Библиографическое описание:

Калтаева С. А. Әлемдік азық-түлік нарығының даму тенденциялары // Молодой ученый. — 2016. — №8.9. — С. 13-15.



Дүниежүзілік аграрлық сала ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі сияқты секторларға ие бола отырып және планетадағы халық санының өсуіне қарай нарықты қажеттілік арта түскен бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыра отырып шапшаң дамуда. Соңғы жарты ғасырда азық-түлікке деген сұраныс төрт есе өскені мәлім.

Азық-түліктің әлемдік нарығының даму тенденцияларына ұсыныс, сұраныс және нарық конъюнктурасының факторлары ықпал етеді. 15 жыл ағымында әлемде ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің орташа жылдық қарқыны 2,2%, дамыған елдерде – 0,2, дамушы елдерде -3,4, ал дайын азық-түлік тағамдары сәйкесінше - 2,4, 0,4 және 3,7% құрады [1].

Астық қорының жеткіліксіз көлемі әлемдік азық-түлік жүйесінің тұрақтылығының анықтаушы факторы ретінде қалып отыр. 2007-2008 жылдары жалпы қажеттілікке қарағанда ауыспалы қорлардың 18,4 %-ға дейін азаюы тұрақсыздық жағдайдың туындауына күшті ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы дәнді дақылдар өндірісі көлемінің 8,8%-ға өсуі, оның ішінде: бидайдың -6,8%-ға, фураждық бидайдың – 9,2%-ға, күріштің 1,9%-ға өсуі қорларды 563,7 млн. тонна немесе 23,0% деңгейінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді және азық-түлік нарығының теңгерімдігін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (кесте-1).

Жан басына шаққандағы орташа табыс пен тұрғындар санының өсуімен шартталған азық-түлікке қажеттіліктің өсуі сұранысты тудырады. 10 жыл ағымында өндірістің жыл сайынғы өсімі 1,7%, ал тұрғындар санының өсімін 1,5-1,8 есе жоғары болжанатындығын ескере отырып, әлемдік азық-түлік жүйесі әлі де ұзақ уақыт бойы тапшылық жағдайында қызмет ететіндігін атауға болады [2].

Азық-түлік өнімдеріне нақты қол жеткізу мәселесі қоғамның салыстырмалы кедей топтарының табыстарына барабар бағалар бойынша тағам өнімдеріне өспелі қажеттілікті қанағаттандырудың мүмкін еместігімен күрделенеді. Жағдай «агфляция» құбылысымен, яғни инфляцияны күшейтетін шикізат тауарларына қатысты азық-түліктің шапшаң қымбаттауымен тереңдей түседі.

Тәулігіне тек ғана 1000-1800 ккал тұтынатын 1,5 млрд. тұрғынды қамтыған дамушы елдердегі аштық формасы да әлемдік азық-түлік нарығына өз ықпалын тигізеді. 800 млн. астам халық тәулігіне 1000 ккал дейін азық-түлік тұтынады, бұл ағзаның физикалық күйзелуіне алып келеді. Әлем тұрғындарының тек 40% ғана толыққанды тамақтанады.

Кесте 1. 2009-2014 жылдардағы әлемдік бидай нарығының теңгерімділігін бағалау, млн т

Көрсеткіштер

2009/10

2011/10

2012/11

2013/12

2014/13

Өсу қарқыны 2014/13, %

Ресурстардың қалыптасуы және қолданылуы

Өндіріс

2238,1

2258,8

2357,5

2312,0

2497,6

108

Сауда

260,2

285,0

319,7

309,1

314,4

102

Жалпы тұтыну

2228,2

2278,8

2330,9

2336,6

2418,2

103,5

Азық-түлік

1044,7

1058,1

1066,0

1080,2

1099,0

102

Түпкі қорлар

509,8

505,8

517,0

497,3

563,7

113

Сұраныс пен ұсыныс индикаторлары

Әлемде жан басына шаққанда азық-түліктік астықты тұтыну, жылына кг

152,8

153,1

151,9

151,9

152,4

100,3

Оның ішінде азық-түлік тапшылығы мен табысы төмен елдерде, жылына кг

156,4

159,3

157,1

157,2

158,2

100,6

Түпкі қорлардың тұтынуға қатынасы, %

22,8

21,7

22,6

20,6

23,0

112

ФАО баға индексі (2002–2004 = 100)

176,0

183,0

241,0

236,0

224,0

95

Ескерту: OECD және FAO мәліметтері бойынша құрастырылды

Тұрғындардың тамақтану рационында да елеулі өзгерістер орын алып отыр. Сіңімді ақуыз тағамы дәстүрлі дәнді және бұршақ өнімдерін алмастырды. Дамушы елдерде жан басына шаққанда сүтті тұтыну 2 есе, ет – 3есе, жұмыртқа – 5 есеге ұлғайды. Ақуыз тағамдарына сұраныстың өсуі қарқыны дамушы елдердегі тұрғындардың тұрмыстық жағдайының өсуімен жеделдетіліп отыр [3].

АҚШ-та жан басына шаққанда етті тұтыну деңгейі жылына 120,0кг, Германияда – 90,0, Ресейде 81,0кг, сүт және сүт өнімдері сәйкесінше 270,0,425,0 және 263,0.

Ет өнімдерін тұтынудың едәуір өсімі азиалық елдерде күтіледі. Жан басына шаққанда етті көп тұтынушы дамыған елдерде өсім 2050 жылға қарай аз болады, яғни Солтүстік Америка мен Еуропа тұрғындары жылына жан басына шаққанда 83кг-ның орнына 89 кг ет өнімдерін тұтынатын болады. Ал Оңтүстік Шығыс Азияда етті тұтыну екі есе ұлғаятын болады: жылына 28кг/адамнан 51 кг/адамға дейін (кесте-2).

Кесте 2. Әлемнің жекелеген аймақтарында етті тұтыну, кг/адам

Аймақ

2000 г.

2050 г.

Орталық және Батыс Азия, Солтүстік Африка

20

33

Шығыс және Оңтүстәк Азия, Тынық мұхит аймағы

28

51

Латын Америкасы

58

77

Солтүстік Америка және Еурпопа

83

89

Африка

11

22

Ескерту: ФАО мәліметі

Халықаралық сауда мен әлемдік тұтыну көлемінің ұлғаюы салдарынан ұзақ мерзімді кезеңде азық-түлік пен шикізатқа бағаның жылдам өсу тенденциясы сақталатын болады. 2007-2008 жылдар мен 2010-2011 жылдардағы азық-түлікке әлемдік бағаның екі ірі дүмпуінен кейін дамушы елдің тұрғындары дағдарысқа дейінгі кезеңге қарағанда жергілікті тағам өнімдері үшін орташа 80%-ға жоғары ақы төлеген.

Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларына 2000 жылдың басынан басталған, әсіресе 2008 жылы экономикалық дағдарыстың басталуымен пайда болғанбағаның өсу тенденциясы сақталынып отыр (кесте-3).

Кесте 3. Азық-түлікке ФАО баға индекстері

Жыл

Азық-түлікке баға индексі

Ет

Сүт өнімдері

Дәнді дақылдар

Өсімдік майы

Қант

2010

188,0

158,3

206,6

179,2

197,4

302,0

2011

229,9

183,3

229,5

240,9

254,5

368,9

2012

213,3

182,0

193,6

236,1

223,9

305,7

2013

209,8

184,1

242,7

219,2

193,0

251,0

2014

201,8

198,3

224,1

191,9

181,1

241,2

2015

қаңтар

178,9

183,5

173,8

177,4

156,0

217,7

ақпан

175,8

176,9

181,8

171,7

156,6

207,1

наурыз

171,5

170,4

184,9

169,8

151,7

187,9

Сәуір

168,4

170,8

172,4

167,2

150,2

185,5

Мамыр

167,2

172,6

167,5

160,8

154,1

189,3

Маусым

164,9

169,5

160,5

163,2

156,2

176,8

Шілде

164,2

172,6

149,1

166,5

147,6

181,2

Тамыз

155,0

170,8

135,5

155,1

134,9

163,2

қыркүйек

155,9

169,3

142,3

154,8

134,2

168,4

қазан

162,0

168,8

155,6

157,4

142,6

197,4

қараша

155,2

154,6

151,1

153,6

138,2

206,5

желтоқсан

153,4

150,0

149,5

151,6

141,5

207,8

Ескерту: ФАО мәліметі

Барлық өнімдік нарықтарда бағалық тұрақсыздық сақталып отыр. 2015 жылдың қазан айында азық-түлік бағаларының ФАО индексі 4%-ға ұлғайды. Бұл кезеңде индекстің орташа мәні 162 құрады, бұл қыркүйек айындағы деңгейден 3,9%-ға жоғары және бұл 2012 жылдың шілде айынан бергі аталған индекстің өте шапшаң өсуі болып табылады.

БҰҰ сарапшыларының мәліметтері бойынша 2050 жылға қарай тамақ өнімдерін өндіру 60%-ға өсетін болады. Азық-түлікке сұраныс тұрақты өсіп отыр, ал ұсыныс 2012 жылғы Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы құрғақшылық көрсеткендей едәуір ауытқуларға ұшыраған.

Негізгі азық-түліктің дүниежүзілік өндірісі 2013-2014 есепті жылы 4.4 млрд. тонна болды, оның ішінде миллион тонна есебімен алғанда: негізгі дақылдар 1788 (жүгері – 770,6; астық – 602,3; күріш — 420), көкөніс – 660, жемістер – 503, сүт – 425,3; картоп – 321, ет – 280,9; қант – 169, балық – 143, өсімдік майлары – 128,2 млн. тоннаға жетті.

Азық-түліктің негізгі түрлерінің өндірісі Қытайда 1,22 млрд. тоннаға дейін, ал АҚШ-та – 688 млн. т, Еуропа одағында – 580 млн т, Индияда – 496 млн. т, Бразилияда – 272,9 млн. т, Ресейде – 173 млн т, Индонезияда – 97,9 млн. т, Аргентинада – 94,5 млн. т, Пәкістанда – 85,9 млн. т, Украинада – 76,2 млн.т, Канадада – 74,4 млн. т, Түркияда – 73,7, Мексикада – 70,8 млн. т, Австралияда – 63,7 млн. т, Вьетнамда – 60,9 млн.т, Иранда – 54,2 млн. тоннаға дейін көбейді 5.

Азық-түлік емес тауарларға қарағанда тамақ өнімдері болашақта қымбаттайтын болады. Сондықтан жаһандық азық-түлік мәселесін шешу тұрғысынан бағаның өсу қарқынын тежеу үшін экономикалық және технологиялық алғышарттарды құру маңызды болып табылады. Шикізат пен азық-түліктің тауарлық ағындарын оңтайландыру, сондай-ақ жаһанданудың келеңсіз құбылыстарына қарсы тұру мақсатында экономика саласында, сондай-ақ саясатта халықаралық аймақтық интеграциялық процестердің одан әрі дамуын күткен жөн сияқты.

Әдебиет:

  1. Селськохозйяственный прогноз ОЭСР-ФАО на 2014 г./ Продовольственная и селськохозяйственная организация Объединенных Наций [Электронный ресурс].-Режим доступа:/ /http://innclub.info/wp-content/uploads/2012/07/1_ОЭСР_agr_outlook-20121.pdf.
  2. Гусаков, В.Г. Продовольственный рынок: прогнозы и перспективы / В.Г. Гусаков // Веды. - 2013. - № 34. - С. 4.
  3. Ильина, З.М. Продовольственная безопасность Республики Беларусь. Мониторинг – 2013: в контексте глобальных проблем в сфере продовольствия. – Ильина, З.М., Шпак, А.П., Ломакина, А.Л. Бубен, С.Б., Байгот, Л.Н., Киреенко, Н.В., Кондратенко. Под ред. З.М. Ильиной. – Минск: Институт системных исследований в АПК НАН Беларуси, 2014. – 206 с.
  4. Ильина, З.М. Конкурентная устойчивость субъектов внутреннего продовольственного рынка/ З.М. Ильина, С.А. Кондратенко, С.Б. Бубен // Аграрная экономика. - 2014. - № 2. - С. 7–26.
  5. Васильева Н.А. Конкурентная среда мирового продовольственного рынка как фактор развития предприятий пищевой промышленности России. www.economics.ihbt.ifmo.ru

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle