Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (141) февраль 2017 г.

Дата публикации: 16.02.2017

Статья просмотрена: 322 раза

Библиографическое описание:

Мырзабеков, М. М. Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары / М. М. Мырзабеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 47-49. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39722/ (дата обращения: 19.04.2024).



ҮІІ ғасырда Араб түбегінде пайда болған ислам діні өзінің діни сенімдік негіздерін Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінен алатындығы белгілі. Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға, хадистердің кейінгі дәуірге жеткізілу жолдары мен деңгейлеріне байланысты исламдық діни сенім аясында әр алуан түсініктемелер мен тұжырымдамалар дүниеге келді. Бұған тарих бойындағы оқиғалар мен исламның өзге халықтар арасына таралу уақыты мен кеңістігін де ескерер болсақ, исламдық ой-санада әр түрлі идеялар мен көзқарастардың туындауы табиғи құбылыс. Бұл кейінгі дәуірдегі калам ілімінің қалыптасуына жол ашты. Калам ілімінің одан ары өріс алуында ҮІІІ-ІХ ғасырларда ислам ойлау жүйесіне грек философиясы енуінің де ықпалы зор екендігін атап өткен жөн. Грек философиясының ислам әлеміне, оның ішінде калам іліміне енуінде мұсылман философтары мен Мутазила мектебі өкілдері мұрындық болғандығы белгілі. Өзге дін өкілдері мен ойшылдарының исламға айтқан уәждері мен сұрақтарына қасиетті жазба аясында ғана ой жүгірткен, саналық, логикалық тәсілдерді пайдаланудан тартыншақтаған алғашқы мұсылман құқықшылары мен хадисшілердің (ортағасырлық салафилер) жауаптары мардымсыз әрі қанағаттанарлықсыз болды. Сондықтан, исламдық сенімнің үстемдігін паш ету жолында мутазилиттер грек философиясының әдіс-тәсілдерін молынан пайдаланды. Міне, осындай факторлармен ислам тарихының кезеңдерінде дамытылған ислам теологиясы бірнеше белестерді басынан кешірді және осы белестер кезінде бірнеше проблемаларға тап болып отырды.

Ортағасырлық теологиялық тартыстарға арқау болған алғашқы проблемалардың бірі – үлкен күнә мәселесі. Бұл проблеманың күн тәртібіне қойылуына басты себеп - «Жамал», «Сыффын» шайқасында мұсылманның мұсылманды өлтіруі. Теологтар мұсылманды өлтірген адам үлкен күнә істеді, сондықтан, олар тозаққа бара ма, яғни мұсылмандықтан шыға ма? – деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айтты. Харижиттер бұл сұраққа кесінді түрде «мұсылман емес, үлкен күнә істеген адам міндетті түрде тозаққа барады» деп жауап берсе, муржиттер либерал, бейтарап жауап берді [1: s. 144.].

Үлкен күнә мәселесімен байланысты түрде, осы пробеламаның табиғи жалғасы ретінде мұсылмандардың теологиялық тартысқа түсуіне себепкер болған келесі мәселе – адамның қалауы мен еркіндігі, тағдыр мәселесі. Осы проблема төңірегінде өз пікірін білдірген алғашқы мұсылман теологтары ретінде Мабад әл-Джухани, Ғайлан Димашқи жатады. Бұларды негізінен «қадарилер» деп атасақ та болады. Қадарилер адамның өз қалау-еркі өзінде, адамның іс-әрекетінде құдайлық тағдырдың ешбір қатысы жоқ деп тағдыр жайындағы Құран аяттарына тауил жасауға тырысты. Олардың мұндай ұстанымға баруына итермелеген себеп билік басындағы Омайядтардың жабрилік сенімді қолдауы болатын. Себебі, барлық нәрсе құдайдың жазмышымен, белгілеуімен болады, мұнда адамдық қалаудың ешбір рөлі жоқ деген жабршылдық көзқарас Омайяд билеушілерінің елді билеу, қанау, отарлау, қалағанын жасау саясатына өте лайықты болды. Сондықтан, қадаршылдық көзқарас билік басындағыларға ұнамады. Елді билікке қарсы шығуға үгіттеген Мабад пен Ғайлан Омайяд халифалары Абдулмалик пен Хишам әмірлерімен өлім жазасына кесілді [2: с. 57-58].

