Библиографическое описание:

Токтамысов А. М., Бегалиев К. Б., Дуйсенова А. К., Атеева З. З., Ержанова З. И. Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері // Молодой ученый. — 2014. — №4.1. — С. 21-23.

Жоңышқаның қуатты дамыған тамырларының  тереңге бойлауы арқылы, әртүрлі топырақтағы ылғалды өзіне жақсы сіңіре алады. Жоңышқа ылғал сүйгіш мал азықтық дақыл болып саналады [1]. Бір тонна құрғақ зат түзеу үшін 500-600 м³ су шығындайды, 120-140 ц/га өнім алу үшін екінші жылғы жоңышқа 7500-8000 м³/га су жұмсайды [2, 3, 4, 5, 6].  Мал азықтық бағытында егілген жоңышқаның суару режимі топырақ типтеріне байланысты болғандықтан жер асты су деңгейіне, өсімдік жасына, сол жылғы жауын-шашын мөлшеріне және себу тәсілдеріне байланысты болып келеді. Жоңышқаны жүгерімен бүркемелеп еккенде сазды топырақта ең кемі 70% ылғалы болуы шарт [6]. Құрғақшылық жылдары топырақ бетіндегі ылғал төмен болған жағдайда, егу алдында жерді ылғалдау бағытында 250-300 м³/га есебінде суарылады.

Топырақтағы 0,7 м (70-80% нв) ылғалды ұстау бағытында жүгері гүлдеу кезеңінде орылады одан 82,3-87,9 ц/га мал азық өлшем, 9,0-9,6 ц/га қорытылатын протейін және 85,6-91,1 ГДж/га ауыспалы энергия алынады (кесте 1).

Көк балауса ірі қара үшін өте құнды мал азығы болып саналады. Таза егілген жоңышқа егістігімен аралас егістік өнімдерімен салыстырғанда 140-150 кг/га қорытылатын протейінге жоғары болады. Егілген жылы бүркемелі дақыл (жүгері) жиналған соң, вегетациялық кезеңінде сол жылғы жауын-шашын мен суару режимдерінің сақталуына байланысты 53,7-73,0 ц/га абсалютті құрғақ зат массасын, 26,8-36,5 ц/га мал азықтық өлшем, 5,7-7,7 қорытылатын протейін және 43,8-64,6 ГДж/га ауыспалы энергия алынады (кесте 2).

Кесте 1. Қызылорда облысының орталық аудан жағдайында, бүркемелеп егілген жоңышқа өніміне, суару алдындағы топырақтың 0,7 м қабатындағы ылғалдылық мөлшерінің әсері

Суару алдындағы топырақтың 0,7 м қабатындағы ылғалдылық мөлшері , % НВ

Маусымдық суару мөлшері м³/га

көк массасы өнімділігі, ц/га

1 га жиналған өнім

барлығы

Оның ішінде жоңышқа

Мал. аз., өлшем, ц

қорытылатын протейн,ц

Ауыспалы энерия  ГДж

Суарусыз

-

201

42

42,9

4,8

43,6

60

600

321

57

66,9

7,3

69,6

70

1180

395

70

82,3

9,0

85,6

80

1320

420

77

87,9

9,6

91,1

Кесте 2. Суару режимдеріне байланысты бірінші жылғы  жоңышқа өнімділігі

(орташа 3 жыл)

Суару режимі

Суару мөлшері, м³/га

Көк массасының өнімділігі ц/га

1 га жиналған өнім

құрғақ массасы, ц

Мал. аз., өлшем, ц

қорытылатын протейн,ц

Ауыспалы энерия  ГДж

Суарусыз

-

130

33,9

16,9

3,6

35,5

Өсуіне қарай суару (600 м³/га)

1360

202

53,7

26,8

5,7

56,2

Суару 80%НВ

2630

298

73,0

36,5

7,7

76,4

Мал азықтық бағытта жоңышқаны арпамен араластырып егіп дәнге жинағанда, жылдық ылғалмен қамтамасыз етілуімен суару режиміне сәйкес 28-36 ц/га дейін өнім алынып, жоңышқаның тығыздылығы азаяды. Арпамен бүркемеленіп егілген егістікте бірінші суару қажеттілігі, арпаның түтіктену кезеңіне тура келеді. Бірінші вегетациялық кезеңіндегі суару 200-250 м³/га, құрғақшылық жылдары арпаның түптену кезеңінде беріледі, өйткені (10см) жердің беткі қабаты құрғап, өсімдіктің солуына, жоңышқаның жапырақтарының түсіп қалуына әкеліп соғады. Жаздық арпаның ең суды қажет ететін фаза аралық кезеңдері, масақ шығарумен дән байлау кезеңдеріне тура келеді. Сондықтан да вегетациялық кезеніңде екі рет суару шаралары жүргізіледі. Бас шығаруға дейін 400-500 м³/га, дән салу кезеңін де 300-350 м³/га. Арпаны орудан 20-25 күн бұрын суару кезеңі тоқтатылады. Ылғалды, орташа ылғалды жылдары жоңышқаның өсуімен дамуына топырақтағы ылғал мөлшері толық жеткілікті болады. Өте құрғақ жылдары топырақтағы ылғалдың тез азаюына байланысты, жоңышқаның солуына дейін жібермей, өнімді жинаған соң 600 м³/га мөлшерінде суару керек. Екінші суару мезгілі жоңышқаның шашақтану кезеңіне тура келеді. Бір жылдық соя, бұршақ, беде дақылдарымен салыстырғанда жоңышқа көп жылдық дақыл және өте тамырлары жақсы дамыған, қоректік зат қорларын жеткілікті мөлшерде жинайды. Бірінші жылы көктемде және екінші жылдары сабақтары жақсы өседі. Көп жылдық жоңышқа тамырларының қуатты дамуын көптеген ғалымдар зерттеп, жоңышқаның бірінші жылғы тереңдеуі өсімдіктің негізгі фазаларындағы өсуімен дамуына байланысты болатындағы анықталды (кесте3).

Кесте3. Бірінші жылғы жоңышқа тамырларының тереңдікке бойлауы

(орташа 3 жыл)

Нұсқа

Бойлау тереңдігі, см

Өсімдік биіктігі, см

Өсімдік тамыр ұзындығының өсімдік биіктігіне қатынасы

Тәуліктік өсуі, мм/тәулік

сабағының биіктігі

тамырының тереңге бойлауы

1.75-65-65% НВ қабатында 0,6 м (бақылау)

141

87

1,62

6,5

10,5

2.75-75-65% НВ қабатында 0,6 м

138

88

1,57

6,5

10,1

3.75-75-75% НВ қабатында 0,6 м

129

89

1,45

6,5

9,4

4.75-75-65% НВ қабатында 0,4м

142

89

1,60

6,5

10,4

5.75-75-75% НВ қабатында 0,4м

117

91

1,29

6,6

8,5

Суарусыз

163

77

2,12

6,3

13,4

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей фаза аралық кезеңдерінде, бірінші фаза аралық кезеңінде тамырлары жердің беткі қабатындағы бөлігінен гөрі тезірек дамиды. Сабақтану фазасында сабақтың биіктігі 12-18 см өссе, тамырлары 45 см, ал гүлдеу алдында 70 см тереңдікте жетеді жеміс салар алдын суарылмаған жоңышқа бірінші жылы (75-65-65% НВ қабатында 0,6 м) 141 см, ал суарусыз жағдайда 163 см-ге жетеді (кесте 3). Суару алдындағы топырақтағы 0,4 және 0,6 м ылғалдылықты 75% нв ұстағанда тамырлар 129 және 117 см тереңдікке енеді. Орташа тәуліктік жоңышқаның өсуі, тамырының өсуі сабағының өсуінен жылдамырақ екендігі анықталды. Сабағының тәуліктік өсуі 6,3-6,6 мм/тәулік, тамыры 8,5-10,4 мм максимум тереңдікке өсті.Ең жоғарғы тамырларының құрғақ массасы 2844-2336 кг/га өнімділікті суару алдындағы топырақ  ылғалдығын  75% нв болған жағдайда ғана алынатындығы  анықталады.

Әдебиет:

1.    Важов В.М. Эффективность орошения и удобрения семенных посевов люцерны // Селекция и семеноводство. – 1983. - №3.- С. 33-34.

2.     Аверьянов С.Ф. Практикум по сельскохозяйственным мелиорациям. – М.: Колос, 1970. - 341с.

3.    Алпатьев Н.М., Терентьева Т.Г., Шестиперова З.И. Причины изреживания люцерны на Северном Кавказе // Защита кормовых культур от вредителей, болезней и сорняков. – М.: Колос, 1980. - С. 61-63.

4.    Безменов А.И., Розин В.А., Соврасов П.Х. и др. Режим орошения сельскохозяйственных культур // Сельскохозяйственные мелиорации. – М.: Колос, 1974. -С. 18-68.

5.    Писковацкий Ю.М., Зимин А.Н. Особенности побегообразования люцерны и селекция на многоукосность // Вестник с.-х.науки. -  1979. - №10. – С. 63-65.

6.    Писаренко В.А., Горбатенко Е.М. Режим орошения сельскохозяйственных культур. – Киев: Урожай, 1988. – 94 с.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle