Тәрбие парадигмаларының ғылымда зерттелуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 2515 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Тәрбие парадигмаларының ғылымда зерттелуі / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 46-48. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10005/ (дата обращения: 25.04.2024).

Еліміздегі ғылым мен білімнің дамуын болжау, ХХІ ғасыр жастарын тәрбиелеу шарттарын зерделеуде көптеген толғақты мәселелер туындайды. Тәрбие теориясы ғылыми қауымдастық арасында бүгінгі күнде үлкен қызығушылық танытып отыр. Десек те, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеу сыналып, ақырында ұғымды сол коммунистік биліктің мұрасы ретінде қарастырғандар кездесті. Өйткені, бүгінгі таңдағы қарама-қайшылығы мол заманның қоғамдық санасына қажетті тәрбие мұратын табу қиынға соғады. Сондықтан, тәрбие - тұлғаны қоғамдық және мәдени өмірдің социомәдени нормативтер модельдеріне сәйкес дайындау мен қалыптастыру жүйесі. Көптеген ғалымдар пікірлері мен анықтамалары бойынша тәрбие популяцияның тарихын сақтауды қамтамасыз ететін механизм болып саналады.

Тәрбие көмегі арқылы қоғамға қажетті адами құндылықтар қалыптасады. Біріншіден, адамның сөйлеу мүмкіндігі; екіншіден, қоршаған ортаның өзгерісіне бағытталған мінез-құлық белсенділігі; үшіншіден, өндіріс құралдары арқылы қоршаған орта элементтері өзгерістерінің байланыс қызметі.

Тәрбие жеті негізгі факторлардан тұратын құралдар арқылы жүзеге асады: тәрбиелеуші тұлғасы; білім беру процесінің мазмұны; оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы; білім беру орындарындағы тәрбие жұмысының арнайы бағдарламасы; сабақтан тыс қосымша білім; өзін-өзі басқару және тәжірибелік (қоғамдық) жұмыс. Аталған факторлардың қатысу деңгейі және тәрбиелік ықпалы тәрбиенің жалпы стратегиясында қарастырылады [1].

Адам тәрбиесінің келесі түрлері ерекше бөлініп көрсетіледі:

Тәрбие мазмұнына қарай: 1) ақыл-ой тәрбиесі; 2) еңбек тәрбиесі; 3) дене тәрбиесі; 4) адамгершілік тәрбиесі; 5) эстетикалық тәрбие; 6) құқықтық тәрбие; 7) жыныстық және жынысаралық тәрбие; 8) экономикалық тәрбие; 9) экологиялық тәрбие және т.б.

Институтталған сипат бойынша: 1) отбасылық тәрбие; 2) діни тәрбие; 3) әлеуметтік тәрбие; 4) бейәлеуметтік тәрбие; 5) түзетілген тәрбие.

Үстемдік ету принциптері мен қатынас стильдері байланысты: 1) авторитарлық тәрбие; 2) еркін тәрбие; 3) демократиялық тәрбие [2].

Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселе бойынша бірнеше мақалалары жарияланған болатын: жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар [3], ақпараттық қоғам шарттарындағы тәрбие беру мәселелері [4] және қазіргі шарттарда студент жастарды патриоттыққа тәрбиелеу [5].

Тәрбие теориясын парадигмалық көзқараспен қарастыру үлкен қызығушылықты туындатады. Томас Сэмюэл Кунның (Thomas Samuel Kuhn, 1922-1996) пікірінше, ғылымның дамуы ғылыми парадигмалардың ауысуымен тікелей байланысты.

Тәрбие парадигмаларының түрлері бірнеше теориялар және тұжырымдамалармен өзара байланысты. Әрқайсысын жеке қарастырып көрелік.

Авторитарлық тәрбие парадигмасы. Дәстүрлі қоғам тәрбиесінің сипаттамалық белгісін көрсететін ескі парадигма. Ең негізгі белгісі тәлімгер мен тәрбиеленуші арасындағы бір жақты байланыс, біріншісі, әрдайым шыншыл, екіншісі, оған сенуі тиіс және оның ізімен жүргені абзал. Бұл тәрбиелеу моделінің маңызды қызметі білім, әлеуметтік құндылықтар мен өмір тәжірибесінің ұрпақтан ұрпаққа берілуінде жатыр.

