Ежелгі өнер және технологиялар: қысқаша шолу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №16 (358) апрель 2021 г.

Дата публикации: 14.04.2021

Статья просмотрена: 77 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Ежелгі өнер және технологиялар: қысқаша шолу / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16.1 (358.1). — С. 7-9. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80040/ (дата обращения: 27.04.2024).

Өнер дүниені көркемдік ұғыну мен игеруге бағытталған адамның рухани-тәжірибелік қызметінің саласы. Өнер қоғамда бірнеше қызметтер атқарады. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталсақ: танымдық, идеологиялық, құндылықтыққа бағдарланған (аксиологиялық), таңбалық (семиотикалық), эмоционалды дамытушы, эстетикалық, тәрбиелік, гедонистік, шығармашылық (эвристикалық), арт-терапиялық және т. б. Осы қызметтердің біріне басымдық беруге болмайды, өйткені, өнер туындыларын жасау және қабылдау барысында бұл қызметтердің барлығы қатысады.

Өнердің танымдық қызметі суреттер, гравюралар немесе скульптураларда көрсетілген бейнелерде көрініс тауып, табиғаттың бұрын байқамаған әсемдігін, ашуға, адамның ішкі дүниесін тануға, қайталанбас күрделі адамзат қатынастарын бағалауға көмектеседі. Өнердің идеологиялық қызметі оның әлеуметтік-тарихи детерминатталуымен байланысты. Өнер туындылары арқылы бұқараны қажетті идеологияға сендіру жеңіл соғады. Өнердің аксиологиялық қызметі адамдардың өнер туындыларымен танысудағы сезім мен толғаныс, көңіл-күй мен жұбаныштары процесі барысындағы құндылықтардың гуманистік мәдениетін байланыстырудан құралады. Өнердің семиотикалық қызметі кез келген нысанның бейнесі осы нысанның таңбасы болып табылатындығын білдіреді. Өнердің эмоционалды дамытушы қызметі адамның эмоционалды-сезімдік саласына ықпал етуінен құралады. Өнермен танысу адамдардың эстетикалық сезімін, эстетикалық талғамын дамытып, эстетикалық тілегін қалыптастырады. Сондықтан өнер эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы болып табылады. Өнердің гедонистік қызметі адам қабылдауынан туындайтын бақыт пен сүйсінушілікпен байланысты. Өнердің эвристикалық қызметі оның шығармаластықты түсінуімен байланысты. Өнермен тұрақты байланыс осы қабілетті дамытады. Өнердің коммуникативтік қызметі өзара түсіністік пен байланыс, мәдени құндылықтармен айырбас, адамның мәдени қажеттіліктерін дамыту мен қанағаттандыруды жеңілдетеді. Өнердің футуристік қызметі де бар, бұл оның болжаушылық қабілетін қалыптастырады. Өнердің арт-терапиялық қызметі адамның көркем туындылармен танысу процесінде жағымсыз психикалық ахуалды түзеу және сауығумен байланысты [1, 3–5 бб.].

Жалпы ежелгі өнер және технологиялар тақырыбына байланысты зерттеулерге шетел ғалымдары ерекше мән бергені байқалып отыр. Зерттелген тақырыптар да жан-жақтылығымен ерекшеленетіндігін айта кеткеніміз жөн. Мәселен, Шығыс Азиядағы ежелгі өнерді зерттеген жұмыста С. Берчи [2] бай дәстүрлер осы өңірдегі өнер қалдықтарын сақтауға көмектесті деп айқындайды. Автордың пайымдауынша, Еуразиялық өнерді зерттеу заманауи өмір бірсарындылығынан арылуға көмектеседі.

«Ежелгі және тарихи керамика» атты еңбекте Р. Б. Хейманн мен М. Магетти [3] керамикалық технологиялардың дамуын зерттеуге ұмтылады. Нәтижеге жету үшін авторлар пәнаралық тәсіл әзірлеп, ғылыми, тарихи және құрылымдық талдауларды біріктіреді. Осы пәнаралық байланыстар арқылы ежелгі керамикалық дәстүрлердің шеберлігін түсінуге болады.

К. С. Палдам мен Я. Вамбергтің редакциясында жазылған «Өнер, технология және табиғат» [4] атты еңбекте авторлар өнер мен техниканың табиғатпен байланысы 1900 жылдан бастап ажырамайтындығын дәйектейді. Бұл еңбекте алғаш рет ортағасырлардан кейінгі өнер, техника мен табиғат арасындағы өзара байланыстарды зерттейді. Зерттеудің 14 бөлімінде өнер мен технологияның табиғатты өзгертудегі кейбір құбылыстары талданады.

