Жастарды тәрбиелеу мен білім берудегі гуманитарлық технологиялар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №2 (61) февраль 2014 г.

Дата публикации: 01.02.2014

Статья просмотрена: 253 раза

Библиографическое описание:

Алибек, А. С. Жастарды тәрбиелеу мен білім берудегі гуманитарлық технологиялар / А. С. Алибек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 2.1 (61.1). — С. 31-33. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9106/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мемлекетіміздің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолы білім беру және тәрбие беру жүйесін жоспарлы түрде құру болып табылады. Бүгінгі күнде ХХІ ғасырдың көшбасшы мемлекеті болу білім беру арқылы тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыруда жатыр. Білім әлемдегі барлық мемлекеттердің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Тәрбие жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Сондықтан қазіргі бәсекелестік заманындағы шарттар бойынша оқытудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жүйесінің маңызы зор. Қазіргі заманғы философияның өзі гуманизм дағдарысына ұшырағаны жасырын емес. Дағдарыстың негізгі себебі – адамзаттың рухани-адамгершілік дамуы ғылыми-техникалық прогрестен артта қалуында деген пікірдеміз.

Білім беру тұлғаның қоғам талаптарын игеру жағдайындағы және оны реттеп отыратын тұлғаның қалыптасу процесі болып табылады. Бұл адам баласының оқу нормасы, тәрбиесі және әлеуметтік құндылықтарды игеру дағдысы ретінде саналады. Сондықтан білім беру процесі арқылы тәрбие жүргізу келесі сатылар негізінде дамиды: имитация– ересектердің мінез-құлқын кішкентай балалардың көшіруі; ойындық– бала мінез-құлықты оның мағыналық рөлі ретінде атқаруы; топтық ойындар – рөлдер негізінде күтілетін мінез-құлық.

Жастарға білім беру мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттер тұлғаның рухани, адамгершілік, шығармашылық дамуының жоғарғы деңгей сапалық белгілеріне сәйкес болуы тиіс. Білім берудегі жаңа міндеттер тәрбие мәніне жаңа түсініктер береді. Тәрбие қызметінің қазіргі заманғы тұжырымдамалары бойынша негізгі мәселелер төмендегідей: 1) тұлға дамуын басқару үрдісі; 2) тұлға дамуының шарттарын құру бастамасы; 3) тұлғаны әлеуметтендіру үрдісін бақылау; 4) тұлға дамуындағы психологиялық және педагогикалық қолдау үрдісі.

«Технология» термині тек ғылымда ғана емес, күнделікті өмірде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге қазіргі шетелдік және қазақстандық ғылымда берілген түсінікке қатысты нақты ұғымдар жоқ. Ғылыми әдебиетте «технология» ұғымы алғаш рет машина, фабрикалар мен өндірістік индустрияның ХVІІІ ғасырларда Европада дамуы барысында, ал Кеңестік ғылымда бұл термин ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Оның пайда болуы И.А. Двигубскийдің химиялық технологияға қатысты «Начальные основания технологии, или краткое показание работ, на заводах и фабриках производимых» (1808 ж.) оқу құралы, «Технологический журнал» (1840 ж.) топтамасының жарық көруі мен «Курс химической технологии» (1851 ж.) оқулығының шығуымен байланысты.

Демек, химияда «технология» арнайы ғылыми термин ретінде бекітілді. Қызметтің өзге салалары мен ғылыми әдебиетте «технология» түсінігінің орнына «өнер», «іс» секілді терминдер жиі қолданылады.

Сонымен бірге, технология ұғымын жеке түсінік ретінде ғылымға енуіне «техника» терминінің қолданылуы кедергі келтіріп, көп жағдайда «технология» ұғымын ауыстырып отырды. Сондықтан ғылыми пәндер классификациясында технология ұғымын техникалық ғылымдармен байланыстырылып отырады.

Дегенмен, кейбір зерттеушілер технологияның техникалық пәндерінен бөлек ғылым салаларында кеңінен пайдалануға болатынын дәлелдейді. М. Корач пікірінше, техника адамның табиғатты игеруін көрсететін өркениет пен мәдениеттің бір саласы болып табылады және бұл салаға экономикалық қызметтегі материалдық құралдарға жетудің мақсаттарын енгізеді.

Басқа зерттеушілер техникалық ғылымдарды екі үлкен топқа бөледі:

1) техника мен еңбек құралдарының материалдық құрылысы туралы ғылым;

2) техникалық жүйелердің құрылымы мен қызметтері туралы ғылым. Олар технологияны ғылымның екінші тобына жатқызып, оның көптеген бағыттарын ерекшелейді: металл өңдеу технологиясы, машина жасау технологиясы, құрылыс өндірісінің технологиясы, химиялық технология және т.б.

А.Д. Бондаренко «техника» және «технология» терминдерінің эволюциясын сараптай келе, оның келесі хронологиялық кезеңдерін көрсетеді:

Бірінші (ХІХ ғ. басы – ХІХ ғ. үшінші ширегі): «технология» терминінің арнайы әдебиетке енуі және оның химия мен химиялық өндірісте бекітілуі.

Екінші (ХІХ ғ. үшінші ширегі – ХІХ ғ. соңы): «техника» терминінің кең тарауы және оның табиғат күшін игерудегі дағдылар, икемдер, тәсілдер мен білімдердің жиынтығы ретінде түсініктеме берілуі.

Үшінші (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. бірінші ширегі): «техника» терминінің үстемдігі және оның адамзат қызметінің жеке салаларында кәсіпқойлық ретінде түсініктеме берілуі.

Төртінші (ХХ ғ. екінші ширегі): «технология» терминінің дамуы, оның өндірістің барлық салаларында таралуы және бекітілуі. Технология ғылыми және тәжірибелік дифференцияға ұшырады. «Техника» терминімен еңбектің материалдық нұсқалары белгіленді.

Бесінші (ХХ ғ. үшінші ширегі): «техника» мен «технология» терминдерін қолдануға қатысты қатал талаптар. Теориялық технологияның пәнін негіздеу қолға алынды. «... материя өмірінің формалық өзгерістерін зерттеуге бағытталған процестерді зерттейтін ғылым...» Берілген кезеңді зерттеушілер ғылыми технологияның бекітілуімен байланыстырады.

Алтыншы (ХХ ғ. соңғы ширегі): технологияның әрі қарай дифференциялануы, теориялық бөлімінің қалыптасуы мен дамуы. Техника термині бөлінді және жеке категориялық түсінік ретінде қалыптасты [1].

Бүгінгі күндегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлар педагогикалық ұстанымдарды қайта қарап, тәжірибелі, сапалы білім беру арқылы болашақ мамандарды даярлаумен қатар, білім берудегі рухани-адамгершілік, ақпаратты шығармашылық және сыни өңдей алатын, құбылыстарды терең сараптайтын технологияларды қажет етеді. Оның негізгі рөлін гуманитарлық технологиялар атқарады. Гуманитарлық технологиялар – стратегиялық сипаттағы болашаққа болжам жасау, көпшілікке жария ету және даралығын танытатын әлеуметтік жүйелерді басқару әдістерінің кешені болып табылады.

Сондықтан «технология» түсінігінің мазмұны көпқырлы. Оның ғылыми шеңберінде теориялық және тәжірибелік салалары қоғамдық даму мәселесін шешу барысында қиындықтар туындатады.

«Технология» түсінігі ең алдымен шаруашылық өндірісі, техникалық прогресс, техникалық конструкциялар мен өндірістік процесс жүйелерімен байланысты. Сонымен бірге, технология материалдық өндіріс саласының пайда болуы арқылы дамыды.

Гуманитарлық технологиялар бойынша индивидтің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді айқындауда «мінез-құлық стратегиясы» термині кеңінен қолданылады. Бұл ұғымды институтталған жүйешіктердің келісім теориясындағы өзара байланыстарды қарастыратын «әлем» түсінігімен қарастыруға болады. Ғылымда мұндай әлемнің жеті түрі көрсетілген:

1) нарықтық әлем; 2) индустриалдық әлем; 3) дәстүрлік әлем; 4) азаматтық әлем;  5) қоғамдық пікір әлемі; 6) экологиялық әлем; 7) шабыттану және шығармашылық қызметі әлемі.

Көрсетілген әлем түрлері сипаты мен құндылықтарына қарай бөлінеді:

1. Ақпарат көзіне қарай: нарықтық әлем – баға; индустриалдық әлем –техникалық және технологиялық стандарттар; дәстүрлік әлем – дәстүр, сенім аңыздар мен салт-дәстүр; азаматтық әлем – заңдар, мінез-құлық ережелері; қоғамдық пікір әлемі – саяси жарнама, өсек-аяң; экологиялық әлем – қоршаған ортаның жағдайы туралы мәлімет; шабыттану және шығармашылық  қызметі әлемі – дарындылық.

2. Мінез-құлық нормаларының басымдығына қарай: нарықтық әлем – индивид қажеттілігінің жоғарылығы; индустриалдық әлем - өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету; азаматтық әлем – жеке мүдделерді ұжыммен байланыстыру; қоғамдық пікір әлемі – танымалдылық жетістігі; экологиялық әлем – адамдар арасында өзара байланыстарды экология талаптарымен байланыстыру; шабыттану және шығармашылық қызметі әлемі – қайталанбас нәтижеге жету мүмкіндігі.

3. Институтталған жүйешіктер пәндік белгілері бойынша бөлінеді: нарықтық әлем - әлеуметтік өзара байланыстардың негізі болып табылатын тауар мен ақша; индустриалдық әлем – құрал-жабдық; дәстүрлік әлем – табыну құралдары; азаматтық әлем – қоғамдық игілік; қоғамдық пікір әлемі – мәртебе көрсеткіштері; экологиялық әлем – табиғат нысандары; шабыттану мен шығармашылық әлемі – өнертабыс және инновациялар [2, 58-68 бб.]. Демек, аталған жеті әлем бір-бірімен өзара байланысты және өз кемшіліктерін біріге реттеп отыруға мүмкіндіктері бар.

Жалпы гуманитарлық технологияларды білім берудегі инновация ретінде қарастырамыз. Білім беру процесінде инновацияның маңыздылығы зор. Инновация – жүйені жаңарту, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жаңа сапалық белгілерге өту жолы. Білім берудегі инновациялық ізденіс гуманитарлық технологиялар түсінігіндегі парадигмалар өзгерісіне байланысты. Сондықтан оқыту процесіне инновациялар енгізу уақыт талабына сай болуы тиіс. Бұл бағытта гуманитарлық технологиялардың білім беру процесіндегі маңыздылығын ескерген жөн.

Инновациялық педагогикалық процестер әлеуметтік зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе салаларының пәні ретінде зерделенуі елімізде кеш қалыптасты. Әлемдік педагогикалық қауымдастық бұл мәселеге ерекше қарайды. Мәселен, ЮНЕСКО жанында әлемнің барлық елдеріндегі педагогикалық тың жаңалықтар жиынтығын жүйелеп, ақпарат беретін білім беруді дамытудағы педагогикалық инновациялар орталығы қызмет атқарады.

Инновация адамзат секілді өмір циклінен өтеді. Инновация дамуының келесі кезеңдері бар: 1) инновацияның пайда болуы; 2) оның қалыптасуы және нақты ортада жылдам өсімі; 3) кемелденуі, оның өзге ортаға кең таралуы; 4) жаңа бастамалардың дәстүрге айналуы.

Дәстүрге айналған инновацияның төртінші сатысы ұзақ уақыт қоғам үшін қажетті болады. Бірақ, оның қажеттілік шарттары өзгерсе, инновациялық дамудың бесінші кезеңі қалыптасып, дағдарысқа ұшырау байқалады [3, 125 б.].

Еліміздегі гуманитарлық технологиялардың қазіргі жағдайын талдауға байланысты оның екі мен үшінші сатылары арасында десек те болады. Бүгінде ол қоғамның барлық салаларына кеңінен тарап, білім беру мен тәрбиелеудегі маңызы артты. Біздің ойымызша, саяси-әлеуметтік, философиялық, діни, ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-мәдени инновациялардың педагогикалық инновацияларға ықпалы мол.

Қорыта айтсақ, гуманитарлық технологиялар білім берудегі инновациялық дамудың деңгейі мен жастар тәрбиесіндегі құндылықтарды айқындауға ықпал жасайды. Болашақ мамандарға қазіргі қоғамға қажетті кәсіби шеберлікті орындауға тәрбиелейді. Білім беру мен тәрбиелеу интеграциясы әлемнің жаһандық мәдениеті мен өзара түсіністік арасындағы байланыстың адамзат тұлғасының даму көрсеткішін танытады. Сондықтан білім беруді модернизациялау қоғам мүшелерінің ойлары мен қызметінің нәтижесі саналады.  

Әдебиет:

1.  Насимова Г.О. Политическая конфликтология. – Алматы, 2008. – 246 с.

2.  Олейник А. В поисках институциональной теории переходного общества // Вопросы экономики. – 1997. – № 10. – С. 58-68.

3.  Соломин В.П. Гуманитарные технологии как инновация в образовании // Вестник ТГПУ. – 2011. - №4 (106). – С. 125.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, инновация.


Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Задать вопрос