Сунниттік ғұламалар қалау еркіндігін жақтаушылар мен жоққа шығарушыларға қарсы қадарилік пен жабрилік сенімнің түп тамырында грек немесе христиан философиясының жатқандығын дәлелдеп, үнемі сынға алды. Христиандықтан қуат алған қадарилік сенімнің ислам ойлау жүйесінің кейінгі дәуірлерінде өркен жайған Мутазила мектебі арқылы жалғасын тапқандығы анық. Қадарилік сенімнің таралуына Омайядтар қатаң тиым салса, одан кейін тарих сахнасына шыққан Аббаси халифасы – Мамун Мутазилиттерді мемлекеттік деңгейде қолдады.

Кең тараған мәліметтерге қарағанда мутазила мектебінің құрушысы ислам құқығы, аскеттік және теологиялық догма тарихындағы шоқтығы биік тұлға – Хасан Басридің шәкірті Уасыл бин Ата болатын. Уасылдың ұстазымен болған пікірталаста Харижиттердің кесінді түрде ортаға тастаған ойлары «үлкен күнә істеген мұсылманды шариғат тұрғысында діннен шығуы немесе шықпауы» жөнінде өрбіген. Сонда Уасыл әлгі адамның күпір мен иман арасындағы орында екендігін қуаттап, Хасан Басри мектебінен бөлініп өз алқасын құрды. Бұл алқа ислам теологиясындағы Мутазила мектебінің бастауы болатын [2: с. 55].

Уасылдың мутазилалық доктринаның негізін құраған басқа да негізгі мәселелер жөніндегі көзқарастары жайлы мәліметтер аз. Алайда, адамның қалауы өзінде, онда құдайлық қалаудың қатысы жоқ деп қуаттаған Мутазила мен бүкіл адам әрекеті, қалауы мен тағдыры құдайдың құдіретпен, қалаумен байланысты екендігін жақтаған жабршылдық идеяның жақтаушысы Жахм бин Сафуан арасында тағдыр, адам қалауы сияқты тақырыптар бойынша идеялық қайшылық болғанымен кейбір теологиялық тақырыптар жөнінде бір пікірді қолдағанын атап өткен жөн: «Құранның жаратылуы» (Халқу-л-Қуран) сияқты кейбір теологиялық тақырыптарда Жахм мен Мутазиланың бір көзқарасты қуаттағандығы [3: s.175-176] назар аударарлық дүние. Сонымен қатар, Мутазила ілімінің темір қазығы болып табылатын мәселе – Алланың сипаттары оның затымен бірге екендігін Жахм да насихаттаған.

Жахм бір жағынан қалау еркіндігін жоққа шығарса, келесі жағынан соңында жұмақ пен тозақтың ішіндегілерімен бірге жоқ болатынына сенді. Бұл көзқарас Мутазилиттердің жұмақ пен тозақ мәңгілік марапат пен мәңгілік жазадан тұратынын қуаттайтын сеніміне түбегейлі қайшы. Аталған көзқарасты ұсынған кезде, Жахмның бұл ойына Алланың «алғашқы және соңғы» екендігі мен соңында «оның жүзінен» басқа барлығының жоқ болатынын баяндаған Құран аяттары [4: s.129-130] арқау болса керек. Аталған екі жүйелі түрдегі теологиялық мектептің құрушысы – Жахм мен Уасылдың арасында осындай ұқсастықтар мен айырмашылықтар болғанымен олардың ілімдері ҮІІІ ғасырдағы шешімі қиын теологиялық проблемалардың көтерілуінде маңызды рөлді ойнағандығы жағынан орны бөлек.

Ислам теологиясының зерттеушілері Мутазила философиясы «құдайлық әділет» пен «таухид» аясында қалыптасқандығын қуаттайды. Мутазилиттер өздерін осы категориялардың шынайы жаршысы ретінде санады. Басқа мәселелер жайында өзіндік пікір білдіргендігін білсек те олардың көпшілігі екі негізгі идеяға, әділдік пен тәухидке көп екпін бергенін атап өткеніміз дұрыс. ІХ ғасырдағы Мутазилит ғалымдары ірі өкілінің бірі Қади Абд әл-Жаббар Мутазили «Усулу әл-Хамса атты шығармасында шынайы мутазила сенімінің бес принципі бар: «әділдік» пен «тәухид», «уад» пен «уаид», «әл-манзила байна-л-манзилатайн» және «әмру би-л-маруф уа нахи ани-л-мункар» [2: с. 50]. Осы бес принциптің соңғы үшеуі мутазилиттердің Алланың абсолюттік әділдігі жайындағы ілімінің логикалық нәтижесі екендігі байқалады.

Құранның жаратылғандығы, құдайлық сипаттар затының ішінде екендігі сияқты тақырыптарда Жахм іліміне қолдау көрсеткенімен Мутазилиттер жазмыш құдайдың белгілеуімен жүзеге асады деген Жахм пікіріне қарсы шыққандығы жоғарыда баяндалып өтті және бұл қарсылық олардың Алланың әділдігін дәріптеу принципімен байланысты. Алғашқы мұсылман теологтары Алланың әділ екендігін бір ауыздан мақұлдады. Алайда олар Алланың әділеті мен дүниеде орын алған әділетсіздікті үндестіру жолында айтарлықтай жетістікке жете алмаған болатын. Сондықтан, Уасылдан бастап бұл проблема Мутазила мен қарсыластарының айналысқан маңызды мәселеге айналды. Құдайлық әділет адамдардың қолынан туындаған жамандықпен ешқандай байланысы жоқ деп түсіндірілді Мутазила ілімінде. Өйткені, дүниедегі әділетсіздік – адамның қалауына байланысты. Осы себепке байланысты адам - өз іс-әрекетінің жаратушысы, оған құдайдың ешбір қатысы жоқ деп түсініктеме жасалды Мутазила ілімінде.

Исламның кейінгі дәуірлерінде Мутазилиттердің назары теологиялық-метафизикалық мәселелерге ауа бастады. Олар бастапқыда өздерін «әһлу-л-адл» (Әділдік иесі) деп атап, Алладан жамандықтың (шарр) туындамайтынын, сауаптың адам әрекетіне байланысты екендігін қуаттаса, кейінірек өздерін «әһлу-т-таухид» (Құдайдың бірлігін насихаттаушылар) деп атап, Алланың сипаттары мен болмысы жайындағы тақырыптарды зерделей бастады. Осы зерделеуде қолданған әдістері жағынан мутазилит ғалымдарының антикалық логиканың ықпалында қалғандығы байқалады. Х ғасырдың алғашқы жартысында Мутазила мектебіндегі таухид мәселесі өзге проблемаларға қарағанда алдыңғы қатарға шыға бастады, ал Алланың әрбір әрекетте көрініс тапқан «Адлу илаһи» (Құдайлық әділдік) мәселесі екінші дәрежеге түсіп қалды.

Дәстүрлі исламдық көзқарасқа қайшы түрде Мутазилиттер құдайлық сипаттарды теріске шығаруға немесе олардың құдайлық субстанцияның (зат) өзінде жатқандығын дәлелдеуге тырысты. Мысалы бір мутазилит каламшының «Алла ілімімен біледі және ілімі оның Заты болып табылады» деген көзқарасы осыны айғақтайды.

Құдайлық сипаттардың бірі болып табылатын «калам» әуелден бері бар (азали) сипат ретінде алғашқы ислам теологтары тарапынан дәріптеліп келсе, бұл Мұхаммед пайғамбарға уахи етілген, сондай-ақ, «қадим» екендігі қуатталған Құран мен христиан теологиясындағы «логос» арасында ұқсастыққа алып барады деп түсіндірілді мутазилиттік ортада. Сондықтан, исламды христиан теологиясынан қашық ұстау мақсатында Мутазилиттер Құранды «қадим» деп табуды «ширк», құдайдың бірлігіне (таухид) қайшы деп есептеп теріске шығарды және кейбір халифалар мутазилиттерге еліктеп, Құранның «махлуқ» екендігін ресми түрде жариялады, осы идеяны қабылдамағандарға қатаң жаза қолданды.

Мутазилиттік іліммен терең сусындаған Ашари 40 жасынан кейін мутазилиттерге қарсы шығып, дәстүрлі теологтар ілімін жақтады, бірақ, діни ақиқатты ақиқатты дәлелдеу жолында Ахмет бин Ханбалдың жолын, оның негізгі идеясын қолдағанмен, ортағасырлық салафилер принциптерін толықтай берік ұстамады. Қасиетті жазбалардың ұсынған сенімді қуаттап, ақиқаттығын дәлелдеуге тырысқан кезде, ол ортағасырлық Салафилер ұстанымына қайшы түрде ақылға, мутазила тәсілдеріне де ден қойды.

Ашариттер түйіні шешілмеген тақырыптарды шешуде өзіне дейінгі теологиялық мектептердің ілімдерін пайдалана отырып, үйлесімді, тиімді жауабын тапты. Мысалы, Мутазила мектебі мен Жахм Алланың сөзі болып табылатын Құранның жаратылғандығын қуаттаса, ортағасырлық Салафилер керісінше, оның жаратылмағандығын алға тартты. Мутазила мен ортағасырлық Салафия Алланың сөзі болып табылатын Құранды құрайтын әріп, сөз және сөйлем сияқты бөліктерді бір-бірінен ажыратып қарамаған. Мутазила мен ортағасырлық Салафия көп тартысқан осы жұмбақтың шешімі құдайдың сөзі деген мән мен Құранның белгілі бір уақытта ортаға шыққан сөздік құрылымын бір-бірінен ара жігін ашуда жатыр. Осы жағынан ашариттік ілім бойынша Алланың сипаты болып табылатын «калам» (құдайдың сөзі, Құранның ішкі мәні) жаратылмаған, ал адамдарды негізгі құдайлық сөзге жөн сілтейтін Құранның сілтемелері мен айтылулары жаратылған [5: с. 59]. Матуридилердің пікірі бойынша амал иманмен бір бүтін бола алмайды, сондай-ақ, иман артпайды да кемімейді, ол – құлдың Аллаға берген кесінді сөзі және анты. Матуридилер адам әрекетінде қалау еркіндігін қолдауы жағынан Ашариттерден ерекшеленеді. Матуридилердің пікірі бойынша адамның бір әрекетті жүзеге асыруға шешім қабылдауы «кулли ирадасын» «жузи ирадаға» айналдырады және Ашариттерге қайшы түрде жузи ирада құдай тарапынан жаратылмайды. Бірақ адам таңдауының әрекетке ықпалы кулли ираданы, жузи ирадаға айналдырумен қана шектеледі, ал әрекетті жаратушы – Алланың өзі, ал адам тек әрекетке ғана қол жеткізе алады (касб). Матуридилердің пікірі бойынша үлкен күнә істеген адам имандылықтан шықпайды, ал тәубеге келсе, құдайдың кешіріміне ие болары хақ [6: s. 171-174].

Матуриди мектебі кейінгі замандарда Хаким Самарқанди, Мухаммад Паздауи, Әбу-л-Муин Насафи, Бурхануддин Насафи, Омар Насафи, Нураддин Сабуни т.б. тәрізді ғұламалар арқылы дамытылды.

Әдебиет:

  1. Fazlur Rahman İslâm. – Ankara: Ankara okulu, 2000. – 368 s
  2. Мотахари М. Философия и калам. – Алматы: Үш қиян, 2004. – 128 с.
  3. Arslan H., Bozkurt M. Sistematik Kelâm. – Malatya: Medipres Matbaacılık, 2012. – 455 s.
  4. Ebu Zehra M. İslâm’da Siyasi, İtikadi ve Fıkhi Mezhepler Tarihi. – İstanbul: Hisar yay. Tarihsiz. – 608 s.
  5. Вольф М.Н. Средневековая арабская философия: ашаритский калам. – Новосибирск, 2008. – 153 с.
  6. Arslan H. Kelam tarihi ve ekolleri. – Malaya, 2012. – 199 s.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, ислам, пена, кал, Хасан.


Похожие статьи

Мутазилиты — основатели рационализма...

бог, Коран, Ат, самый человек, самое дело, положение ислама, мусульманское богословие, мнение, ислам, хасан. Похожие статьи.

Особенности исламской экономики и банковской системы

В конце 50-х — начале 60-х годов XX века в исламских университетах полным ходом шли дискуссии относительно экономической доктрины ислама. Спорили насчет того, как идеи, заложенные пророком Мухаммадом в Коране...

Жыраулар поэзиясындағы сопылық сарындар | Статья в журнале...

«Ислам» энциклопедиялық сөздігінде суфи (сопы) атауына дарвш (дәруіш), факир (пақыр) сөзін мағыналас

Абдулқадир Жәйланидің қадария тариқаты, Ахмет әр-Рифаидің рифаия тариқаты, Хасан

Бұл жердегі Жар, бұлбұл, көбелек пен шам атаулары сопының ғашық хәлін білдіретін...

Прогрессивные взгляды исламского просвещения на...

Оно усиливало разобщенность, ограничивало духовный обмен между мусульманскими народами. Наученная опытом Кавказской войны, правительственная администрация исходила в своей деятельности из того, что идеи ислама могут сплотить мусульманские народы.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абай осы мәселеде матуриди жолында екендігін анық аңғартады

Ол діни мәтіндер Құран мен хадистерді тек тура мағынасында қолдануды ыңғайлы санайтын кейбір ислам құқықшылары мен

Қорыта айтқанда, Ислам ғылымдарының ең бір қиын да, күрделі саласы калам, ақидаға...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

Экзотический индийский стиль в интерьере. Хасанов Э. Р.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Ахлақ пен әдеп мәселелері. Бермаханов О. Б., Камалова Ф. Б., Нарымбаев К. Д.

Похожие статьи

Мутазилиты — основатели рационализма...

бог, Коран, Ат, самый человек, самое дело, положение ислама, мусульманское богословие, мнение, ислам, хасан. Похожие статьи.

Особенности исламской экономики и банковской системы

В конце 50-х — начале 60-х годов XX века в исламских университетах полным ходом шли дискуссии относительно экономической доктрины ислама. Спорили насчет того, как идеи, заложенные пророком Мухаммадом в Коране...

Жыраулар поэзиясындағы сопылық сарындар | Статья в журнале...

«Ислам» энциклопедиялық сөздігінде суфи (сопы) атауына дарвш (дәруіш), факир (пақыр) сөзін мағыналас

Абдулқадир Жәйланидің қадария тариқаты, Ахмет әр-Рифаидің рифаия тариқаты, Хасан

Бұл жердегі Жар, бұлбұл, көбелек пен шам атаулары сопының ғашық хәлін білдіретін...

Прогрессивные взгляды исламского просвещения на...

Оно усиливало разобщенность, ограничивало духовный обмен между мусульманскими народами. Наученная опытом Кавказской войны, правительственная администрация исходила в своей деятельности из того, что идеи ислама могут сплотить мусульманские народы.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абай осы мәселеде матуриди жолында екендігін анық аңғартады

Ол діни мәтіндер Құран мен хадистерді тек тура мағынасында қолдануды ыңғайлы санайтын кейбір ислам құқықшылары мен

Қорыта айтқанда, Ислам ғылымдарының ең бір қиын да, күрделі саласы калам, ақидаға...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

Экзотический индийский стиль в интерьере. Хасанов Э. Р.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Ахлақ пен әдеп мәселелері. Бермаханов О. Б., Камалова Ф. Б., Нарымбаев К. Д.

Задать вопрос