Дж.В. Хамфри «Ежелгі технологиялар» атты еңбегінде төмендегідей пікір білдіреді [5, 1 б.]: «Технологиялар — бұл адамдардың ойлап тапқан және адамзаттың аман қалуы мен мәдениеттің дамуына мүмкіндік беретін құбылыс. Технологиялар көп жағдайда материалдық нысандарға тән. Мысалы құралдар денені толықтыруға арналған ажырамалы бөлшектер және ол адамдарды бір-бірінен ерекшелей алады. Құралдар алғашында біздің бабаларымызды қоршаған ортаға бейімдесе, соңғы 10 000 жылда біз қолданатын технологиялар қоршаған ортаның біздің қажеттіліктерімізге бейімделуін көздейді».

Л. В. Мейстің [6] редакциялығымен жарық көрген ежелгі су технологиялары талданған еңбекте авторлар мәселенің зерттелуі Леонардо да Винчи, Даниэль Бернуллидің жұмыстарынан бұрын пайда болғанын баяндайды. Тіпті су технологияларының тарихы Архимедке дейін басталғанын да айқындайды.

Я. Шоудың «Ежелгі Египет технологиялары мен инновациялары» [7] атты еңбекте ежелгі Египеттегі технологиялардың өзгерістері мен эволюцияларына іргелі дәлелдемелер ұсынылады. Талқылаулар когнитивті және әлеуметтік контекстте беріліп, египеттік ақыл-ой шығармашылығы мен инновацияларға икемділігі айтылады. Египеттегі өзгерістер қарқындылығы Африкалық, Жерорта теңізіндегі және Таяу Шығыстағы елдермен салыстырмалы түрде жүргізіледі. Еңбек нәтижелері тек дәстүрлі археологиялық және мәтіндік деректерге сүйеніп қана қоймай, ежелгі материалдарды ғылыми талдау, эксперименталды және этно-археологиялық ақпараттарға мән беріледі.

Жоғарыда айтылған пікірлерден шығатын қорытынды: өнер және технологиялар өзара байланысты ұғымдар. Адамзаттың бүкіл тарихында өнер мен технологиялар өзара бірлесіп әрекеттесіп отырған. Техникалық революциялар нәтижесінде өнер саласында да түбегейлі өзгерістер орын алды. Жаңа технологиялар өнер туындыларына да ықпал жасап, өнердің жаңа түсінігі — цифрлық өнер пайда болды.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Сокольникова Н. М. История изобразительного искусства: в 2 т. Т. 1. — 2-е изд., стер. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. — 304 с.
  2. Bérczi S. Ancient Art of Eastern-Asia // Journal of Eurasian Studies. — 2009. — № 1 (4). — P. 15–51.
  3. Ancient and Historical Ceramics: Materials, Technology, Art, and Culinary Traditions // Edited by R. B. Heimann and M. Maggetti. — Stuttgart: Schiweizerbart Science Publishers, 2014. — 550 p.
  4. Art, Technology and Nature: Renaissance to Postmodernity, 1st Edition // Edited by C. S. Paldam, J. Wamberg. — Farnham: Ashgate, 2015. — 322 p.
  5. Humphrey J. W. Ancient Technology. — Westport, Connecticut, London: GREENWOOD PRESS, 2006. — 248 p.
  6. Ancient Water Technologies // Edited by L. W. Mays. — London, New York: Springer Dordrecht Heidelberg, 2009. — 280 p.
  7. Shaw I. Ancient Egyptian Technology and Innovation. — London: Bristol Classical Press, 2012. — 216 p.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, GREENWOOD, PRESS, оса.

Похожие статьи

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

В группе больных с АГ с СД 2-го типа...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

оса, бола, мена. Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

Ключевые слова: экологических факторов, физической культуры, спорт, психология, гигиена, качество.

К вопросу об особенностях перевода видеоигр с английского языка...

Видеоигры стали одним из популярных способов проведения досуга во всем мире. Цель этой статьи — подчеркнуть важность разработки конкретных методов перевода, которые помогут индустрии охватить более глобальную аудиторию, сделав игровой процесс приятным для всех...

Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды

оса, мена. Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Организмнің ішкі ортасы мен тамырлар жүйесінің эволюциясы.

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность...

Исследование электрических свойств композитного углеродного...

Cambridge University Press 2003; Беляев Н.М. Сопротивление металлов. Новые эпоксидные композиции с диэлектрическими... Вследствие разности структур частиц наполнителей электропроводимость материалов существенно различается, так у составов, содержащих ТРГ

В этих материалах постоянные упругости являются функциями размера, формы и...

Перспективы внедрения технологии блокчейн | Статья в журнале...

В данной статье ставится задача рассмотреть перспективы развития блокчейна путем исследования данной технологии в современном мире. Анализируются преимущества и недостатки блокчейна, а также состояние его рынка. Особое внимание уделяется практическим...

Задать вопрос