Библиографическое описание:

Куанова С. Б., Бекназарова У. О. Кәсіби мұғалім даярлауда ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары // Молодой ученый. — 2014. — №4.1. — С. 44-46.

Әлемнің барлық дамыған елдері ЖОО-ды өздерінің инвистициялық саясатында басым шеңбер ретінде қарастырып, жалпы мемлекеттің геосаясаттық және геоэкономикалық факторлардың дамуында сапалы білім беру және жеке тұлғаның дамуы ретінде қарайды.  Әрбір тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады.

Заманауи мұғалім мамандығы кең ауқымда жалпы және арнайы біліммен қамтуға, шешім қабылдауға қабілетті және оған жауапты, техника мен ғылымдағы өзгеріске тез назар аударатын, күнделікті қоғамның өзгерістерге ұшырап отырған жаңа технологиялар талаптарына сай келетін қабілеттілікті қажет етеді. 

 «Қазақстан -2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуметіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениеттіжағдай туғызуға тиіспіз» [1] дегендей, Қазақстан Республикамыздың әлеуметтік және экономикалық жетістіктерібілім жүйесімен, азаматтардың білімділігімен анықталады.

Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үдерістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілетті әлеуметті-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады [2].

Әлемдік білім мен ғылымда мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруді іске асырудың маңызды әрекетінің бірі тәжірибе алмасу мақсатында шет ел ЖОО-мен әріптестік байланысты құру, яғни, жетекші мұғалімдермен Мастер-класс өткізу, шетел әріптестерін лекция оқуға шақыру, доценттер, профессорлар, новатор-оқытушылардың тьюторлар жетекшілігімен  ашық сабағына қатысу, әлемнің беделді университеттері кафедрасымен  қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, халықаралық конференциясына қатысу. Бұндай әрекеттер болашақ мұғалімді  тек білімін ғана шыңдап қоймайды, сонымен қатар таңдалған мамандықтың сапалы маман дайындауына, білімнің сапасына көп әсерін тигізеді.

Жаһандану дәуірде ұлттық бәсекеге қабілетті, ақпараттық технологиялар, педагогикалық-психологиялық өзгеріс кезеңдеріне ілесе алатын, ой-өрісі жоғары,интелектуалдық дені сау, халықаралық деңгейде білімі бар азаматты өсіру – мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып табылады.Бүгінгі ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болғандықтан, ағылшын тілі мұғалімдерінің парызы - өркениетті қарым-қатынас дағдыларын мектеп табалдырығынан негіздеу; жас ұрпақты ұлттық рухта, өзінің ана тілі мен салт-дәстүрінде, қоғам талабына сай сапалы білім беріп, сауатты оқыту; барлық білім беру мекемелерінде оқыту үдерісі балабақшаның бүлдіршіні, мектептің оқушысы, ЖОО-ның студенттерінің психологиялық дамуына бағыттау;  «Тілдің үш тұғырлығы» туралы саясатты білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыру, ағылшын тілін тиімді меңгеремін деген еліміздің азаматтарына тиімді әдіс-тәсілдерді үйрету т.б.

Көп ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби шеберлікреті айтарлықтай жоғарғы деңгейде емес. Жаңа заман талабына сай жаңашыл ой іздеп, ойға жететін жол таңдап, ізденіп жүрген мұғалімдердің саны ауыз толтырарлықтай көп емес. Мұғалімдердің біреудің дайын тәжірибесінен педагогикалық технологиялардың қолданылуын көріп, өз тәжірибесінде оның әдістерін сараламастан қолдана салу,оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерместен технология талабын күштеп сабаққа ендіре салу жағдайлары көбеюде. Бұдан біз оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерне қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттарды ескеру қажеттілігін анықтаймыз.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру [3].

Қоғам біртіндеп педагогикалық технологияжәне ғылымның  рөліне көп мән беруде. Оқыту үдерісін мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде ұйымдастыру жаңа педагогикалық ақпараттық технологияны ендіруді міндеттейді.

Ақпараттық технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру. Ағылшын тілі мұғалімінің ақпараттық коммуникативті технологияны меңгеруікәсіби мұғалім қалыптастырудағы алғышарты болып табылады.

Ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген кәсіби ағылшын тілі мұғалімінжоғары оқу орнында қалыптастыратын болғандықтан, кәсіби деңгейінің қазіргі заман талаптарына лайықты болуы, ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыздандырылуы, олардың барлық оқу формаларың іс-әрекетін тиімді ұйымдастырылуы қажеттігі осы оқу орнында қалыптастырылады.Осындай мәселелерді шешу үшін зерттеу жұмысымызда келесі құрастырылған дидактикалық шарттар кешенін ұсынамыз:

Бірінші шарт – жоғары оқу орын ағылшын тілі мұғалімдерінің білім беру үрдісіндекомпьютерлік технологияларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Ол үшін келесі мәселелер шешімі ЖОО мұғалімінің  педагогикалық іс-әрекетінен орындалуы тиіс:

Білім беру жүйесіндегі компьютерлік технологиялар:

-       жаңа ақпараттық технологиялық білімді қалыптастыратын оқыту принциптері;

-       технологиялық білімге бағыттылық;

-       ағылшын тілі білімі функциясын атқарушы ақпараттық технологияға негізделген оқу материалдары мен оның элементтері;

-       ағылшын тілін оқытудағы анықталған  ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдануға негізделген дидактикалық жоспарлар;

-       ақпараттық технологияларға негізделген танымдық қызығушылықты ояту факторлар;

-       ағылшын тілінде білім негіздерін түзейтін білім, дағды, іскерлікті тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларға негізделеген оқытудың тәсілдері мен әдістері;

-       оқыту үдерісінде дербес компьютерді пайдалану мүмкіндігі;

-       оқытудың аудиовизуалды құралдарын қолдану;

-       мультимедиалық ортаны қалыптастыру;

-       компьютермен жұмыс жасаудағы ақпараттық құзырлылығы.

Мұғалімдердің студенттерді даярлауда, оқу үдерісін технологиялық тұрғыда қамтамасыз етіп, студенттердің танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін арттыруға, ойлау іс-әрекеттерінің белсенділігін көтеруге, оқытудың әдіс-тәсілдерінің формаларын жаңарту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру ақпараттық технологияны пайдалану барысында ерекше назар аударылатын мәселелер болып табылады.

ЖОО мұғалімдерінің білім беруі студенттердің жаңа білімді қабылдауы, кәсіби іскерлік дағдыларын және еңбек іскерлігін қалыптастыру арқылы білім алуын ұйымдастырушы оқытушының іс-әрекеті. Бұл әрекет түрлері байланыста болғандықтан мұғалім мен студенттің өзара әрекеттерін ұйымдастыру түрі ретінде қарастырылады. Сабақты психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру білім беру теориясының даму үдерісінде қалыптасады. Ол білімнің құрылымын, мазмұнын, типін, принциптерін, оған қойылатын талаптарды негіздейді, ұйымдастыру мен өткізу әдістемесіне әсер етеді, білім деңгейін анықтайды.

Мұғалімнің қызметінде көп уақыттың шығыны өз пәні бойынша оқу материалдары мазмұнын талдау, таңдау, іріктеу, сонымен қатар, сабаққа дайындалуда дидактикалық және әдістемелік материалдарын қайта өңдеуге жіберіледі. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты: ақпараттың қолжетімділігі, яғни аз уақыт ішінде бір оқу ақпаратынан екіншісіне өтуінің болуы. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс пен бейне көріністерін пайдалануға мүмкіншілік береді. Мультимедилық ортаның ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор.    Мұның барлығы оқытуда тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызды.

Ақпараттық коммуникативті технологияларды меңгеру негізінде болашақ ағылшын тілі мұғалімін қалыптастырудың ұсынылып отырған екіншісі дидактикалық шарты– мұғалімдердің ақпараттылық құзіреттілігін дамыту.Ақпараттық құзіреттіліктің негізгі мақсаты – болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің ақпараттылық сауаттылығын арттыру, ақпараттық мәдениетін арттыру болып есептеледі.

Білім берудің жаңаша түрін іске асыруға негіз болатын аталған идеяларды жүзеге асыру үшін ақпараттандырудың негізгі бағыттары анықталған еді.

- студенттерді болашақ мұғалім ретінде қоғамның қажеттілігіне кәсіби дайындықта компьютерлік технологияны кәсіби әрекетте қолдану шеңберінде білім мен іскерлікті қалыптастыру;

- студенттердің қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыруға мүмкіншілік беретін оқу материалдық базасын нығайту, әдістемелік қамсыздандыру,мультимедиалық құралдарды қолдана отырып, білім беруге арналған ақпараттық сауаттылықты дамыту.

Оқу үдерісін ақпараттандыруда негізгі күш жігер ағылшын тілі мұғалімдерінің өз бетімен білім алуда ақпараттық технологияның маңыздылығын қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынас пен өзара тәжірибе алмасуды неғұрлым жоғары деңгейде – Интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізуге бағыттау керек. Біздің эксперимент үшін әдістемелік жұмыстың бұл түрі негізгі болып табылады.

Дидактикалық шарттың үшіншісі –болашақ ағылшын тілі мұғалімі компьютерлік технологияларды пайдаланудың білімі мен дағдысын өзіндік жұмыстарында ұйымдастыру.

Студенттердің өзіндік жұмыс жүйесінің жалпы білімдік және танымдық әрекетті белсендіруде зерттеудің келесі мақсаттарын анықтау міндеттеледі:

- ағылшын тілін үйренуде болашақ мұғалімінің кәсіби  даярлануында психологиялық-педагогикалық негіздермен танысу, өндірістік-педагогикалық тәжірибенің нәтижесіне негізделіп танымдық белсенділіктің өсуіне жету және ағылшын тілі кафедрасы мұғалімдері тарапынан студенттерге эксперименттік тексеріс негізінде педагогикалық тәжірибеде бірыңғай өтуге талап құрастыру;

- студент өз білімін кеңейту мен тереңдетуге икемделу, ағылшын тілінде сөйлеудің іскерлігі мен дағдыларына(тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу) қалыптасып, оқып жатқан мамандығына қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға дағдылану;

- болашақ мұғалім ретінде жобалық зерттеу іскерлігін меңгеру. Жобалық зерттеу әрекетінің мазмұны тұлғалық білімді, сауатты өнім жасауға бағытталады және тілдік тұлға ретінде студенттің шығармашылық сапасын дамыту жағдайымен қамтамасыз етеді. Жобамен жұмыс жасау шығармашыл әрекет. Оқушылар өздері немесе мұғалімнің жетекшілігімен өздері үшін маңызды мәселені шешуді іздеумен айналысады. Бұл оқушылардың өздері білім мен дағдыны қолдану және жаңа контекстті қолдану білігін талап етеді.

Студент «болашақ ағылшын тілі мұғалімі» ретінде өзіндік жұмысы – мұғалімнің бүкіл өмір бойына үздіксіз өз бетімен білім алу кезіндегі дағды, белсенділік, икемдік және құзіреттілік қабілеттерін жетілдіруге әсер ететін, заман талабына сай өзгерістерге бейімділігін қалыптастыратын іс-әрекет.

Ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең білім алып, кәсіби шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анық.

Әдебиет:

1.    Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. // www.akorda.kz.

2.    Әбдіманапов С. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел // Егемен Қазақстан. – 2005. – 25 қараша.

3.    Бордовский Г.А. Предложения по корректировке государственных образовательных стандартов высшего провессионального образования по направлениям педагогического образования // Преподаватель. – 2004. - №2. – С. 12.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle