.1). — С. 23-26. — URL: https://moluch.ru/archive/67/11474/ (дата обращения: 19.04.2024).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

Көлік ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады, нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. [1]

Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларды жүргізу мәселелеріне барынша көп назар аударылуда. Жүзеге асырылатын негізгі инновациялық жобалар ҚР 2020 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында сипатталған. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсаты — бәсекеге қабілетті ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бұл теміржол көлігі саласын басым дамытуды көздейді.

Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Инновациялық қызмет жаңа ережелерді әзірлеп, жүзеге асыруды, бақылау жасауды, сондай-ақ іске асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігін және кәсіпорынның техникалар мен технологияларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етуін бағалауды білдіреді.

Инновацияларды стратегиялық басқару негіздерін қалыптастыру мен қолданудың қажетті жүйелілігі ол инновациялық қызметті басқару элементтерінің ұтымды өзара әрекет етуін терең әзірлеу мен ғылыми негіздеу және ыңғайлы нәтижелері мен инновациялық қызмет нәтижелерінің тәуекелдіктеріне қол жеткізу.

Бүгінгі таңда теміржол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу жоқ, кеме жүретін өзендер болуы), жердің кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы мен өндірістік күштердің орналасуы теміржол көлігінің экономикадағы рөлін өте маңызды етеді. [2]

Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен. Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.

Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, ЖАҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Теміржол көлігі тасымалданатын жүктің барлық көлемінің 11,7 % және жүкайналымының 57,7 % атқарады. Соңғы онжылдықта жүктер мен жолаушылар тасымалының көлемі 1,5 есеге айтарлықтай өсті. Жолаушылар айналымы 10 669 ж/км-ден 14 719 ж/км дейін, ал жүкайналымы 103,0 т/км-ден 214,9 т/км ұлғайды. «ҰҚ «ҚТЖ» АҚ-ның жүк тасымалының жалпы көлемі 2013ж. 268 890 мың тонна құрады, оның ішінде 35 % экспорттық, 52 % — облысаралық, 17 % — импорттық және 16 % транзиттік бағытта.

Индустриалды-инновациялық жобалар заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастырып, жетілдіруге және жаңартуға, оның өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған. Көлік инфрақұрылымын индустриализациялау картасын жасау және аналитикалық мәліметтерді іс жүзілік жазықтыққа ауыстыруды бастау, келесі салалық бағдарламаларды және Қазақстанның 2020 жылға арналған индустриалды-инновациялық күшейтілген дамуы жөніндегі нақты бизнес-жоспарларды жасауға дайындық олардың нәтижелеріне айналмақ. [3]

Теміржол көлігіндегі инновациялық дамудың негізгі қағидалары мыналар болып табылды: ұлттық көлік жүйесін инновациялық дамыту, ең алдымен, көліктік қызмет көрсетулердің қолжетімдігін арттыруға және экономиканың жүк сіңіргіштігін төмендетуге бағытталуы тиіс; енгізілетін жаңа технологиялар республика ішінде жүргізілетін көліктік үдерістерді жаһандық көлік жүйесінің үдерістерімен біріздендіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Инновациялық дамудың стратегиялық екпіндері: көлік технологияларын жетілдіру және заманауи техника мен жабдықтарды енгізу; өндірістік және көліктік үдерістерді кешенді ақпараттандыруды интеграциялау мен қамтамасыз ету.

Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің сұраныстарына қарай жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар, темір жолдардың қолда бар желілерін қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестікке келтіруге бағытталатын болады.

Теміржол кешенін дамытудың инновациялық саясатының басымдықтары әлеуетті бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту болып табылады. Теміржол көлігін дамытудың маңызды бағыты аймақтар арасындағы тасымалдау қашықтығын қысқартатын жаңа желілерді салу, бұл қысқартылған желілер есебінен өнімдерді өндіру мен өткізу кезінде көлік шығындарын төмендетіп, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан теміржолдардың ішкі желілерін оңтайландыру шараларын жүргізу қажет. [4]

Теміржол көлігіндегі инновациалық үдерісті жүйелі құбылыс ретінде негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең — өзгерістің серпінін айқындау. Мұндай айқындау сыртқы ортадан келіп түскен ақпаратты талдау нәтижесінде жүзеге асырылады. Технологиялық жаңа енгізілімдерде ғылыми басылымдар, патенттер мен өнертабыстарды сипаттайтын мамандандырылған журналдардағы басылымдар, мақалалар, монографиялар, техникалық және сауда жарнамалары, көрмелер мен жәрмеңкелер ақпарат көзі бола алады.

Экономика және басқару саласындағы жаңа енгізілімдердің қажеттілігі өнімді өткізуде, пайда көзінің төмендеуінде т. б. қиындықтардың туындауынан болуы мүмкін. Екінші кезең — өзгеріс қажеттілігін сезіну. Бұл сезіну — терең психологиялық күйзелістермен, бастан өткен тәжірибемен, сананың дағдарысымен байланысты үлкен талдау жұмысының нәтижесі. Бұл кезеңнің маңыздылығы бұрынғы жолдың, бұрынғы құндылықтар мен мұраттардың жарамсыздығын мойындауда. Мұндай мойындау шығармашыл болашаққа бастайтын бүгінгі күнмен бітімдестірудің бірден-бір жолы.

Үшінші кезең — қарсылықтарды жеңу. Қарсылық — өзгерісте кездесетін бірінші кері әрекет, өйткені адамдарға өзі үшін өзгерістің әкелетін шығыны мен пайдасын саралауға уақыт керек. Өзгеріске қарсылық адам санасында олардың барлығы бір нәрсені бұзады деген ойдың қалыптасып қалуы салдарынан болуы да мүмкін. Адамның әдет-дағдылары мен инерциясы, белгісіздік алдындағы қорқынышы қарсылықтың психологиялық негізі болып табылады. Адамдарға ескі әдеттерінен бас тартып, жаңаша өмір сүруге үйрену қиын. Оның үстіне кез-келген өзгеріс барысында жеке тұлғаның мәртебесіне, ресми және бейресми беделді топтарға, кейде тіпті бүкіл ұйым жұмысының болашағына өзгеріс енгізу қауіпі төнеді. [3]

Инновациялық идеяларды іздеу мен жүзеге асыру — нарықтық экономика жағдайында инвестициялық ресурстарды шектеуді жоюдың басты бағыттары мен негізгі шарттары болып табылады. Бұл өнімді жасау мен шығаруда қолданылатын ресурстардың жоғары өнімділігіне қол жеткізу мәселесіне ерекше өзектілік береді, өйткені, осы көрсеткіш экономика тұрақтылығының негізгі де, шынайы өлшемі болып отыр. Тек, жоғары өнімділік қана жалпы ішкі өнімнің көлемін ұлғайтуды және экономикалық өсудің жетістіктерін, меншікті шығындардың және өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, ішкі және сыртқы нарықтағы тауардың сенімді бәсекелестілігін, тұрғындардың табысын тұрақты жоғарылатуды қамтамасыз ете алады.

Жаңа білікті қызметкерлерді тарту міндеті инновациялық қызметте де өз орнын тауып отыр. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі туындайды, бұл құрал-жабдықтар, техникалар және т. б. өндіріс құралдарын алу сияқты шығындарсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, экономикалық өсудің қажетті қарқынына жету жолындағы басты кедергі — бәсекелестікке қабілетті өнім өндіретін техникалық құрал-жабдықтарды сатып алуға өзіндік инвестицияның жетіспеушілігі.

Қаржы саласындағы үлкен қысым мен осыған байланысты инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі кезінде негізгі қорларды тиімді жүктеу жалпы ішкі өнімді ұлғайтудың сенімді факторы болып табылады. Негізгі қорлардың, басқа да тең жағдайларда, тиімді қызметінің өсуі заттай және тірі еңбек өнімділігінің жоғарылағанын білдіреді.

Инновациялық технология — өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне әсерін бағалаудағы инновациялық бағдарламалардың, олардың экономикалық мәнділігін есепке ала отырып, іске асырылу үдерісін зерттеуді қарастырады. Қазақстандағы инновациялық үдерістер күрделі экономикалық құбылыстар мен трансформациялық өзгерістер жүйесінде өтеді. Бірақ оларға сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді, жұмыс істеу тиімділігі мен бағыттылығы соларға тәуелді болады. Осыдан келіп, инновацияны енгізу мен пайдалану үдерісін басқарудың, сондай-ақ инновациялық қызметті инвестициялаудың іс-қимылды стартегиясын жасаудың өткір қажеттігі туындады.

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің қазіргі жағдайына талдау жасалды, соның нәтижесінде теміржол көлігін дамытудың ерекшеліктері анықталды және осы негізде олардың басым бағыттарын анықтау арқылы дамыту стартегиясы қажет. Теміржол кешенінің заманауи жағдайы негізгі құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейінің өте жоғары екенімен сипатталады.

Күні өткен жабдықтарды пайдалану көрсетілетін қызметтердің сапасын төмендетуге және апаттық жағдайлар болуына алып келеді. Негізгі қорларды нашар жаңарту теміржол көлігін әрі қарай дамытуда басты кедергіге айналуда. Отандық теміржолдың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуде жаңа буын техникасын жасаудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу маңызды роль атқарады, ол мынаны қамтуы тиіс: жаңа буындағы жылжымалы құрамды әзірлеу, өндіру мен сатып алу; бұрыннан барларын реконструкциялауға және жаңа өндірісті құруға ықпал ету; модернизациялау арқылы қызмет ету мерзімін ұзарту арқылы жылжымалы құрамның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту; тарту параметрлерін жақсарту, қуат шығындарын қысқарту, локомотив бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту міндеттерін шешу; жылжымалы құрамды шығару мен жөндеуге арналған өнеркәсіптік базаларды дамыту. [4]

Теміржол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Пойыздар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз.Темір жол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлігінің тұрақты жұмыс істеуі шикізаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуінің ажыратылмас шарты болып табылады.

Сала дамуының жаңа деңгейі Қазақстан темір жолының техникалық жарақталуын айтарлықтай жақсартуға, оны 2015 жылы дүниежүзілік стандартқа жақындатуға, транзиттік әлеуетті арттыру арқылы бәсекелестіктің жоғары деңгейіне, жылжымалы құрам паркін отандық жаңа локомативтермен және вагондармен жинақтауға, ипорт алмастыру деңгейін арттыруға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Отандық өндірістік өнімдердің өзіндік құнындағы көліктік шығындарды азайту экономикалық өсуге және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға әсер етеді.Отандық көлік жүйесінің экономикалық қауіпсіздік проблемасы республика қауіпсіздігі үшін ерекше маңызы бар, сондықтан оны шешу үшін мемлекеттің жан жақты қолдауы қажет. Қандай да болмасын жағдайда экономиканың өмірлік маңызды қажеттіліктерін және тұрғындардың тасымалға деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әрі төтенше жағдайларда оның жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ете алатын көліктің даму деңгейін қамтамасыз ету талап етілді, оның өзіндік ішкі және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алуы қажет.

Инвестициялық саясат максималды мүмкін болатын деңгейде қазіргі істеп тұрған торап орындарының өтімділігіне, дамуы жағынан артта қалған көлік салаларына капиталды салымдардың жұмсалуына бағытталуы керек. Қазіргі уақытта әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының көмегімен, республикамыздың көлік инфрақұрылымының дамуына ықпал ететін, жалпы сомасы 316,5млн.$ тең бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. [5]

Темір жол саласы қаншалықты ауқымды болғанмен, оның соншалықты қиындықтары да бар екенін ескерген дұрыс. Осындай үлкен күрделі мәселелерге ұлкен жауапкершілікпен қарап, істің оң өзгерістері мен атқарылуына көңіл бөлінуі керек. Кең байтақ жеріміздің асты үсті пайдалы қазбалармен мол қазынаға толы болғандықтан экономикамыздың өркендеп, қанат жая берері ақиқат. Осы байлығымызды игеріп, өндіріп, өнімін игілікке пайдалану жолында темір жол саласы үлкен рол атқаруда, атқара да бермек. Маңызды бағыттағы мағыналы қызметіміз жалғасын таба береді демекпін.

Қорытындылай айтқанда, еліміздегі ең ауқымды шаруашылықтарының қатарынан саналатын, экономиканың күре тамыры деген атауға ие болған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тың болашағынан күтер үміт үлкен. Оның уақыт туындатқан қиыншылықтарды жеңіп, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында абыройлы қызмет ете беретініне сенімім мол.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      Жолдау 2014. Н.Ә. Назарбаев. “Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ”

2.      Қазақстан Республикасының идустриалдық — инновациялық дамуының 2020 жылдарға арналған стратегиясы.

3.      Есайдар У. С. Кәсіпорынлардың инновациялық қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі. ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы.

4.      Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің 2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары.

5.      Теміржол көлігімен тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру. З. С. Бекжанов. — Астана: Парасат Әлемі, 2005.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, экономика.


Похожие статьи

О сущности экономического понятия «кластер»

Рубрика: Экономика и управление. Опубликовано в Молодой учёный №12 (146) март 2017 г.

Впервые основные характеристики кластера сформулировал английский экономист А...

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

Причем, последние играют существенную роль в экономике особенно в период кризисов.

2. В случае, когда в соответствии с договором мены обмениваемые товары признаются...

«Парадигма» в экономике | Статья в журнале «Молодой ученый»

In this article it is given definition about paradigm and ideas about us my it to economy, paradigm economy — conceptual model of economy (forming of economical algorithm of index)...

Деньги — понятие и сущность | Статья в журнале «Молодой ученый»

Деньги — понятие и сущность. Авторы: Уткина Виктория Андреевна, Слюсаренко Виктор Константинович. Рубрика: Экономика и управление.

Роль экономики в жизни общества: проблемы и суждения

С давних времен общество и экономика неразрывно связаны друг с другом. Экономическая жизнь, испытывая на себе влияние всех сторон общественной жизни (социальной...

Концепция социального трудового дохода в составе социальной...

Ключевые слова: безусловный основной доход, социальный трудовой доход, социальная экономика.

Цена и современные механизмы ценообразования

Цена — это неотъемлемая часть рыночной экономики. Это инструмент рыночной конкуренции, а, как известно, конкуренция порождает лучшее качество.

Развитие цифровой экономики в России: актуальные вопросы...

Ключевые слова: законодательство, международный обмен налоговой информацией, налогоплательщик, офшоры, страновая отчетность, финансовый счет, цифровая экономика...

Субъектная структура рынка жилой недвижимости | Молодой ученый

Рубрика: Экономика и управление. Опубликовано в Молодой учёный №10 (57) октябрь 2013 г.

объекта жилой недвижимости (купля-продажа, в том числе ипотека; мена; наследование).

Формирование и развитие межстрановых экономических связей

Особенно это важно для экономически менее развитых стран и стран с трансформирующейся экономикой, таких как Россия и Казахстан.

Похожие статьи

О сущности экономического понятия «кластер»

Рубрика: Экономика и управление. Опубликовано в Молодой учёный №12 (146) март 2017 г.

Впервые основные характеристики кластера сформулировал английский экономист А...

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

Причем, последние играют существенную роль в экономике особенно в период кризисов.

2. В случае, когда в соответствии с договором мены обмениваемые товары признаются...

«Парадигма» в экономике | Статья в журнале «Молодой ученый»

In this article it is given definition about paradigm and ideas about us my it to economy, paradigm economy — conceptual model of economy (forming of economical algorithm of index)...

Деньги — понятие и сущность | Статья в журнале «Молодой ученый»

Деньги — понятие и сущность. Авторы: Уткина Виктория Андреевна, Слюсаренко Виктор Константинович. Рубрика: Экономика и управление.

Роль экономики в жизни общества: проблемы и суждения

С давних времен общество и экономика неразрывно связаны друг с другом. Экономическая жизнь, испытывая на себе влияние всех сторон общественной жизни (социальной...

Концепция социального трудового дохода в составе социальной...

Ключевые слова: безусловный основной доход, социальный трудовой доход, социальная экономика.

Цена и современные механизмы ценообразования

Цена — это неотъемлемая часть рыночной экономики. Это инструмент рыночной конкуренции, а, как известно, конкуренция порождает лучшее качество.

Развитие цифровой экономики в России: актуальные вопросы...

Ключевые слова: законодательство, международный обмен налоговой информацией, налогоплательщик, офшоры, страновая отчетность, финансовый счет, цифровая экономика...

Субъектная структура рынка жилой недвижимости | Молодой ученый

Рубрика: Экономика и управление. Опубликовано в Молодой учёный №10 (57) октябрь 2013 г.

объекта жилой недвижимости (купля-продажа, в том числе ипотека; мена; наследование).

Формирование и развитие межстрановых экономических связей

Особенно это важно для экономически менее развитых стран и стран с трансформирующейся экономикой, таких как Россия и Казахстан.

Задать вопрос