Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №2 (61) февраль 2014 г.

Дата публикации: 01.02.2014

Статья просмотрена: 1869 раз

Библиографическое описание:

Ерханов, Дархан Мейірбекұлы. Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері / Дархан Мейірбекұлы Ерханов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 2.1 (61.1). — С. 13-14. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9111/ (дата обращения: 16.04.2024).

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдерге: үстеме пайда салығы; экспортталынатын ішкі мұнайға салынатын рента салығы; бонустар; роялти; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жатады.

Аталған салықтар мен арнаулы төлемдер және бюджеттке төленетін  басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы салық заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен міндетті салық сараптамасынан өткен отандық немесе шетелдік жер қойнауын  пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгіленген бүкіл мерзімі ішінде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетілуі мүмкін.

Өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгіленген салық салу шарттары келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін реттейтін Қазақстан республикасының салық заңдарының ережелеріне сәйкес болуға тиіс.

Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы  кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимі осы өзгерістерге сәйкес келтіріледі. 

Бірнеше салық төлеуші жер қойнауын пайдалануды  өнімді бөлу туралы бір келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жағдайда осы келісім-шартта  белгіленген  салық режимі  олардың барлығы үшін ортақ болып табылады.

Осындай келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын  қызмет бойынша салық төлеушілер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған  есеп жүргізуге  және келісім-шартта белгіленген  барлық салықтар мен төлемдерді төлеуге міндетті.

Бір келісім-шарт бойынша      қызметті жүзеге асыратын резидент  емес қойнауын пайдаланушыларға келісім-шартта  белгіленген салықтар бойынша  Салық кодексінің 184-186 баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.

Келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша  салық міндеттемелерін есептеу және осы келісім-шарт  аясынан  тыс қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы бөлек есеп жүргізуге міндетті.

Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттары мен мемлекеттің салық салу аясында салық режимінің екі үлгісі қолданылады.

Бірінші үлгі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есепке алмағанда Салық кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін бюджетке төлеуді көздейді.

Екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының  үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ Салық кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің  бюджетке төленуін көздейді. Алайда олардың қатарына экспортталған шикі мұнайға салынатын рента салығы, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциз және мүлік салығы қосылмайды.

Салық кодексінің 283-бабында көрсетілген екінші үлгі бойынша салық салу шарттары өнімді бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.

Үстеме пайда салығы

Үстеме пайда салығы заң жүзінде көзделген белгілі бір жағдайға орай оны төлеу міндеттілігі туындайтын, төлеушілері жер қойнауын  пайдаланушылар болып табылатын фискальдық (мәжбүрлі) алыным нысаны ретінде роялти, бонустар сияқты және тағы басқа да міндетті төлмедер қатарынан көрініс табады.

Үстеме пайда салығын төлеушілерге салықтық кезеңде тапқан  таза пайдаларының шегірімге қатысты нормасының деңгейін  20 проценттен асыруларына байланысты нақты келісім-шарттар бойынша үстеме (қосымша) табысқа қол жеткізген жер қойнауын пайдаланушылар жатады.

Күнтізбелік жыл үстеме пайда салығы үшін есепті кезең болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушылар салық органдарына үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді. Үстеме пайда салығы сол салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

Шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін (шығаратын) жеке және заңды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына салынатын рента салығының төлеушілері болып табылады.

Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектісі болып саналады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі оларды тасымалдауға жұмсалған салық төлеушінің шығыстарын  шегере отырып, шикі мұнайдығ газ конденсатының  сапасына төмендетілген баға (үстеме баға) ескерілген нарықтық бағасын негізге алып есептелген экспортталатын шикі мұнайдығ газ конденсатының  құны экспортталатын шикі мұнайға, газ конденстаына рента салығын есептеу базасы ретінде айқындалады.

Бонустар

Бонустар пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және өндіруге байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жасалған келісім-шартта бекітілген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы төлейтін тіркелген төлемдер болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушылар тиісті келісім-шарттарында көзделген қызметтерді жүзеге асыруларына орай бонустардың мынадай түрлерін: қол қойылатын бонусты және коммерциялық табу бонусын төлейді.

Қол қойылатын бонус келісім-шарттың ауқымындағы аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтерін жұзеге асыру құқығын  алғаны үшін жер қойнауын  пайдаланушы төлейтін біржолғы  тіркелген төлем болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салық, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттеріне пайдаланылғанына қарамастан төлейді.

Мынадай заңды және жеке тұлғалар:

1) жеке тұлғалар өзінің жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінде қндіретін жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өндіріс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;

2) жерасты суларын өзінің шаруашылық қажеттері үшін өндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

3) жер қойнауын пайдаланушылар өндірілген ілеспе жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшін кері айдағанда роялти төлемейді.

Роялти төлеу бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

Алдыңғы тоқсандағы Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салық бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салық салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салық жөніндегі декларациясын өзі тіркелген жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей табыс етеді.

Әдебиет:

1.      Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

2.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 35-бап. (Конституция 1995 жыл 30 тамызда Республикалық референдумда қабылдынған. 1998 ж. 7 қазанда және 2001 жыл 21 мамырда және 2 ақпан 2011 жылы енгізілген өзгертулер және толықтырулармен).

3.      Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

4.      Найманбаев С.М. Салықтық құқық. - Алматы, Жеті Жарғы, 2006. – 20 б.

Основные термины (генерируются автоматически): газ, мена, рента, сало.

Похожие статьи

Повышение эффективности разделения компонентов природного...

Природный газ (ПГ) и попутный нефтяной газ (ПНГ) в последние годы расширили свои функции, перестав просто быть нефтехимическим сырьем, а становясь

Рис. 1. Степень извлечения жирных фракций природного газа в зависимости от температуры охлаждения.

Разновидности договора ренты в гражданском праве РФ

В научном исследовании автором отображается общая характеристика основных видов договора ренты. Регламентируются и раскрываются существенные условия видов договора ренты.

Некоторые константы и содержание жирных кислот в бараньем...

Исследовано сало полученное при убое курдючной породы (джайдара) в возрасте 10–15 мес. Сырое курдючное сало белого цвета в

2м х Змм, неподвижная фаза — 10 %-ный полиэтилен гликольсукцинат на хромосорбе 80–100 меш, температура колонки 205°С,газ-носитель-азот...

Особенности договора постоянной ренты | Статья в журнале...

Постоянная рента – единственный вид ренты, в которой получателем может быть юридическое лицо, а сама рента – использована для покрытия особых потребностей получателя, не являющихся личными, бытовыми.

Понятие и существенные условия договора ренты

Договор ренты принадлежит к числу договоров, направленных на отчуждение имущества, и соответственно имеет с ними ряд характерных черт [2]. Как и предписано договором купли-продажи, мены, дарения...

Особенности ценообразования в условиях рыночной конкуренции

Ценообразование — это комплексный процесс, в котором необходимо учитывать большое количество факторов: политику и задачи предприятия, результаты маркетинговых исследований, действия конкурентов, психологию потребителей, действующее законодательство и другие...

Проблемы применения законодательства о праве...

Необходимо отметить, что законодатель в ФЗ «Об обороте» в статье 8 накладывает ограничения только на сделки купли-продажи земельных участков, другие способы отчуждения права собственности (такие как мена, рента, дарение и некоторые другие) никак не упоминаются.

Задать вопрос