Іс әрекеттегі зерттеу: Педагогикалық зерттеулер жүргізудің кейбір мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Досмагамбетова, А. О. Іс әрекеттегі зерттеу: Педагогикалық зерттеулер жүргізудің кейбір мәселелері / А. О. Досмагамбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 10.4 (114.4). — С. 21-24. — URL: https://moluch.ru/archive/114/29968/ (дата обращения: 19.04.2024).



Қазақстан – талай ұлттардың басын қосқан ұлы жер. Еліміздің басынан талай қиыншылық заман өтсе де, түрлі ұлт өкілдері ынтымақтастықта, достықта, бейбітшілікте өмір сүріп келеді. Міне, тәуелсіздік алғалы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге үйрету - бүгінгі басты мақсатымыздың бірі болып отыр. Сондықтан мемлекет өзге ұлт өкілдерін балабақшадан бастап Жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейін мемлекеттік тілге үйретуге барлық жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, оларға қазақ тілін меңгертіп қана қоймай, оқушылардың туған жерінің қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін түсініп, ол үшін басын бәйгеге тігіп, тәуекелшіл болуға тәрбиелеу.

Мектеп қабырғасында оқып жүріп өзге ұлт өкілдерінің ауызекі сөйлеу тілін дамыту - мұғалім үшін үлкен жауапкершілік. Ақпараттық технологиялар заманында көптеген сандық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуда көптеген әдістерді пайдалануға болады. Себебі оқушылар көп нәрсені түсінгенімен, оны ауызша жеткізуге қиналады. Сондықтан балалардың айтылым дағдыларын дамыту күрделі мәселеге айналды. Ал айтылым дағдысы жетілген жағдайда, оқушылар сауатты жазуға, сұхбаттарға, тіпті пікірталастарға да түсе алатын еді. Оқушыларға жүргізген сауалнама бойынша да, олардың пікірлерінше, ең басты проблема - ол оқушылардың сөздік қорының аздығы болып отыр. Осы себептен зерттеу сұрағы ретінде мен оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын таңдап алатын болдым.

Тақырыпты белгілеу және зерттеу сұрақтарын құрастыру.

Әдебиеттерді зерделей отырып және тәжірибесі мол әріптестермен кеңесе отырып, зерттеу сұрағымды қайта құруға бел будым. Себебі мектебімізге 7-сыныпқа жаңа қабылданған оқушылардың сөздік қоры аз, әрі айтылым дағдылары қалыптаспаған болып шықты. Сондықтан іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбын "Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңадан қабылданған оқу орыс тілінде жүргізілетін 7-сынып оқушылардың сюжетті суреттерді әңгімелеу арқылы ауызекі сөйлеу тілін қалай дамытуға болады?" деген тақырыпқа тоқталдым. Сурет арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамытуды таңдаған себебім, оқушылар сурет арқылыәдеби тілге жақын болады, бейнелі сөздерді еске сақтайды, терең білім алуына, сын тұрғысынан ойлап, оқиғаға анализ жасап, баға беруге дағдыланады. Осы тақырып төңірегінде көптеген әдебиеттерді қарастырып шықтым, дегенмен екінші тілді меңгеруде сурет арқылы оқыту әдістемесі туралы жазылған еңбектер жоқтың қасы. Көбінесе мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған әдістер кездесті. Мысалы,белгілі суретші-педагог Д.Н.Кардовский (1866-1943), К.Ф.Юн (1875-1958) және В.П. Патомкин(1942) еңбектерін атап өтуге болады. Солардың ішіненИ. Н. Мурашковска мен Н.П. Валюмстің "Сурет бойынша балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту» әдістемесін таңдадым. Бұл әдіс ЗТТШ (ТРИЗ) қолдану негізінде құрылды.

Зерттеуді жоспарлау.

Іс-әрекеттегі зерттеуді 4 сабақ төңірегінде жоспарладым. Соңғы сабақ сауалнама мен рефлексияға арналды.

Зерттеудің мақсаты:

- оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын сөз, сөз тіркесі, жай сөйлем тұрғысынан дамыту;

- сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету;

- сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

- оқушылар сурет бойынша әңгімені жай сөйлемдер негізінде құрай алады.

- сөйлемдегі сөздердің орын-тәртібін сақтайды;

- сурет бойынша шағын әңгіме құрастыра алады.

Сабақ реті

Қадамдар

Жоспарланған

іс-әрекеттер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1 -сабақ

А) Суреттердегі элементтерді атау.

Ә) Суреттегі обьектілердің арасындағы байланыс пен өзара қатынас

1. Оқушылар суретте көріп отырған заттардың атауын атау керек.

(кім? не? сұрағына жауап беретін)

"Бинокльден көру" стратегиясы.

2. Обьектілердің арасында байланысты табу.

- суреттегі сөздердің аудармасын білу;

- жеке сөздерді ауызша айту;

- суреттер арасындағы байланысты сөз тіркесі арқылы жеткізу.

- оқушылар суреттегі бейнелерді ауызша сөз және сөз тіркесі ретінде дұрыс құрастырады.

2-сабақ

Кейіпкерлер мен заттарға сипаттама беру.

сын есім

+

зат есім

+

етістік

Сын есімдерді қолдана отырып, заттарды және кейіпкерлерді сипаттау

- суреттегі обьектілерге сын есімдерді қолдана отырып сипаттама беру;

- сын есім, зат есім, етістік арқылы шағын сөйлемдер құрастыру;

- адамдарға, заттарға сипаттама беру арқылы шағын сөйлемдерді қатесіз құрастырады.

3-сабақ

Болып жатқан және ілеспе оқиғалар.

(оқиғаларды құру)

Үстеуді қолдану

Сіз осы кейіпкердің рөліндесіз. (Сұрақ: нені сезініп тұрсыз?)

Суреттегі кейіпкерлердің осы уақытқа дейін (суретке дейін) болған оқиғаларын баяндау

(Сұрақ: сендердің ойларынша, осы оқиғаға дейін бұл кейіпкерлер не істеді?)

- суретке дейін болған оқиғаларға болжам жасау;

- жасаған болжамдарын жай сөйлем ретінде жеткізу.

- суретке дейін болған оқиғаларға болжам жасайды;

- өз ойларын жай сөйлеммен жеткізеді.

4-сабақ

Әңгіме құрастыру

Жоғарыда құрған оқиғаларды біріктіре отырып, жай сөйлемдерден құрылған әңгіме құрастыру.

Суреттегі барлық кейіпкерлерді, обьектілерді пайдалана отырып, шағын әңгіме құрастыру.

Сурет бойынша жай сөйлемдерден құрылған шағын әңгіме құрастырады.

Мәліметтерді талдау.

7-сыныпта бөлімнің атауы "Киім - адам көркі"болатын. Тақырыпқа сай суретті таңдап, зерттеуге алған оқушылардың іс-әрекетін бақылауға алдым. Суретті көрсеткен кезде қарапайым сұрақтардан бастадым. Мысалы, суретте сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? (Оқушылар кімдер? сұрағының адамға қатысты екенін біледі.) Одан кейін не? деген сұраққа жауап беретін жалқы есімдерді атап оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге болады. Осы тұста, суретті көру арқылы оқушылар жаңа сөздерді тез еске сақтайтынын байқадым. Егер де сөздерді тақтаға жазып, біраз уақыт өткеннен кейін бұл сөздерді қайта сұраған кезде, жауап беруге қиналатын. Демек, жазудан көру оқушыларға сол сөздердің визуалды суреттерін көрсеткен жағдайда тез есте сақтайтынына көзім жетті.

Зерттеу нәтижелері:

Сабақ реті

Ұтымды тұстары

Қиындықтар

Шешу жолдары

Келесі сабаққа ұсыныстар

1-сабақ

- суреттегі объектілердің атауын айтқанда, асқан қызығушылық танытты;

- бір-бірін қайталамайтын суреттерді, яғни ұсақ заттарды, іздестіре бастады.

(оқушылар арасында бәсекелестік байқалды).

- суреттегі кейбір сөздердің аудармасын білмеді.

- оқушылар білмеген кейбір сөздерді өздігінен сөздіктен іздестіре бастады.

синонимдер

сөздігін пайдалану

2-сабақ

- сын есім + зат есім + етістік үлгісі негізінде сөз тіркесі, шағын сөйлем құрастыру жеңілдеу болды;

- шағын сөйлемдерді құрастырса да, дұрыс құрастырылған сөйлемдер болғандықтан, оқушылардың сенімділігі байқалды

- сын есімдерге байланысты сөздік қорының аздығы

- достарынан сұрады;

- ым-ишара, іс-әрекет арқылы көрсетті;

- басқа заттарға сілтеу арқылы сөздердің аудармасын тауып алды.

эпитет, теңеу, фразеологизмдерді жұмыстың алдында алдын-ала беріп қою. Оқушылар тақырыпқа қажеттісін солардың ішінен іріктеп алуы керек.

3-сабақ

- бұл тапсырма оқушылардың суреттегі дәл сол уақытты ғана сипаттап қоймай, оған болжам жасап, сын тұрғысынан ойлауға жетеледі;

- оқушылар тарапынан өте қызықты ойлар айтылды.

- жекелей оқиғаларды айтуға қорқыныш болды;

- уақыттың тапшылығы

- оқушыларға жауапты айтпай, қолдау көрсеттім;

- уақытқа шектеу берілмеді (өз ойларын жүйелеуге мүмкіншілік бердім)

оқушыларға алдын-ала дайындыққа уақыт беру, содан кейін ғана сұрау.

4-сабақ

- құрған әңгімелері жүйелі, бейнелі болды;

- суреттегі барлық обьектілерді қамтуға үйренді.

жекелей оқиғаларды өзара байланыстырып біріктіруге қиналды.

Оқушыларға өз ойларын ең алдымен реттеп жазып алуға ұсыныс берілді.

кез-келген суретті әңгімелеуде оқушыларға дайындыққа көбірек уақыт беру.

Іс-әрекеттегі зерттеуді аяқтап болғаннан кейін оқушылармен сауалнама өткізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, оқушылар тарапынан әңгімелеуге қатысты көзқарастың біраз болса да, өзгергендігі байқалды. Оны біз төмендегі диаграммадан көре аламыз.

Алғашқы және соңғы сауалнама нәтижелерінің салыстырмалы диаграммасы

Қорытынды мен ұсынымдар

Cонымен, зерттеу нәтижесінің соңында таңдаған әдістің тиімділігін анық байқадым, себебі қадам-қадаммен ойластырылған бұл әдіс оқушыларды біртіндеп ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады, әрі суреттегі барлық элементтерді қолдана отырып, жүйелілікке үйретеді. Оны мен зерттеуге таңдаған балалардың бойында байқадым. Дегенмен проблемалар да аз болмады. Олар: сөздік қорының аздығы; оқушылар бойындағы екінші тілде сөйлеуге қорқыныш, уақыттың тапшылығы. Сондықтан алдағы уақытта іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбын оқушылардың ең алдымен сөздік қорын молайтуға бөлсем деген ой пайда болды. Әйтсе де, жүргізілген жұмыс оқушыларға үлкен пайдасын әкелді. Әcіресе бұл әдіс 7-сыныптарда өткізілетін СITO бақылауына дайындық болмақ, себебі сурет бойынша әңгіме құрастыру - оқушылардың айтылым дағдысын бағалаудың бірден-бір көрсеткіші.

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп айтқан. Сондықтан, қазіргі уақытта әр сабақтан жаңаны тауып, оны зерттеп, талдап, өз тәжірибемен бөлісу сияқты дағдыларымызды қалыптастырғанымыз жөн болар.

Әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж
  2. «Педагогикалық диалог» журналы. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ», 2013ж.№2
  3. Мурашковска И.Н., Валюмс Н.П. «Картинка без запинки», «Триз-шанс», 1995ж.
  4. Нурушева Б.С., Калиева Т.Г., Енсегенова Б.Ж. «Наблюдение как метод» исследования дейтвия. [http://www.slideshare.net/Alphakun1/2509-39559749]
Основные термины (генерируются автоматически): сын, мена, оса.


Похожие статьи

оса, мена.

Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Именно он привил своему сыну любовь к инженерии.

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

«Я помню место, где мой сын поклялся отомстить подстрекателю этого убийства…

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Сходства и различия заговоров славянских народов

Не маки (не прельщай) моего сына твоей дочерью, возьми себе плач, дай ему сон»).

В мене — син, в тебе — дочка (або навпаки) — Звiнчаймо ïх!» [2]. Тема взаимного тяготения...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Похожие статьи

оса, мена.

Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Именно он привил своему сыну любовь к инженерии.

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

«Я помню место, где мой сын поклялся отомстить подстрекателю этого убийства…

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Сходства и различия заговоров славянских народов

Не маки (не прельщай) моего сына твоей дочерью, возьми себе плач, дай ему сон»).

В мене — син, в тебе — дочка (або навпаки) — Звiнчаймо ïх!» [2]. Тема взаимного тяготения...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Задать вопрос