Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (123) октябрь-1 2016 г.

Дата публикации: 19.10.2016

Статья просмотрена: 28860 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 30-32. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34435/ (дата обращения: 25.04.2024).



Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер.

Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады.

Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»). Ежелгі Греция қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді политикос деп атаса, өз қаласындағы саяси өміріне қатыспайтын және қызығушылығы жоқ азаматтарды ιδιοτικός (идиотикос) деп атаған (Steven Kreis. The Athenian Origins of Direct Democracy. Lecture 6. [Электрондық ресурс]. - Қолжетімділік режимі: http://www.historyguide.org/ancient/lecture6b.html).

Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы.

Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары.

Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі ерекшеліктерді атап өтуімізге болады: жалпыміндетті шешімдерді қабылдау бойынша қызмет; мемлекет, партия, мүдделес топтар қызметінің саласы; билік үшін күрес, билікке ықпал жасау және оны пайдалану; мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы бар істерді басқару; әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының ерекше түрі; қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау және өзгерту.

Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.

Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық – аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік – жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу.

Көлеміне қарай бөлінеді: - стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау; тактикалық – ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру.

Мемлекеттің қызметіне қарай бөлінеді: ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; сыртқы саясат – халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды реттеу.

Бүгінде аталмыш терминді көбінесе ықпал жасау мен басқарудың түрлері ретінде жиі айқындалады. Саясат қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды және рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады.

Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек.

Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.

Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» (Цели и средства [подборка работ Л.Д. Троцкого, Дж. Дьюи, Ж.П. Сартра, комментарии А.А. Гусейнова]. – В сб.: Этическая мысль. Научно-публицистические чтения. - М., 1992. - С. 212–285) пікірін басшылыққа алады. Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау пайдаланылады.

Заманауи саясатта бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі маңызды рөл атқарады. БАҚ саясаткерлердің қоғамдық сананы манипуляциялауға мүмкіндік беру арқылы өз мақсаттарына жетуге септігін тигізеді. Саясат, мораль және құқықтың арақатынасына мән берсек. Негізінен саясат пен мораль арасында мынадай айырмашылықтар бар:

  1. Саясат бүкіл қоғамды қозғайтын топтық әлеуметтік қақтығыстарды реттеуге бағытталған және билікте қолдануды талап ететін қызметті атқарады. Мораль саяси өткірлікке жетпеген адамдар арасындағы күнделікті жеке қатынастарды сипаттайды.
  2. Саясаттың қайнаркөзін адам мүддесінің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар құрайды. Мораль қайнаркөзіне индивидтің жеке пайдасын көздемейтін жалпыадамзаттық құндылықтар жатады.
  3. Мораль жетістікке жетуді көздейтін мұрат-мақсаттармен тығыз байланысты. Ол іс-әрекеттердің субъективті, ішкі алаңдаушылықтарын бағалайды. Саясат нақтыланған мақсаттар мен нәтижелерге жетуді көздейді. Саяси қайраткерлер көбінесе сезімге қарағанда, мүддені басшылыққа алады.
  4. Мораль әрдайым жеке қатынаста, оның субъектісі – өнегелі таңдау жасайтын жеке адам. Саясат көбінесе топтық, ұжымдық сипатқа ие.
  5. Саясаттың маңызды ерекшеліктері қатарына күшке сүйену, талаптардың орындалмауына күштеу қимылдарын қолдану жатады. Мораль өз қағидаларына сәйкес күштеу тәсілдерін жоққа шығарып, ар-ұжданға сүйенеді. Аристотель пікірінше, «Кімде-кім білімде алда болғанымен, адамгершілік жолында артта қалса, ол алға жылжығанға қарағанда, артқа қарай жүреді».

Мораль мен саясат арақатынасының үш негізгі нұсқаларын бөліп көрсете аламыз: 1) саясаттың мораль мен дінге толық бағыныштылығы; 2) саясат пен мораль арасындағы байыпты алшақтық; 3) демократиялық, құқықтық қоғамдағы саясат пен мораль өзара байланыстарының парасаттылығы.

Саясат пен құқық арасындағы арақатынастардың келесі нұсқаларын ерекшелеуге болады: 1) саясат пен құқық арасындағы бағыныштылық; 2) құқықты абсолюттендіру және оған іске аспайтын мүмкіндіктерді белгілеу; 3) саясат пен құқық арасындағы саналы өзара байланыстарды сақтау: демократиялық реформалар бағыты және құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерінің сәйкестілігі (Ирхин Ю.В. Взаимосвязь политики, морали и права // Вестник Российского университета Дружбы Народов: серия политология. – 1999. - №1. [Электрондық ресурс]. - Қолжетімділік режимі: http://stepanov01.narod.ru/library/journal01/article02.htm).

Құқықта саясаттағы секілді моральдың ережелері мен қағидалары ерекше мәнге ие. Заңдар адамгершілік құндылықтарына борышкер болып табылады. Танымал ағылшын ойшылы И. Бентам мораль мен заңнаманы ғылым және өнер ретінде қарастыра келе, бақытқа бағытталуы қажеттілігі туралы баяндайды (Бентам И.Принципы законодательства // Антология мировой политической мысли: в 5 т., Т.1. - М., 1997. - С. 556-557).

Основные термины (генерируются автоматически): мена, мораль, мораль мен, пена.


Похожие статьи

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданды. Оның негізі мазмұны – мемлекет пен жеке

Алтын орта (чужн юн) – Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі.Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе шектен шығып кетпеуі...

Моральный механизм в политической сфере | Статья в журнале...

Анализируется проблема соотношения моральных и правовых механизмов в политической сфере, рассмотрено понятие политической морали, поставлен вопрос о влиянии и роли принципов морали в управлении государством...

Роль киноискусства в социально-нравственном и духовном...

А без обучения нравственности даже самые грамотные люди не смогут взаимодействовать и нормально функционировать в обществе, где, помимо знаний, существует и человеческие аспекты морали и нормы.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балалар мен...

Толеранттылық түсінігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

...адамзаттың рухани-моральдік құлдыраулары шағында жер бетінің әр түкпірінде ресми түрде діни институттар құрылып, діни мораль басты

теңдік пен сыйластықтың этикалық қырларын арттыру, діни төзімділіктің және жат пиғылды бағыттар мен оның өкілінің психологиялық...

Похожие статьи

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданды. Оның негізі мазмұны – мемлекет пен жеке

Алтын орта (чужн юн) – Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі.Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе шектен шығып кетпеуі...

Моральный механизм в политической сфере | Статья в журнале...

Анализируется проблема соотношения моральных и правовых механизмов в политической сфере, рассмотрено понятие политической морали, поставлен вопрос о влиянии и роли принципов морали в управлении государством...

Роль киноискусства в социально-нравственном и духовном...

А без обучения нравственности даже самые грамотные люди не смогут взаимодействовать и нормально функционировать в обществе, где, помимо знаний, существует и человеческие аспекты морали и нормы.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балалар мен...

Толеранттылық түсінігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

...адамзаттың рухани-моральдік құлдыраулары шағында жер бетінің әр түкпірінде ресми түрде діни институттар құрылып, діни мораль басты

теңдік пен сыйластықтың этикалық қырларын арттыру, діни төзімділіктің және жат пиғылды бағыттар мен оның өкілінің психологиялық...

Задать вопрос