Библиографическое описание:

Тусупжанов К. О., Матаев С. А. Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады? // Молодой ученый. — 2016. — №10.4. — С. 67-69.



Сіз неге бұл зерттеу жұмысымен айналыстыңыз?

Бұл тақырыпты және 7 А сыныбын ғылыми жоба ретінде таңдаған себебіміз, біріншіден, ғылыми жоба ретінде мұғалімнің біліктілігін ары қарай арттыруға және жоғарлатуға дұрыс бағыт береді, жұмысқа деген көп оңтайлы пайдасын тигізеді. Екішіден тақырыбыз «7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады»? ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Бұрынғы дәстүрлі түрде өткізілген дене шынықтыру сабағымен салыстырсақ, қазіргі кезде кіріктірілген бағдарлама бойынша сабақ кезіндегі моторикалық тығыздығын жоғалтпауға және қалай көтеруге болатындығын зерттеуді қажет етеді. Күннен-күнге өсіп келе жатқан жас дененің ең негізгі қажет ететіні қимыл-қозғалыстары, ойындары болып табылады.

Сабақ үш бөлімнен тұрады. Сабақтың бастапқы бөлімі, негізгі бөлім және қорытынды бөлімі. Сабақтың бастапқы бөлімінде оқушыларды жүгіртіп, жаттығуларды жасатқызып, дене ағзасын негізгі бөлімге дайындау кезінде кіріктірілген бағдарлама бойынша тақырыпқа шығу жолдары қарастырылған. Негізгі бөлімде оқушыларды топтарға, жұптарға бөліп, тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ойларын түсіндіру кезінде сабақтың моторикалық тығыздығын калай көтеруге болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бөлімде оқушылармен өткен тақырыпты сұрыптап өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау және басқа да әдістер арқылы қорытындылау қажет. Дене шынықтыру сабақ барасында тағыда басқа модульдерді қарастырып, оларды дамытып, сабақтың моторикалық тығыздығын қалай көтеру және жоғалтпау барысында талқылануы қажет.

C:\Users\tusupzhanov_k.pvl\Desktop\Ингегр. урок Биология и Физ. культура\Фото интег. фк и биология\IMG_0947.JPGC:\Users\tusupzhanov_k.pvl\Desktop\Ингегр. урок Биология и Физ. культура\Фото интег. фк и биология\IMG_0933.JPG

C:\Users\tusupzhanov_k.pvl\Desktop\Ингегр. урок Биология и Физ. культура\Фото интег. фк и биология\IMG_0935.JPGC:\Users\tusupzhanov_k.pvl\Desktop\Ингегр. урок Биология и Физ. культура\Фото интег. фк и биология\IMG_0942.JPG

Зерттеу жоспары. Қандай жұмыс істеу керек еді? Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір. Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымының өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық еттеріне түскен күш анықталып, бағаланады. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек. Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы»Х« І мин. Нәтижесі / дайындық бөлімінде, жалпы дамыту жаттығуларында, негізгі қозғалыстарда, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.

Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні — физиологиялық қисық деп аталады.

Спорт алаңында 2–3 мин жүгірістен кейін жүректің соғу қысымы 140–150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90–100 рет соғудың 40–60 ретке тең. Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140–180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135–150 рет шамасында болады. Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130–120 ретке дейін түседі. Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35–45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50–60 % дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20–30 % дейін төмендейді. Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140–160 рет шамасында болуы керек. Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин уақытта бастапқы қалыпқа келеді. Оқуүдерісі кезінде дене шынықтыру мұғалімдерінің көзқарасы ретінде зерттеу жұмыстарын дұрыс жоспарлап және тиімді пайдалану керекболды. Әр зерттеу жұмысының жолдары:

—сабақтыңжоспарыныңсараптамасы;

—сабақтыңжоспарынқарастыру,толықтыру;

—зерттеусұрақтары;

— бақылау;

Мәселені қалай шештіңіз?

Дамытушы пәндер ӘБ мұғалімдер тарапынан топ құрылды:

—Е. К. Шакаров — дене шынықтыру мұғалімі.

— С. А. Матаев — дене шынықтыру мұғалімі;

— К. К.Ескендиров — дене шынықтыру мұғалімі;

— К. О. Тусупжанов — дене шынықтыру мұғалімі;

— Д. Ф. Нурсеитов — дене шынықтыру мұғалімі;

Оқу жылы бойы Action research бойынша зерттеудің теориялық бағыты бойынша жұмыс жасалады. Сабақ жоспарын құрастырғанда моторикалық тығыздығына көңіл бөліп, мұғалімдермен ақылдасу. Оқушылардың арасында сауалнама, сұхбат және сұрақтар қою жұмыстары көп жүргізілмекші.

Дереккөздері:

 Сауалнама

 Бақылау

 Сұхбат

 Сұрақтар

 Әдебиетпен жұмыс

Қандай нәтижеге жеттіңіз?

Дене шынықтыру сабағында 7А сыныбының үш А, В, С оқушыларын бақылап, сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын тексеріп қадағалау қалай көтеруге болатындығына байланысты критериалдық бағдарлама негізінде тізбектелген сабақ жоспары құрастырылды. Қорытынды сабақта «Физикалық жаттығулардың жүрекке әсері» тақырыбында биология пәнімен кіріктірілген сабақ өткізілді. Бұл сабақ арқылы оқушылардың оқу сапасын арта түсуіне ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылармен бірлесе әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, теориялық білімдерін арттырды. Жасалған жұмыстардың қорытындысы негізінде оқушылармен моторлық тығыздық туралы сұрақтар қойып, пікір алмастық, бір-бірімен сұхбаттасты.

Қандай нәтижеге жете алмадыңыз?

Оқушылармен моторлық тығыздығын анықтауға қатысты сауалнама жұмысына үлгермеу.

Менің келесі қадамым:

Зерттеу құрылымының көрінісін 7 А сыныбында мәселені анықтау және оны шешу жолдары.

Қолданған әдебиеттер:

  1. Качашкин В. М. Методика физического воспитания М., 1960.
  2. Хухлева А. В. Мектеп жасына дейінгі балалар дене.
  3. Тайжанов.С., Қошаев М. Н., Адамбеков М. И.,Мухтаров С. М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене тәрбиесінің жаршысы журналы. — 2004. — № 1. — 79–84 б.б.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle