Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және дамыту әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 апреля, печатный экземпляр отправим 10 апреля.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мухтарова, А. М. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және дамыту әдістері / А. М. Мухтарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 33-36. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39992/ (дата обращения: 29.03.2024).



Аннотация. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік — шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлікті дамыту және реттеу — нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Негізгі сөздер: кәсіпкерлік, нарық, баға, салық, лицензия, инвестиция, бизнес-инкубатор, тауар.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:

— тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы;

— тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;

— сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады.Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді.

Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді.

Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады.

Арнаулы салық режимдері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі, ал оған кіретіндер: патент негізіндегі арнаулы салық режимі; онайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;

2) шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі;

3) занды тұлғалар — ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (ҚР СК 426-бабының 1-тармағы).

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:

1) жұмыскерлер еңбектерін пайдаланбайтындар;

2) қызметін жеке кәсіпкерлік формасында жүргізетіндер;

3) салық кезеңі (күнтізбелік жыл) ішіндегі табысы ең аз 200 жалақы мөлшерінен (ары қарай — ЕАЖМ) аспайтындар.

Патент құнын жеке кәсіпкер жарияланған табыстың 2 %-ы көлемінде мөлшерлеме қолдану жолымен есептейді. Патент құны бюджетке:

1) жеке табыс салығы түрінде — патент құнының 1/2 көлемінде

2) әлеуметтік салық түрінде — Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын шығарып тастағандағы патент құнының 1/2 көлемінде төленеді.

Лицензиялау туралы заң лицензиялауға жататын қызметтің түрлерінің, қосымша түрлерінің жете қарастырылған тізбесін белгілейді. Сөйтіп, «Лицензиялау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес, лицензиялауға төмендегі салалардағы қызметтің жекелеген түрлері жатқызылады:

1) өнеркәсіп;2) атом энергиясын пайдалану;3) улы заттар айналымы;4) техникалық қауіпсіздік;5) көлік;6) есірткі, психикаға эсер ететін заттар;7) ақпараттық қауіпсюдікті қамтамасыз ету;8) жедел іздестіру шараларын өткізу үшін арнайы техникалық құралдар;9) қаруландыру, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар және олар пайдаланылатын бұйымдар айналымы;10) ғарыш кеңістігін пайдалану;11) ақпараттандыру және байланыс;12) білім беру;13) бұқаралық ақпарат құралдары14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия жэне картография;15) денсаулық сақгау;16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;17) ойын бизнесі;18) ветеринария;19) сот-сараптау;20) мәдениет;21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;22) сәулет, қала кұрылысы және құрылыс;23) ҚР мемлекеттік рәміздерін әзірлеу;24) кеден ісі;25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі;26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет;27) тауарлар экспорты және импорты. [1]

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:

- ол нарықтық экономикаға икемділік береді;

- халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;

- Монополияға қарсы әлеуеті бар;

- ғылыми-техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;

- нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.

Кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту жөнінде ел президенті биылғы 31 қаңтар 2017 жылғы жолдауында: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі — елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 % болуын қамтамасыз ету». Бұл — өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет.

Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.

Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды».-делінген. [2]

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:

— Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;

— Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;

— Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;

— Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.

Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. [3]

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

- мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

- мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

- жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

- кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

- кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

- тексеруші органдар санын қысқарту;

- заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Әдебиеттер:

  1. Жұмаев Ж. Экономиканың мемлекеттік реттелінуі. Оқу құралы. Орал 2001.
  2. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар.
  3. Абдимомынова А. Ш., Мактамкул К. Государственная поддержка развития венчурной индустрии Евразийский Союз Ученых. № 3 (12) / 2015.ЧАСТЬ 2 с.168–171
Основные термины (генерируются автоматически): мена, патент.


Похожие статьи

Для чего нужен патент. И как его оформить — Молодой ученый

Патент № US5343970 A. Ваше изобретение тоже может оказаться полезным. Если какая-нибудь компания наладит выпуск продукции...

Использование патентной системы налогообложения...

Рис. 1. Доли выданных патентов по Хабаровскому краю на 2017 г. В Хабаровском крае из всего количества ИП, а именно из 31725 предпринимателей выдано 747 патентов...

Патентование как способ охраны интеллектуальной...

Библиографическое описание: Фоменко В. А. Патентование как способ охраны

Ключевые слова: патент, способы защиты интеллектуальной собственности, инновация, авторское право.

Правоприменительная практика патентной системы...

Предприниматель обязан применять данный спецрежим в течение срока, на который выдан патент. Досрочно отказаться от патентной системы нельзя.

Обзор патентных источников кисломолочной продукции

3) Патент № 2482689 от 01.12.2011 «Способ производства кефира с функциональными свойствами» (авторы: Полянская И. С., Топал О. И...

Оценка эффективности применения патентной системы...

Согласно статистике, приведенной на сайте ФНС России [5], по состоянию на 1 июля 2014 года было выдано всего 96 034 патента.

Выбор методики оценки инновационного потенциала предприятия...

 число лицензионных договоров, а также обмен патентами. Финансовое обеспечение оценивается НИОКР как по абсолютным величинам расходов, так и по их валовым затратам...

Перспективы развития рынка интеллектуальной собственности...

Доля рынка, приходящаяся на патенты отечественных заявителей, в 2014 году составила 68 %, соответственно 32 % рынка заняли патенты иностранных заявителей.

Исследование вопросов мотивов компаний для получения...

Патент на изобретения можно получить, оформив заявку лично, либо через патентного поверенного. Патент предназначен для охраны авторских прав.

Патентное право в рамках международного оборота оружия

Для начала, раскроем понятие патента и содержание регулирования патентного права в национальном законодательстве.

Похожие статьи

Для чего нужен патент. И как его оформить — Молодой ученый

Патент № US5343970 A. Ваше изобретение тоже может оказаться полезным. Если какая-нибудь компания наладит выпуск продукции...

Использование патентной системы налогообложения...

Рис. 1. Доли выданных патентов по Хабаровскому краю на 2017 г. В Хабаровском крае из всего количества ИП, а именно из 31725 предпринимателей выдано 747 патентов...

Патентование как способ охраны интеллектуальной...

Библиографическое описание: Фоменко В. А. Патентование как способ охраны

Ключевые слова: патент, способы защиты интеллектуальной собственности, инновация, авторское право.

Правоприменительная практика патентной системы...

Предприниматель обязан применять данный спецрежим в течение срока, на который выдан патент. Досрочно отказаться от патентной системы нельзя.

Обзор патентных источников кисломолочной продукции

3) Патент № 2482689 от 01.12.2011 «Способ производства кефира с функциональными свойствами» (авторы: Полянская И. С., Топал О. И...

Оценка эффективности применения патентной системы...

Согласно статистике, приведенной на сайте ФНС России [5], по состоянию на 1 июля 2014 года было выдано всего 96 034 патента.

Выбор методики оценки инновационного потенциала предприятия...

 число лицензионных договоров, а также обмен патентами. Финансовое обеспечение оценивается НИОКР как по абсолютным величинам расходов, так и по их валовым затратам...

Перспективы развития рынка интеллектуальной собственности...

Доля рынка, приходящаяся на патенты отечественных заявителей, в 2014 году составила 68 %, соответственно 32 % рынка заняли патенты иностранных заявителей.

Исследование вопросов мотивов компаний для получения...

Патент на изобретения можно получить, оформив заявку лично, либо через патентного поверенного. Патент предназначен для охраны авторских прав.

Патентное право в рамках международного оборота оружия

Для начала, раскроем понятие патента и содержание регулирования патентного права в национальном законодательстве.

Задать вопрос