ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында Түркістан өлкесінің қазақ облыстарындағы мақта, жүзім, күріш шаруашылықтарының ахуалы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 66 раз

Библиографическое описание:

Динашева, Л. С. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында Түркістан өлкесінің қазақ облыстарындағы мақта, жүзім, күріш шаруашылықтарының ахуалы / Л. С. Динашева, Мурат Мейирбекулы Тастанбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 26-28. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29235/ (дата обращения: 23.04.2024).

Мақта өсіру, тарихтың қай кезеңінде болмасын, жеңіл өнеркәсіптің дамуына аса қажетті, сыртқы саудада үлкен сұранысқа ие, тұрғындардың құлдық еңбегін керек ететін шаруашылық түріне жататандығы белгілі. Мақалада авторлар Түркістан өлкесі құрамына кіретін Сырдария және Жетісу облыстары мысалында осы шараушылық түрімен бірге жүзім және күріш өсірудің орыс билігінің өлкеде орнауынан кейінгі жағдайын көрсетуді мақсат еткен.

ХІХ ғ. 60-70 ж.ж. Түркістанда натуралды және жартылай шаруашылық үстемдік етті. Ұсақ дихан шаруашылықтарында басқа да дақылдармен бірге мақта да егілді. Мақта өнімдері толығымен дерлік жергілікті жерлерде қолданылды, тек азғана бөлігі сыртқа шығарылды.

Өлкенің Ресейге қосылуымен, орыстың мақта-мата фабрикалары ұсыныстарының өсуімен Түркістанда мақта өсіру дамыды. Түркістан капиталистік қатынастардың айналымына түсті. Ресейден мұнда дайын зауот – фабрика өнімдері әкелінді. Орта Азиялық темір жол Түркістанды Ресеймен біріктіріп отырды. Бұл жол мақта мен басқада ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге үлкен серпіліс берді. 1906 жылы Ташкент Орынбор темір жолы құрлысының аяқталуы да бұл байланысты кеңейте түсті. Жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және өнеркәсіп тауарларын әкелу ұлғайды. Метрополияның сұраныстарына бейімделе отырып өзінің бұрынғы өнім өндіру сипатын өзгертті.

ХІХ ғ. 80 жылдары өлкеде мақтаның американдық Упленд сортын өсіру тәжіребиесі сәтті айақталғаннан соң өлкеде мақта өсірудің жаңа дәуірі басталды. Ташкент маңында бірден 3000 десятина жерге американдық мақта сорты егіліп одан 10 мың пұт өнім алды [1, б. 248]. Өнеркәсіпшілер Түркістан мақтасын бірден өздеріне бағындыра бастады.

Мақта өндірісінің дамуымен сауда - өсімқор капиталы да күшейе түскен. 1913 жылғы есепте ауылшаруашылық бойынша агроном-шенеунік Александров мұндағы қалыптасқан «жабайы» жүйені былай деп жазды: «шаруа бір жағынан әлі жинамаған мақтасын ұзақ мерзімге алдын ала сатуға мәжбүр болса, екінші жағынан, бұрын натуралды шаруашылыққа үйреніп қалған олар ақша шаруашылығыққа енуімен барлық азық түлікті ақшаға сатып қарызға батып отырды. Олар өнімнен түскен пайдасына емес әлі алмаған өнімі есебіне алған қарызға өмір сүрді. Сондықтанда олар өз бюджетін реттей алмай, үлкен өнім алған жылдары да өсімқорларға қарыз болып қала берді [1, б.248].

Нәтижесінде мақта өндірісінің дамуында дихан шаруашылығының рынокпен байланысының күшею процесі байқалды, жер учаскелерінің байлардың қолында шоғырлануы да айқындалды.

ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында Ресейдің мақта-мата фирмалары Түркістанда, оның ішінде Сырдария обылысында өздерінің агенттіктері мен кеңселерін ашып онда жергілікті тұрғындардан шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өздері өнеркәсіп шаруашылығын қымбат бағаға сатқан.

Түркістан өлкесінің Ташкент, Шымкент уездері мен Амудария бөлімінде ғана мақта өсірілген. Басқа уездер де климаттық жағдайға байланысты мақта егілмеді. Патша үкметтінің солтүстік уездерде мақта өсіреміз деген әрекеті сәтсіздікпен аяқталды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында аймақтың орыстардың ықпалына өтуімен, мақта өсірілетін жердің де көлемі өсті. Өлкеде тексеру жұмыстарын жүргізген граф Паленнің есептеріне сүйенсек, Сырдария облысындағы мақта егілетін жер барлық жердің - 4,2% алып жатты. Сыр бойындағы қазақтардың арасында мақта өсіру тәжірибесі алғаш рет 1863 жылы басталды. 1906 жылы Шымкент уезінде 684 десятина жерге мақта егілсе, оның 349 десятинасын қазақтар, 334 десятинасын сарттар, 1 десятинасын орыстар еккен. Мақта өсіру де қазаққа көп пайда әкелмегені туралы Паленнің есептерінде келтіріледі.

ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында облыста ірі мақта тазалау шаруашылықтары да пайда болады. Мақта тазалайтын ірі шаруашылықтардың Ташкент уезінде шоғырлануы мұнда егіншілік саудасының дамығандығын дәлелдейді. Ташкет қаласында 9 мақта тазадау зауоты орналасса, Ташкент уезінде 8 зауот жұмыс істеген .

Сенатор К.Паленнің “Ревизиясында” Сырдария облысында 1908 жылға бүкіл егістік көлемі берілген. Сол мәліметке қарағанда барлық уездердегі қазақтар (Ташкент уезін қоса алғанда) 355462 десятина жерге егін салған, бұл көрсеткіш бүкіл егіс алқабының 51,3%-ін құрады. Қалған алқаптың 43,4%-інде отырықшылар (өзбектер, қарақалпақтар) және 5,3%-інде орыстар егін екті[2, 315-б.].

ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында өлке тұрғындарының айналысқан астық өндіру, мақта өсіру жібек өндіру, мал бағу сияқты маңызды кәсіптерімен бірге жүзім өсіруде ерекше сипатқа ие болды. Ол Түркістан генерал-губернаторлығының Самаркан және Ферғана обылыстарында айрықша дамыды. Ал Сырдария облысында ол көбіне оңтүстік уездерде, ең бастысы Ташкент уезінде аз мөлшерде Амудария және Шымкет уездерінде өсірілген.

Ташкент қаласы жүзім өсірудегі орталықтарының бірі болды. «Астық егуден басқа қала тұрғындары егіншіліктін басқа да түрлерімен айналысады. Мысалы, жүзім және бау өсірумен Ол айрықша маңызға ие кәсіп болды 1871 жылы Ташкентте жүзім 700 десятина жерге егілген еді, салыстыру үшін айтатын болсақ: сол жылы қалада 156 десятинаға мақта, бақша дақылдары 68 десятина жерге, 180 десятинаға бау өсірірілген еді» дейді. өзінінің 1871 жылғы берген есебінде Ташкент қаласының әкімі [3 , 3005-іс, 197 198 п].

Көріп отырғанымыздай Ташкентте жүзім өсіру егіншіліктешгі басымдық орынға ие сала болды. Бұл жүзім өсірудің көп пайда әкелетіндігімен де түсіндірілді. Жүзім өсіру 80 жылдардың екінші жартысында үлкен қарқын алды. Мысалы 1887 ж. Ташкент өзінде 1778200 пұт жүзім өнімі алынса, одан Ташкент қаласының үш зауотында 51 мың рубльге 12702 шелек шарап әзірлеген [4]. Ташкент қаласында жүзім өсіру қандай роль ойнағандығн төмендегі кестеден көруге болады [5].

Кесте 1

Жүзім егілген жер (деятина)

Жиналған жүзім (пұт)

Ташкент қаласы

2 154

1 723 200

Ташкент уезі

554

443 000

Шымкент уезі

14

11 200

Әулиеата уезі

1

150

Амудария бөлімі

17

13 600

Барлығы

2740

2191 150

Кестеде көрініп тұрғандай жүзім өсіру негізінен Ташкент қаласында шоғырланды.

Ташкенттегі плантацияларда жүзімнің 20 сорты өсірілген 1891 жылы жүзім өсіретін алқаптар облыста 1756 десятинаға дейн, ал өнім 188468 пұтқа дейн қысқарған, оған себеп бірқатар жерлер мақта өсіру үшін алынды.

ХХ ғ. басында жүзім өсіруге және шарап жасауға үлкен көңіл бөліне бастады. 1910 жылы облыста 2316 десятинаға жүзім егілді, Перовск уезінде 6 десятина жерге алғаш рет жүзім отырғызылған. Жалпы 973887 пұтты құрады. Одан 29 мың шарап жасалған .

1913 жылы 2500 десятинаға егілген жүзімнен 1 миллион пұттан жоғары өнім алынды. «Ташкентте жұмыс істейтін үлкен төрт шарап жасау зауоттары осы жылы құны 600 мың рубль болатын100 мыңға тарта шелек шарап әзірлеген. Ал көптеген ұсақ зауттар құны 120 мың рубль болатын толық ашылмаған шарапты 160 мың шелекке жуық обылыс сыртына шығарған. Барлық қалған өнім сол күйінде қолданылды немесе мейіз жасауға берілді, Еуропалық, Ресей мен Сібірге жөнелтілді [6].

Облыстың уездері бойынша жүзім егу және жинау төмендегідей болды

Кесте 2. [7]

Жүзімдік (десятина)

Өнім (пұт)

Ташкент қаласы

566

277 600

Ташкент уезі

1920

720 000

Шымкент уезі

10

2 000

Перовск уезі

4

400

Барлығы

2 500

1000 000

Cырдария облысында мал шаруашылығы сипатымен бірге, астықты, майлы дақылдарды өсіруде де өзгерістер басталды. Шымкент, Перовскі, Ташкент уездері және Амудария бөліміндегі қазақтар мақта, күріш өсірді. Облыстағы көп күріш өсірілген жер Ташкент уезі болатын, уездегі күріш егілген жер барлық егістік жердің 25% құрады. Амудария бөліміндегі күріш егілетін аудандар Шымбай, Талдық аудандары болса, Шымкент уезінде Машат, Ақсу өзендерінің Арысқа құяр сағасы, Перовскі уезінде Сырдарияның оң, сол жағалаулары болды.

1910 жылы Шымкент уезіндегі қазақтар күріш еккен жердің көлемі 1356,43 десятин жер, Перовскі уезінде 1413,23 десятин жер, барлық суармалы жердің – 6,7% құрады [8,б.88]. Күріш өсірілетін аймақтардың жер көлемі үнемі ұлғайып отырды, мұның қазақ, сарт өміріне тигізген зардаптары орасан зор болды. Мысалы, 1893-1901 жылдар аралығында ғана Ташкент уезінде – 339.613 адам, Шымкент уезінде – 24.884 адам, Амудария бөлімінде – 4.348 адам безгек ауруына шалдықса, аурудан 39.640 адам қайтыс болған [9.б.73].

Әдебиет:

  1. Александров Н.Н. Земледелие в Сырдарьинской области. Отдельные ооиски из журнала Туркестанское сельское хозяйство за 1916-18 гг. Ташкент, 1918.
  2. Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестане: (приложение к отчетупо ревизии Туркестанского края, произведенной по высочайшему повелению сенатором, гофмейстром, графом К.К.Паленом). ч.ІІ. -Спб., 1910.
  3. ӨР ОММ., 17 қ, 1-т.,3005-іс, 197 198 п.
  4. Обзор обл. За 1887, 27-б.
  5. Обзор обл. За 1888, 26-б.
  6. ӨР ОММ., 7п, 1-т4151гс 53-п.
  7. Обзор Сырдарьинской области за 1913 год. Спб. 1913г. 69-б.
  8. Материалы по киргизскому землепользованию. Перовский уезд Сырдарьинской области.- Ташкент.-1912
  9. Туркестанские Ведомости.-1902. №13. С. 73.
Основные термины (генерируются автоматически): Ташкент, десятина, Сырдарьинская область, александров, обзор обл, шарап.

Похожие статьи

Из истории города Гулистана | Статья в журнале «Молодой ученый»

Сегодня город Гулистан — административный и культурный центр целинной Сырдарьинской области Республики Узбекистан. Он расположен на трассе Большого Узбекского тракта и на железнодорожной ветке Ташкент — Самарканд.

Из истории медресе в городе Ташкенте (конец XIX — начало ХХ в.)

Треть из этого вакфа 180 тилля и 2 тенге берет мудеррис, десятину 54 тиля берет мутавалли (попечитель).

По этому поводу также была подана жалоба на имя военного губернатора Сырдарьинской области [12, л. 34].

Специфика внутренней торговли Старого города Ташкента...

После захвата Российской империей территорий Центральной Азии и образования Туркестанского генерал-губернаторства, Ташкент был избран столицей Сырдарьинской области (всего было три области: Сырдарьинская, Ферганская и Самаркандская) [15, с...

Зерновая монополия в Туркестанской АССР | Статья в журнале...

десятина земли, продукт питания, пуд зерна, пуд, положение заготовки зерна, зерно, урожай, продовольственная Директория, русское население, Сырдарьинская область.

Забытые страницы истории Кемеровской области. История села...

Монастырь был довольно богат: кроме земель вокруг монастыря, ему принадлежала деревня на р. Шарап (приток Абы) и все

Таким образом, вместо ранее принадлежавших 70 000 десятин к середине XVIII века во

В государственном архиве Томской области хранится документ, в...

Туркестанская (Кокандская) автономия — первое демократическое...

История детских домов в Узбекистане: формирование...

В соответствии с пересмотренным постановлением, каждому воспитаннику, проживающему в кишлаке, ауле, населенном пункте выделялось 1/10 десятины земли, однако на территории, где

В других областях для решения этой задачи существовало большое количество проблем.

Рассуждения об истории районирования Кашкадарьинского округа

Общая площадь пригодной для садоводства земель 2048 десятин и основная её часть в 90 % приходится на Шахрисабзский район.

Ибо, анализ источников тех времен показывает, что Кашкадарьинская область была на самых первых позициях по выращиванию...

Задать вопрос