Библиографическое описание:

Мырзабеков М. М. Дәстүрлі діндердегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты аксиологиялық ұстанымдар // Молодой ученый. — 2016. — №8.9. — С. 64-66.



Дәстүрлі дін моральдің және руханилықтың бастауы. Көптеген діндермен бөлінетін мәдени құндылықтардың негізінде махаббат, үміт, бейбітшілік, әділеттілік деген әмбебап түсініктер жатыр. Моральдік бастама әсіресе әлемдік діндерде айқын көрінген, айта кетейік, мысалы, буддизмде тіптен, кейбір зерттеушілер буддизімді дін деп емес, «моральдік жүйе» деп атайды. Бұл діннің ұстанушысы үшін буддалық «аман қалу (сақтану) жолы» ғибадаттық әрекет емес, қасіретті моральды-сабырлы түрде көтеру, сезімдерінен, тілектерінен бас тарту, адамгершіліктік принциптерді ұстану дегенді білдіреді. Мәселен, Будданың мынадай қанатты сөздері және нақыл сөздері: «Адам бос, қажетсіз сөздерден, екіжүзділіктен, азғындықтан, әдепсіздіктен, тәккаппарлықтан, көралмаушылықтан бас тартқанда және ол өзінің ақылымен келісімде өмір сүргендіктен, барды қанағат етіп үйренгенде ғана кемелденуге, мейрімділікке, адам сүйгіштікке, бақытқа қол жеткізе алады» немесе «Әр адам өзінің ақылына және қажеттілігіне қарай, беру керек деген мөлшерді береді, ал өзгенің байлығын және басқалардың дәулетін көреалмаушылар ешқашан кемелденген адам бола алмайды» жоғарғы адамгершілік құндылықтарға ие адам осы бағытпен жүруі керек. Буддизмнің негізгі мазмұнын қайғы-қасірет туралы ілім құрайды, оның негізінде қайырымды ақиқаттар - осы діннің барлық мектептерімен және бағыттарымен мойындалған діни доктрина және буддизм дінін оқытудың негізгі қағидалары жатыр. Қоршаған орта тарапынан сол немесе басқа жағымсыз ықпалымен келген барлық қайғы-қасіретті, азаптарға төзеді, қайғы шегеді. Адам құрғақшылықтан, егіннің болмауынан, басқа адамнан қайғы-қасірет көруі мүмкін, қайғы-қасіреттің барлық бастауын тізіп шығу қиын. Буддизм қайғы-қасіретпен күнделікті өмірмен байланыстының бәрін, туылған сәттен бастап, өліммен аяқталғанға дейінгінің барлығын: «туылудың-азабын, қартайу-азабын, ауру-азабын, өлім-азабын, жағымсыздықпен қосу-азабын, жақсылықтан айрылысу-азабын, қалаған бір нәрсені ала алмау-азабын» жария етеді, тіршілікке қарама-қайшы жақындастық (бауырмашылық) бұл қайғы-қасіреттің өзі. Адамның өмірі көптеген қауіпті жағдайлар қайғы-қасіретке толы, олардың ішінде бірінші кезекте биологиялық табиғаттың күшімен болмай қоймайтын сипатта болатындар (ауру, қарттық, өлім), сондай-ақ өмірдің әлеуметтік құралмауы, ықтимал бақытсыздықтар және қиындықтармен қолайсыздыққа ұшырататындар жатады. Жалпы өмір, туылғаннан бастап, өлгенге дейін тұрмыстың жалпыға ортақ заңының рангісінде салынатын және барлық затқа таралатын, абсолютке айналатын қайғы қасіретке байланысты. Құтқару - қайғы қасіреттен, босату - адам өмірге деген соқыр құштарлығынан құтылғанда ғана орнайды, ал тілегіңнен бас тарту адамның қауымдық бақытсыздық, қайғы қасірет, қырсық үшін қол жетімсіз (қорғалған) бола бастауына алып келді. Белгілі бір дәрежеде бұл жағдаймен қызметті жаңартатын, қажеттілікті реттеу және шектеу масштабын өлшеуге жаңашыл шақырумен үндес, алайда қажеттіліктерді реттеу-буддизимде белгіленгендей олардан толық бастарту деген сөз емес [1].

Аман қалуға алып баратын жол туралы төртінші «қайрымды ақиқат» қызықты және сабақ боларлықтай. «Дұрыс кіріспе, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс күш салу (тырысу), дұрыс назарға алу, дұрыс дайындалу». Бұл жол, «жүру керек жолды көрсететін ой өрісін береді, білім береді, ол татулыққа, жоғары білімділікке алып барады». Бұл ақиқат көптеген этикалық ережелерді жоғалтып алған, жаңашыл адам үшін айтарлықтай маңызды, ол жаңашыл адамның қауіпсіздік мәдениеті және дүниетаным құрылымындағы қауіпсіздік элементін қалыптастыру кезінде алгоритм ретінде пайдаланыла алады. Жаңашыл іздестірулер жалпы «сансар» және «карма» жолынан құтылу (аман қалу) және босанау (азаттық алу) жолдарын іздеумен тең жеке адамның, сондай-ақ адамзаттың тірі қалуының амалдары [2].

Құдай жолы-бұл Құдайдың адамға жүктеген, адамгершілік заңдарын жүзеге асыру. Библия көптеген діншілдерді ғана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы ғалым адамдарға өзінше бір міндетті, мәжбүрлі кем дегенде білім, танымдық және аксиологиялық мақсаттар (нұсқаулар) берді .

Тұрмыстың жасампаз және талқандаушы жағдайы ретінде қауіп және қауіпсіздік христиан дінінде қайрымдылық пен жауыздық тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл бастамалардың арасынан таңдау жасау адамзатқа берілген және қатігез, қауіпті өмірде тірі қалу мүддесіне бағытталған себептерін, тәртіп жолдарын іздеудің шынай қажеттілігімен байланысты туындайды.

«Құдай бізге таңдау еркіндігі бар, өзара жауапкершілік және еркін жаны ашудың мүмкіндікгі бар әлем берді, ол егер де жауыздық мүлде болмаған жағдайда жүзеге аспас еді». Әлемдегі барлық жауыздықты адамдар жасамайды, «адамдардың ешқандайда жауапкершілігіне жүктелмейтін аурулар және қайғы-қасіреттер бар, ал жануарлар адамзат пайда болғанға дейін ертеректе зиян шекті» деп айрықша баса айтқан. Қайрымдылық және жауыздық арасынан таңдау жасау мүмкіндігі болуы үшін, соған немесе басқаға не алып барады, соны білу керек. Аталған білімді адам табиғат процесстерін бақылау нәтижесінде алады, олар оның түсінігінде жақсылыққа немесе жамандыққа алып келеді және олардың маңызы неде екенін анықтап, ол сол, не басқа процесске жәрдемдесе алады. Адамның жауыздықты жеңуге және жақсылықты нығайтуға ұмтылуы тыныш, үйлесімді өмір сүру тілегімен байланысты және христиандық ілімге сәйкес, егер «адамдар жауыздыққа, күнәға және олармен туындаған өтірікке қарсы күрессе, олар келешек өмірде ең жоғарғы қуанышқа қол жеткізуге мүмкіндік алады» Адамның қауіпсіз аман болуы «шіркеу әкелерінің» еңбектерінде «сотериология» яғни аман қалу доктринасы баяндалады. Аман қалу контекстінде қарастырылатын барлық философиялық түсініктер «өмір сүріп жүріп өлгендердің» тірілу тәжірбиесін немесе «өмірдегі өлімнің» алдын алу тәжірбиесін бейнелеудің тарихи формасы ретінде болады. Философиялық пікірлер олар үшін маңызды тереңдікке және қауырттыққа тек, ақылға салу алаңына соңғы мақсатты – жеке аман қалуды ұстап қалғанда ғана ие болады [3]. Адам өз әрекетінің соңғы мағынасы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар кезде, ол тірі, ал егер ол оны тоқтатқан кезде, ол өледі, ауысады, себебі бұл өлім адамға ұқсас тіршілік физикалық емеспен сәйкес келмейді. Философия өмір сүру өнеріне, қауіпсіздікті қамтамасыз ету техникасына айналады, ол сонымен бірге ішкі, физикалық қауіптердің алдын алу ретінде емес, рухани, адамгершілік қауіптерді жою ретінде түсіндіріледі.

Қытай мақалында: «Білім – бұл күш, ал күш – ол толық қауіпсіздік» - деп айтылады. Ислам діні адамдарды [4] «білімділікке ұмтылу – әрбір мұсылманның міндеті» деп Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.), барша мұсылмандарды білімге, ғылымға шақырады [5]. Жаратқанға деген сенімділіктің мызғымауына және өз өзіңмен және қоршаған әлеммен үйлесімде өмір сүруге көмектесетін, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқанын ислам дінінен көруге болады. «...ислам діні бейбітшілік пен еркіндіктің, ізгілікпен әділеттіліктің діні және ол тек арабтарға немесе басқа бір тайпаға, халыққа, нәсілге ғана түскен жоқ, оны Жаратушы бүкіл адамзатқа арнап жіберді» [6]. Мысалы, исламды жақтаушылар Алланың шексіз билігіне, онымен адамзаттың және әлемнің тағдыры күні бұрын анықталғандығына сенеді. Құранның 2 Сүресінде: «Алланың билігі аспанда және жер бетінде жүретіндігін және сендерде Алладан басқа жақындарың да, көмекшілерің де жоқ екенін, Сен білмеуші ме едің?» деп жазылған. Құранда көрсетілген әлемнің исламдық бейнесі адамға анықталған өмір салтын белгіледі. Әлеуметтік және адамгершілік мәселелерді түсіну исламның қасиетті жазбасында жазылған тозақ, жұмақ, қорқынышты сот жөніндегі ойлармен қамтамасыз етілген. Қайғы-қасірет және ауыртпалықтар Алламен сынақ ретінде жіберілген: «Біз сендерді жандарыңнан және тәндеріңнен және қорқыныш, аштық, мүліктің жетіспеушілігінен бір нәрсемен сынаймыз». Қауіпсіздікте сонымен қатар Алланың билігінде, Аллаға білімі үшін алғыс айту қажет және қасіретке душар болған кезде ғана сыйынбау керек: «Ал егер сендер қорықсаңдар, онда жаяу және атта жүріп сыйыныңдар, ал қауіпсізікте болғанда, онда Алланы еске алыңдар, оның сендерге бұрын білмегендеріңді қалай үйреткен». Мұнан шығатыны қауіптен қорғану үшін білім қажет. Қасиетті жазбада аман қалуға екі жол бар деп айтылады: өмір жолы (Құдай жолы) және өлім жолы, олардың арасынан адамның өзі саналы, өзіндік таңдау жасауы керек [7]. Дін, адам үшін сеніммен алдын ала келісіп алған, ойлар, сезімдер және әрекеттер көрінісін елестете отырып, табиғи және әлеуметтік күштердің жоюшы (қауіпті) бейнесіне айнала отырып, көптеген адамдарға жан тыныштығын табуға, қауіпсіз өмірлік ұстанымдарын анықтауға, өз мінез-құлықын қалыптастуруға, аман қалудың жолын табуға бұрындары көмектесті және бүгінде көмектесуде.

Сонымен, жоғарыда айтылғандар аталған даму кезеңінде пайда болған дүниетаным мен алдын ала келісілген қауіпсіздік туралы сипаттамалық түсініктер нақты бір тарихи заманда қалыптасты деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Құдайға табынушылық және діни сенімдер қауіпсіздік туралы пайда болған ілімді бір арнаға шоғырландырды және қорғаныс функциясын табысты орындай, қоғамның өмірін реттей отырып қауіпсіздікті және жеке және әлеуметтік тұрмыстың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қауіпсіз өмірдің заңдары ғажайып-тіршіліктермен, құдайшыл шежірелермен, жалғыз Құдаймен анықталды. Салт жоралғыларды сақтау тыныштыққа, қорғанысқа кепілдік берді және тұрмыстың мызғымас тұрақтылығын қамтамасыз етті, ал тұрақтылықтың (қауіпсіздіктің) кепілі адамның санасында нығайған заттардың табиғи-тиімді, мәңгілік, тамаша реттілігі болды. Адамдар өздерін тек табиғатпен бірге қауіпсіздікте сезінген, себебі «табиғатта өмір сүрген» және өздерінің субъективті саналарын объективті шындықпен үндестікте дамытқан.

Демек, мифологиялық сарындармен көмкерілген қауіпсіздік мәселесінің ең негізге бастаулары сыртқы табиғи апаттарда, апокалипсистік заманның тәмамадалуынан, әр түрлі билогиялық тіршілік иелерінен төнетін қатерлерден, сыртқы жаулардан, ауру-сырқаулар мен жолы болмаушылықтан, сиқырлар мен мистикалық қауіптерден құралатындығына көз жеткіздік. Ал, аштық, адам-табиғат жүйесіндегі қайшылық сияқты мәселер қозғала бермейді немесе келесі жоспарға қарай ығыстырылып отыратындығына көз жеткіздік.

Қауіпсіздік мәнінің теориялық танымы көптеген зерттеушілердің пікірінше, күрделілігі мол феноменді философиялық жағынан ұғынудың қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар, танымның философиялық деңгейіне өту осы мәселенің автоматты түрде шешілуін көрсетпейді. Қауіпсіздік негізіне жетудегі философияның арнайы атқаратын міндетін де түсіну қажет. Бұлай болмаған жағдайда кез келген субъективті көзқарастардың «философиялық сәулесі» ғана пайда болады.

Сондықтан егер философиялық білімге үндеу логикалық емес, эмоционалды жағынан ғана түсіндірілсе, онда нәтижесінде кез келген философиялық шындықтардың субъективті көріністеріне ішкі квазифилоофиялық «жармасу» ғана туындайды. Алайда, қазіргі заманғы теорияларда кез келген теориялық ұстанымдардың философиялық негіздермен «жарқырауы» емес, қауіпсіздік туралы теориялық білім жүйесінің философиялық негізінің дұрыс, жүйелі қалыптасуы қажет. Осыған байланысты осы теориялық мәселені шешудің қажетті шарты оны тек түсіну ғана емес, философиялық негіздемені талап ететін оның сол бөлігінің ажыратылуы болып табылады.

Әдебиет:

  1. Насимов М.О., Калдыбай К.К., Паридинова Б.Ж. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (саяси-философиялық талдау). Ұжымдық монография – Алматы, 2015. – 14 б.
  2. Hwаng Sооnil. Mеtарhоr аnd Litеrаlism in Buddhism. Thе dосtrinаl оf nirvаnа. Рublishеr: Охfоrd Univеrsity Рrеss. Рlасе оf Рubliсаtiоn. – Охfоrd: Рubliсаtiоn Yеаr, 2006. –Р. 160.
  3. Suhоvа А.D. Thе intrоduсtiоn оf Сhristiаnity in Russiа. –M.: Thоught 1987. –Р.300.
  4. Голдсмит О. Гражданин мира, или письма китайского философа, проживающего в Лондоне, своим друзьям на Востоке. –М.: Наука, 1974. –С. 64.
  5. Мынбаев М. Идеология деструктивных сект и религиозного терроризма в Казахстане. // Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни сәйкестілік мәселесі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2008. –46 б.
  6. Сатершинов Б. Ислам дінінің қазақ даласына таралу ерекшеліктері // Әл-Фараби. Философиялық-саясаттанулық және рухани-танымдық журнал. – 2012. –№1( 37). – 58 б.
  7. Qur'аn. Trаnslаtiоn аnd Соmmеntаry IY Krасhkоvskоgо. - Vladivostok: Yаziсhi, 1990. –Р. 744.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle