Англиядағы дінтану зерттеу мектептерінің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 12.04.2016

Статья просмотрена: 729 раз

Библиографическое описание:

Бейсенов, Айбек. Англиядағы дінтану зерттеу мектептерінің ерекшеліктері / Айбек Бейсенов, Салтанат Ералиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7.1 (111.1). — С. 25-28. — URL: https://moluch.ru/archive/111/28184/ (дата обращения: 23.04.2024).



Ағылшын дінтану ғылымында жалпы дінтану ғылымына тән барлық мектептің көзқарастары, теориялары жетілдіріліп, дамытылып отырды. Көптеген дінтанушы ғалымдар, мәселен, А. Грили, Э. Тайлор, Дж. Фрэзер Тәңірдің барлығын дәлелдеу жолында этнологиялық және мифологиялық мектептердің қалыптасуына негіз болып, тың идеялар ұсынды. Ағылшын қоғамы плюралистік қоғам болып саналады. Плюралистік қоғамдағы діндерде салыстырмалы діндер тарихы немесе дін зерттеулері тәсілдері кеңінен таралған. Оның ішінде феноменологиялық мектептің де айрықша маңызы бар. Ағылшын дінтанушысы Шефферд «Феноменологиялық тұжырым: Дін ілімінің зерттелуі» деген мақаласында феноменологиялық тәсілдің басқа діндердің ортақ, ұқсас қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау үшін мәні зор екендігін айқындайды. Англияда сонымен қатар теологиялық (конфессиональдық) мектеп, философиялық және социологиялық мектеп, биологиялық және психологиялық мектеп, этнологиялық мектеп пен мифологиялық мектеп өкілдері дінтану саласында өнімді еңбектер қалдырған. Карен Армстронгтың «Тәңір тарихы» еңбегі мен басқа да дін жайындағы зерттеулеріне бұлардың бай шығармашылық мұраларының ықпалы тигендігі сөзсіз. Бұл бөлімде Англиядағы дінтану мектептерінің қалыптасуы мен негізгі ерекшеліктері сөз болады.

Этнологиялық мектеп

Этнологиялық мектептің теориялары этнографиялық материал негізінде құрастырылады және дінді түсіндіру үшін алдымен, мәдени (әлеуметтік) антропологияның идеяларын пайдаланады. Діннің қайнаркөзі «адамзат табиғатында» қарастырылады немесе белгілі бір мәдени-антропологиялық кешенде зерделенеді.

ХІХ-ХХ ғасыр аралығында жүргізілген дамудың ең төменгі деңгейінде тұрған халықтардың әлеуметтік және мәдени институттарын зерттеу олардың діни наным-сенімдері мен жоралғыларының ерекшеліктерін ашты. Көптеген зерттеушілер «қарабайыр» діни жүйелердегі діннің элементар «жасушаларын» іздей бастады [1].

Ағылшын этнографы, эволюциялық (антропологиялық) мектептің өкілі, алғашқы қауымдық қоғамның, мәдениет және дін тарихының зерттеушісі Э. Тайлор этнологиялық мектептің қалыптасуында айрықша үлкен маңызға ие. Ол анимистік теорияны жасап шықты. Анимизм, «тағылар діні» алғашқы қауымдық, оның ішінде рухани мәдениетті зерттеуде айқындалады. Тайлордың пікірі бойынша, «мәдениет... кең этнографиялық мәнінде наным-сеніммен, өнермен, адамгершілік құндылықтармен, заңдармен, рәсім-жоралғылармен біте қайнасып кеткен». Әртүрлі адамзат қоғамындағы мәдениет құбылыстарын зерттеу адам ойы мен әрекетінің заңдарын айқындауға мүмкіндік береді. Тайлордың мәдениет туралы ғылымдағы эволюционизмі адамзат тарихының табиғат тарихының бір бөлігі болып табылатындығын дәлелдеді. Оның көзқарасы бойынша адамның ойлары, қалаулары мен әрекеттері белгілі бір заңдылықпен үйлесім тапқан. Маңызды заңдар қатарына ол «адамзат табиғатының ортақ ұқсастықтары» мен «оның өмір жағдайының ортақ белгілерін» жатқызады. Бұл заңдар адамзаттың біртұтастығы мен оның мәдениетінің бірегейлігін нығайтады. Этнограф адамзаттың мәдени тарихындағы прогресс идеясын қабылдап, соған табан тіреген. Бір жағынан, мәдениетте кеңінен көрініс табатын біртектілік біртекті себептердің біртекті әрекеттерінің нәтижесі болса, екінші жағынан – мәдениеттің әртүрлі сатылары біртіндеп даму кезеңдері ретінде есептелуі мүмкін. Мәдениеттің барлық құбылыстары – материалдық нысандар, наным-сенімдер мен жоралғылар – бір-бірінен жетіліп шығады, сондықтан мәдениет тарихшысы жаратылыстану ғылымдарының әдістемесін де қолдана білуі керек. Мәдени құбылыстарды олардың түрлері бойынша жүйелеуі тиіс. Бұл ережелерді жүзеге асыра отырып, Тайлор салыстырмалы-тарихи әдістерді тізбелейді. Тайлор мәдениет қалдықтарын тірі ағзадағы рудиментпен салыстырады. Бұл термин ескі жоралғылардың көптеген элементтерін сақтаудың тарихи дәлелін білдіреді. Қалдықтардың үш түрі көрсетіледі: 1) өзгермеген қалдықтар; 2) жаңа шарттарға сай көзқарастар мен жоралғылар; 3) жаңадан пайда болған рәсімдер [2].

Тайлор қарабайыр қауымдастықтардың дінін зерттеу арқылы оларда діни жүйе болу үшін қажетті шарттардың жоқ екендігін алға тартады. Діни рәсімдерді Тайлор теориялық тұрғыдан екі топқа бөледі. Біріншісі бейнелік-кескіндік немесе символикалық мән діни ойды білдірудің қарқынды тәсілі, діндердің ишара тілі болып табылады. Екіншісі рухани болмыстармен қарым-қатынас құралы ретінде танылған. Анимизм, «анимистикалық философия» кең «табиғат философиясы» ретінде көрініс табады, табиғи мифтердің негізі қасиетін иеленеді. Мифтердің дамуында аллегория мен аналогия маңызды роль атқарған. Тайлор рәсім мен мифтің, культ пен діни наным-сенімнің қайсысының алғаш шыққандығы төңірегіндегі тартыстардың бастаушысы болды. Ол бұл мәселені діни көріністердің бастапқы сипаты мен культтің өнімділігі пайдасына шешті, культ олардан кейінірек пайда болды деп санады. Рәсімнің бастапқы формасы – ата-бабалар культі.

Ағылшын этнологы және дін мен анимизм теориясының зерттеушісі Дж. Фрэзер анимизмге магияны зерттеуді қарсы қойды. Ол адамзат тарихының рухани дамуының үш сатысы – магия, дін мен ғылымды бөліп алды. Оның көзқарасы бойынша «магия ойлау эволюциясында діннің алдына шықты». Магиялық ойлау екі принципке негізделген: біріншісі – салдар себептен келіп шығады. Бұл принцип ұқсастық заңды деп те аталуы мүмкін. Ұқсастық заңына негізделген сиқыр тәсілдерін Фрэзер гомеопатиялық магия, ал жұғу заңымен шыққан сиқыр тәсілдерін контагиозды магия деп атады. Ұқсастық пен жұғу заңдары тек адамның мінез-құлқына ғана емес, табиғи құбылыстарға да таралады. Магия теориялық және тәжірибелік деп бөлінеді: теориялық магия әлемдегі оқиғалардың жалғастығын анықтайтын ережелердің жиынтығы. Этнографтың пікірі бойынша, «магия табиғат заңдарының бұрмаланған жүйесі болып табылады, бұл сонымен қатар жалған ғылым әрі жеміссіз өнер» [3].

Фрэзер позитивті магияны немесе сиқырлықты және негативті магия немесе табуды ерекшелеп көрсетеді. Позитивті магияның немесе жәдігөйліктің ережесі «Бір нәрсе болу үшін әрекет ет» дегенге саяды. Негативті магия немесе табу «Бір нәрсе болмас үшін ештеңе істеме» дегенді білдіреді. Магия сонымен қатар жекеше және қоғамдық болып та бөлінеді. Магия мен ғылымды салыстыра отырып, Фрэзер әрі қарай магия мен діннің арақатынасын анықтайды. Ол дін ұғымына келесідегідей анықтама береді: «...дін деп мен адамнан жоғары тұратын күштердің мейірленуін атаймын. Ол табиғи құбылыстар мен адам өмірінің ағысын бағыттайды және бақылайды. Бірақ егер дін әрекеттердің діндарлық бейнесіне алып келмесе, онда бұл дін емес, теология болады. Діннің негізінде құдіретті болмысқа сенім бар, екіншісі, оның мейірімділігінен үміт ету бар». Егер адам Тәңірге деген махаббаттан немесе Оның алдындағы қорқыныштан әрекет ететін болса, онда ол діндар болып табылады.

Дін радикальды және фундаментальды болғандықтан, магия мен ғылымға қарама-қарсы. Әртүрлі дәуірде магия мен діндердің бірігуі мен қосылуы көптеген халықтарда кездеседі, бірақ мұндай қосылу бастапқы сипатқа ие емес. Адам магияны дін толық жоқ кезде қолданған уақыттар болған. Адамзат тарихында магия діннен де көне. Діни көзқарас адамдарды, халықты, нәсілдерді, мемлекеттерді бөледі, қалаларды, қыстақтар мен отбасыларды да ыдыратады. Шындығында жалпылама, әлемдік сенім магияның бар екендігіне сенім болып табылады.

Ағылшын антропологы, этнограф және тарихшы Р.Маретт преанимизм идеясын дамытты, аниматизм терминін ендірді. Мана туралы түсінікке басты назар аударды. Маретт Э.Тайлордың теориясына қанағаттанып қалған жоқ. Ағылшын этнографы Б.Малиновский «дала» зерттеушісі және дінге деген теориялық талпыныстардың жүйелеушісі ретінде танымал. Әлеуметтік антропология идеясын дамытып, ол мәдениет ұғымының бастапқы сипатын түсіндіруге тырысады. Дін мәдениеттің жалпы феномені ретінде қарастырылады, ол мәдениеттің ішкі қатпарын құрайды. Малиновский дінді оның ғылым мен магиямен арақатынасында талдайды. Тробрианд аралдарының тұрғындарының мәдениеті негізінде ол бұл еңбегін жүзеге асырады. Ол сакральды және профанды аймақтарды бөліп көрсетеді. Оның пікірі бойынша дін мен магиясы болмаған халық болмайды. Әрбір алғашқы қауымдық тайпаларда сакральды (магия және дін) және профанды (ғылым) аймақтар болған. Малиновский магияны «сиқырлы формула және ритуалдардың жәрдемі арқылы табысқа жету мүмкіндігіне сенім» деп қарастырады.

Мифологиялық мектеп

Мифологиялық немесе натурмифологиялық тұжырымдама ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. ХІХ ғасырдың ортасында Ежелгі Үндістан, Парсы, Қытай, Мысыр, Ассирия және басқа да елдердің діни және мифологиялық жүйелерін зерттеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. Үлкен, бай фольклорлық материал жинақталды. Дінтанудың мифологиялық мектебі осы кезде қалыптасты. Я. Гримм мифологиялық мектептің негізін салушылардың бірі болып есептеледі. Ол қазіргі фольклор материалдарының негізінде архаикалық мифтерді түсіндіру дәстүрін жолға қойды. Халық ертегілері, батырлар жыры, дастандар мен басқа да мұралар ойдан шығарылған дүние емес, халықтың алғашқы қауымдық наным-сенімдерінің көрінісі. Ертегі, дастан қаһармандары ежелгі мифология кейіпкерлері сияқты табиғи күштердің символдары болып табылады [4].

Мифологиялық мектептің дамуына ағылшын филологы, санскритолог және индолог, салыстырмалы тіл білімінің көрнекті өкілі М.Мюллер үлес қосты. Ежелгі халықтардың діндерін ұғыну үшін олардың тілдерін білу қажет. Мюллер ежелгі үндіеуропа халықтары мифологиясының материалдары негізінде зерттеулер жүргізді.

Мюллер анимизм, фетишизм, бастапқы монотеизм концепцияларын қабылдамайды. Ол діннің екі қырын қарастырады: сыртқы және ішкі. Мифтер мен діннің қалыптасуы тілдің әсерімен жүреді. Көптеген атаулар метафоралық сипатта болған. Тұрандық діндерді зерттеу олардағы Құдірет туралы түсініктің аспан бейнесімен байланысты екендігін көрсетті. Қытайдың діни жүйесі екі күшті: белсенді және енжар, әйел және еркек күшін бөліп көрсетеді. Мюллер семиттердің алғашқы қауымдық діндерін талдау негізінде де осындай тұжырымға келеді. Семит тілдерінде Құдіретті атау үшін көптеген сөздер бар. Барлық семит халықтарының Тәңірі «құдіретті», «ұлы», «патша», «мырза» деген эпитеттермен айтылады. Адамзаттың діни сана-сезімі эволюциялық жолмен қалыптасқан. Құдіретті сипаттау үшін сөзді іздеу ұзақ жолдардан өтті. Адамзат санасы Құдіретті сипаттау үшін «керемет» теңеулер тауып, кейіннен жаңа эпитеттерді іздестіруге де кірісті [5].

Жоғарыда көрсетілген осы мектептер ағылшын дінтану ғылымы өкілдерінің зор еңбектерінің арқасында дамып-жетілді. Бүгінгі таңда олардың көбісінің ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарының маңызы зор болып есептеледі. Байқап қарасақ, олардың идеяларының қалыптасуы мен дамуы ХІХ-ХХ ғасырмен тұспа-тұс келеді. Бұл дінтану ғылымындағы жаңа ұстанымдардың, ойлар мен қағидалардың көркеюіне ерекше ықпал етті.

Әдебиет:

  1. Soderblom N. Das Werder des Gottesglaube. - Berlin, 1926.
  2. Хонигсгейм П. Социология религии: дополнительный анализ религиозных институтов // Беккер Г.Б., Бесков А. Современная социологическая теория. - Москва, 1961.
  3. Radcliff-Braun A. Structure and Functions in Primitive Society. - London, 1959.
  4. Джеймс, У. Многообразие религиозного опыта / У. Джеймс.– Москва, 1993.
  5. Hall, G.S. The Religious Content Child-Mind. In N.M. Butler, Principlesof Religious Education. - New York: Longmans, Green, 1900.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, магия, магия мен, немес, бар, москва.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Кино, бар, дар, немес.

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Социальные функции кинематографа | Статья в журнале...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты... мена, Кино, бар, дар, немес.

Мясная пища в свадебной обрядности туркмен: традиции и новации

Вкушение мяса от различных частей бараньей туши, по мнению Н. Лобачевой, «является проявлением магии плодородия — главнейшего

У салыров женщина, получившая лопатку, поговаривала с обидой: «Мен палман дǝл, пал бакҗак дǝл» (как известно, у тюрко-монгольских...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті (жазда келу), себептік іс-әрекет (ыстыққа шыдамау) и. др.

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

Странствующие мотивы фольклора | Статья в сборнике...

IV международная научная конференция «Филология и лингвистика в современном обществе» (Москва, июнь 2016). Дата публикации: 24.05.2016. Статья просмотрена: 21 раз.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Кино, бар, дар, немес.

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Социальные функции кинематографа | Статья в журнале...

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты... мена, Кино, бар, дар, немес.

Мясная пища в свадебной обрядности туркмен: традиции и новации

Вкушение мяса от различных частей бараньей туши, по мнению Н. Лобачевой, «является проявлением магии плодородия — главнейшего

У салыров женщина, получившая лопатку, поговаривала с обидой: «Мен палман дǝл, пал бакҗак дǝл» (как известно, у тюрко-монгольских...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті (жазда келу), себептік іс-әрекет (ыстыққа шыдамау) и. др.

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

Странствующие мотивы фольклора | Статья в сборнике...

IV международная научная конференция «Филология и лингвистика в современном обществе» (Москва, июнь 2016). Дата публикации: 24.05.2016. Статья просмотрена: 21 раз.

Задать вопрос