Аталмыш парадигманың ойлары неміс философы және педагогы Иоганн Фридрих Гербарт (Johann Friedrich Herbart, 1776-1841) еңбектері арқылы көрініс табады. Оның пікіріндегі тәрбиенің басты мақсаты этикалық ойлар тұрғысындағы ерік үндестігі мен көпқырлы мүдде дағдылануында жатыр.

Табиғатқа ұқсаушылық тәрбие парадигмасы. Бұл дәстүрлі педагогика ретінде саналатын авторитарлық тәрбиеге қарама-қайшы алғашқы жауап. Мұның негізгі идеялары Я.А. Коменскийдің төмендегі пікірлерімен өзара байланысты: біріншіден, тәрбие әмбебап және ол қауымдық тосқауылдармен анықталмайды; екіншіден, тәрбие адамзат табиғатымен сәйкес келуі тиіс «табиғат күрделі және тәрбиелеуді қиындатады); үшіншіден, әмбебап тәрбие үшін әмбебап мұғалімдер қажет (әрбір адамды жетілдіру үшін, шебер басшылық керек).

ХХ ғасырдың басында аталмыш парадигма жанданып, швед жазушысы және педагогы Эллен Каролина Софья Кей (Ellen Karolina Sofia Key, 1849-1926) еркіндікте тәрбиелеу тұжырымдамасын айқындады. «Нәресте ғасыры» (Век ребенка», 1905, 326 б., «Barnets århundrade») кітабында балалар еркіндікте даму құқығын иеленуі жөнінде баяндалады.

Замандастар ұжымындағы тәрбие парадигмасы. Ұжым – тәрбиенің кеңестік ресми жүйесіне қажетті ұғым ретінде қалыптасқандықтан өзінің ғылыми мағынасын жоғалтып, тек идеология құралы саналды. Коммунизм идеологиясы түсінігінде ұжым социализмге апаратын кемел болашақтың бағдары болса, индивидуализм – капитализмнің адамзатқа жасалған қатері есептелді. Осындай жұтаң ұстанымдар деңгейінде көптеген елдердің ресми педагогикасы құрылды. Өйткені, социалистік мемлекеттер құндылықтары тоталдық бақылауға ұшырап, оның ықпалдастығы ұжым түсінігімен ұштасты. Бірақ, ұжым ұғымы социализм идеясымен бірге келді деу қате пікір. Капиталистік қоғам берілген парадигма бойынша ұжымдық тәрбие жүргізу қызметін «скаутинг» (Scouting) арқылы ұйымдастыруы түсініктің капиталистік құндылықтарға жат еместігін көрсетеді.

Ұсынылып отырған мәселе төңірегіндегі тәжірибелі жұмыс нәтижелерін поляк педагогы Януш Корчак (Janusz Korczak, 1878-1942) және орыс педагогы Антон Макаренко (1888-1939) көрсете білді. Бүгінде көптеген ғалымдар А.С. Макаренконың тоталитарлық қоғам азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған жүйені қалыптастырды және оның жүйесінде еркін адам жоқ деген пікір білдіреді. Бүгінде ғалым еңбектеріне Ресей көрсете алмаған құрметті Германия танытты. Германияның әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік жұмысшылары арасында еңбектері кең тараған. А.С. Макаренконың барлық еңбектері неміс тіліндегі кеңейтілген түсіндірмелері жарық көрді. Оның құрған тәрбие моделі тәжірибеде өз жемісін де беріп жатыр. Бір бағытта қызмет атқаратын ұжымға сүйеніш тәрбиенің көптеген міндеттері мәселелерін шешті. Бұл жүйе жаңа шарттарға оңай дағдыланады. Бұл парадигма идеясы барысында балалардың өмірлік әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі туралы да айтуға болады.

Қатерлі қоғамдағы жеке өмір сүру парадигмасы. Бұл парадигма әлі толықтай қалыптасып үлгермеуімен қатар, оның нақты сипаттамалық анықтамасы жоқ. Десек те, қазіргі жаһандық процестер, оның артықшылықтары мен қатерлері өзара байланысты адамзаттың жаңа кезеңдегі өмірінің көрінісін айшықтайтындығын болжауға болады. Оның теориялық негіздемесінің дайындығына постмодернизм ықпал ететіндігі де анық.

Қатерлі қоғам тұжырымдамасының сипаттамалық белгілерін танымал Европалық әлеуметтанушылар Ульрих Бек (Ulrich Beck, 1944) және Энтони Гидденс (Anthony Giddens, 1938) еңбектерінен көруге болады. У. Бектің пікірінше, қатерлі қоғам дәстүрлі қоғам аяқталғанда дәстүрдің реттеу рөлі жоғалғанда басталады.

Неміс философы және әлеуметтанушысы Юрген Хабермас (Jürgen Habermas, 1929) төмендегідей пікір ұсынады: «қоғамда моральды-саяси автономия санасы дамуда. Бұл біздің дәстүрге, дінге, көсем беделіне сүйене алмайтындығымызды көрсетеді және дұрыс пен бұрыс айырмашылығын өзіміз анықтауы қажеттілігін танытады. Бұл үшін бізде тек жеке өлшемдері ғана бар. Адам осы өзгерісі мол шындықта өзін-өзі сақтау үшін «толық жеке өмірлік жоспарын» құрады. Демек, бұл парадигманың негізгі мазмұны бүгінгі күнде ата-ана, тәлімгерлер, әлде, «үйдің үлкені» (ағасы) тәрбиесі арқылы орын алатындығын анықтауда жатқан секілді.

Осы жаңа тәрбие тұжырымдамасының негізгі және бірінші жорамалы – қатерлі қоғам мен жаһандануда тірек тек өзіңде, өмір сүру кез келген бағада. Екіншіден, өмір бұл ойын. Өмірдің ойындық негізі жаңа пішіндер иеленіп келеді. Кез келген құмар ойындары қоғамдық санаға сіңісіп, адамдардың күнделікті өмір-салтындағы мінез-құлық саналды. Үшіншіден, өмірді жоспарлаудың еш мағынасы жоқ, тұрақсыз әрі қатерлі қоғамда оның құндылығы жоқ. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, өмірлік жолдың кезекті кезеңдеріне дайындалудың қажеттілігі шамалы [6].

Тәрбиенің негізгі міндеттерін қабылдау және жүзеге асыру төмендегі құндылықтар арқылы жүзеге асады деген пікірдеміз: тұрмыстық (өмір, отбасы, салт-дәстүр, қаржы жағдайы, болмыс, жасампаздық); адамгершілік (ар-ұят, жақсылық, еркіндік, сенім, сұлулық); рухани (абырой, міндет, жауапкершілік, төзімділік). Міне, адамды тәрбиелеудің негізгі қағидаларын қалыптастыру осы үш құрамдас бөліктің жиынтығы арқылы ғана мүмкін деген шешім қабылдаймыз.

Алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтынын ұмытпауымыз қажет. Тұлға ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбие дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет.

Әдебиет:

1.    Зимняя И.А. Стратегия воспитания: возможности и реальность // Интеграция науки и высшего образования. – 2006. - №1. – С. 72.

2.    Мудрик А.В. Воспитание. – М., 1993. - Том 2. – С. 166-168.

3.    Насимов М.О., Саткенов Д.А. Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар // Молодой ученый. – 2014. – № 1-2. – С. 67-68.

4.    Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Ақпараттық қоғам шарттарындағы тәрбие беру мәселелері. Сборники конференции НИЦ Социосфера. – 2013. - №40. – С. 037-038.

5.    Nassimova G.O., Nassimov M.O., Paridinova B.Z., Koppossynova M.K. Patriotic education of students in the modern conditions // Paradigmata poznani. – 2014. - № 1. – Р. 52-52.

6.    Луков Вал.А. Парадигмы воспитания // Гуманитарные науки: теория и методология. – 2005. - №3. – С. 139-151.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, парадигма.


Похожие статьи

«Парадигма» в экономике | Статья в журнале «Молодой ученый»

In this article it is given definition about paradigm and ideas about us my it to economy, paradigm economy — conceptual model of economy (forming of economical algorithm of index)...

