Библиографическое описание:

Назаров Е. А., Шарипова А. Ж., Болтаева Г. Г. Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік // Молодой ученый. — 2016. — №7.1. — С. 9-11.



Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктертүсінігі «Плаккатты топ өсімдіктері» ұғымына сәйкес келеді. «Плаккатты топ өсімдіктері» ұғымының мәні ең алдымен оның географиялық орнымен анықталады. Себебі, ұғымның шығу тегіне зер салсақ, биологиялық үлкен энциклопедияларда [1]: «Плакорная растительность (А.Нұрғызарынов бойынша қазақша: «плаккатты өсімдіктер [2]) - (грек. ауд. plax плоскость, равнина немесе жазық), тегіс құрғаған суайрық жазықтарының зоналық өсімдіктері. Терминді 1927 жылы Г.Н.Высоцкий енгізген [1]. Балшықты топырақтарда жер асты сулары терең орналасқан жерлерде өседі» деп анықтама берілген. Ландшафтық (географиялық) зоналылық бірнеше типтерге бөлінеді (1- суретке қараңыз).

Сурет 1.Негізгі орналасу орындары типтерінің сызбасы (қарапайым ландшафтының түр өзгерісі).

а) плакортты (элювиальді); б) трансэлювиальді; в) аккумулятивті-элювиальді, г) ағынды сужинау аймағы; д) элювиальді-аккумулятивті - делювиальді; е) негізі (транссупераквальные); ж) супераквальді – батпақтану және тұздану; з) жайылмалық; и) субакваториялық .

Ылғалданудыңплакортты(элювиалді) типі аз еңісті ((1–2°) су айрық беткейлерге тән, айтарлықтай беткі ағысы жоқ, атмосфералық ылғалану басым жерлер [3].

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағыөсімдіктері әлемдік фитоценоздың тез ауыспалы ортаға бейімделетін өсімдіктер тобы десек, ол өз кезегінде жалпы фенологияның зерттеу нысанының бірі- дүниежүзілік экожүйенің бір құрама бөлігін құрайды

«Зоналық өсімдік» және «зоналық тіршілік ортасы». Өсімдік зоналарын анықтаудың басты өлшемі зоналық немесе плакаттық топ өсімдіктері жатады.

Алайда биік таулы аймақтарда зоналық өсімдіктерді ажырату біршама қиынырақ, ол плакортты аймақтардың болмауына байланысты. Г.Н.Высоцкийдің зерттеу жұмысынан бастап (1906, 1909) бүгінгі күнге дейін «плакор» ұғымының екі мәнділігі байқалады. Бір жағынан, плакор – рельеф элементі болса, екінші жағынан – зоналық өсімдік пен топырақ қалыптасатын белгілі бір жағдай (условия) болып есептеледі. Айқын болып отырғандай, оларды – геоморфологиялық және экологиялық қырларынан қарағанда әр түрлі, бір-бірне жақындығы аз. Ал шын мәнінде, осы аспектілеріне сәйкес түсініктерге сәйкес келетін әр түрлі анықтамалар мынадай: «плакор немесе тегістеу» - тегіс, әдеттегі кең жазықты су айрық (Высоцкий, 1937) және «зоналық тіршілік ортасы» - экологиялық жағдайы қандай да бір дәрежеде қазіргі макроклиматпен анықталатын үлескі (Осипов, 1990, 2002)..

«Зоналық тіршілік ортасы» біркелкі емес ландшафтыда өсімдіктер зоналық өсімдіктерді айқындаудың маңызды құралы болып табылады.

Зоналар туралы ұғымды және табиғаттың әртүрлі құбылыстарының арасындағы байланыстардың жалпы заңдылықтарын өткен ғасырдың аяғында, алғашқы рет сипаттап жазған биогеографияның негізін салушы белгілі ғалым В.В. Докучаев болған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғаттың, өсімдіктер мен жануарлардың және минералдық дүниелердің арасында байланыстардың болатындығын айқын көрсетіп жазды.

Әдебиет:

  1. http://vseslova.com.ua/word/
  2. Нұрғызарынов А. – Аралдың экологиялық тынысы. Монография, Алматы, «Ғылым», 2006ж., 224 б.
  3. http://botanical_dictionary.academic.ru/

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle