Казақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік-тағылымдық мәні | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алибаева, М. Ж. Казақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік-тағылымдық мәні / М. Ж. Алибаева, Г. А. Нурадинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 14-16. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31471/ (дата обращения: 19.04.2024).



Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, сондай-ақ халықтық салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Күннен-күнге жаңа бағытқа бет бұрып, қоғамда жаңашыл идеяларды ұлттық үрдістер негізінде қалыптастыру кең етек жайып отыр. Елімізде жүргізіліп жатқан тәрбиенің ұлттық моделін жасауға бет бұру — осы сөзіміздің айғағы. Қазіргі қоғамда ұлттық мәдениетті жетілдіріп, дамыту ерекше маңызға ие бола бастады. Уақыт ағымы алға тартқан бұл міндет болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігін айқындайды. Осы орайда, қарым-қатынас мәдениеті проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыс қатарында көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас күрделі және көп қырлы процесс. Адамзатқа тән әлеуеттік мүмкіндіктер қарым-қатынас арқылы кеңейеді, күрделенеді. Дамудың өзі адамдар арасындағы өзара әрекетпен және қарым-қатынаспен анықталады. Сондықтан да қарым-қатынас проблемасын зерттеуге деген қызығушылық күннен күнге артуда.

Кез-келген тұлға дамуында қарым-қатынас үлкен мағынаға ие. Осы қарым-қатынас процесінде тарихи-әлеуметтік тәжірибе меңгеріледі, білім жинақталады, практикалық шеберлік және дағды қалыптасады, дүниеге көзқарас, пікір анықталады.

Осы уақытқа дейін қарым-қатынас түсініктері, әдістері, мазмұны мен қалыптастыру механизмдері философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерде кең зерттелген. Педагогика ғылымында қарым-қатынас типологиясы мен нақтылығы (Х. И. Лийметс, А. В. Мудрик); қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын функциялар мен шарттар (В. С. Грехнев, А. К. Рысбаева, Ю. П. Азаров, Н. А. Неустроева); педагогтың коммуникативтік шеберлігін қалыптастыру (Н. В. Кузьмина, К. С. Успанова); қарым-қатынас мәдениеті дағдылары мен диалогтың даму механизмі (В. А. Кан-Калик, Т. И. Щукина, И. И. Рыданова, Н. Д. Хмель, Н. Н. Хан, С. Т. Каргин, О. Н. Франковская); ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және мәдениет аралық өзара әрекеті (Н. М. Асипова, Л. И. Сексенбаева, Р. А. Дюсупова, З. Ж. Кашкинбаева Б. К. Кудышова), болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениеті (Г. С. Жарменова) қаралған.

Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстанның білім беру жүйесінде жастардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен тәрбиелеу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Мәдениет — адамзаттың өндірістік, қоғамдық, ақыл-ой жетістігінің жиынтығы. Ол халықтың мыңдаған жылдар бойында жинаған мирасы, адамзаттың адами қасиеттер, парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік жайлы құндылықтары. Елдің елдігі, оның даму деңгейі, өркендеу өрісі мәдениетімен бағаланады, сонымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары халықтың санасы мен мәдениетінде жаңаша тарихи дүниетаным қалыптасып келеді. Осы кезеңге сәйкес келетін ойлау жүйесін жасау және оны әлемдік мәдениет аясында өрбітіп, шыңдап, жоғары деңгейге дамыту бағытында үлкен талпыныс байқалады. Мәдениетті ұғыну арқылы мәдени қарым-қатынас орнайды. Мәдени қарым-қатынас нәтижесінде жастардың білімге деген ұмтылыс, ниетін құлшындыруға, сол сапалы білім арқылы мәдени дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға болады.

Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру адамзат үшін басты қажеттіліктердің бірі. Ежелгі дәуірден бастап ол қажеттілік қоғам дамуына байланысты қалыптасып, дамып келеді. Қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу мақсатында олар іріктеліп, әлеуметтік топтардың мәдениетін игеру арқылы жеке тұлғаның қарым-қатынастық мәдениетін дамытуға ықпал жасалады. Осы орайда ұлттық мәдениет, ұлттық қарым-қатынас мәселелерінің маңыздылығын айта кеткен жөн. Ұлттық мәдениет ұлттық тәлім-тәрбиеде, халық мақалдары мен мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, халық даналықтарында кеңінен көрініс табады. Біздің зерттеуіміз үшін мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды, аңыз-әңгімелердегі олардағы ұлттық мәдениетімізді көрсететін пайымдаулардың маңыздылығы ауқымды да өзекті болып табылады.

Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше.

«Сыйласаң, сый көрерсің, сыйға сый, сыраға бал» деген мақалды дүниеге келтірген қазақ халқының бүкіл тіршілік болмысы сыйластық, ымырагершілік, үлкенге алдынан кесе көлденең өтпей ізет көрсету, кішіге қамқорлық таныту, ата-ананы құрметтеу, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге тәрбиелеген қарым-қатынас мәдениеті компоненттерінен тұрады десек артық болмайды. Қазақ халқы:

«Мейрімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен», — деп, әдепті, мәдениетті адамдарды данаға теңеп, төбелеріне көтерген.

Қазақ халқы үшін мәдени қарым-қатынастың діңгегі, әдептіліктің айнасы амандасудан басталады. «Сәлем сөздің анасы» деген қазақ ұлты сәлемдесуді құдайшылық, имандылық нышаны деп қабылдаған. Сәлемдесу барысында жылы-шырай танытудың да маңызы зор. Ол сәлемдесудің сәнін де, мәнін де келтіреді.

«Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» деп сәлемдесуді өмірлік борыш ретінде қабылдап, жастарды ізеттілікке, мәдениеттілікке шақырған.

Өзгелермен қарым-қатынас орнатуда кішіпейілділік ерекше орын алған. Басқалардан ерекшеленбеу, өзін марапттаудан аулақ болу, адамгершілік таныту сынды қасиеттер кішіпейілділік белгісі. Халқымыз «кішіпейілділікті кішілік емес, кісілік» деп санаған. Кішіпейілділікті, қарапайымдылықты дәріптеп, менмендікті ылғи да мінеп, ондай абыройсыз әдеттен аулақ болуды өсиет еткен халқымыз «Ұлық болсаң — кішік бол» деп көпшілікке ізгілік таныту тиіс екендігін атап өткен.

Ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, оларды қарым-қатынас мәдениетіне баулуда басқа да мұсылман елдері сияқты қазақта «адал», «арам» сөздеріне ерекше мән берілген. Адал — ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, артық сөйлемейтін, кісіге қиянат жасамайтын жан болса, арам деп еңбексіз дүние жинап, ұрлық-қарлық, қулық-сұмдықты серік еткен, обал-сауаппен санаспайтын, өзгеге бәле тілеумен күн көретін адамдарды айтқан. Сондықтан

«Адалдық — ардың ісі»;

«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді»;

«Ала жіпті аттамағанның абыройы биік»;

«Асылдың бірі — адалдық» деген мақалдарды дүниеге келтіріп, жас ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Адал адамдарды мәртебе тұтып, барынша жоғары көтерген, керісінше арам болудан бойын аулақ салып, олармен қарым-қатынас жсаудан қашқақтаған.

Қай халықта болмасын мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың белгісі сабырлылық деп саналады. Сабырлылық — адамның ерік-жігері күшінің көрсеткіші. Адамның өзін-өзі билеуі, іс-әрекетіне, алдына қойған мақсатын орындауда өзін бағындыра білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің сезімдерін қадағалауды жүзеге асыра алуы, айналасындағылардың қарсылығына душар болғанда асығыстыққа бармауы оның сабырлылығын білдіреді.

«Сабыр түбі — сары алтын,

Сақтаған жетер мұратқа» деген ұлағатты сөзді айта келе, қазақ қуанышты сезім билесе де, ренішті көңіл-күй ұяласа да сезімді тежей біліп, сабыр сақтау қажеттігіне баса назар аударған. Әлі өмір тәжірибесі жоқ, желкілдеген құрақтай болған жас буынға қызбалыққа ұрынбау керектігін дәріптейді. Әсіресе, ашушаң адамның қоғамға сұрықсыз көрінетіндігін, абырой, сыйдан аят болатындығын айтқан.

«Ашу арындайды;

Ақыл соңынан аяңдайды»;

«Ашу тұрған жерде, ақыл кетер»;

«Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,

Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер?»;

«Жақсы кісінің ашуы,

Жібек орамал кепкенше» деген мақалдар жастардың бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда маңыздылығын жоймайтындығы ақиқат [4].

Жалпы қазақ халқының қай мақал-мәтелін алсақ та жастарды мәдениеттілік, инабаттылық, әдептілікке баулу — олардың түпқазығы болып табылады. Қазақи мәдениеттің айнымас бір белгісі — ол көргенділік таныту. Көргенділік — әдепті қасиеттердің жиынтығы. Қазақта ұрсып-сөгудің ең жаманы «көргенсіз» деген. Көргенділік адамның жеке дара қасиеттірін сипаттап қана қоймай, оның ата-бабасынан қалған тәлім-тәрбиені қамтиды. «Үлкен отырып, кіші сөйлегеннен без», «Ата-бабаңа, ата-анаңа, еліңе сөз келтірме» деген нақылдың артында «көргенсіз болма» деген талап жатыр. Көргенділік адамның күнделікті қарым-қатынаста мәдениеттілік шеңберінен шықпауды, өзгенің көңіліне келетін артық сөз айтпауды, біреуді ренжітетін іс жасамауды, тұрпайы мінез көрсетпеуді, ожарлық, менмендік, жымысқылық, мақтаншақтық, жылпостық қасиеттерден ада болуын білдіреді [1].

«Жас кезіңде көргенің болмаса,

Үлкейгенде кісілігің болмайды» деген мақал осыдан туындаған.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің кені болып таблатын қазақтың мақал-мәтелдерін зерттеген сайын, олардың құндылығының арта түсеетіндігін аңғарамыз. Мақал-мәтелдердің мәдени-тәрбиелік әлеуметін әлі де терең зерттеп, жас ұрпақ тәрбиесінде барынша кең қолдану қажет. Соңғы кездері нарықтық экономиканың «буына түсіп кетіп» шыға алмай жүрген кезеңде жастардың қарым-қатынас мәдениетін ұлттық үрдіс арқылы қалыптастыру көкейде жүрген өзекті мәселелердің бірден-бір шешімі деуге болады. Адамзаттың бір-біріне деген мейрімділік, сүйіспеншілік сезімдерінен бірте-бірте қатыгездік, алдап-арбау қажеттілігі артып түсті. Қандай жолмен болса да, қайткенде де қалталы болу, бай болу, сөйтіп өзгеге менсінбей ат үстінен қарау, өркөкіректік, өзімшілдік, мақтаншақтық секілді мәдениеттен ауылы алшақ қасиеттер басымдық танытып жатқан қазіргі кезеңде болашақ ұрпақтың жалпы ұлттық мәдениет деңгейін көтеру, қарым-қатынасын қалыптастыру үлкен міндетке айналып отыр [3].

Әдебиеттер:

  1. Әлімбаев М. Халық — ғажап тәлімгер. Алматы. «Рауан», 1994. — 140 б.
  2. Базарбаев Ж., Нұсқабаев Ж., Дәулетова Қ, Әбілдаұлы Ұ Инабат. — Алматы, 1995.
  3. Қазақ мақал-мәтелдері. Құраст: Ж.Малайсарин. Алматы: «Ана тілі», 2006. — 184 бет.
  4. Құралұлы А. Қазақы тыйымдар мен ырымдар. Алматы, «Өнер», 1998. — 58 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, аша, оса.


Похожие статьи

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Секта, бар, немес, христианин.

Ответы по Аша – Балашовской волости Уфимского уезда. 1. Какие из сект распространены.

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Пути совершенствования безопасной образовательной среды

Анализ уровня безопасности образовательной среды МКОУ АШИ дал следующие результаты

Однако, педагоги склонны мене положительно оценивать образовательную среду, чем...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

Себебі, бұл құрылымды феноменологиялық тұрғыдан сараптау оның ұлт руханиятын құрудағы маңызы мен тетіктерін нақтырақ аша түсуге септігін тигізетін қадам болып табылады.

Похожие статьи

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Секта, бар, немес, христианин.

Ответы по Аша – Балашовской волости Уфимского уезда. 1. Какие из сект распространены.

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Пути совершенствования безопасной образовательной среды

Анализ уровня безопасности образовательной среды МКОУ АШИ дал следующие результаты

Однако, педагоги склонны мене положительно оценивать образовательную среду, чем...

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

Себебі, бұл құрылымды феноменологиялық тұрғыдан сараптау оның ұлт руханиятын құрудағы маңызы мен тетіктерін нақтырақ аша түсуге септігін тигізетін қадам болып табылады.

Задать вопрос