Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ибраева, О. Ж. Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді? / О. Ж. Ибраева, А. С. Каримова, С. К. Маманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 10.4 (114.4). — С. 62-64. — URL: https://moluch.ru/archive/114/30008/ (дата обращения: 19.04.2024).

Заманауи білім беру саласы мұғалімнен өзінің пәні бойынша білімінің терең болуымен қатар, өз тәжірибесінде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуды талап етеді. Мәселелерді шешудің құралдарының бірі Lesson Study форматында сабақты зерттеу болып табылады.

Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study тобындағы мұғалімдер бірлесе сабақты жоспарлайды, сабақты бақылайды, оқу барысын және оқытуды талдайды, қорытынды жасайды. Lesson Study циклін іске асыру кезінде мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді жаңартып, жетілдіруге ұсыныстар жасайды және оларды әріптестеріне Lesson Study семинарлары немесе басылым ретінде жариялайды [1].

Химия пәнін оқытудың мақсаты оқушыларға химиялық үрдістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, проблемаларды шешуге, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға, түрлі формада тиімді коммуникация орнатуға мүмкiндiк беру [2].

Химия сабақтарының басым бөлігі зертханалық-практикалық жұмыстарды орындаумен өткізіледі, осындай сабақтарда барлық оқушылар гипотеза жазу, эксперимент жолын анықтау және оны іске асыру, бақылау жүргізу, жасаған гипотезаларына дәлелдемелерді келтіру, талдау және қорытынды жасауға үйренеді.

Оқушылардың практикалық жұмыстарының нәтижелері бойынша есептерін талдау кезінде, көп оқушыларға гипотеза жазу және бақылаулары бойынша қорытынды жасау қиынға түсетіні анықталды. 9 «А» сыныбында жоғарыда айтылған мәселе бойынша 45,5 % оқушы анықталғандықтан (диаграмма 1), Lesson Study форматында зерттеу осы сыныпта таңдалды.

9 «А» сынып оқушыларының практикалық жұмыстары бойынша

1 мониторинг

Диаграмма 1

Зерттеу жұмысы келесі қадамдардан басталды: химия пәні мұғалімдерімен мәселе мен зерттеу тақырыбы анықталды; бақылау нысаны ретінде 3 оқушы таңдалды (А оқушы: белсенді, химиядан білім деңгейі жоғары, В оқушы: орташа, С оқушы: баяу); әр оқушыға психологтен мәліметтер алынды (Гарднер бойынша интеллект типі, Брунер бойынша ойлау типі, IQ деңгейі, оқуға деген уәжінің деңгейі); Lesson Study форматында сабақты зерттеу келесі циклдер бойынша жүргізілді: сабақты бірлесе отырып жоспарлау, сабақты өткізу мен оны бақылау, сабақтан кейінгі талдау; сабақты зерттеу бойынша мектеп координаторы Б. Т. Тулебаевадан Lesson Study форматында сабақты зерттеу бойынша кеңестер алынды.

Зерттеу тақырыбы бойынша мәселелерді шешу үшін оқушыларды белсенді оқытудың келесі әдіс-тәсілдері қолданылды:

- оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға ынталандыру мақсатында химиялық валюта, яғни “химон” қолданылды, бұл әдіс бойынша әр оқушыға алдын-ала химондардың белгілі саны таратылады; болжам жасау, тәжірибе орындау мен қорытынды шығару барысында оқушы көмек сұраған кезде химондары азаяды, демек сабақ мақсатына жетпейді;

- 1-ші сабақты бақылау кезінде В мен С оқушылары бірге отырғандары С оқушысының одан баяуырақ жұмыс істеуіне себеп болды, ал В оқушысы, керісінше, көшбасшылық дағдыларын көрсетті; 2-ші сабақта В және С оқушыларының белсенділіктерін арттыру мақсатында С оқушысын белсенділігі одан да төмен оқушымен, ал В оқушысын, белсенділігі одан жоғарырақ оқушымен отырғыздық; келесі сабақта оқушыларды жұпқа “жұптас ыдысты тауып ал” әдісімен бөлдік;

- болжамды дұрыс жаза алуды үйрету мақсатында дифференциацияланған тапсырмалар берілді: “Дұрыс қатарды таңда” тапсырмасы С оқушысына (санмен байланысты); “Адасқан сөздер” тапсырмасы В оқушысына (күрделік деңгейі орташа), “Сөйлемді аяқта” тапсырмасы А оқушыға (қажетті сөзді өздігінен анықтап, дұрыс септікте қою) берілді;

- қорытындыны дұрыс жаза алуды үйрету мақсатында келесі сабақта проблемалық сұрақтар қойылды: Алюминийдің химиялық қасиеттерінің натрий гидроксидінің химиялық қасиеттерінен айырмашылықтары неде? А оқушы жұпта өздігінен қорытынды жасау керек болды (олардың жазған болжамдары расталды ма?);

- оқушыларға талдау жасауға арналған тапсырма берілді: «Алюминий хлориді ерітіндісіне натрий гидроксидін тамшылап құяды және керісінше, натрий гидроксиді ерітіндісіне алюминий гидроксидін тамшылап құяды. Тәжірибелердің нәтижелерінде айырмашылық болады ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер».

Жасалған зерттеу жұмысы келесідегідей нәтижелер берді:

  1. Химондарды қолдану А және В оқушыларына ғана емес, сонымен қатар басқа да оқушылардың өздігінен болжам мен қорытынды жазуларына оң әсер етті (дәлелдеме оқушылардың кері байланыстарында келтірілген);
  2. С оқушының одан баяуырақ оқушымен отырғаны оның белсенділігінің жоғарырақ болғанына оң әсер еткені бақыланды;
  3. B оқушының белсенділігі баяулады;
  4. құрастырған гипотезалары 82 % оқушыда дұрыс болды (диаграмма 2);
  5. оқушылардың жазған қорытындылары гипотезаға сәйкес болды (диаграмма 2).

9 «А» сынып оқушыларының практикалық жұмыстары бойынша

2 мониторинг

Сонымен қатар, зерттеу барысында кемшіліктер де анықталды. Мәселен, химондарды қолдану оқушылардың өздігінен жұмыс жасауларына оң әсер еткенімен, болжам мен қорытындыларының сапалы жазылуына әсер етпеді, А және В оқушыларының болжамдары толық және нақты болған жоқ; В оқушыны одан белсенділігі жоғары оқушымен отырғызғанда оның белсенділігі артады деп болжадық, алайда іс жүзінде оның енжарлығын бақыладық.

Аталған кемшіліктер мен зерттеу барысында жасалған бақылаулар келесі қадамда мына жағдайларға назар аудару керек екендігін көрсетті: дәлелдеме келтіру модельдерінің болжам мен қорытынды жасай алу дағдыларының дамуына қалай әсер ететіндігін анықтау; таңбалау жүйесін қолдану ауызекі тілдің дамуына әсерін бақылау (сызба, таңбаларға сүйене отырып, қисынды, толық қорытынды құрастыра алу); осы сыныптың қазақ тілі, орыс тілі сабақтарына қатысу; тапсырмаларды құрастыру мен оқушыларды жұпқа немесе топқа бөлу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері мен дарындылығын ескеру.

Әдебиеттер:

  1. Pete Dudley. Lesson Study: Руководство. — 2011 г.
  2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы. «Химия» пәнінен оқу бағдарламасы. Негізгі мектеп. 7–10 сыныптар. – Наурыз, 2015 ж.
  3. Савенков И. А. Учим детей выдвигать гипотезы и задавать вопросы //Одаренный ребенок. 2003. № 2.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, ала В.

Похожие статьи

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу...

Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа...

Пазылова Каламкас Асетуллаевна — Информация об авторе

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары. №7 (111) апрель-1 2016 г. Авторы: Аубакиров Бактияр, Пазылова Каламкас Асетуллаевна.

Типология художественности тюркских версий дастана...

Хер сəхəрлер мен сериңе дөндугим… В каракалпакской версии

Хумарланып ала гөзлер сузулмиш… Маралгөзли ярым галды…

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Насави писал: «И [произошло] еще такое: Хан-Султан — старшая из дочерей султана ['Ала' ад-Дина] Мухаммада — была взята в плен [татарами] вместе с Теркен-хатун.

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу...

Библиографическое описание: Пазылова К. А., Аубакиров Б. Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары // Молодой ученый.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

«Маған айтсаң - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде қалады, өзіме істетсең - сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып...

Экология Бишкека | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отметки в пределах города составляют от 700 до 950 м. над уровнем моря. Город возник в пойме бассейнов двух рек — Аламедин и Ала-Арча.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос