Библиографическое описание:

Кушекбаева Ж. С., Мураталиева А. Н., Бакытбайкызы А. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің психологиялық –педагогикалық негіздері // Молодой ученый. — 2016. — №19.2. — С. 23-25.



Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз.

Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады.

Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады.

Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады [4.35].

Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады. Біздің ойымызша коррекциялық әрекеттің психологиялық- педагогикалық мәнін және оның профилактикалық бағытын, ең терең ашқан психологтар мен психотерапевтер (С.А.Бадмаев, Г.В.Бурменская, О.А.Карабанова, А.Г.Лидерс, т.б.) олар коррекцияға ерекше үлгімен ұйымдастырылған, психологиялық ықпал ретінде қарады, ал ол топтардың қатынасы жоғартылған тәуекелге және қайта құруға бағытталған.

Арнайы педагогика мен дефектологиядағы оқулық пен оқу құралдарда коррекциялық іс -әрекетің түрлері (дамытушы, білімдік, тәрбиелік) аномалды баланың психикалық және дене бітімінің дамуындағы ауытқушылықты түзету немесе әлсіретуге арналған іс –шаралар жүйесі ретінде, үдеріс ретінде де қарастырылады. (В.В.Воронкова, И.Г.Еременко, С.Д.Заброшная, В.А. Лапшин, Б.П.Пузанов және т.б.). Коррекция оқу тәрбие процесі барысында өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру немесе әр түрлі іс -әрекет түрлеріне қосу арқылы психофизикалық кемістіктерді жою немесе әлсірету тәсілі[4.28].

Коррекциялық педагогика өкілдері коррекциялық жұмыстың жеке бағдарламасы болмайды, белгілі бір пәннің мазмұнына сәйкес құрылған оқу материалын меңгерту барысында жүзеге асады, сонымен қатар мінез–құлық пен дамудағы жеке кемістікті түзету үшін арнайы педагогикалық тәсілдер, ағзаның жеке қызметін қайта құру, белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері шешімін табады.

Коррекциялық–педагогикалық іс-әрекет –білім беру процесін қамтитын күрделі психофизиологиялық және әлеуметтік–педагогикалық құбылыс, ретінде біртұтас (педагогикалық іс -әрекет обьектісі, субъектісі, мақсат, мазмұн, тәсіл, бағалау, нәтиже) айқындалады.

Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің түрлері:

•Диагностикалық –коррекциялық

•Коррекциялық –дамытушылық

•Коррекциялық –алдын-алушылық

•Тәрбиелілік-коррекциялық

•Білімділік-коррекциялық

•Психокоррекциялық іс-әрекет

Арнайы коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің принциптері: коррекциялық, алдын-алушылық, дамытушылық міндеттердің жүйелілігі.

Жүйелілік бала тұлғасының әр түрлі жақтарының дамуының өзара байланысын бейнелейді және біркелкі болмауы мәселесін де қарастырады.

Бала тұлғасының дамуының әркелкілігі заңы әр адамның бір жас кезеңінде әр түрлі даму деңгейінде болатындығын көрсетеді:

Қолайлы деңгей нормаға сәйкес даму

Тәуекел деңгейі дамудағы қиындықтың туындау мүмкіндігі

1. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мақсаты мен міндеттерін анықтауда жеткіншектің даму деңгейіне болжам жасаған дұрыс, көбіне ауытқушы мінез –құлқының сол сәттегі көрінісіне ғана мән береміз. Алдын -алу шараларын уақытылы қолдану арқылы жеткіншектің даму мен мінез –құлқындағы қиындықтарды жоюға болады, сондықтан жеткіншеку тұлғасының үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдай туғызған дұрыс.

2 Диагностикалау мен коррекциялаудың бірлігі принципі біртұтас педагогикалық процестің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Коррекциялық жұмысты нәтижелі жүргізу үшін сыналушы туралы, мінез –құлқы мен қарым –қатынасының ерекшелігі туралы мәліметтер қажет. Коррекциялық-педагогикалық процесс өзгерістерді тіркеуді, коррекция нәтижелілігін және барысын жүйелі бақылауды және диагностикалауда коррекциялық-педагогикалық іс -әрекеттің барлық кезеңдерін (мақсат, міндет, әдіс, тәсіл, нәтиже) қамтуды талап етеді.

3. Коррекциялық –педагогикалық процесте жеке және жас ерекшеліктерді есепке алу принципін тұлға дамуының нормативтілігі принципі негізінде қарастыру керек.

Психологиялық жас ұғымын Л.С.Выготский ұсынып, ол тұлға құрылымы мен іс - әрекетінің жаңа типі, бала санасы мен оның ортаға қатынасы, ішкі және сыртқы өмірі, сол кезеңдегі даму барысы деп түсіндірді.

Д.Б.Эльконин психологиялық жасты үш параметрге бөлуін коррекциялық - педагогика- лық жұмысты ұйымдастыруда қолдануға болады.

1-параметр – «дамудың әлеуметтік жағдайы» (Л.С.Выготский бойынша) бала дамуы- ның динамикасын талдау бірлігі, яғни әр жас кезеңінде бала тұлғасы қөп құрылымының өзгеруі мен қалыптасуын айқындайтын заңдар жиынтығы.

2-параметр –психологиялық жаңа құрылымның қалыптасуы деңгейі мен әр жас кезеңіндегі дамуға әсерінің айқндалуы. Жеткіншектік кезең –психологиялық жаңақұрылымдарға бай кезең (сана, іс -әрекет, өзгелермен өзарақатынас жүйесі).

3-параметр –жетекші іс -әрекеттің даму деңгейінің баланың қалыптасуына ықпал етуі. Жеткіншектік кезеңде қарым –қатынастың ролі зор, сондықтан коррекциялық процесті ұйымдастыруда осы мәселені ескерген абзал.

4. Коррекциялық іс -әрекеттік принципі коррекциялық жұмысты ұйымдастырудың тактикасын және мақсатты жүзеге асырудың тәсілін айқындайды, сол себепті баланың белсенді іс -әрекетін ұйымдастыру, күрделі шиеліністі жағдайда бағдар алуда қажетті алғы шарттарды туғызу, әлеуметтік қабылданған мінез –құлық алгоритмін айқындау қажет.

5. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің әдісі мен тәсілін кешенді қолдану принципі. Коррекциялық педагогикада тұлғаның даралық –психологиялық ерекшелігін және әлеуметтік даму жағдайын, педагогикалық процестің оқу -әдістемелік қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық деңгейін есепке алатын тәсіл, әдіс, құралдардың жиынтығы қажет [3.52].

Адамның жеке басын бір тұтас ағза деп қарстыратын психологиялық жүйе кемтарлықтың орнын еселеп толықтыру туралы мақсатты ой басты орын алады. Осы орайда неміс ғалымы В.Штерн менің организміме әсер етпеген нәрсе мені қуаттандырады да, оған қарсылықты күшейтеді, әлсіздіктен күш пайда болады, ал кемістікті толықтыруға қабілеттілік артады деген тұжырым жасайды. Европа мен Америкада кең тарап, ықпалды болған психологиялық бағыт Австрия психиаторы Адлер мектебі. Бұл бағыт бойынша жеке адамның психологиясын белгілі бір жүйемен зерттейді. Адам организміндегі кемісті толықтыру деген түсінік органикалық процестерге тән жоғарғы қасиет және мұндай қасиет заттық дүниенің негізгі заңдарымен байланысты. Біздер орын толықтыру туралы биологиялық теорияны әлі күнге дейін жете білмейміз дегенмен органикалық тіршіліктің жеке салаларында мұндай құбылыстар жете зерттеліп, тәжірибеде қолданылады. Ал орнын толықтыру жайындағы түсінік ғылыми тұрғыдан анықталып, ол адам өмірінде қолданылып отыр. Міне, осы ауруға егілген дәрінің қуаты бала организмін нығайтып, оған тікелей әсер ететін зиянды заттарға қарсы тұратын қорғаныс реакциясы жасалады. Адам организмінде жасырын түрде тұйықталған күш –қуат қоры сырттан қауіп төндіріп тұрған ауру әсерінен әлдеқайда басым түсіп, төтенше қауіптен сақтауға даяр тұрады. Қанның ақ түйіршіктері сол ошақта көп жиналып жұқпалы аурудың әсерінен қарсы күреседі. Міне мұны біз кемістіктің орнын еселеп толықтыру дейміз.

Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістігін жетілдіруге кетеді. Сөйтіп оның бойында жасырын жатқан қабілеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп кемістік есесін толықтырып, оның талапкерлігі мен дарыны өзгереді. Осы бағытта ертедегі грек жұртының шешені Демосфен тілінің кекештік кемістігін жетілдіру үшін тілінің стына ұсақ тас салып тауға, теңіз жағасына барып сөйлеп жаттыққан. Сөйлеуін жетілдіру үшін көптеген кедергілерді жеңген. Сөйтіп заманының әйгілі шешені болған. Өз ағзасын жетілдіру жолында көптеген қиыншылықтарды жеңу үшін аянбай күш жұмсаған адамдарды біздер тарихтан жақсы білеміз. Мысалы: оларға А.В. Суворов, Л.В. Бетховендерді жатқызуға болады. Ал, Демосфен деген кекеш әйгілі шешендік дәрежеге қолын жеткізген. Соқыр әрі мылқау Е.Кедлер тіршілік азабын табандылықпен жеңіп, атақты жазушы болған. Осы баяндалған фактілердің бәрі адамның бойындағы кемістіктерін толықтырып, қалыпты жағдайға келтіру жолында ерік–жігерін шыңдап, онымен күресуді сергітіп, өз бойындағы күш –қуатына сенімін арттыра түседі [1.15].

Әдебиет:

  1. Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері (оқу құралы) – Алматы 2014.
  2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - Москва. Генезис, 2000.
  3. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: САНАТ–Полиграфия, 2008.
  4. Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001.
  5. Тебенова К.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы 2011.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle