Библиографическое описание:

Карибжанова А. К. Іс әрекеттегі зерттеу: Физика сабақтарындағы дарындылық белгілерін қалай анықтаймын? // Молодой ученый. — 2016. — №10.4. — С. 40-42.



Менің пікірімше дарындылық – тұлғалық қасиет, әр оқушы өз алдыңда дарынды, ол туа біткен қабілет және бейімділік. Біздің міндетіміз, оқушы бойындағы осы беймділік пен қабілеттерді дер кезінде анықтап, оны дамыта отырып дарындылыққа айналдыру. Дарынды бала – бұл ерекше бала, оған қарпайым білім беру жүйесінің талаптарын қоя алмайсың. Олардың танымдылық-қызығушылықтары өте жоғары, белсенді, жарқын балалар.

Менің осы тұрғыдағы ұстанымым әр бала дарынды. Бірақ, ол дарындылықты мұғалімдер айқындай алмай қалатыны өкінішті.

Ерекшеліктерді ескере келе өзіме төмендегі міндеттерді қойдым:

- іс-тәжірибе барысында дарынды балаларды анықтау;

- өзіндік шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызғушылықты қалыптастыру;

- ақпараттық кеңістік көлемін кеңейту;

- олимпиадалық деңгейдегі тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту;

- зерттеушілік әрекетіне баулу.

Біздің мектептерде оқитын оқушылардың барлығы 4-5 оқитын, жинақталып, таңдалған оқушылар. Әрине осы оқушылардың ішінде бірден осы-осы оқушы математикадан, басқасы тілден дарынды деп бірден басып айту қиын.

Жалпы, дарынды оқушыларды анықтаудағы мен кездескен қиындықтар:

  1. дарынды оқушыларды анықтау – әр оқушы мен нақты бірнеше оқушылардың дамуына сараптама жасаумен байланысты ұзақ мерзімге жоспараланатын үрдіс;
  2. дарынды оқушыны қандайда бір критерий арқылы бағалауда қателік ықтималдығының болуы: қандайда бір көрсеткіштің жоғары болуы әр қашанда дарындылық белгісі болып табылмайды. Ал қандайда бір критерийдің төмен болуы бұл қасиеттің оқушы бойында мүлдем жоқ деп кесіп айтуға мүмкіндік бермейді. қарастыру туралы мәлімет бермейді. Бұл жағдайлар тестілеу нәтижелерін саоарптауда қажет. Зият туралы психометриялық тестегі жоғары көрсеткіш оқушының дұрыс әрі өз ісін реттейтін оқушылардың көрсеткіші де болуы мүмкін. Сондықтан қабілеттілік пен дарындылықты анықтауда бір ғана тест қортындысына сүйену дұрыс болмайды. Тест бірнеше түрлі болуы қажет.
  3. оқушыларға дарынды деп айдар тағудан да аулақ болған жөн. Себебі, олардың келешектегі табысты болуына өзі саналы түрде қабылдай алуы керек. Мұғалім тарапынан сен «дарындысын», сен «дарынсызсың» деп оның тағдырына сырттан бағдар беруден аулақ болған жөн.

Осы қиындықтарды ескере және мектеп психологымен ақылдаса отырып, 7 сыныптарда дарындылықты анықтау диагностикасын өткіздім. Ол үшін түрлі әдістерді қолдандым.

Алдымен, Гарднер көптік зият теориясына сәйкес, тест жұмысын өткіздім. Нәтижесін сараптай келе осы үш оқушыны таңдап алдым (алдағы уақыттарда А1-А, А2-В, Д3-С деп шартты түрде белгілейік). Оқушыларды таңдау көп қиындық тудырды, себебі көріп отырғанымыздай, барлық оқушыларда көбінесе 50 ден жоғары, тіпті 60-70 кездеседі. Айтарлықтай алшақтық байқалмайды. Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес А – музыкалық, тұлға аралық, әртістік, спорттық ақыл-ойға ие екендігі байқалса, В оқушы - моторикалық-қозғалыс, вербалды лингвистикалық және ақындық ақыл-ойға ие оқушы. С-оқушы, логикалық, ішкі және тұлғалық, математикалық және зерттеушілік ақыл-ой иесі болып отыр. Бір таңқаларлығы С оқушның ақындық ақыл-ойы 3 болса, А оқушының математикалық ақыл-ойы 8 болып тұр.

Екінші Брунер бойынша анықтап көруге тырыстым Кесте-1:

Оқушы

Пән бойынша

Символдық ойлау

Белгілік ойлау

Бейнелік ойлау

Креативті ойлау

1

А

9

3

7

10

8

2

В

5

9

3

3

8

3

С

13

14

10

10

3

Кесте-1

Кестеден көріп отырғанымыздай пән бойынша, символдық ойлау С оқушысында А мен В қарағанда жорағыр дәрежеде.

Осы орайда мектеп психологының өткізген мектеп оқушыларының ақыл-ой дамуынының тесті (ШТУР) нәтижесімен таныстым: А оқушының пән бойынша тапсырманы орындау 32 %; В оқушының 16 %; С оқушының көрсеткіші 74 %.

Зерттеу барысында таңдалған оқушылардың эмоционалдық тұрғыдан дамуына назар аудардым. Себебі, дарынды оқушыларды негізінен жинақталған, өзін-өзі реттей алатын, қажеттіліктерін білетін, байсалды, өзіне сенімді, қиындықтардан қашпайтын оқушы деп сипаттасақта, кейбір оқушылар жағдайға байланысты қобалжулары басым екендігі анықталды. Бұл қасиет тұлғалық қобалжуға ауысуы әбден мүмкін. Яғни, қандайда бір қысылшаң жағдайға (емтиханда, олимпиада жұмыстарын орындауда) бұл көрсеткіш өзін-өзі реттеу деңгейін төмендетіп, нәтижеге кері әсер етуі мүмкін. 7 сынып оқушылары өз жауаптарында еркіндік деңгейінің төмендігін және қобалжуы басымдығын көрсетті. Мен бұны діл (менталитетік) ерекшелігінің әсері және 7 сынып біздің мектепке биыл қабылданып оқып жатқандықтан әлі де бейімделудің төмендігі болар деп ұйғардым. Оқушылардың қобалжу деңгейін Ч.Д. Спилбергер әдісі арқылы анықтаудың нәтижесінен А оқушыда «тұлғалық» қобалжу деңгейі төмен болса, В мен С оқушыда жоғары. Ал «жағдайлық» қобалжу А оқушыда орташа болса, В мен С жоғары.

Осы оқушыларды В.Х. Ряховскийдің қарым-қатысқа тез түсу, (тез тіл табысып, араласып кету) деңгейі бойынша тест нәтижесінен А ортадан жоғары болса, В орташа, ал С ортадан төмен.

Жалпы көріп отырғанымыздай, оқу әдебиеттерінде танысқан теориялық мәлемттер диагностикалық сипаттарға сәйкес келетіндігін байқадым.

Физика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың жалып түрлері:

Жоғарыда анықталған А,В,С типтегі оқушылар барлық топта да кездеседі және әр сыныпта бар. Сондықтан, өз сабағымда осы оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бес қағидасын айқындадым:

1) тұлға ретінде дамуына мол мүмкіндік жасау;

2) сабақтан тыс уақыттағы жұмысқа да жұмылдыра білу (қызықты үй тапсырмалары);

3) жеке-даралық және дифференциялдап оқыту қағидасы;

4) сабақ барысындағы мұғалім тек бағыттаушы жетелеуші.

5) оқушылардың тапсырманы таңдаудағы еркіндігі.

Сабақ барысында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде басты туындаған сұрақ: әр сабағымды барлық оқушылар үшін қалай тиімді, әрі өнімді түрде жүргіземін? Дарынды оқушылар жалықпас үшін, оқу материалын қалай ұсынған тиімді. Сабақтың тиімділігі бірқатар факторлардан тәуелді. Сабаққа жоспар жасамас бұрын төмендегі жағдайларды жеке-жеке қарастырып аламын. Ол үшін әр сабақтың тақырыбы мен типін, сабақтар арасындағы байланысты, өткізетін тақырып көлемін, белгіленген уақыт, бекіту материалдарының тиімділігін мұқият зерделеймін.

Сабақтар қызықты болуы үшін, оларды түрлі формада өткіземін: кіріктірілген сабақтар (физика-математика, физика-биология, физика-химия, физика-музыка); конференция сабағы, сот сабағы, дебат сабағы және т.б. Сабақ барысындағы жұмысты да әр түрлі ұйымдастырамын: ролдік тренингтер, «миға шабул», ақыл-ой марафондары. Дарынды оқушылар үшін қиындық деңгейі жоғары бірақ, сыни көз-қарас пен шығармашылықты талап етін тапсырмаларды құрастырамын. Мұндай тапсырмаларды негізінен мәлімет және ақпаратпен, кестемен жұмыс, тірек сызбалар жасау, эксперимен тәжірибелерін жасау, есептер шығару.

Ол үшін, оқушылардың танымдылық-қызығушылықтарының ерекшеліктеріне орай, яғни Гарднер бойынша зияттық қырының әр түрлілігіне орай мұғалім оқушыларға әр құбылыстың мәнін түсінуге, болатын өзгерістің себеп-салдарын білуге, орындатын заңдылықтар мен қарама-қайшылықтарды анықтай білуге, өзара байланысын түсінуге, құбылыстар бойынша дұрыс болжамдар жасай білуге және күнделіктегі өмірдегі қолданылуын зерделей алуға көмек беруі қажет.

Дарынды оқушылармен жүргізген жұмыстарымның нәтижелері мені қуантады, себебі менің оқушыларым мектепке бейімделіп, өз білімдері мен қабілеттеріне саналы түрде көз-қарастарын қалыптастыра алды.

Дарындылықты анықтау және оны дамыту бір жылдың жұмысы емес, және ол бірден нәтиже береді деп те айту қиын. Бұл жылдар бойы үздіксіз жүргізілетін үрдіс. Мен жұмыс барысында (бір жыл көлемінде) тек осы үш оқушына ғана емес толық сынып бойынша зерттеулер жүргізіп, келемін. Сынпта осы типтегі оқушылар кездеседі.

Алдағы жылдары осы жұмысты жалғастыру, оларды олипиадалар мен ғылыми жұмыстар сайыстарына жиі қатысуына жағдай жасап, ынталарын арттыру. Дарындылықты анықтау және жұмыс жасауды тек 7 сыныптар арасында емес барлық 8, 9 сыныптар арасында анықтау, жұмыс жүргізу.

Әдебиеттер:

  1. Говард Гарднер. Структура разума: теория множественного интеллекта. – М.: ООО «И.Д. Вильямс», 2007. – 312-314 б.
  2. Дж. Брунер. Психология познания. За пределами непосредственной информации. Пер. с англ. - М.: Прогресс, 1977. – 415 б.
  3. Одаренные дети (1991). Под ред. Г.В. Бурменской, В.М. Слуцкого. М.: Прогресс, -56 б.
  4. Выготский Л.С. (1982 а). О психологических системах//Собр. соч. Т. 1. М.:Педагогика. С. 109-131.
  5. Үрей және қобалжушылық. В.М. Астапов. – СПБ.: Питер. 2001 – 256 б.

1

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle