Жасөспірімдер бойындағы девиантты мінез-құлықтың көріну себептері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №2 (61) февраль 2014 г.

Дата публикации: 01.02.2014

Статья просмотрена: 2002 раза

Библиографическое описание:

Омирбекова, С. Б. Жасөспірімдер бойындағы девиантты мінез-құлықтың көріну себептері / С. Б. Омирбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 2.1 (61.1). — С. 38-39. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9116/ (дата обращения: 24.04.2024).

Қоғамдық жаңарту кезеңінде Қазақстандағы әлеуметтік саяси-экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл жағдай қоғамдағы мектеп, отбасы рөлі және оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап, мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап [1], 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» [2] деп атап көрсетілген.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының  сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты  мақсаты психологиялық, физиологиялық  денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені  Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық  денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайын да қолға алынуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Адам мен адамзат» заңында, «Білім  туралы» заңында тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық  беріледі [3].

Қазіргі кезде жеткіншек  тәрбиесін қадағалау  педагогикалық  мәселе болып отыр. Отбасында өз баласын қандай етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала  белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда жеткіншектің аз да болса өзіндік өмірлік тәжірибесі, әдет-дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы,  қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі де отбасы тәрбиесіне, оның  қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр.

Жеткіншек  шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер, атап айтқанда: анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуындағы және оның әрекет түрлеріндегі өзгерістер.

Өтпелі кезеңде балалардың оқу үлгерімі  өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік «Мен» сезімі пайда болады. Олар еркіндікке құмар келеді, тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта балалардың өзін-өзі тануға құштарлығы арта түседі. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері, әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасынан, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Жасөспірімдер, әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, немесе жастар көп жиналатын сауық орындары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.

Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады. Демек, жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздіктің, аномалді мінез-құлықтың негізі         болып табылады.    

Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады [4].

И.А. Невский: Девиантты (ауытқулы) мінез–құлық деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады.

Танымал социолог  И.С. Кон  анықтамасында: Девиантты мінез-құлық ол психикалық саулық, құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы, - деп қарастырды.

Бейімделген мінез-құлық  тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез-келген бейімделуді бұзады (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік- психологиялық орта )  

Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева «девиантты мінез-құлық» деп төмендегідей топтастырды:

- пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу                            (ұрлық, алдау, жымқыру, сату,  т.б.)

- агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау)

- әлеуметтік-енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид, белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершілік- тен жалтару) [5].

Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен қарым-қатынаста педагогикалық этиканы ұстануы қажет. Қиын оқушыларды әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы оларды табысқа жетелеуге ұмтылуға бағыттау арқылы  жағымсыз әдеттерден игі әрекеттерге көшуге жағдай жасаған жөн.

Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау,оларды жеке-жеке бақыланып, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Жасөспірімдерді тәрбиелеу – терең педагогикалық-психологиялық білімді қажет етеді. Оны іс жүзіне асыру ата-анаға, педагогтер мен психологтарға жүктеледі. Біздің ойымызша, қиын бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады. Сондықтан  мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жасөспірімдерді  сабақтан тыс уақытта қызығушылықтары бойынша  түрлі үйірмелерге  тарту, белсенділіктерін қалыптастыратын қоғамдық шараларға баулу әрбір педагог-психологтың міндеті.

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім,1997. - 176 б.

3.      Аязбекова Г. Қиын баланы тәрбиелеу жолдары // Білімдегі жаңалықтар.

4.      Личко А.Е. Психопатии и акцентуация характера у подростков.- М., 1982. – С. 16.

5.      Иванова Л.Ю. Агрессивность,жестокость и отношения старшеклассников к их проявлениям. / Сб: Проблемы личности, профилактика отклонений в ее развитии, 1993. – С. 107.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос