Жаңа көзқарас, жаңа серпіліс — білім берудің жаңа сапасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ермекбайкызы, Зарина. Жаңа көзқарас, жаңа серпіліс — білім берудің жаңа сапасы / Зарина Ермекбайкызы, К. К. Жумагулов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 26-28. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31464/ (дата обращения: 26.04.2024).



Студенттің ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту басты проблеманың бірі. Күнделікті сaбақтағы бір сарындылық студенттің ынтасын, қызығушылығын жоғaлтатыны айдан анық. Л. Н. Толстой «Ұлы мүмкіндіктердің баршасы — балалардың бойында» деп айтқандай дұрыс ұйымдастырылған сабақ студенттің бойындағы жaқсы дәрежеде қасиеттерді қaлыптастыруға, пәнге деген қызығушылығының артуына, адaмдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді, зейінін арта түседі және есте сақтау қабілетін дамытады.

Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады] деп студентке арналған нұсқаулықта жазылғандай сапалы ұйымдастырылған сабақ өз нәтижесін береді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді:

 Студенттердің белсенділігін, қызығушылығын арттырады;

 Топтағы көшбасшыны анықтайды;

 Білім идеясының алмасады;

 Топтағы белсенділігі төмен студенттердің топтық жұмыста іс-әрекетін байқауға болады;

 Өз пікірлерін жеткізе алады және айтылған пікір топта тыңдалады;

 Студенттер бір-бірімен ақылдасады, бір-бірінің пікірімен санаса біледі;

 Топта өзара сұрақтарға жауап іздейді, зерттеушілік әңгіме жүреді, әлеуметтік орта құралады. Жалпы айтқанда студенттің білім аясы кеңейеді.

Дәстүрлі сабақта жаңа тақырып болсын немесе кез келген мәселені талқылау оқытушының басқаруы арқылы жүргізілетін яғни студенттің қате пікірін ортасынан бөлу, тақтаға шығарып сұрақ жаудыру сынды іс-әрекеттер орын алады. Ал топтық жұмыстарда, жоспарлаған жаңа әдістерде студенттер жаңаны үйреніп білім алады, оқу-түсіну жеңіл болады, қарым-қатынастық, тілдік дағдылар қалыптасады. Өмірде ең керекті білік пен дағды қоғамда қарым — қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескерсек, әр сабақта студент оқытудың басқа да қатысушыларымен араласып қарым — қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.

Осылай ұйымдастырылған сабақ барысында:

— Студенттер берілген тақырып бойынша өз ойларын білдіреді, сындарлы сөйлейді, өз білімін басқа құрбыларына жеткізе алады;

— Басқалардың идеяларын құрметтейді, ой пікірлерін тыңдайды, ой елегінен өткізеді, ойын жинақтайды;

—Қажеттілігіне қарай бағалы пікірлер ұсынады, күрделі проблемаларда талдай алады сынды әрекеттер жасайды.

Әрбір жаңа әдіс–тәсілдермен құрылған сабақта оқытушы талантты және дарындыоқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренеді (тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивтітәсілдерді пайдалануды біледі. Осы студенттерді оқытуда олардан мынадай нәтиже күтуге болады:

—физикалық ойлау деңгейін арттыра түседі,

—теориялық білімдері тереңдейді,

—практикалық дағдысы дамиды,

—шығармашылық қабілеттері шыңдалады.

Сабақ барысында студенттің таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту, дамыту өте маңызды. Дарынды және талантты студенттерге қатысты сабақты жоспарлау жауапкершілікті талап ететін едәуір күрделі мәселе. Ол үшін оқытушыда дарынды бақылаушы болуы қажет. Талантты және дарынды тұлғаларды оқытуды дамыту үшін топтық жұмыстарда ашылмаған сыры көп, талантты және дарынды студенттерді анықтау оңайға түсе қоймасы анық. Дарынды студенттерді бір сабақ барысында анықтау мүмкін емес, бірақ белгілі бір бойындағы қасиетін байқауға болады.

Фриман (1998) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдері: есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілеттерінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділік, күрделікке деген сүйіспеншілік, шоғырлану, ерте символдық белсенділік көруге болатындығын айтқан [САН 68 бет]. Бірақ бұл өлшемдер нақты дарынды, талантты студентті анықтауда өзгермейтін өлшем деуге болмайды. Студент сабақта физикалық білімі терең болмасада, оны басқа қырынан тануға болатынын «Рольдік ойындар» топтық әдісте байқауға болады. Студенттер әр бір берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, сол іс шараның қойылымын көрсетеді. Көрініс барысында студенттерден актерлік шеберлік, сахналық қойылымдарға қабілеттерінің барын, көркем шебер сөйлеу, тіл әдебиетке жақын екенін көріністе байқауға болады.

Әрбір оқытушы топтағы студенттердің арасында дарынды, талантты жалпы осы қабілеттерінің одан әрі дамыту мақсатында төмендегі жұмыс түрлерін қолдануға болады:

 Дарынды оқушыларды қабілеттеріне қарай топтау;

 Үйге жеке тапсырмалар беру;

 Қабілеттілігі әртүрлі талантты және дарынды оқушылар үшін топта бірлескен тапсырма жоспарлау;

 Ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатыстыру.

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі құралы – құзіреттілік, функционалдық жаңашылдық қалыптастыру яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке деген құзіреттілігін, функционалды жаңашылдығын дамыту, оқуда алған білімін өмірлік жолында қолдана алу сынды іс-әрекеттерін арттыру, қалыптастыру. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі уақытында ол студенттің білім деңгейін көтеруге құрылған болатын, әрине оны жоққа шығаруға болмайды, бірақ қазіргі таңда студенттің білімділігі мен бірге, студенттің құзіреттілігін, функционалды сауаттылығын, оның жеке тұлғалық қасиеттерін арттыру, айналамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, реттеу өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әрбір сабақ соңында тек баланың сабақты қалай меңгергені туралы және сабаққа белсене қатысып отырғанын саралап, бірақ «5-тік», «4»-тік, «3»-тік бағалауын қоюға қалыптасқан.

Дәстүрлі сабақта бағалау студенттің нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, баланың ашылуына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейді. Назар аударсақ оқытушы әрдайым сабақта жеке бағалаушы бола бермейді. Дәстүрлі сабақта бір есеп шығарған студенткеде, бір ғана анықтама айтқан студенткеде бірдей қанағаттанарлық баға қойылатыны сөзсіз. Кейде бұл баға дау туғызатына да бар. Неге анықтаманы ауызша жаттап айтқан студент үш деген баға алады, неге тақтада формула қорытып есеп шығарып, анықтама айталмаған студентте үштік баға алады деген сынды. Дәстүрлі бағалау студенттің сабақтағы іс-әрекетіне үлкен әсер тигізеді.

Оқыту үшін бағалауда студент өзін бағалау, бірін-бірін бағалау, ұсыныс, пікірлерін айту, білдіру, кері байланыс орнату маңызды екенін оқытушы білу қажет. Осы бағалауда студенттің пәнге қызығушылығының артатынын, формативті бағалаудың маңызы сабақта зор болатынын атап айтуға болады.

Мадақтау, сенім білдіру, мақтау сынды қалыптастырушы формативті бағалау әр бір сабақтың барысында көрініс тапса, студент өз нәтижесін арттыру үшін не істеу керектігін түсінеді, қандай деңгейге жету керек және бұны қалай жасау керек екендігін біледі, алға қарай дамуы үшін жұмыс жасау керектігін сабақ барысында біледі. Әр бір сабақта формативті бағалаудың маңызын студенттер пән қызығушылығын арттыруда, сыни ойлауын, түсінуін дамытатынын түсінеді. Ертеңгі күнгі сабаққа студент ынталанып, ұмтылып, жаңа көзқараспен қызығушылықпен келетіні сөзсіз.

Формативті бағалаудың ұтымды жері белгілі критерийлер арқылы бағалау. Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген студенттің оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Әр студенттің ерекшеліктері, ықылас жігерін, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім деңгейін оқытушы алдын ала зерттеу керек. Сонымен қатар студент топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта біледі, пікір айта білуге үйренеді, пікір таластыра алады, ойланып жауап береді, бірін-бірі бағалайды, өзін бағалайды.

Топ арасында көп сөйлемейтін, сабаққа қызығушылығы төмен оқушылардың да өз мүмкіндіктерін жібермей сабаққа араласуы болады. Бағалау студент үшін маңызды ма? Әрине маңызды. Маңыздылығы сол бір күн алған жақсы бағасын күні бойы айтып, қуанышқа кенеледі. Тіпті сол күнгі көңіл күйі өмірдегі ең бақытты адам ретінде сезінеді. Топтағы студенттің ерекшеліктерін, ықылас жігерін, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім деңгейін кез келген пән оқытушы алдын ала зерттеу керек. Сол зерттеу нәтижесінде сабақта белгіленген критерийлер арқылы студенттің бағасын нақты қою қажет.

Ең бағалы табиғи тасты алмаз дейді, оны қырландырып, тәртіпке келтірген соң ғана бриллантқа айналады. Брилиант үлкен болып, қыры көп болған сайын бағалы. Оқу-біліммен қырланған ақыл да солай. Ендеше, қазіргі таңда болашақ маман иесі яғни студентке саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру — барша оқытушылар қауымының міндеті екендігін естен шығармауымыз керек. Әрбір сабаққа оқытушы жаңаша көзқарас, функционалды жаңашылдықпен қарау керек, осының нәтижесінде студенттің пәнге деген қызығушылығының артатынын, сөйлеу мәдениетінің дамитынын, білімін жүйелі түрде толықтыратынына кепілдік беруге болады. «Аз білетініңді ұғыну үшін, көп оқып үйрену қажет» деп М Монтень айтқандай оқытушы өмірінде тоқтаусыз ізденіс үстінде болу керек. Міне сонда ғана оқытушы болашағы жарқын, бәсекеге қабілетті маман даярлайды.

Әдебиеттер:

  1. М.Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі, Алматы, «Рауан» 1998.
  2. Л. Выготский. Мышление и речь. Москва, «Педагогика», 1983.
  3. М. М. Жанпейiсова. Модульдiк оқыту технологиясы Оқушыны дамыту құралы ретiнде. Алматы, 2002.
  4. Б. А. Кронгарт, В. И. Кем. Физика 10 класс. Әдiстемелiк құрал. Алматы, «Мектеп», 2006.
Основные термины (генерируются автоматически): студент, мена.


Похожие статьи

Формирование ключевых компетенций у студентов через...

В настоящее время в условиях развития новой экономики, в которой основным ресурсом становится мобильный и высококвалифицированный человеческий капитал...

Отличительные особенности образования в Китае

Опыт международного обмена студентами показывает, что обучение в университетах. В итоге студенты получают образование по специальности, плюс, знание двух языков и.

Развитие международного научно-образовательного...

Ключевые слова: «Один пояс, один путь», обмен студентами, обмен преподавателями, обмен научными сотрудниками, образовательные программы, российско-китайские центры.

Методология современного образования. Болонский процесс

Студент, приезжающий в зарубежный вуз на стажировку по программе обмена, должен свободно владеть либо английским языком, либо языком страны пребывания.

Нормативно-правовое обеспечение мобильности студентов...

Под мобильностью понимается предоставление возможности студентам, преподавателям и административному персоналу вузов «перемещаться» из одного европейского вуза в другой с...

Учеба по обмену. Программы обучения в Англии

Обучение в Англии для студентов имеет целый спектр преимуществ: · Возможность закрепиться в стране. Это обеспечивается специальной учебной визой...

Современное образование и наука: основные направления...

Бесспорно, перед каждым высшим учебным заведением стоит вопрос, как обучать и чему обучать. Студент, который выходит из стен университета...

Студенты настоящего и будущего и их влияние на систему...

Ключевые слова: электронное обучение, мотивация студентов, современные технологии, нетрадиционный подход, индивидуализация обучения.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Условия оплаты публикации — Молодой ученый

студент (г. Сургут), 18 апреля 2015 года. Очень нравится работать с издательством "Молодой учёный", вовремя получила журнал.

Похожие статьи

Формирование ключевых компетенций у студентов через...

В настоящее время в условиях развития новой экономики, в которой основным ресурсом становится мобильный и высококвалифицированный человеческий капитал...

Отличительные особенности образования в Китае

Опыт международного обмена студентами показывает, что обучение в университетах. В итоге студенты получают образование по специальности, плюс, знание двух языков и.

Развитие международного научно-образовательного...

Ключевые слова: «Один пояс, один путь», обмен студентами, обмен преподавателями, обмен научными сотрудниками, образовательные программы, российско-китайские центры.

Методология современного образования. Болонский процесс

Студент, приезжающий в зарубежный вуз на стажировку по программе обмена, должен свободно владеть либо английским языком, либо языком страны пребывания.

Нормативно-правовое обеспечение мобильности студентов...

Под мобильностью понимается предоставление возможности студентам, преподавателям и административному персоналу вузов «перемещаться» из одного европейского вуза в другой с...

Учеба по обмену. Программы обучения в Англии

Обучение в Англии для студентов имеет целый спектр преимуществ: · Возможность закрепиться в стране. Это обеспечивается специальной учебной визой...

Современное образование и наука: основные направления...

Бесспорно, перед каждым высшим учебным заведением стоит вопрос, как обучать и чему обучать. Студент, который выходит из стен университета...

Студенты настоящего и будущего и их влияние на систему...

Ключевые слова: электронное обучение, мотивация студентов, современные технологии, нетрадиционный подход, индивидуализация обучения.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Условия оплаты публикации — Молодой ученый

студент (г. Сургут), 18 апреля 2015 года. Очень нравится работать с издательством "Молодой учёный", вовремя получила журнал.

Задать вопрос