Этнолингвиcтикалық сипаттағы мақал-мәтелдер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Рсалиева, А. М. Этнолингвиcтикалық сипаттағы мақал-мәтелдер / А. М. Рсалиева, Г. М. Кадырова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 29-30. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50081/ (дата обращения: 28.04.2024).



Мәдениетаралық қарым‑қатынаста түсінбеушілік неден орын алуы мүмкін.Яғни жалпы мағынасын жеткізер болсақ, әр түрлі мәдениет өкілдерінің белгілі бір ойды жеткізу және қабылдау қарекеттерінің түрліше қалыптасатындығынан орын алатын түсінбеушіліктің барлығы басқаның ойы мен ісі біздікіндей емес, біздікі ғана дұрыс, басқаныкі бұрыс деген жаңсақ сенімнен пайда болады. Бұл сауаттылыққа жатпайды. Осындай түсінбеушіліктер негізінен тіл, құқық, құндылық, қажеттілік және жекелеген жағдаяттарда орын алады.

Қарап отырсақ, түсінбеушілік атаулының басында қашанда тіл тұрады.

Реалий атаулар мен ономастикалық атаулар қай тілдің болмасын мақал‑мәтелдері құрамында жиі кездесетін болғандықтан, олардың аудармада берілуіне де мән бермей өте алмаймыз:

Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры.

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?

Керісінше, ағылшын тілінде де мұндай мақал‑мәтелдерді өте көптеп кездестіруге болады. Мысалы:

What Manchester says today, the rest of England says tomorrow [1, p. 58].

Essex stiles, Kentish miles, Norfolk wiles, many a man beguiles [1, p. 87].

The older the Welshman, the more madman [1, p. 206].

Мұндай сарындағы мақал‑мәтелдерді шетел тілдеріне аударудың ерекше жолдарын қарастыру қажет. Бұларға өзге тілдерде балама табу ісі аса қиындық тудырады. Бұл жөнінде А.В. Федоров «Основы теории перевода» деп аталатын еңбегінде былай дейді: «Создание подобия иноязычной пословице оказывается необходимом тогда, когда в ней упоминаются характерные исторические факты или географические названия, которые делают невозможным использование готового соответствия (даже если оно есть, но содержит упоминание о национальных реалиях). Так, фр. ,”Paris ne s’est pas fait en un jour” – требует перевода «Париж не один день строился», а испанское “No so gano Zamora en una hora” – «Самара не в один час была завоевана» и не допускают применения готовой русской пословицы «Москва не один день строилась», имеющей тот же иносказательный смысл, но противоречащей национальной обстановке оригинала [2, c. 226].

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының өн бойында таза қазақ халқының шынайы табиғатынан, өмір салтынан туған этнолингвистикалық сипаттағы мақал‑мәтелдерінің мысалдары төмендегіше болып келеді:

Бабын таппасаң қыран құс қасқыр ала алмайды [3, 188 б.].

Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды [3, 99 б.].

Арғымақ өлсе құлын бар, әкесі өлсе ұлы бар [3, 208 б.].

Қойда аман, қасқыр да тоқ [3, 448 б.].

Көппен келісіп пішкен тон келте болмас [3, 436 б.].

Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі [3, 435 б.].

Қоянды – қамыс, ерді намыс өлтіреді [3, 142 б.].

Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң көре алмайды [3, 111 б.].

Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық [3, 251 б.].

Аталы сөзге арсыз тоқтамас [3, 44 б.].

Орыс тілінің де осындай төл мақал‑мәтелдерінен мынадай мысалдар келтіруге болады:

Готов сани летом, а телегу летом;

Ешь пирог с грибами, а (да) язык держи за зубами;

Тяжела ты, шапка Мономаха!

Кто любит попа, (а) кто Попову дочку;

Русский человек (мужик) задним умом крепок;

Хороша Маша, да не наша [4].

Ағылшын тілінің де осындай төл мақал‑мәтелдерінен мынадай мысалдар келтіруге болады:

An Englishman loves a lord;

All countries stand in need of Britain, and Britain of none;

Oxford for learning, London for wit, Hull for women, and York for a tit

("Tit" here means "horse");

When a man is tired of London, he is tired of life [1].

Мұндай этнолингвистикалық сипаттағы мақал‑мәтелдер жоғарыда айтылғандай, лингвомәдени бірлік ретінде тілден‑тілге аударылу барысында аудармашы тарапынан ерекше зейінге алынып отырылуы тиіс.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» орталығының «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. The Penguin Dictionary of Proverbs. Second edition. Penguin Books. 2000. 365 p.
  2. Федоров А.В. Основы теории перевода (Лингвистические проблемы). Учебн. пособие. 5-е изд. СПб.: СПбГУ.: М.: «Филология три», 2002. – 416 с.
  3. Есенберлин. І. Көшпенділер. Алматы.: Ілияс Есенберлин атындағы қор. 1998. 581 б.
  4. Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л. Русско‑английский словарь пословиц и поговорок / Russian-English Dictionary of Proverbs and Sayings. М.: «Русский язык», 1989 – 352 c.


Задать вопрос