Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Максутова, А. М. Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері / А. М. Максутова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 24.1 (471.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/471/104104/ (дата обращения: 08.05.2024).



Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Кілтті сөздер : дыбыс айту, тілді жаттықтыру, сөйлеу кемшілігі.

В данной статье рассматривается проблема этапов логопедической работы по исправлению недостатков звукопроизношения.

Ключевые слова: произношение, тренировка языка, речевые недостатки.

Сөйлеу — жеке адамның визиттік картасының бір түрі. Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың саны өте көп. Соңғы кодекстерде мүмкіндігі шектеулі балаларды, әсіресе ақыл-ойы бұзылған балаларды практикалық дағдыларға үйрету, олардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беретін өмірлік құзіреттілікті дамыту тұрғысынан бұрынғыдан да көбірек қарастырылған. үдерісі сөзсіз сөйлеудің коммуникативтік функциясына жатады. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың коммуникативті дағдыларының жетілмегендігі, олардың сөздік жеткіліксіздігі еркін қарым-қатынас процесін қиындатады, балалардың сөйлеу және танымдық белсенділігінің дамуына кедергі келтіреді, мектеп оқушыларының табысты әлеуметтік бейімделу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды. Жас балалардың дамып келе жатқан сөйлеу тілі дыбыс айтудың кемшіліктерімен ерекшеленеді. Бұның бірінші себебі — артикуляциялық мүшелердің (тілдің, еріннің, таңдайдың, төменгі жақтың) қозғалыстарының толық дамуы. Екінші себебі — фонематикалық есту қабілетінің толық қалыптаспауы, яғни баланың дыбыстарды (фонемаларды) дұрыс қабылдамау және анық естімеу, бір-бірімен ажырамау. Сол себептермен мектепке дейінгі кезеңнің бастауына қарсы бола сөйлеу тілін әжептәуір меңгергенімен қатар, оның сөйлеуінде дыбыс үндері әлде де анық және таза шықпайды. Әрине балалардың барлығы бірдей емес, олар бір-бірінен фонематикалық есту қабілетінің де, сөйлеу маторикасының да дамуы бойынша ерекшеленеді. Кейбір балаларда артикуляциялық қозғалыстарды жасау қиындық туғызбайды, олар бұрын дұрыс айта алмайтын дыбыстың артикуляциялық қалпын бір рет түсіндіріп 3 жастағы балалардың дыбыс айтуындағы кемшіліктері жас ерекшелігіне байланысты, олардың ішінде келесі ақаулықтар жиі кездеседі [1]:

1) Ы-ның дыбыстардың ысқырық дыбыстарға алмасуы

2) р-дыбысы айта алмауы

3) л-дыбысын жұмсартып айту

4) жалпы барлық дауыссыздарды жұмсарту.

5) ғ, к, х дыбыстары дұрыс айтылмауы немесе т, д дыбыстарға алмасуы және т. б. Дыбыс айту кемістіктерін түзету жұмысының негізгі кезеңі үш кезеңге бөлінеді: дыбысты қою кезеңі, дыбысты машықтандыру кезеңі және дыбыстарды ажырату (дифференцициялау) кезеңі. Дыбысты қою кезеңнің мақсаты-жеке дыбыстың дұрыс айтылуын қарастыру. Жұмыс мазмұны: дайындық кезеңінде үйренген артикуляциялық аппараты мүшелерінің қимылдарын, қалпыларын біріктіру және осы дыбыстың артикуляциялық базасын қалыптастыру, ауа ағымын және дауысты қосу (ұяң, үнді (сонсорлы) дыбыстары үшін), жеке дыбыстың айтылуын жаттықтыру.

Бірде-бірде мұндай кемшіліктер азаяды, ал 4–5 жасқа қарай балалардың көбісі дыбыстарды дұрыс айтуды меңгереді. Бұның өзі өз бетінше пайда болмайды, балалардың дыбыс айтуы қоршаған ортадағы ересектердің сөйлеу ықпалы арқылы қалыптасады. Егер бала дұрыс сөйлеу тілін естіп жүрсе, егер қалай сөйлеу керек туралы ересектердің дұрыс нұсқауларын қабылдап отырған болса және соның нәтижесінде баланың дұрыс, анық сөйлеуге мұқтаждылығы пайда болса, сол ықпалдың өте жағымды болғаны анық. Сонымен, баланы қоршаған сөйлеу ортасының толқынды болуының маңызы зор. Балаларға олардың дыбыс айту мүмкіндіктеріне келмейтін өлеңдерді жаттату жағдайлары да кездеседі. Сөйлеу жүктемесінің мөлшерден тыс көп болуының салдарынан сөйлеудің физиологиялық механизмдеріне зақым тиеді, жас ерекшеліктеріне байланысты дыбыс айту ақаулықтары күрделеніп түседі [2].

Қорытындылай келе, әдете балалар 4–5 жасына таман дыбыстарды дұрыс атылуы толық қалыптасады. Дегенмен өз дамуының жеке, әлеуметтік және патологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір балалардың дыбыстарды дұрыс атуы қабілеті толығымен қалыптаспай, жетілмей қалады да, тұрақты дислалия атты кемістігіне айналады.

Әдебиет:

  1. Қазақ тілі // Дефектология. — 50–51 бб.
  2. Артемова Л. В. Дидактические игры. — М., 1992.


Ключевые слова

дыбыс айту, тілді жаттықтыру, сөйлеу кемшілігі
Задать вопрос