Педагогическая парадигма, теория, проблемы, поиски путей...

Однако у Т.Куна встречаются различные высказывания о сути парадигмы, дополняющие или уточняющие друг друга. Именно поэтому в парадигмальной теории...

Квантовая парадигма в системе нового психологического знания

Начало XX-го века ознаменовалось рождением одной из поразительных теорий физической науки, достижения которой к настоящему времени с трудом кто-либо может с уверенностью...

Парадигмы управления: новые правила ведения бизнеса

Автор книги «Парадигмы мышления» Джоэл Баркер приводит свое, на наш взгляд, весьма удачное, определение парадигмы: «Парадигма – это набор норм и правил...

Сущность новой управленческой парадигмы | Статья в журнале...

Научно-техническая революция, переход к информационному обществу и использование современных технологий повлекли за собой смену традиционного направления в менеджменте...

Дискурс как новая лингвистическая парадигма | Статья в сборнике...

В итоге была разработана новая, отнюдь не формально-структурная, а функционально-коммуникативная парадигма, основой которой является утверждение о том...

Основные парадигмы гносеологии | Статья в журнале...

Основные парадигмы гносеологии. Валиуллина Эльвина Хаитовна, магистрант; Рахматуллин Рафаэль Юсупович, профессор; Семенова Эльвира Разифовна, доцент.

Сдвиг парадигмы от «преподавания» к «обучению»

Таким образом, идет сдвиг парадигмы от «преподавания» к «обучению» и призывает перемещение усилий от учителя к ученику.

Новая парадигма экономического развития: институты, инновации...

В статье, посвященной проблеме формирования экономики знаний как новой формы экономической системы, проведен анализ особенностей процесса взаимодействия ключевых...

К вопросу об актуальных подходах в теории и практике...

Водораздел произошел в период распада средневековой культурной парадигмы: из культуры постепенно вымывается ценность непосредственности и ценность ощущения здесь-бытия.

Похожие статьи

«Парадигма» в экономике | Статья в журнале «Молодой ученый»

In this article it is given definition about paradigm and ideas about us my it to economy, paradigm economy — conceptual model of economy (forming of economical algorithm of index)...

Педагогическая парадигма, теория, проблемы, поиски путей...

Однако у Т.Куна встречаются различные высказывания о сути парадигмы, дополняющие или уточняющие друг друга. Именно поэтому в парадигмальной теории...

Квантовая парадигма в системе нового психологического знания

Начало XX-го века ознаменовалось рождением одной из поразительных теорий физической науки, достижения которой к настоящему времени с трудом кто-либо может с уверенностью...

Парадигмы управления: новые правила ведения бизнеса

Автор книги «Парадигмы мышления» Джоэл Баркер приводит свое, на наш взгляд, весьма удачное, определение парадигмы: «Парадигма – это набор норм и правил...

Сущность новой управленческой парадигмы | Статья в журнале...

Научно-техническая революция, переход к информационному обществу и использование современных технологий повлекли за собой смену традиционного направления в менеджменте...

Дискурс как новая лингвистическая парадигма | Статья в сборнике...

В итоге была разработана новая, отнюдь не формально-структурная, а функционально-коммуникативная парадигма, основой которой является утверждение о том...

Основные парадигмы гносеологии | Статья в журнале...

Основные парадигмы гносеологии. Валиуллина Эльвина Хаитовна, магистрант; Рахматуллин Рафаэль Юсупович, профессор; Семенова Эльвира Разифовна, доцент.

Сдвиг парадигмы от «преподавания» к «обучению»

Таким образом, идет сдвиг парадигмы от «преподавания» к «обучению» и призывает перемещение усилий от учителя к ученику.

Новая парадигма экономического развития: институты, инновации...

В статье, посвященной проблеме формирования экономики знаний как новой формы экономической системы, проведен анализ особенностей процесса взаимодействия ключевых...

К вопросу об актуальных подходах в теории и практике...

Водораздел произошел в период распада средневековой культурной парадигмы: из культуры постепенно вымывается ценность непосредственности и ценность ощущения здесь-бытия.

Задать вопрос