Библиографическое описание:

Аханов С. М., Нургалиев Н. Ш. Мал азығын дайындауды механикаландыру мен ағынды технологиялық желіні таңдау негіздері // Молодой ученый. — 2014. — №4.1. — С. 18-19.

Жем-шөп дайындаудың ағынды желісі деп - нақты технологиялық процесті қамтамасыз ететін белгілі бір ретпен орналастырған машиналар мен жабдықтардың жиынтығын айтады. Бұл жағдайда зоотехниялық талаптарға толық сәйкес келетін  еңбек шығынының, энегриямен материалдардың  ең аз жұмсалуын қамтамасыз етуі керек.  Сонымен қоса жем-шөпті малға таратып беру желісінің барлық ағынды-технологиялық желілері келесідей талаптарға лайық болуы тиіс:

-       технологиялық процесті еңбек пен уақыттың ең аз шығыны бойынша орындауы қажет;

-       сенімділігі жоғары болып келесідей зоотехниялық талаптарға сай болуы, оның ішінде:

-       жем-шөпті біркелкі және нақты таратылуын қамтамсыз ету;

-       жем-шөптің бүлінуіне жол бермеу және олардың қоспалар фракциясына бөлінбеуін қамтамасыз ету;

-       жануарлардың жарақат алуына жол беру;

-       электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-       желідегі машиналар құрамы технолгиялық процестің тиімді орындалуын қамтамасыз етуі қажет [1].

Ауыл шаруашылығындағы ағынды-технологиялық желілерді келесідей негізгі белгілері бойынша жіктейді: мақсатына қарай, желінің құрылымына қарай, жұмыс ритіміне қарай, жабдықтардың орналасуына қарай, автоматтандыруына қарай және машиналардың бір-бірімен байланысына қарай.

Негізінен жем-шөп тарататын ағынды-технологиялық желілер келесідей жүйеге келтіріледі «мал азығын сақтайтын орын-таратушы-жем-шөп салатын орын-жануарлар».

Бұндай жүйелер жем-шөпті таратуды қамтамасыз ететін бірнеше операциялардан тұрады. Бұл операцияларға келесілер жатады: жем-шөп тиегіш арқылы тиеліп, қажет болған жағдайда бункерге немесе майдалағыш машинаның транспортеріне түсереді.

Содан кейін майдаланған жем-шөп тиегіш транспортердің көмегімен  мобильді жем-шөп таратқышқа немесе транспорттық тіркемеге тиеліп, мал қамалған комплекске жеткізіледі. Егерде жем-шөп стационарлық таратқышпен таратылатын боласа, онда оларды бірден малдың астауына береді. Бұндай тәсілмен мал азығын бір ғимараттың ішінде тарату  30 минуттан аспауы тиіс, ал мобильдік жем-шөп таратқыштарды қолданғанда 20 минуттан аспауы тиіс [1]. Жем-шөпті тарату көрсетілген уақыттан асып кеткен жағдайда, малдарда сүт жиналу процесі ұзарып, олар сүтті дұрыс бермейді.

Шөпті майдалап дайындау  мен таратудың ағынды-технологиялық желісі  1-суретте келтірілген.

Бос шөптерді  стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағышты қолданып майдалап,  содан кейін  оны  МТЗ-80+КТУ-10А агрегатымен таратудың технологиялық  желісі 1, а суретінде келтірілген.

Бұндай ағынды-технологиялық желінің артықшылығына стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағышты  бос дайындалған  шөптермен қатар престеген шөптерді де майдалауға мүмкіндік береді. Шөптің ылғалдылығы 9-10% болған  кездегі стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағыштың өнімділігі 15 т/сағат, ал ылғалдылығы 30% болған кезде оның өнімділігі 4-5 есеге дейін азаяды. Бұл жағдай шөп майдалағыштың энергияны көп пайдалануымен қоса үлкен экономикалық шығынға әкеліп соқтырады.

Сурет 1.  Жем-шөп дайындаумен таратудың ағынды технологиялық

желісінің схемасы

Стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағышын қуаты 132кВт электрдвигательдік жетегі болған кезде, оны үлкен мал фермаларында қолданған тиімді болады. Өйткені бұл агрегаттың өткізгіштік мүмкіндігі өте жоғары және оны толық жүктемеде жұмыс атқаратын жерлерде, яғни үлкен жем-шөп дайындайтын комплекстерде қолданады. 

Ағынды-технологиялық желідегі барлық жабдықтардың анықталған қуаты 244 кВт құрайды  және онда үш адам  жұмыс атқарады. Желінің өткізгіштік мүмкіндігі майдаланатын шөптің орташа ұзындығы  20-75мм болған кезде  8 т/сағатқа тең. Сабанды стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағышпен майдалағаннан кейін оны Т-150 (К-700) тракторларымен тасымалдайды. Сонымен қатар ПЭ-0,8Б маркалы тракторлық тиегішті де қарастырады (сурет 1, б). Бұл технология бойынша рулонға, тюктерге тайланған немесе бос дайындалған шөп стационарлық ИРТ-165 маркалы шөп майдалағыштың бункеріне ПЭ-0,8Б маркалы шөп тиегіштің көмегімен беріліп, онда майдаланады. Содан кейін тиегіш транспортердің көмегімен КТУ-10А шөп таратқышқа тиеліп, малдардың астауына  беріледі.

Сабанды майдалау желісі  СМЖ-3 (сурет 1, в)  тюктермен рулондарға престелген және бос күйіндегі әртүрлі ылғалдықтағы сабандарды майдалауға арналған. Сонымен қатар КОРК-15 жем-шөп дайындау цехына шөпті үздіксіз беріп тұруға негізделген [2]. Бұл желінің жұмысы жақсы атқарылуы үшін келесідей маркадағы машиналар керек: грейферлік  ПЭ-0,8Б маркалы тиегіш, екі  МТЗ-80 макралы доңғалақты тракторлары және 2ПТС-4М маркалы тіркеме.

Бірінші суретте келтірілген екінші және үшінші технологиялық желілер тек қана шөптің  ылғалдығы 30% дан  аспаған кезде ғана қолдануға болады.

Жоғарыда келтірілген жем-шөпті дайындаудың ағынды технологиялық желілерінің біздің  облыс жағдайында  барлығын да қолдануға болады. Оның басты себебіне ауа-райының жаз айларында ыстық болу салдарынан дестеге салынып орылған шөптердің тез кебуі жатады [3]. 

Жем-шөп дайындау мен оны таратудың технологиялары көптеген конструкторлық схемалары, жабдықтарының типтері  бойынша ерекшеленеді. Бірақ та малдың негізгі азығы ретінде шөпті пайдалану көлемі 50-60% дейін жететінін ескерсек,  оны  дайындау технологиясына басты көңіл аудару қажет.

Біздің жағдайымызда жоғарыда келтірілген ағынды технолгиялық  желінің екінші схемасын қабылдауымыз керек. Оның басты себебіне  шөп майдалағышты кез келген жерге алып барып қолдануға мүмкіндік береді.

Әдебиет:

1.             Мельников С.В. Технологическое оборудование животноводче­ских ферм и комплексов. - 2-е изд., перераб., доп. - Л.: Агропромиздат Ле­нингр. Отд-ние, 1985. - С. 640.

2.             Система машин для комплексной механизации сельскохозяйст­венного производства на 1981-1990 гг. Животноводство. - М.: ЦНИИТЭИ, 1981. - С. 615.

3. Аханов С.М. Повышение эффективности использования агрегатов для заготовки прессованного сена в условиях Кызылординской области: автореф. …канд.техн.наук: 05.20.01. – Алматы, 2004. – 30 с.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle